ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Қазақстан тарихы және Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып: «Рим империясындағы дағдарыс»
Студенттің аты-жөні: Әмзеева А. Ж.
5в011400
Курсы ІІ, топ И (о)-16 к
Оқу түрі: күндізгі
Жетекші: Бекмурзина А. Н.
П
етропавл қ., 2018
ж.
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3
І. Рим империясының экономикалық және әлеуметтік дағдарысы......6
1.1. Құл иеленушілік экономиканың дағдарысы..............................................6
1.2. Б.з. III ғ. I ж. Рим императорларының ішкі саясаты………….............…9
ІІ Батыс Рим империясының құлауы.........................................................14
2.1. Ұсақ жер өңдеушілерді қанаудың күшеюі...............................................14
2.2. Рим империясының феодалдануы. ..........................................................16
2.3. IV ғ. варварлардың басып енуі. Рим империясының ыдырауы..............18
Қорытынды......................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................24
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Біздің заманымыздың ІІ ғасырының аяғына қарай Рим қоғамында дағдарыс басталды. Рим қоғамының барлық салаларын қамтыған құлиеленушілік қатынастардың дағдарысқа ұшырауы, әсіресе империяның батыс провинцияларында ерекше байқалды. Құлиеленушіліктің құлдырау деңгейі провинцияларда бірдей болған жоқ. Құлиеленушілік қатынастар неғұрлым дамыған жерлерде дағдарыс жоғарғы шегіне жетіп отырды. Құл иеленушіліктің дағдарысы ұзақ уақытқа созылды. Дағдарыс салдарынан Италиямен оның провинциялары арасындағы қайшылық шиеленісе берді. Магнаттардың басқаруымен кейінгі антикалық колонаттар құрылып, құлдықпен басым түрде айналысты. Көптеген қалалар тоқырай бастады. Қолөнер мен сауда біртіндеп құлдырады. Мемлекеттің қаржы жағдайы қатерлі кезеңді басынан өткеріп жатты. Асыл металды теңгелер азайып, баға көтеріліп, алым-салық жинау күшейді. Экономикалық жағдайдың нашарлауы, ең алдымен, қарапайым адамдарға ауыр соқты. Мемлекеттік билік өзінің тұрақтылығын жоғалтты.
ІІІ ғасырда мемлекет варварлардың шабуылынан көптеген жерлерінен айырылды. Варварлардың шапқыншылығынан Рим мемлекеті жоғарғы Германияның құнарлы далалары және Дакия сияқты бай провинцияларын біржола жоғалтты. Рим империясының дағдарысты тоқтатуға, уақытша болса да ушыққан әлеуметтік және саяси қатынастарды тұрақтандыруға шамасы жетпеді. ІІІ ғасырда сенаторлық аристократия барлық қолбасшылық қызметтерден қуылып, провинциялардағы атты әскерлер құрамы өзгертілді.
Рим сенаты жоспар құру және оны шешу өкілділігінен тықсырылып, тек «тақ кеңесінде» қаулы шығара алатын болды. Мұндай саяси өзгерістер, әсіресе Диоклетиан (284-305) және Константин (306-337) билігі кезінде болды. Доминант немесе Кейінгі Рим империясы пайда болып (284-476) өмір сүрді. Император тағы үшін күрес және үміткерлер арасындағы азаматтық соғыстар, варварлардың дүркін-дүркін шабуылы елді экономикалық тығырыққа тіреп, империяның дағдарысын күшейтті. ІІІ ғасырда империяның экономикалық құлдырауы және саяси тұрақсыздық адамдардың психологиясына әсер етті. Тақ тұрақсыз болды, 50 жылда 22 монарх ауысып үлгерді.
Енді Рим бұрынғы қуатынан айырылып, күйреуге жетті. Провинциялар орталыққа бағынуды қойды, оларға бірыңғай заң күші жүрмеді. Әйгілі «Рим еркіндігі» заңдастырылды. Осылардың барлығы қоғамның психологиясы мен рухани өміріне әсерін тигізді. Адамдар енді құтқарушы Рим құдайларына сенбейтін болды. Олар жаңа дін – иудейден шыққан христиандыққа бет бұра бастады.
Жұмыстың мақсаты. Рим империясында орын алған дағдарыстың мәнін анықтау, жалпы Рим империясының ыдырауы туралы мәлімет қарастыру. Дерек көздеріне негізделіп жазылған материалдарды пайдалану
барысында тақырыпты нақтылап, маңызын ашу. Курстық жұмысты өз деңгейінде жазып қорытындылау.
Жұмыстың міндеттері.
-
Рим империясының экономикалық және әлеуметтік, саяси дағдарысы барысында болған Рим империясының ыдырау себептеріне сипаттама беру;
-
Батыс Рим империясының құлауының себептерін анықтап, жан – жақты талдау жасау.
Тарихнамасы. Э. Гиббонның «Рим империясының дағдарысы және күйреу тарихы» атты еңбегі Рим империясының ежелгі заман тарихын сипаттап қана қоймай, заманауи концепцияларға да талдау жасайды. Рим империсының дағдарысына тарихи деректер келтіре отырып, алғышарттары мен нәтижесін сипаттап жазады [1].
XIX ғ. бірінші жартысында Рим тарихының зерттелу процесінде маңызды орынды Г.Мюллердің «Этруск тарихы» атты еңбегі орын алады. Этрускілер Рим территориясында мекен еткен тайпа. Қазіргі Флоренцияның негізін осы тайпа қалады деген пікір қалыптасты. Этрускілер римдіктердің арғы атасы ғана емес, олар ұзақ уақыт бойы Италия аймағында мекен еткен.
XIX ғ. екінші жартысындағы ежелгі Рим тарихнамасының жазылуына А.Валлонның «Антикалық дүниедегі құлдық тарихы» еңбегі үлкен рөл атқарады. Римнің құлауы, құлдар еңбегінің тиімсіздігі алғышарт болып табылды. Алайда құлдар еңбегінің кризисіне не себепші болды? Валлон алғышартты зерттей отырып, Рим дағдарысына тарихи шолу жасайды. Профессордың кіріспе мақаласында А.В. Мишулина А. Валонның ежелгі тарихнаманы дамытудағы жұмысының құндылығын анықтайды және сонымен бірге осы жұмысты дұрыс бағалауға мүмкіндік береді [2].
Теодор Моммзеннің Рим тарихы атты ғылыми зеррттеуі ежелгі Рим келбетін аша түседі, сонымен қоса Италия сапарында табылған деректерге негізделген. Рим тарихы Моммзеннің ең әйгілі және маңызды еңбектердің бірі [3].
Г.Феррероның «Римнің ұлылығы мен күйреуі», М. Вебердің еңбектеріндегі Римнің әлеуметтік-экономикалық тарихы атты еңбектерін де айтпай кетуге болмайды. Феррероның еңбегі 4 том болып келеді, портреттік характеристикамен ерекшеленеді.(Сулла, Помпей, Красс, Лукулла, Цезарь, Цицерон, Октавиан Август) [4].
XIX ғ. аяғында - XX ғ. басында Ресейде Рим тарихының зерттелуіне Р.Ю.Виппердің, М.И.Ростовцевтің, И.М.Гревстің, В.И.Синайскийдің қосқан үлесі де маңызды орын алды [5].
П.Ф.Преображенскийдің еңбектерінде ежелгі Римдегі құлдар мәселесін, Рим имепериясындағы құлдар рөлі туралы сипаттап жазады.
Аталған тарихшылар мен зерттеушілерің тарихи еңбектері және басылым кітаптары зерттеу жұмысының барысында тақырыптың мазмұнын ашу үшін, сонымен қоса деректемелермен танысу үшін қолдандық.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысының бөлімдерінде б. з. II ғасыр мен VІ ғасырдағы Римде орын алған тарихи оқиғалар баяндалады. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бес бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
І. Рим империясының экономикалық және әлеуметтік дағдарысы.
1.1 Құл иеленушілік экономиканың дағдарысы
Б. з. II ғасырының аяғынан рим экономикасы үлкен қиындықтарды бастан өткізе бастады. Тәуелді халықтың барлық жіктерінің күшейтілген қанауы, шонжарлар мен чиновниктер тарапынан қолданылған зорлық-зомбылық тікелей өндірушілердің өз еңбегінің нәтижелеріне ынтасын жойды, қатал эпидемия құлдар мен еңбекші халық жіктерінің арасындағы жаппай өлім-жітімге әкеп соқты.
Еркін шаруалардың жұтауы және құлдар мен колондар санының қысқаруы салдарынан жұмысшы күндігінің жетімсіздігі қатты сезілді, орасан көп өңделмеген жерлер пайда болды. Батыс провинцияларының кейбір аймақтарында қауымдық байланыстардың нашарлауы жерді суландырып игеру жөніндегі біріккен жұмыстардың қысқаруына, оларды өндеудін нашарлауына әкеп соқты. Ұсақ жеке-дара шаруашылық қымбат қаруларды, мысалы, ауыр соқаны, престерді, орақ машиналарын пайдалана алмады. Қауымдық жарамды жерлерден (жайылымдардан, ормандардан) айрылу да ұсақ шаруашылық жүргізу негіздерін күйретті. Галлияда, Испанияда батпақты жер ұлғайып, жыртатын жерді орман басады [1, 82 б.].
Қала қолөнершілері шеберханаларын тастап, өз еңбек құралдарын ірі поместьелерде қолданбақ болады. Мәрмәр мен кен шығару азаяды. Жерорта теңізі өңірінің Шығыс пен Орталық және ІІІығыс Европамен дәстүрлі сауда байланыстары сақталғанымен сауда қысқарады. Рим экономикасында натуральды элементтің күшею тенденциясы байқалады. Б. з. III ғасыр бойына ақша айналымында асыл металдардың жетімсіздігі сезіледі. Бай адамдар алтын мен күмісті құпия жерлерге тықты. Рим үкіметі үнемі күміс ақшаларды бүлдіріп отырды. Б. з. III ғасырының ортасына қарай рим динарында не бары 11 процент қана күміс болды. Ақшаның құнсыздануы нарықтың өсуімен қосарланып отырды [1, 110 б.].
Рим экономикасындағы елеулі өзгерістер құл иеленушілік системаның ыдырауынан көрінген терең әлеуметтік дағдарыспен тығыз байланысты болды. Өнімді еңбекте істейтін құлдардың саны азайды. Біреулері босатылып жіберілді, екіншілері жерге таңылып, колондарға айналдырылды. Б. з. II ғасырының аяғында жеңілгендерді құлдарға емес мемлекеттік жерлердегі колондарға айналдыру тән болды [2, 8 б.].
Колонаттың дамуы қанаудың құл иеленушілік системасы дағдарысының айқын көрсеткіштерінің бірі болды. Колондарды өз еңбегіне ынталы қызметкер ретінде пандалану антик экономиканың негізгі саласы - ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін бір уақыт өсіруге мүмкіндік берді. Бірақ б. з. III ғасырында колондарды қанау күшейді, жылына тегін жұмыс істейтін күн (борнына) 12 болды.
Колонаттық қатынастар ықпалымен құлдарды пекулийге шығару кеңінен қолданылады. Құлдарға дербес шаруашылық жүргізуге мүмкіндік
беріледі. Құлдың пеқулиймен байланысы күшейеді. Іс жүзінде пекулинсіз құл, құлсыз пекулий сатылмады. Өз мүлкімен құл жеке өз басының қылықтары үшін айыптар төледі, ал мырзалардың контрактасына жауап бермеді.
Құлдардың шаруашылық дербестігінің артуы құл иеленушідерді құлдардың тұрақты семьялық байланыстарын мойындауға көндірді: поместьелер бөлінгенде құл семьялары бөлінбеді. Байыған құлдар өз бостандығын сатып алды да, патрондарына тек сый-құрметі мен берілгендігін ғана көрсетіп барлық материалдық міндеттерден босатылды. Еркін жіберілгендер қолөнермен және саұдамен шұғылданған қала тұрғындарының едәуір бөлігін құрады. Алайда бүтіндей алғанда құлдық рим экономикасында әлі де болса, едәуір роль атқарды. Қолөнершілердің жер жыртушылардың, шошқа бағушылардың арасында құлдар көп еді [2, 23 .б].
Құл иеленушілер құлдардың мамандығын арттыру есебінен құл еңбегінің өнімділігін арттыруға тырысты. Техниканы жақсартудан гөрі құлды үйрету анағұрлым тиімді саналды. Бірақ бұл бақылауды күшейтуді керек етті. Б. з. II ғасырының аяғындағы заңдар құлдардың қандай да болсын өжеттік көрсетуін ерекше қатал жазалады. Қашқындар гладиаторларға айналдырылды. Мырзаның денсаулығы мен өмірі туралы бақсыдан сұраған құлды асуға үкім шығарылып, бақсы кен орындарында немесе аралға жер аударылды. «Құлдың жанын бұзғандар» яғни мырзаға жек көрініштілік тудырғандар, құлдарды өжет қылықтар мен ойларға итермелегендер үшін арнаулы жазалар қарастырылды. Сонымен бірге мырзаның құлдарды жазалауының, ерекше қатаң формаларына: өлтіруге, эргастулдарға қамауға, өмір бойына бұғау салуға тыйым салынды. Құлдарға неғұрлым адамгершілікпен қарау, құлдар мен еркіндердің руханн жақындалуы ұсынылған моральдық өсиеттер тұжырымдалды.
Кейініректегі Рим империясы дәуірінде құлдардың еркіндерге жақындалу тенденциясы әлеуметтік өмірдің өзіне тән ерекшелігі бола түседі. Б. з. III ғасырының өзінде-ақ жерге отырғызылған құлдардың, еркін жіберілгендердің қашқын құлдардың және ерікті қоғамдық шаруалардың есебінен тәуелді жер иеленушілердің мейлінше едәуір жігі құралады. Еркін қауымдық шаруа жер иеленудін қауымдық формалары сақталған аймақтардың ауыл шаруашылығында едәуір роль атқарды. Қаладан тыс және тайпалық территориялар жеке қолға өтті немесе мемлекеттік меншікке айналдырылды, ал қауымдық шаруалар қаналушы колондар болды [5, 31 б.].
Рим қоғамының үстемдік етуші жіктері б. з. ІІІ ғасырында күресуші екі топтану: ірі жер иеленуші шонжарлар мен едәуір елеулі орта және ұсақ жер әрі құл иеленушілердің жіктері болып келеді. Алғашқылар көбіне колондарды қанады, екіншілер (қуриалдар, сарбаздар, еркін шаруалар) бұрынғысынша шаруашылықты құлдардың көмегімен жүргізді. Ірі жер иеленушілер негізінен құл иеленушілердін негізгі тобы - қала жеке меншіктілерінің, қуриалдардың жұтауы есебінен, олардың қалалық жерлерін зорлап басып алып немесе сатып алып өз иеліктерін ұлғайта түседі.
Қалалық жер меншігінің қысқаруы және жердің ірі жеке меншіктілерінің қолына шоғырлануы жер иеленушілер мен құл иеленушілердің қоллективі ретінде антик қалалардың әлеуметтік бейнесін өзгертті. Қалаларда шұғыл әлеуметтік қарама-қарсылық пайда болды. Бай муниципальдар азық-түлік нарқын арттырып, сауда-саттықпен байи түсті. Олар бұрынғысынша өз балаларын Римге оқуға жіберді, жабайы аңдарды адаммен алыстыруды ұйымдастырды, тегін үлестер жауады, той-думан ұйымдастырып отырды. Муниципальдық шонжар муниципаль міндеттерінен босатылуға жете отырып, декуриондар сословиесінің негізгі бұқарасынан бөлінеді. Тіпті кейбір сенаторлар өздерінің провинциалдық иеліктерінде тұрақтап, сенат мәжілістеріне де қатыспады. Алымдар мен литургиялар (қоғамдык міндеттер) еңсесін басқан қала жеке меншік иелерінін негізгі бұқарасы күйзеліске ұшырады. Декуриондар өздерінің курияларын тастап жеке меншік имениелердегі колондар тобына ауысуды артық санайды [10, 16 б.].
Жер қоры мен қала халкының қысқаруы муниципальдық ұйымдардың нашарлауына әкеп соқты. Ірі имениелердің иелері селоларда шаруашылық, саяси және діни орталықсымақтар жасады: қолөнер өндірісін ұйымдастырды, моншалар, қонақ үйлер, дүкендер, храмдар, бекініс мұнараларын жасады, рыноктар құрды. Қала қаңырап, өзінің экономикалық және саяси маңызынан айырылады.
Құл иеленуші шаруашылық дамыған аймақтарда - Италияда, солтүстік-шығыс Испанияда Гал орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығысында әлеуметтік-экономикалық дағдарыс күштірек сезілді. Рим империясының басты орталықтарында өндірістің қысқаруы шет аймақтарда шаруашылық тіршілігінің жандануына әкеп соқты. Италиядағы аграрлық дағдарыс, атап айтқанда жүзімдіктердің қысқаруы, бұл дақылдың Галлияда, Британияда, Иллирияда дамуына әкеп соқты. Б. з. III ғасырында Рейнде шыны және керамика қолөнері дамиды. Жауынгерлер мен вилла иелеріне қызмет көрсететін сауда жандана түседі.
Африкада дағдарыс белгілері біраз кейінірек көрінеді. Мұнда ирригациялық жүйелердің коллективтік иелігіне негізделген қалалық ұйым анағұрлым мықты болып шықты. Императорлық және жеке меншік сальтустері негізінен Нумидия мен Мавританиядағы қоғамдық территория есебінен өсіп отырды [6, 71-72 б.].
Құлдықтың нашар дамуы салдарынан Дунай маңы провинцияларында дағдарыс аз дәрежеде көрінді. Шығыста әлеуметтік дағдарыс созылмалы сипатта болды. Шығыс провинциялар дәстүрлі сауда байланыстарын сақтады да, транзиттік сауда муниципаль шонжарларға орасан зор табыстар беріп отырды. Б. з. III ғасырында Шығыста әлеуметтік қарама-қарсылықтар бұрынғыдан да гөрі қатты білінді, тап күресі шиеленісе түсті.
1.2. Б. з. III ғасырының бірінші жартысындағы Рим императорларының ішкі саясаты.
Рим қоғамының үстемдік етуші топтарының әлеуметтік қайшылықтары солдат және сенат императорлары дейтіннің күресінде өз көрінісін тапты. Біріншісі армиядағы муниципаль топтардың, екіншілері ірі жер иеленуші шонжарлардың мүдделерін білдірді.
Б. з. II ғасырының аяғында өкімет басына Северлер династиясы (б. з. 193-235 жылдары) келді. Династияның негізін қалаушы Септимий Север (б. з. 193-211 жылдары) еркін шаруалар басым болып келетін шамалы романданған Рейін маңы, Фрахия және Дунай маңы аймақтарынан солдат жинау есебінен армияның сан құрамын арттырды. Бұл провинциялардың құл иеленуші топтарының өкілдері рим армиясында жоғары командалық қызметтерге қойылды. Осының арасында Септимий Север арқа сүйеген провинциалдық мунициппйлердің пұрсатты сословиесі толыға түсті [7, 81 б.].
Рим провинциялары муниципаль топтарының империяның саяси өміріне араласуы б. з. 212 жылы шыққан қала территориясының барлық еркін халқына рим азаматтығы праволарын беру туралы эдикте тұжырымдалды. Бұл - эдикт Септимий Севердің ұлы - Қарақалла деп аталған Аврелий Антониннің тұсында шығарылған еді (б. з. 211-217 жылдары). Рейндегі, Дунайдағы және басқа аймақ территорияларының селолық тұрғындарында бұл праволар болмады.
Армиядағы ұсақ және орта жер әрі құл иеленуші провинциал муниципийлердің қалың тобына сүйене отырып, Северлер император үкіметінін беделін нығайтуға тырысты. Олар династиялық байланыстарын сақтады, өз өкіметінің қасиетті сипатын баса көрсетіп отырды. Септимий мен оның ұлдары билеген кезде сенат пен сенаторлық сословие өзінің қандай да болмасын саяси маңызынан айырылады. Ірі жер иесі шонжарлар құдаланып, мал мүліктері кәмпескеленді. Сенаторлық идеологияны білдірушілер императорлар жоғары кызмет орнын «өмірін, еңбегін, жасын, тегін, іс-әрекетін ешкім білмейтін» жаңа адамдарға сатып жібергенін қайғыра айтып көрсетті. Сословиелік айырымдарға немқұрайлы қарау Рим империясы саяси ұйымдарының негіздерін шайқалтты. Императорларды жариялау армияда жүргізілді. Өз кандидатын ұсынған әскерге императорлардың тәуелділігі тіпті замандастардың өзін де таң қалдырады: «Түрпідей семсерлер төбеден қатер төндіреді, барлық жақтан сүңгі найзалар, барлық жақтан кысқа найзалар, тіпті күзетшілер зәрені ұшырып, жақын адамдар да үрейлендіреді. Тамақ та рақатқа батырмайды, жолға да өз қалауыңмен шыға алмайсың, қаруды да өз ырқыңмен қолға алмайсың». Күдіктену мен тұрлаусыздық императордың жеке басына таңба-табын түсірді.
Әлеуметтік қайшылықтармен қаныққан күрделі саяси жағдай б. з. III ғасырындағы императорлардың ішкі саясатына мейлінше қарама-қарсы сипат береді. Бір жағынан, декуриондарды муниципальдық міндеттерге бекітіп қою арқылы қалалық ұйымды сақтап қалуға әрекет жасайды. Екінші жағынан, декуриондардың мейлінше көп санды жігі - сарбаздар босатылады. Мұндай саясат ірі жер иесі аристократтардың да, армиядағы жоғары әскери топтың да, жауынгерлердің негізгі бұқарасының шұғыл наразылығын тудырды. Осыншама қарама-қайшы күштердіц арасында әрекет жасау б. з. ІІІ ғасырларының императорлары үшін жиі қауіпті зардапқа соғып отырды олар жауынгер-легионерлердің қолынан қаза таба берді.
Северлер династиясының өкілі Александр Север орнықтыруға елеулі әрекеттер жасады. Ол билеп отырған кезеңде көрнекті юристер мемлекетте жоғары қызметтерді істей отырып рим правосының негіздерін жасады және заңдардың басты саяси принципі «императорға жағымдының заң күші бар» деген қағиданы тұжырымдады [13, 32 б.].
Александр Север әсіресе қалаларды қамқорлығына алды. Қала ішкі қызметін жандандырып, қалалардың сырт бейнесін жаңарту мақсатын көздеп, ол саудагерлерге, суретшілерге жеңілдіктер берді, ал қалалардан алынған төлем сомаларының бір бөлігін теремдер салуға, қала құрылысына және қала кедей-кепшігіне жұмсады. Финанс істерін түзетуге тырысып, Александр Север өзінің жеке бас шығындарын да қысқартты [13, 34 б.].
Александр Север сословиелік айырымдарды калпына келтірді де, ірі жер иесі шонжарлар хакяндағы жау саясаттан бас тартқаны былай тұрсын, керісінше, оған император жерінің үлкен бөлігін берді. Ол армияны қосалқы отрядтармен және жергілікті милиция отрядтарымен толықтырып, мұндағы ірі жер иеленушілердің мүдделеріне тиіспей, шекара аймақтарындағы жерлерді жауынгерлерге бөліп бере бастады. Бұл енгізілген жаңалықтар, жер бөлініп берілмей отставкаға шығудан қорыққан, тұрақты әскер легионерлерінің қатты наразылығын тудырды. Александр Северді, бір лақап бойынша сарбаздар, екінші лақап бойынша жақадан алынғандардың әскери бастығы Максимин өлтіреді.
Рим империясында саяси дағдарыстын шиеленісуі. Александр Север қаза тапқаннан кейін жауынгерлер фракийлік Максиминді император жариялайды (б. з. 235-238 жылдары). Бұл жауынгерлер императоры деп аталғандардың біріншісі болды [13, 41 б.].
Максиминнің саясаты сенат провинциялардың егіншілік және муниципийшілік шонжарлар тарапынан ұйымдастырылған оппозицияға кезікті. Азамат соғысының барысында император өліп, онын басы Римге әкелінген кезде сенат алғыс тағзымдарын тағайындайды. Бірақ сенат императорларының саясаты да муниципийлік топтар арасында шұғыл наразылыққа кезігеді [14, 60 б.].
Үстемдік етуші таптың күресуші топтанулары арасындағы қайшылықтардың еселеп өсе түсуінің салдары б. з. III ғасырының 30 жылдарынык аяғында басталған күшті саяси дағдарыс болып табылады. Сенат, провинциялар, легиондар өкімет билігін бірінен-бірі жұлып алып, бір императорды екінші император ауыстырып отырды.
Б. з. 235-284 жылдары кезеңіне 19 «заңды» император және 30-дан астам узурпатор келеді екен. Әлеуметтік-саяси дағдарыстың шиеленісуі рим армиясының жауынгерлік қабілетіне әсер етті. Императорлар дарынсыз командирлерге әскери қызмет орнын сатып берді, ал сарай маңы адамдары дұшпанға римдіктердің соғыс жоспарын ашып беріп, императордың жарлықтарын саудаға салды. Рим гарнизондарының түгелдей берекесі қашты. Ешқандай қоршау қарулары жоқ тағы скифтер екі қабат қорғаныс қабырғасымен қоршалған Трапесунтты, лонтий флотының басты базасын оп-оңай алды. Шығыста парсы әскерлері Месопотамияны, Сирия мен Кіші Азияны үнемі тонап, қаңыратып отырды. Б. з. III ғасырынын ортасында Армения жойылады. Парсы әскерлері шығыстың «інжу-маржаны мен метрополиясы» Антиохияны басып алады. Рим армиясы мұнда ешбір қарсылықсыз тізе бүгеді. Парсылардың осы жеңісінің бейнесін - ат үстінде қоқырайып отырған Жаңа Персия державасының патшасы Шапурге Рим императоры қорлана тізе бүгіп, жалынып, рақымшылық сұрағаны туралы орасан үлкен рельеф көрсетеді [11, 28 б.].
Б. з. ІІІ ғасырының екінші жартысында герман және дунай тайпаларының қысымы күшейе түседі, бұл рулардың, тайпалардың қосылу процесімен, әрі варвар халық топтарының құралуы мен түсіндірілетін еді. Африкадағы бұратана бербер тайпалары Мавритания мен Нумидияны басып алды. Рейнде франктер мен алемандар тайпалық одақтары шабуылға шығады. Дунайда маркомандар, сарматтар мен готтар Дакияның үлкен бөлігін басып алады. Төмендегі Дунай тайпалары Мезия мен Фракия арқылы Македонияға басып енеді. Сарматтар, аландар, ертеректегі славян тайпалары Қара теңіз жағалауларына, Балкан және Кіші Азия провинцияларына қақыратқан шапқыншылық жасады. Бұл оқиғалар заманалас адамдарға апат сияқты боп көрінді. Өте қабілетті әмірші және білімді император Галлиеннің (235—268 жылдар) Рим мемлекетін дағдарыстан шығарып алу әрекеті табыссыз болып шықты. Муниципийлерді қолдап армияның ролін күшейтуге бағытталған, Галлиеннің саясаты сенат пен ірі жер иелерінін оппозициясын тудырды, ал оның варвар шонжарларын қызметке тартуы тіпті пұрсатты армияның бөлімдерінде де жауыздықпен қарсы алынды.
Рим империясының саяси ұйымдарының әлсіреуі және варварлардың қысымы провинциялардың үстемдік етуші топтарының пұрсатты жағдайы мен шекара қорғанысын камтамасыз ете алатын сепаратизмдік мемлекет құру жолын іздестіруді мәжбүр етеді. Басқа аймақтардан бұрын Шығыс оқшауланады. Шығыс провинциялардың экономикалық маңызы империя шегіндегі олардың екінші дәрежелі саяси роліне сай келмейді. Б. з. III ғасырында шығыс провинция сенаторлар саны 30—35 проценттен аспады. Бүкіл армияны дерлік империяның солтүстік және батыс шекараларына топтастырылған императорлар шығыс аймақтарды парсыларға тонауға беріп қойды [7, 67 б.].
Б. з. III ғасырының басынан бастап Шығыстағы сепаратизмдік қозғалыстың орталығы Пальмира болады. Б. з. III ғасыры екінші жартысында Пальмира державасының құрамына Египет пен Шығыстағы Рим иеліктерінің үлкен бөлігі кіреді.
259 жылы Галлия, Британия және Испания территориясында, Трирде орталығы бар, Галл империясы құрылады. Жер иелігі жақа ғана қалыптаса бастаған Дунай провинцияларында сепаратизм нашарлау болды. Рим үкіметіне қарсы бағытталған сепаратизмдік қозғалыс рим езгісіне қарсы күреске аттанған халық бұқарасының арасында қолдау табады. Жерорта теңіздік Рим державасы құлдырап бара жатты [3, 92-93 б.].
Б. з. III ғасырындағы халық бұқарасының қозғалысы. Материалдық күйзелістер, жауынгерлердің жүгенсіздігі, варварлардың қаңырата басып енуі мұқтаждықты шиеленістіріп, езушілермен белсенді күреске тәуелді және еркін адамдардың түрлі жіктерін топтастырды. Құлдардың, колондардың және кіріптар қауымдастардың жаппай қашуы кең қозғалысқа ұласады, Провинцияларда «қарақшылармен» күресу үшін арнаулы әскерн күзет орындары ұйымдастырылады. Осы мақсатпен қалаларда жергілікті шонжарлардан шыққан жастарды соғыс ісіне бейімдеу ұйымдары құрылады.
Б. з. III ғасырларында территориялық қауымдарға шабуыл жасап, еркін шаруаларды кіріптарлыққа ұшыратқан ірі жер иелігі аұдандарындағы халық қозғалыстарынын күші мен көлемі едәуір болды. Нумидия мен Мавританияда балталармен және сойылдармен қаруланған колондар мен құлдар шенеуніктерді өлтіріп, легионшыларды қуып шығады. Галлияда багаудтар - көтеріліс жасаған шаруалар, колондар мен құлдар өздерінің көсемдері Аманд пен Элианды императорлар деп жариялайды. Жер жыртушылардан жаяу әскер және бақташылардан атты әскер құрып, багаудтар тіпті бекінген қалаларды басып алады. Империядан бөлініп шығып, қауымдык тәртіптерге оралуға ұмтылулары осыдан болса керек [6, 11-13 б.].
Орталықтан билеу әлсіреген саяси дағдарыс жағдайларында рим қоғамының үстемдік етуші жіктері халық бой көрсетулерінің лап қойған толқыны алдында дәрменсіз болып шығып, императорлық өкіметпен бітісуге көнеді, өз кезегінде б. з. ІІІ ғасырының аяғында билеген «әскерлер» императорлары Аврелиан (б. з. 270-275 жылдары), Проб (б. з. 276-282 жылдары) жер иесі аристократияның материалдық мүдделерімен санаса бастайды да, бұларды шекара жерлеріне орналастырып, жергілікті тайпалардан жауынгерлер жинайды. Қол жеткен ымыра нәтижесінде көп еңбек жұмсап, провинциялардың сепаратизмін тойтарып, халық козғалысын басып, империяның бірлігін қалпына келтіре алды. Аврелиан готтарды Дунай маңы провинцияларынан қуып шығады және Италияға басып кіргісі келген алемандарды серпіп тастайды.
Империя астанасының қауіпсіздігін нығайтуды көздеп, Римді Аврелиан ішінара біздің заманға дейін сақталып отырған, орасан үлкен бекініс қорғанымен қоршайды. 273 жылы Аврелианның әскерлері Шығыс сепаратизмдік мемлекеттің орталығы, Пальмираны басып алады да,бұл бай қаланың күл-талқанын шығарады. Пальмираның орасан үлкен құрылған орны біздің күндерімізге дейін сақталған. Багаудтардың өрістеген қозғалысынан қорыққан галл сепаратизмдік мемлекетінің, әміршісі Тетрик «бейбітшілікті қалпына келтіруші» (гезшитог огыз) асқақ титулын қабылдаған Аврелианға еркімен бағынады [6, 26 б.].
Империяның бірлігін нығайтуға ұмтылып Аврелиан жаңа жалпы мемлекеттік ғибадат «жеңілмес күнді» енгізеді де, осы тәніріге жалпы жұрттың табынуын талап етеді. Діни салттарға қатысұдан бас тартқан адамдарды ол бүлікшілер деп қарады, бұл барлық бөгде ойдағыларды, соның ішінде христиандарды да құдалап, жазалап өлтіруді енгізді. 275 жылы Аврелианды заговоршылар өлтіреді. Аврелианның саясатын жалғастырушы Рим империясының шекарасын ойдағыдай қорғаған Проб болды, бірақ 282 жылы жауынгерлердің өзіндік ырқын жеңе алмаған ол сайып келгенде армиядағы тәртіпті нығайту әрекеті үстінде өлтіріледі.
ІІ. Батыс Рим империясының құлауы.
2.1. Ұсақ жер өңдеушілерді қанаудың күшеюі.
Батыс Рим империясының құлауы - 474 жылы орын алған ірі тарихи оқиға. Әлем тарихында бұл уақыт құлдықтың жойылу кезеңі деп есептелінеді.
Жер иеленуші шонжар доминант кезінде өзінің позициясын нығайтып алып, еркін және тәуелді село халқының түрлі категорияларын қанауды күшейте түсті, ірі иеліктерде құлдардың қосалқы маңызы болды. Олар көбіне үй ішіндегі басқа да әсемдік заттар сияқты байлықтың көрсеткіші ғана болды, арасынан рим территориясында мекенденген жұтаған көп шаруалар, еркін жіберілгендер мен варварлар пайда болған колондар қанаудың басты объектісіне айналады. Заманаластары колондарды «тақыр кедей сорлы адамдар» деп атап, оларды өлшеусіз қанағандығын мойындайды. IV ғасырда колондар еркін адамның азаматтық және саяси праволарынан айырылады: оларды, енді патрон деп емес, колон мырзасы деп атаған, жер иесінің келісімінсіз мемлекеттік кызметке пайдалануға болмады. Колонның барлық мүлкі мырзаның меншігі саналды, колон сотта мырзаға қарсы шығуға, еркіндегілермен некелесуге правосы болмады. Жаза беру жүйесі жағынан колондар құлдарға таялады. IV ғасырдың екінші жартысында жер иеленушілер олардан мемлекеттік салық алу правосына ие болады. Бұл акт колондардың тәуелділігін бұрынғыдан да гөрі күшейтіп, оларды қанау мүмкіндіктерін ұлғайтты. Қоныстану үшін неғұрлым жеңілдік шарттары бар праволарын таңдап алудан айырылған колондар жерге отырғызылған құлдармен қосылып кетті.
Біздің заманымыздың ІV ғасырының аяғында варвар тайпаларының айрықша ірі, жаппай көшуі мен олардың, әдетте «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын Рим империясының территориясына басып кіруі басталды. Герман және басқа да тайпалардың шабуылы, біріншіден, олардың арасында өндірістік күштердің өсуімен байланысты мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуінен, екіншіден, байлықты молайтуға, жер мен әскери олжаны иемденіп қалуға тырысуынан туындады. Бұл кезде соғыс герман тайпалары үшін әдетке әрі тұрақты кәсіпке айналды. Варварларды Рим империясының ұлан-байтақ жерлерімен бай қалалары қызықтырды. Германдардың шапқыншылығынан қорғану үшін римдіктер империя мен герман тайпаларының арасындағы көпшақырымдық шекараны нығайтты. Шекараға топырақ үйіп, ор қазып, тас қабырғалармен қоршалған әскери лагерьлер орнатқан. Шекара бойындағы мұндай бекіністерін римдіктер «лимес» деп атаған. Алайда лимес адам өтпес қамалға айналған жоқ. Жылдар өткен сайын германдар мен римдіктердің қарым-қатынасы күшейе түсті. Лимеске жақын қоныстанған жекеленген герман тайпалары римдіктердің бірсыпыра әдет-ғұрыптарын ұстанатын болды. Римдіктер кейбір герман тайпаларын әскери қызметке шақырды. Германия үшін римдіктер, Рим мен оның провинциялары, германдықтарға
белгісіз және құпия ел болып қалған жоқ. Лимес ғасырларға кететін қорған құсап көрінген. Бірақ ІV ғасырдың соңы мен V ғасырдың басында империя мен варварлар күшінің арасалмағы тез өзгере бастады да, шекара жойылып, лимес құлады. [7, 84-85 б.].
ІV-VІІ ғасырлар аралығын «Халықтардың ұлы қоныс аудару» уақыты деп атайды. Осы уақыт аралығында герман тайпалары жүздеген жылдар бойы жайлаған өлкелерін тастап, жаңа жерлер жаулап алуға аттанды. Еуропаның картасы танымастай өзгерді. Шапқыншылықтың толқыны Батыс Рим империясын жойып жіберіп, орнына германдардың корольдіктері пайда болды. Ұлы Рим империясы құлап, Еуропа орта ғасырларға аяқ басты. «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» бірден-бір себепші ғұндар мен готтардың қысымы болды. Ғұндар белгісіз себептермен Қытаймен шекаралас Азия даласын тастап, мыңдаған шақырым жолмен Батысқа қарай жылжыды. 375 жылы ғұндар сол кезде Рим империясынан тыс Қара теңіздің солтүстік жағалауында тұратын германның гот тайпасына шүйлікті. Готтар тамаша жауынгер болғанымен, ғұндар ордасы олардың тез-ақ ұйқы-тұйқысын шығарды. Готтардың бір бөлігі остготтар ғұндарға тізе бүкті. Ал екінші бөлігі вестготтар Римнің шекарасына қарай шегінді. Ондағы мақсаттары Рим қандай шарт қойса да бағынып, бұрын құлағы естіп, көзі көрмеген жауларынан халқын аман сақтап қалу еді. Римдіктер готтарды қабылдады, бірақ шекара маңынан ең құнарсыз аз ғана жер берді. Вестготтардың шыдамы көп ұзамай таусылды. 378 жылы Адрианополь қаласының маңында вестгот тайпаларын император Валенттің өзі басқарған Римнің таңдаулы армиясы қарсы алды. Осы шешуші соғыста Римнің таңдаулы армиясы вестготтардан жеңілді. Адрианополь айқасынан кейін империя есін жия алмады. Кейінгі соғыстарда Римді жалдамалылар қорғады. Олардың көпшілігі германдар еді. Герман тайпалары ақыны көп алып, Рим шекарасын өзге герман тайпаларынан қорғап тұруға келісті. Дегенмен жалдамалылар Рим әскерінің бұрынғы қуатын қалпына келтіре алмады.
2.2. Рим империясының феодалдануы.
Село халқының түрлі категорияларының тәуелділігінің күшеюі нәтижесінде ірі поместьелерде еркін және тәуелді егіншілердің жағдайларында жақындасу, жанасу болады. Еркін де, тәуелді де қолданушылар дербес шаруашылық жүргізді, өз учаскесіне байланысты болды, әрі белгілі бір міндет атқарды. Жер қатынастарының негізінде туған тәуелділік қанаудың жаңа феодалдық формасының элементі болды. Тәуелділіктің жаңа формасының пайда болуы құлдарды жаңаша қанауға, және жұтаған шаруаларды жер өңдеуге тартуға мәжбүр еткен бүкіл құл иеленушілік системаның дағдарысымен байланысты болды.
Еркін шаруаларды тәуелділерге айналдыру тәсілдерінің бірі - прекарий еді. Жер иелері борышкерлерге жер учаскесін иеленуді белгілі бір міндет атқару шартымен қалдырды. Борышкер жеке меншік иесінен қолданушыға айналады, ал иелік - прекарийлық, яғни өтініш бойынша берілген, болып шығады [15, 39 б.].
Мүлкі жоқ еркін жоқшылық соңына түскен және фиска шенеуніктері қысым көрсетіп ығыстырған ұсақ жеке меншік иелері өз меншігінен бас тартып, «күш-қуатты үйлердің көлеңкесінен» пана іздеді. Қамқоршының жерінде олар дербес шаруашылық жүргізу үшін қаражат алып отырды және қолданушы ретінде міндет атқарды. Қорғаудың мұндай формасы патрониний деп аталды. Шынына келгенде өзгеріссіз, жалған, еркіннің праволық статусы жеке бастың тәуелділігін орнатуға әкеп соқты.
Ірі поместьелер жеке қолөнер және сауда байланыстары бар окшауланған шаруашылық комплекстеріне айналады. Мемлекеттік өкіметтің араласуынай босаған шонжар иелігінің иммунитет белгілері көріне бастайды.
Салықтарды жер иеленушілердің өздері жинайды, варварлар арасынан жалдамалы қарулы отрядтардың көмегімен тәуелді халықты басып жаншу жекелеп жүзеге асырылады.
Алайда Рим империясынын феодалдарын қоғамның құл иеленушілік қондырғысы, құл иеленуші право мен мемлекет кідіртеді. Шаруалардың тәуелділігінің күшеюі құл иеленуші право нормалары тұрғысынан алынып қаралды. Мемлекет өзінің алым-салықтың дамыған жүйесімен жеке-дара шаруа шаруашылығының даму инициативасын жанышты және жер иеленушілердің кірісін шектеп отырды. Жер иеленушілер өзінің табысын сақтап қалу үшін заманаластардың мойындауы бойынша шаруашылықты жақсылап жүргізу, немесе тіпті танапты жай өңдеу үшін ештеңе қалдырмай колондардан өнімді түгелдей дерлік алып қойып отырды. Егіншілер «мемлекеттік құдалаудың езгісінен» өліп кетпеу үшін варварларға қашып барды.
Кейініректегі Рим империясындағы тап күресі IV ғасырдың 40-жылдарынан бастап қайтадан шиелінісе түсті. Рим құл иеленуші мемлекетінің негізгі езгісін өз мойнымен көтерген егінші халықтың көтерілісі орасан күшке айналып, үлкен көлем алды. Ертеректегі христиандықтың демократиялық принциптерін ұмыт қалдырған ресми христиан шіркеуіне қарсы бағытталған наразылық ерекше қатты болды. Ересектердің діни формасына айналған халық қозғалыстары сенім тазалығы жолындағы күресті өзінің, негізгі мақсаты, етіп жариялайды. IV ғсырдың аяғында ересектерге тыйым салу туралы эдиктер әрбір үш-төрт жыл сайын шығып тұрды [4, 58 б.].
IV ғасырдың 30-40 жылдарында Африкада қуатты халық қозғалысы өріс алды. Бұл провинцияның экономикалық сау-саламаттығына қарамастан африкан деревнясындағы жағдай өте ауыр болып қала берді. Село шаруашылығы өнімдерін экспорттайтын саудагерлер село рыноктарында астық пен майды тегін дерлік сатып алды, ал ірі жер иеленушілер пайда қуып, тәуелді колондарды қанау ісік күшейте түсті бұдан басқа Римге мемлекеттік қамсыздандырушылық көбейтілді, өйткені Константинопольдің негізі қаланғаннан кейін Египет жаңа астананы азық-түлікпен жабдықтады. Амиондардың барлық ауыртпалығын жер бөлісушілер мен мүлікшілік шонжарлар селолық еңбекқорлар мен ұсақ егіншілердің мойнына артты.
Нумидияда кіріптарлықпен күрескен еркін егіншілердің қозғалысын ІІІ ғасырдың өзінде-ақ туған донатистердің христиан сектасы бастады. Бұл сектаның мүшелері өздерін Христостың жауынгерлері — «зұлымдық күшімен күресушілер» деп атады.
Агонистиктер, әділдік салтанат құрып, байлар өш алатын «құдай патшалығын» жақындата тусуге ұмтылып, камбалар меи шарап қоймаларын талқандайтын, байлық пен борыш қол хаттарын қайтып алатын, құлдарды босататын, қарсылық көрсететін байлардың үйлерін өртейтін. Бұл қозғалыста қанауға қарсы стихиялық наразылық діни идеологияға тең болып келетін күрестің пассивті формаларымен ұштасады. Агонистиктер асхетизм мен қиналуды уағыздап, «әділетсіз дүниенің» апатын тездетуге әрекеттенді: олар отқа, суға түсіп; жалаңаш қылышқа шабылып, терең шыңырауға құлап өлді, өзін соққыға көндіру үшін басқаларды ажалмен шошытты. Зұлымдық дүниесінің жамандығы некеден, отырықшылық өмір сүріп, жұмыс істеуден бас тартудан көрінді. Село еңбеккерлерінің арасында бұл жерге бекітіп, міндеттерді арттыруға қарсы наразылық ретінде кабылданды. Агонистиктер өздерінің уағыздары жіті қолдау тапқан деревнялардан қоректенді. Сондықтан да оларды «циркумцеллиондар» («шаруа күркелерінің төңірегін кезушілер») деп атады [16, 74 б.].
ІV ғасырдың 70-жылдарының басында Мавританияда көтеріліс болды. Рим әкімшіліктерінің алымқорлығына ызаланған провинция тұрғындары көтеріліс жасаған берберлердің көсемі Фирмды император етіп жариялайды. Рим әскерінің бір бөлігі узурпатор жағына шығып кетеді. Көтеріліс үлкен қиыншылықпен басылады. Бір тайпа патшасымағының опасыздығы арқасында қозғалыстың жетекшісі Фирм қолға түседі.
V ғасырдың басында агонистиктердің қозғалысы кайтадан күшейе түседі. Рим үкімет орындары агонистиктермен күресте дәрменсіз болды, фискаль шенеуніктері салықтарды да жинап ала алмады. Африкадағы халық қозғалыстарының діни идеологиясы халық бұқарасын қоғамды қайта құрумен байланысты, міндеттерді шешуден аулаққа алып кетіп, әлеуметтік наразылықка төтенше бүлдіргіш күш береді.
Галлиядағы багаудтар қозғалысы басқа сипатта болды. Бұл III ғасырда басталды да, V ғасырға дейін созылды. Бұл кезде тіпті үлкен жолдарға кауіп-қатер төнді. Багаудтардың қаруланған отрядтары рим магистраттарын қуып шығады және онша романданбаған аймақтарда кауымдық ұйымды калпына келтіріп, өзін-өзі басқару органдарын кұрады. Қозғалыстын негізгі күші еркін шаруалар болады, бұған құлдар мен колондар жаппай келіп қосылады. Қауымдық тәртіптерді қайта тудыру жолындағы Рим езгісіне қарсы бағытталған қозғалыс сепаратизмдік сипатқа ие болады. Көтеріліс Испаниядағы ежелгі иберий қауымдарының қалдықтары сақталған ауданға ауысады [8, 102 б.].
IV ғасырдың 60-жылдарында Рим империясының шығыс аймақтарында да тап күресі күшейе түседі. 365 жылы Константинопольде жергілікті Киликий шонжарларының өкілі Прокоппи өкіметті тартып алады. Бұл оқиға қала плебсінің едәуір бөлігі алтын принскілерінде жұмыс істейтін колондар қатынасқан Балқан және Кіші Азия провинцияларындағы кең әлеуметтік қозғалысқа сылтау болып табылды. Қозғалыс өте қаталдықпен басылып тасталды.
IV ғасырдың екінші жартысында Римде, Константинопольде, Антиохияда, Александрияда және империяның басқа да ірі қалаларында төменгі қала адамдарынын толқулары жиі болып тұрды. Қала магистраттарының көбі өз істері жолында отжалында құртылған мүлкі мен өмірін салады. Рим өкімет орындары үшін азық-түлік жетімсіздігінен туған бой көрсетулер зор қауіп тудырды. Қала ұсақ меншігінің қысқаруы және егінші-криалдардың жұтауы жергілікті рынокқа өнімдердің келіп түсуін азайтты, ал ірі жер иелері, қала шонжарлары мен саудагерлері бағаны шексіз арттыра берді [12, 462 б.].
Кейініректегі Рим империясындағы тап күресінін ерекшелігі егінші халықтың түрлі қатегорияларынын, жақындасуымен шарттасып келетін еркіндер мен құлдардың ынтымақтастығы болып табылды, мұнда қозғаушы күш еркін кіріптарланған кауымдықтар мен колондар болды. IV-ғасырлардағы халық қозғалыстары империя езілген бұқараларының варварлармен одағын және Рим мемлекетінен бөлінуге ұмтылуын көрсетеді. Бұдан басқа, Рим империясынын соғыс күштерін елеңдете отырып, олар мұны варварлардың жаулап алуын жеңілдете түсті.
2.3. IV ғасырда варварлардың басып енуі. Рим империясының ыдырауы.
IV ғасырдың 40-жылдарынан бастап империя ауыр саяси дағдарыс дәуіріне қайтадан аяқ басады. Император тағы өкімет билігі үшін кескілескен күрестің объектісіне айналады. Қосалқы әміршіні тағайындау да әскерлер шешіміне тәуелді етіліп қойылады. Императорлар өзіне сенімсіз болды, бәсекелестерден қорықты. Кейбіреулері үрейі ұшып, билік жүргізуінің бас кезінде-ақ барлық туысқандарын қырып тастады. Император өкіметінің нашарлауы жөнінде провинциялардағы сепаратизмдік пиғылдардың өсуі кепіл еді - Император тағына үміткерлер Галлияда, Британияда, Иллирияда жиі шығып тұрды [1, 190 б.].
Басқарудың бюрократтык, жүйесінің бар кемшіліктері ашылып қалды. Сарай мақындағы жауыздықтар жоғары қызмет адамдарынын мемлекет мүдделеріне қарсы әрекет жасауына әкеп соқты. Әскери бастыктар жеке өз басының даңқына ұмтылып, варварлармен соғысты дербес жүргізуге асығып, ауыр жеңілістерге ұшырап отырды.
Жоғары шенеуніктер канцелярияларында қазына ұрлаушылық, парақорлық және билікті асыра пайдаланушылық өркен жайды, Казначейлер жауынгерлерге жалақы төлеуге арналған орасан көп соманы иемденіп кетті, әрі армия үшін азық-түлік сұрап провинпияларды күйзелтті. Армия көбіне басып алған олжаларымен ризашылық етіп рим провинцияларының жергілікті халқын тонаудан да тайынбады. Рим армиясында әскери тәртіп құлдырады, құл иеленушілік моральдың дағдарысы Рим әскерінің адамгершілік бейнесіне әсер етті: «Әркім басқалар тұралы ұмытып, өзі туралы ойлады. Балағат ұран орнына жауынгер варвар әндерін салып, жауынгерлер өздерінін қылышынан гөрі анағұрлым ауырырақ кубоктарды іздестірді, саз ыдыстардан ішуді ұят көріп, тек мәрмәр сарайларда ғана тұрғысы келді».
Рим империясының варварлануы провинциялардағы сепаратизмдік қозғалысты бұрынғыдан да гөрі күшейте түсті, үстемдік етуші топтардың арасында қайшылықтарды тереңдетті және едәуір дәрежеде империяның ыдырауын әзірлеп берді.
Батыста пұтқа табыну оппозициясын бастаған Рим аристократиясы IV ғасырдың 90-жылдарының басында таққа өзінің қоятын адамын ұсынды. Империяның батыс жартысында император I Феодосий (379-395) өз үкіметін зор күш-жігер жұмсап қалпына келтіре алды. Ол қайтыс болғаннан кейін империя астанасы шығыста Константинополь болып, ал батыста әуелі Медполан, содан сон Равенна бөлігі біржолата бөлінеді. Феодосийдің ұлдары: Гонорий Батыста, ал Аркадий Шығыста император болады. Рим империясының ыдырауы Батыс пен Шығыс арасындағы әлеуметтік, саяси және мәдени айырмашылықтармен шарттасып келетін еді [4, 680 б.].
Рим пұт аристократиясының IV ғасырда экономикалық және саяси жағынан үстемдік еткен жаңа Константинополь шонжарымен күресі шиеленісе түсті. Батыстың бұлай оқшаулануына варварлардың күшті қысымы себепші болды, егер дәлірек айтқанда, өйткені варварлар мен парсылардың шекара қорғану міндеттері көп дәрежеде жалпы мемлекеттіктен гөрі, жергілікті мүдделерді көздеуге мәжбүр етті.
Рим империясының ыдырау процесі шиеленіскен саяси жағдайды бұрынғыдан да гөрі шиеленістіре түсті. Шығыс императорлары Батыс иеліктеріне өз дәмеленуін қалдырмады. Батыстың билеуші топтары дәстүр бойынша империяның барлық істеріне жоғары басшылық етуге үміттене берді. Гонорий мен Аркадий сарай маңы шонжарлары варвар элементтерінің күшті ықпалында болды. Сенатор сословиесінің өкілдері өзінің мардымсыз лайықсыз жағдайды бастан өткізіп жатты. Іс жүзінде өкімет билігі армия магистрларының қолында болды, Батыста үкімет қамқоршысы ретінде вандал Стилихон, Шығыста - Руфин басқарды. Шығыс үкіметі король Аларих бастаған вестготтарды Италияға бағыттап, Стилихонның агрессияшыл ниеттерін алдын ала білді.
Вестготтардың Батыска қарай жылжуы варвар тайпаларының жаңа қозғалысын тудырды. 406 жылы вандалдар мен аландар «бай елде ақылынан алжасып, аласұрды, бүкіл Галлия бір алаумен түтінденіп жатты». 409 жылы вандалдар, аландар және свевтер Испанияға келді, ал 429 жылы Африкаға ауысып өтті.
V ғасырдың басында вестготтардың көсемі Аларих Италияға үш жорық жасады, Стилихон Аларихтің жолын бөгеп, бітімді сатып ала алғанымен империядағы варвар элементтеріне жау пиғылдағы рим аристократнясының сарай маңы партиясына қарсы тұра алмады. Стилихон варвар көсемдерімен тығыз қарым-қатынастарды орнатып көрді, оларды басты әскери қызметтерге жоғарылатты. Бұл сенімсіздік пен наразылық тудырды, өйткені рим аристократиясы варвар шонжарын Константинополь қанжарынан гөрі қатерлі бақталас деп білді. 408 жылы Стилихонға қарсы армияның едәуір бөлігі көтерілді де, оны ұлымен бірге жазалап өлтірді [8, 278 б.].
Стилихон құлағаннан кейін, күшейе түскен оппозициялық партия Аларихпен шартты жойды. Осы кезде вестготтар Италияға қайтадан басып кірді де, 408 жылы Римді қоршады. Римді қоршаған кезде вестготтарға Аларихтың талап етуі бойынша 40 мың құл жіберіледі де, орасан көп контрибуция төленеді.
Бірақ 410 жылы Аларих тағы Римге тақап келу аңызға сәйкес құлдар қақпаны ашып, вестготтарды кіргізіп жібереді. Үш күн бойы варварлар мен оларға қосылған құлдар қаланы тонайды. Содан кейін вестготтар орта және оңтүстік Италия аймақтарын қаңыратады. Вруттинда Аларих кенет қайтыс болады. Вестготтар Аларихтің денесін көптеген казынамен өзен арнасына жерлейді де, Атаульф бастауымен мың мұрагерімен Римге қайта оралып келеді, мұнда аман калғандардың бәрін тонайды. Римнен вестготтар оңтүстік Галлия мен Испанияға беттейді. Рим үкіметі Атаульф жорығына қарсы тұрмайды, онын Галлия мен Испанияны басып алуына көнеді. Осы территорияда ертеректен варвар мемлекеттерінің бірі - Вестгот қорольдігі құрылады [14, 124 б.].
Іс жүзінде вестготтар Италияға басып кіріп Римді талқандағаннан кейін Батыс империя өзінің өмір сүруін тоқтатты. Провинциялар рим императорының билігінен сытылып шығып кетті. ІV ғасырдың ортасында Африкадан, Британия мен Паннониядзи айрылды. Рим императорының империяның ыдырауына қарсы қоя алатын қанша да болсын ұрысқа қабілетті армиясы болмады; Италияда федераттардың варвар отрядтарының бастықтары қожалық етті.
Шығыстан осы кезде жаңа қатер төне бастады: Аттила біріктірген ғұндар мен басқа да тайпалардың калың қолы өзінің әдет-ғұрып және қылық қатыгездігімен тұрғындардың зәресін ұшырып Европаға «қарлы борандай» лап қойды.
Шығыс империясының әміршісі алтын беріп Аттиладан босайады да, ғұндар Галлияға басып кіреді. Варварлармен соғыс жүргізу тәсілдері туралы жақсы хабарлар батыс империяның талантты қолбасшысы патриций Авций Аттилаға қарсы шығады. Авций шебер саясатшы еді. Ол ғұндарға қарсы одаққа империяның көптен бергі жаулары вестготтарды, франктерді, сарматтарды, бургундарды, сакстарды, аландарды және басқа да тайпаларды тартты. 451 жылы Каталаун алқаптарында коалиция отрядтарымен ғұн одағы арасында ұрыс болды. Иордан, ұрыс «қаттыгез, ауыспалы, мейірімсіз, өте қатты» болды, деп хабарлайды. Ғұндар ұрыс алаңын тастап өз лагеріне барып тығылады. Бірақ антиғұндық одақ осыдан кейін көп кешікпей ыдырап кетеді.
452 жылы Аттила Италияға басып енеді. Солтүстік Италияның қалаларың тонап, ол Дунай сырты аймақтарына қайтып оралады. 453 жылы Аттила қайтыс болғаннан кейін өзі бағындырған тайпалар көтеріліс шығарады да, ғұн одағы өзінің өмір сүруін тоқтатады.
Римдегі император сарайы жанындағы партия күрестері тоқталмайды. 455 жылы вандалдар Римді каңыратып, тонап. шығады. Варварлардың бұл шапқыны жайында халық ұзақ ұмытпады. Вандализм адамзат жасаған мәдени және материалдық құнды дүниені мән-мағынасыз құртудың синониміне айналды.
V ғасырдың екінші жартысын заманадастары «варварлардың қатал билеп-төстеу» заманы деп атады, «барлық жерде бүлдіргіш күштер әрекет етті»... деп жазды тарихшы Павел Диакон [15, 4 б.]. Екі жүз жылдан кейін Батыс империяның императорлары тіпті империяда қызметте жүрген варварларға да қарсы тұра алмады, соғыс қимылдары варвар әскери бастықтарының қалауынша жүргізілді. Императорларды сайлау, мейлінше күшті де, ықпалды әскери жетекшілердің өкіметті басып алуы тәсілге, дәстүрге айналды.
Қорытынды.
50-70 жылдары варвар көсемдері рим аристократиясы және шығыс императоры арасында батыс Рим императорларының тағы үшін күрес күшейе түседі. Батыс Рим империясынан жалаң аты ғана қалады. Провинцияларда езушілерге қарсы күреске аттанған әлеуметтік төменгі топты көрсететін варварлар мен «қарақшылар» үстемдік етті, Италияны варварлар қаптап кетті, V ғасырда варварлар отрядтарынан тұратын әскерлер жалақы алмай, қоныстануға жер беруді тадал етті, 476 жылы өзінің жетекшісі Одоакраны король етіп жариялайды, бұл соңғы рим императоры, он бес жасар бала Ромул Августулды ысырады да, император лауазымының белгілерін Константинопольге жібереді. Осы арқылы Батыс Рим империясының көлеңкесін болса да сақтауға жасалған әрекет аяқталады.
Батыс Рим империясының құлауымен бірге құл иеленуге негізделген қоғамдық қатынастар жүйесі - құл иеленуші қоғамдық формация да өз өмір сүруін тоқтатады. Бұрынғы Рим империясының территориясында қалыптасқан, жаңа таптық қоғамдар басқаша феодалдық типтегі таптық қоғамдар болатын.
Орталықтан билеу әлсіреген саяси дағдарыс жағдайларында рим қоғамының үстемдік етуші жіктері халық бой көрсетулерінің лап қойған толқыны алдыңда дәрменсіз болып шығып, императорлық өкіметпен бітісуге көнеді, өз кезегінде б. з. III ғасырының аяғында билеген «әскерлер» императорлары Аврелиан (б. з. 270-275 жылдары), Проб (б. з. 276-282 жылдары) жер иесі аристократияның материалдық мүдделерімен санаса бастайды да, бұларды шекара жерлеріне орналастырып, жергілікті тайпалардан жауынгерлер жннайды. Қол жеткен ымыра нәтижесінде көп еңбек жұмсап, провинциялардың сепаратизмін тойтарып, халық козғалысын басып, империяның бірлігін қалпына келтіре алды. Аврелиан готтарды Дунай маңы провинцияларынан қуып шығады және Италияға басып кіргісі келген алемандарды серпіп тастайды.
Империя астанасының қауіпсіздігін нығайтуды көздеп, Римді Аврелиан ішінара біздің заманға дейін сақталып отырған, орасан үлкен бекініс қорғанымен қоршайды. 273 жылы Аврелианның әскерлері Шығыс сепаратизмдік мемлекеттің орталығы, Пальмираны басып алады да, бұл бай қаланың күл-талқанын шығарады. Пальмираның орасан үлкен қулаған орны біздің күндерімізге дейін сақталған. Багаудтардың өрістеген қозғалы-сынан қорыкқан галл сепаратизмдік мемлекетінін, әміршісі Тетрик «бейбітшілікті қалпына келтіруші» (гезшитог огыз) аскақ титулын кабылдаған Аврелианға еркімен бағынады.
Империяның бірлігін нығайтуға ұмтылып Аврелиан жаңа жалпы мемлекеттік ғибадат «жеңілмес күнді» енгізеді де, осы тәніріге жалпы жұрттың табынуын талап етеді. Діни салттарға қатысұдан бас тартқан адамдарды ол бүлікшілер деп қарады, бұл барлық бөгде ойдағыларды, соның ішінде христиандарды да құдалап, жазалап өлтіруді енгізді. 275 жылы Аврелианды заговоршылар өлтіреді.
Рим əскери қызметінде жүрген көрші тайпалар əскербасыларының тақ үшін күресі шиеленісті. Сол тұста Рим көрші халықтардың шапқыншылық жорықтарынан қатты күйзелді. Əсіресе, Африкада қоныс тепкен германдықтардың, вандал тайпасының шабуылдары қатты соққы болып тиді. Батыс Рим империясы билеушілерінің ішкі қырқыстарын жақсы пайдалана білген вандалдар 455 жылы Римді алады. Қаланы аяусыз тонап, қиратып, өртейді. Халқын қырып жояды, мыңдаған адамдарын құлдыққа айдап алып кетеді. Ешбір көңілге қонбайтын осы ойрандаушылық "вандализм" деген сөзді қалыптастырды. Вандалдардың талқауынан соң "мəңгі қала" атанған Рим қираған үйіндіге айналады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
-
Э. Гиббон История упадка и крушение Римской империи. М. 1994.
-
А. Валлон. История рабства в античном мире. - Смоленск, «Русич» 2005.
-
Т. Моммзен. История Рима. 4 томды кітап. ІІ том. - «Феникс». 1997. - 640 бет.
-
Г.Ферреро. Величие и падение Рима. Ювента, Наука. 1998. 752 бет.
-
Р. Ю. Виппер. История средних веков. Смио Пресс. 2001.
-
С.Д. Сказкин, Е.В. Гутиова, А.И. Данилов. Орта ғасырлар тарихы. І том. - Алматы: «Мектеп». – 1976.
-
С.К. Төлкеев. Орта ғасыр тарихының очерктері. - Алматы: «Рауан». 1998.
-
Қ.Т. Жұмағұлов, Р.С. Мырзабекова Орта ғасырлар тарихы: - Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 350 бет.
-
Б.Аяғанов. Қ. Ізтілеуов. Орта ғасырлар тарихы. - Алматы: «Рауан». 2003.
-
В.Д. Авдиев. История древного мира. - Москва. «Знания» 1972
-
С.Н. Бурин. Жаңа тарих. - Алматы: «Жалын», 1999.
-
А. Марцеллин. Римская империя. – Киев: «Алетейя». 1996. – 576 бет.
-
С.И Ковалев. История Рима. С-Петербург. 1998.
-
А.Р. Корсунский Р. Гюнтер Упадок и гибель Западной Римской империи. М. 1984.
-
П.Диакон. Римская история. История лангобардов. «Азбука классика». Ауд. Ю.Циркин. 2008. 320 бет.
-
История древнего Рима. / Под ред . В.И. Кузищина. М. 1986.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рим империясының экономикалық және әлеуметтік дағдарысы: Батыс Рим империясының құлауы

шағым қалдыра аласыз