Рəміздер мақтанышым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рəміздер мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Класс жетекшилерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен елімнің рәміздерін қорғаймын»

                     

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы

жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, еліне,халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұраның  қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін,тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты слайдтар, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, тапсырмалар, автор суреттері.

Кіріспе бөлім:

Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Осы өлең жолдарымен біздің «Мен елімнің рәміздерің қорғаймын» атты дөңгелек үстелімізді бастағым келіп отыр.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген

мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі.

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.

Ендеше бүгінгі дөңгелек

үстеліміз рәміздер туралы болмақ.

Әнұран орындалады

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін,

арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті. 

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен

құрастырылады

 


ҚР мемлекеттік рәміздері туралы баптар

 

9-бап ҚР Конституциясы Қазақстан

Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран

Олардың сипаты мен ресми түрде қолданылуы

Конституция заңымен белгіленеді.

34-бап. Қазақстан Республикасының     әрбір

азаматы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі тиіс

ҚР Президентінің жолдауынан

ҚР территориясында тұратын азаматтар Мемлекеттік туды,

елтаңбаны және әнұранды   құрметтеуі тиіс.

(«ҚР мемлекеттік рәміздері» 1996 жылдың 24  қаңтар)

 


Тұғырлы туымыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi гимннің бiрi. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық

оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. 

Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да

бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен

байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң

белгiсi.

Көк аспанадай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы

4 слайд

Елтаңба (авторлары, кесте)



Еңселі Елтаңба.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгiмемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеті елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. 

Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. 

Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас

жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. 

Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып

жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол — өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

 

Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!

5 слайд Мемлекттік әнұран

Асқақтаған Әнұран

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран.

Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде

халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе

деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек

армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен

Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

  Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте

1.Жүргізуші: Мемлекеттік рәміздердің

белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1-топ: 1.Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге)

2.ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)

2-топ: 1. ҚР туында не бейнеленген?(шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата)

2. Гимннің авторлары кімдер?(Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)

3-топ:1.Мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)

2.ҚР мемлекеттік туының авторы?(Шәкен Ниязбеков)

4-топ: 1.Гимннің әнін кім жазған? (Ш.Қалдаяқов)

2.Елтаңба авторлары кімдер? (Ж.Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов)


1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда

бейнеленген. (Елтаңба)

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде

бар. (Ту)

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде

орындалады. (Әнұран)

  Бәрі:- Қазақстан,
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранмен айбатты.

Сұрақтар:

1. ҚР өз Тәуелсіздігін қай жылы алды?

2.Ата Заңымыз қашан қабылданды?

Анықтама

Тақырыбы: «Мен елімнің рәміздерін қорғаймын»

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, еліне,халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұраның қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін,тарихын білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатымыз 10.11.2018 жылы өтті. Сабаққа барлық 26 оқушы қатысты. Тәрбие сағатымыз Әнұранымызбен бастадық. Оқушылардың отан сүйгіштігі анық байқалды. Рәміздер туралы барлық оқушылар өз ойларын ортаға салды. Елтаңба, Әнұран суреттерін пайдаланып түсіндірді. Мысалы Есқалиев Санжар, Сансызбаев Мержан, Кенес Әмина , Муркабай Дариға өз ойларын айтты.

Қанатова Азиза, Тенелова Камила, Теңелбай Ақжан, Мұқанов Нұржан, Мерәлиев Иман рәміздер туралы өз өлең шумақтарын айтты. Қорыта келе бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетіп, оқушыларға толық мәлімет берілді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
864
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі