Робот техникасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Робот техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Робот техникасына арналған материл
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы облысы, Іле ауданы

«№9 орта мектеп»МКМ

Информатика пәні мұғалімі

Оспанова Айнура Омаровна


Робот техникасы


БАҒДАРЛАМАҒА ШОЛУ


Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робототехника» курсы бағдарламасын әзірлеп шығарды.

Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робототехника, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.

Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады.

Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.

Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.

Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.


Оқу нәтижелері:


Оқушылар курс соңында:

  • түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау;

  • робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;

  • қарапайым роботтарды басқару;

  • жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;

  • LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;

  • математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;

  • алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;

  • білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;

  • робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;


  • құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР


Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:

  • әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;

  • әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;

  • ынталандыра және дамыта оқыту;

  • оқытудың белсенді әдістерін қолдану;

  • мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;

  • оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;

  • саралап оқыту тәсілдері;

  • оқушыларға «оқытуүшінбағалау» тәсілі арқылықолдаукөрсету;

  • зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;

  • оқушылардыңбілімалуынакөмектесумақсатындаолардың ақпараттықалай сұрыптайтынынбілу;

  • мәселені тапқырлықпеншешудағдыларындамыту;

  • оқушылардыңғылымилогикасы менғылымибазасындамыту;

  • оқушыларға ашықсұрақтаржәнетапсырмалар ұсыну;

  • оқушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылаужәнеөз ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндікбереотырып, қайтабілімалуғакөмектесу;

  • оқушылардыңсыниойлаудағдыларындамыту;

  • мұғалім-оқушықарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;

  • оқушылардың жаңаақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылықдеңгейлерінарттыру;

  • оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

  • жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру, көмектесу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.03.2025
169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі