Риторика-ғажайып сөз өнері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Риторика-ғажайып сөз өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың риторикалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бойынша жазылған мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Атырау облысы Индер ауданы Жамбыл атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кенжегалиева Райхан Хиниетовна



Риторика - ғажайып сөз өнері

Қазіргі таңда ғылым мен техника қарыштап даму үстінде. Ақпараттар ағынының көптігі сондай, оған тіпті адамның көзі ілеспейді.Әйтсе де, жаңа технологиядан да қымбаттырақ асыл қазына бар, әрине,ол- кітап.

Кітап-білімнің қазығы,бастауы. Көп жағдайда бала кітап оқымайды, көркем әдебиетке қызықпайды деп жатамыз. Әлеуметтік желіге, әртүрлі гаджеттерге өз тағдырын байлап, матап, соның шеңберінен шыға алмай жүрген бүгінгі жас ұрпақ көркем әдебиетке қызықпаса, не болады? Бұрынғының баласы қолынан кітапты тастамай , әрбір сөзін жаттап , жадына тоқып өссе , нұр үстіне нұр болар еді.

Баланың көркем әдебиетке деген қызығушылығын оятуға, арттыруға септігін тигізетін – бірден - бір дүние - көпшіліктің назарына ұсынған «Риторика – ғажайып сөз өнері » атты бағдарламам.

Әдебиет-руханилықтың қайнар көзі , асыл қазынасы. Осы әдебиетке, әсіресе көркем әдебиетке деген жас ұрпақтың бүгінгі таңда еш қызығушылығы артпай отыр,кітап оқымайды, тіл байлығы жетіспейді,өз ойын еркін айтып, жеткізуде қиналады. Осындай кедергілерді жою мақсатында ұсынылып отырған бағдарлама оқушылардың шешендік сөз өнері туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.Білім деңгейін көтеру теориялық материалды берудің және оқушылардың тәжірибелік іс- әрекетін ұйымдастырудың жаңа әдістері мен тәсілдерін игеруді талап етеді. Ұсынылып отырған курс бағдарламасы оқушыны сапалы жаңа білім деңгейіне шығару үшін қазіргі білім беру үрдістері мен талаптарына сай жасақталған.

Бағдарламадағы тақырыптар оқушылардың мектеп бағдарламасындағы және мектеп бағдарламасынан тыс білім, білік дағдыларын жетілдіру үшін топтастырылды. Қазақ әдебиетін таңдау пәні ретінде таңдап о тырған оқушылар үшін де тиімді құрал болып табылады. Бағдарламаның басты мақсаты- оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, сөздік қорын байытып, жақсыдан үйреніп, сөз өнерін қастерлей білуге , өз білімін көтеруге , шешендікке, сауаттылыққа, Қазақстанның келешекте өркендеп өсуіне өз үлесін қосатын жеке тұлға тәрбиелеу.    


Бағдарламаның « Мазмұндық бөлімінің » жалпы сағат саны 34сағатқа құрылған. «Шешеннің сөзі- ақылдың көзі» , «Шешендердің аталы сөздері» , «Билер сөзіндегі нақты жауап, ұшқыр ой», «Қазақ халқының шешендік мектебі»тақырыбындағы бөлімдерге бөлінген. Оқушылармен жүргізілетін ғаламтор материалдарымен ізденіс жұмыстары ,жеке, жұптық , топтық жұмыстар , шығармаларды талдау жұмыстары , дәрістер, семинарлар,ғылыми жобалар қорғау, реферат, эссе, баяндамалар, белгіленген тақырып аясында зерттеу жұмысын жүргізу , берілген тақырыпта мақала жазу жұмыстары қамтылған.

Бағдарламаны құрастыруда А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», Б.Адамбаевтың « Қазақтың шешендік сөздері», Б. Адамбаевтың «Халық даналығы», Н. Төреқұлұлының «Қазақтың жүз шешені», А.Оразбаеваның «Қазақ тарихындағы билер» еңбектері қолданылды.

Аталған бағдарламаны сабақ үдерісіне енгізу арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім:

-өз білімдерін орынды қолдана білуге дағдыланды;

- тілдік сауаттылықтары артады, яғни тілдік норманы сақтай отырып, шешен сөйлеуді үйрене бастады;

- өз ойларын сауатты да дәлелді баяндауға мүмкіндік беретін қағидаларды меңгерді;

- шешендік сөз өнеріне баулуға өз септігін тигізеді.

-көркем әдебиетке деген көзқарастары қалыптасып , қызығушылықтары арта түсті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.03.2025
235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі