Материалдар / Роботехника -болашаққа қадам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Роботехника -болашаққа қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз ақпараттық техникалар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Айналамыздағы тұрмыстық құралдардың ішіндегі жұмысымызды оңайырақ, ыңғайлырақ ете түсу сияқты көрінеді. Барлық тұрмысқа керек техниканы алып қарасаң, өмірімізді жеңілдету мақсатында қызмет етеді. Мысалы, шаңсорғыш, кіржуғыш, тоңазытқыш пен үтіктің тағы басқа осы сияқты техникалық гаджеттер бізге өте қажет. Бұл роботтарды қолдана отыра біз үй тұрмысына аса көп күш жұмсамаймыз. Керісінше, аз күш жұмсап, таза әрі тез жұмысымызды аяқтап, уақытымызды үнемдейміз. Бір мезетте бірнеше жұмысты атқара аламыз. Ұялы телефон, компьютер, принтер құрылғыларын қолдана отырып, жылдам хабарлама, жаңалық, жарнама, қажетті мәлімет ақпаратты ала аламыз. Дүниенің қиыр шығысымен байланыс орнатып, сөйлесе аламыз. Байланыс робот гаджеттерінің коммуникация саласында да пайдасы зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Тамыз 2021
790
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Робототехника-болашаққа қадам

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтқандай «Заманның ағымынан қалмай алға қарай ілесе беру керек» деген сөздерінің өзінде қаншама мағына жатыр десеңізші!
Робототехника — Робот — баршамызға мәлім «техника», «гаджет» терминдерінен тұрады. Әрбір роботтың өзіне тән берер пайдасы, өзгешелігі мен ерекшеліктері бар.
Қазіргі жаһандану, инновациялық жаңару заманында роботтардың алатын орны өте ерекше. Себебі, қазіргі кезең – роботтардың кезеңі. Ақпарат алу, жәрдем беру, үй шаруасындағы қызметтердің 50 пайызын біз үшін роботтар жасайды.
Біз ақпараттық техникалар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Айналамыздағы тұрмыстық құралдардың ішіндегі жұмысымызды оңайырақ, ыңғайлырақ ете түсу сияқты көрінеді. Барлық тұрмысқа керек техниканы алып қарасаң, өмірімізді жеңілдету мақсатында қызмет етеді.
Мысалы, шаңсорғыш, кіржуғыш, тоңазытқыш пен үтіктің тағы басқа осы сияқты техникалық гаджеттер бізге өте қажет. Бұл роботтарды қолдана отыра біз үй тұрмысына аса көп күш жұмсамаймыз. Керісінше, аз күш жұмсап, таза әрі тез жұмысымызды аяқтап, уақытымызды үнемдейміз.
Бір мезетте бірнеше жұмысты атқара аламыз. Ұялы телефон, компьютер, принтер құрылғыларын қолдана отырып, жылдам хабарлама, жаңалық, жарнама, қажетті мәлімет ақпаратты ала аламыз. Дүниенің қиыр шығысымен байланыс орнатып, сөйлесе аламыз. Байланыс робот гаджеттерінің коммуникация саласында да пайдасы зор.

Мектептердегі Робототехника туралы білім беру бүгін маңыздылығы мен өзектілігіне ие. Технология заңдар технологиясы, білім құбылыс түсіну, оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын табуға мүмкіндік береді.

 Оқушылар  алғашында шетелдік кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне қызығу арқылы келеді. Мұнда оларға роботтардың түрлерін таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндіреміз. Робототехника өмірдің барлық саласында қолданылады. Өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады. Біз үйірмеде «Lego» роботтары негізінде үйретеміз. Бізде қазір осы робототехника саласын жалпы білім беретін мектептерге енгізу бойынша әлеуметтік жоба жүргізілмек. Қазір Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушыларды оқытса,  енді  қарапайым мектептерде  информатика  пәні мұғалімдері робототехника негіздерін үйретеді.

            Робот істеу – әр адамның ойлай білуіне байланысты. Мұнда мақсатқа жету маңызды. Роботқа жүктелетін міндеттің орындалуы үшін бағдарлама жазылады. Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді.  Мектепте робототехниканы үйрету жөнінде үйірме  ашылады. Оқушылар сабақтан кейін үйірмеге қатысып, құлтемір жасауды үйренеді. Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді. Мұндағы басты мақсат – балаларды ғылымға баулу.

Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылады. Робототехника бағдарламалау және механика сияқты пәндерге сүйенеді.

Орта білім беру саласында факультатив және элективті курстарда роботехника негіздері пәні енгізілуде. Робототехника бойынша түрлі конкурстар, сайыстар өткізіліп, оқушылар бір-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлік білімдерімен алмасуда.

«Экспо-2017» халықаралық көрмесінде WRO (World Robot Olimpiad) бойынша ұлттық сайыс өтті. Онда 300-ден астам оқушы қатысып, Коста-Рикада өтетін WRO-2017 халықаралық сайысына Қазақстанның ұлттық командасы жинақталды. Жыл сайын осындай сайыстарға қатысушылар саны өсіп, сайыс деңгейі жоғарылауда.

Робототехника курстары – бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға үйретуде керемет құрал. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!