Кіріспе әңгіме
Балалар
біз ненің ішінде тұрмыз?
Балалар
киіз үй дегеніміз не? Кім біледі? Киіз үй – Орталық және Орта Азия
халықтарының көшпелі тұрғын үйі.Ол – көшпенділердің тез жығып,
шапшаң тігуге, яғни көшіп- қонуға ыңғайлы үйі.Киіз үйдің іші қыста
жылы, жазда салқын.
Қазақтардың киіз үйі көшпелі тұрмысқа бейімделген.Ол
көшіп-қонуға ыңғайлы, ауасы таза, салқын, тез құрылып, тез
жиналады.
Киіз үй:
тор көз керегелерден уық пен шаңырақ, есік (сықырлауық) тан
тұрады.
Киіз
үйдің ең сәулетті әсемін ақ боз түсті киізбен
жабады.
Үйдегі ең
қастерлі орын - төр деп аталады. Төрдің есік жақ шеті ошаққа
тіреледі. Үйдің сол босағасына төсек жинап, тұсына түскиіз (кілем)
іліп, шымылдық құрылады. Төрге жүкаяқ қойып, үстіне сандық , көрпе,
жастық жинайды, асадал қояды. Бетін шым шимен қоршап
жабады.
Қазақтың
өмірінде киіз үй шаңырағының маңызы өте зор. Ол атадан балаға
мұраға қалдырылып отырған.
Шаңырақ
арқылы ұрпақтан - ұрпаққа ата – бабалар рухы, күші жалғасады деп
түсінеді қазақ халқы.
Киіз үй
қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті , оған көршілес
елдердің тұрақ – мекені .Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі
ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара
шаңырағымыз- деп дәріптейді.
Дидактикалық ойын «Киіз үй»
ойнатылады.
Көтеріліп
шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары
шаншылып ( қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер
керіліп (алақандарын ашады)
Өрімдей
болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз
бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.
Сергіту сәті: Кел балалар
тұрайық
Үлкен
шеңбер құрайық
Шаңырақты
көтеріп,
Керегені
құрайық
Уықтарша
иіліп
Шаңыраққа
қосылып
Қазақ
үйді құрайық.
-Балалар киіз үй туралы кім тақпақтар, жұмбақтар
біледі?
Хадиджа: 1. Қабырғасы тор
көз
Төбесінде
зор көз.
Жантұрған: 2. Тұмсығын
тесіп
Жүннен
бүйда есіп
Қазыққа
байлады.
Назгүл:3. Төбедегі
көзінен
Күн
сәулесі түседі
Бұрышы
жоқ төрінен
Самал
еркін еседі.
Айзере: 4. Жетпіс екі
найзасы
Біріктіріп
тұрады.
|