400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Робототехника – болашаққа нық қадам

Материал туралы қысқаша түсінік
Робототехника (робот және техника; ағылш. Robotics — роботика) –роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы. Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Робототехника – болашаққа нық қадам


Садыкова Гүлайым Әбиқызы

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және

Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ

«Әдіснама және педагогикалық инновация»

кафедрасының аға оқытушысы


Робототехника (робот және техника; ағылш. Robotics — роботика) –роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы. Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.

«Робототехника» - қазақстандық білім беру саласындағы тәй-тәй басып келе жатқан жаңа бағыт. Робототехника ұғымы адамзат баласының санасына тың дүние ретінде енгізіліп отырғандықтан, экран беттеріндегі робот-кейіпкерлерінің жағымды образдарының өзі күман тудырып, бейне-бір сенімсіздікке жетелері сөзсіз.

Қазіргі таңда көптеген салада мыңдаған жұмысшының орнын алмастырып отырған роботтар халық арасында кері пікір әкелетіні орынды да. «Осындай екі ұшты пікірді ойға салатын роботтарды білім беру саласына енгізу қаншалықты маңызды, пайдасы бар ма...?», - деп көптеген ата-аналардың көкейлерінде сауал туындауы мүмкін. Бұл сауалға жауап ретінде алдымен, пайдалы тұстарын санамалап қарастырсақ:

-ең алдымен, робототехниканы орта білім беру жүйесіне енгізудегі мемлекеттің басты саясатының бірі – ол оқушылардың ғылыми-техникалық ой-өрісін дамыту, интеллектуалдық деңгейін көтеру, ІТ-технологияларды қолданудағы құзыреттілігін арттыру;

-екіншіден, оқушылардың мектеп бағдарламасындағы пәндерге деген қызығушылығын ояту, логикасын дамыту.

- үшіншіден, STEM-технологияларды білім беру жүйесіне ендіру.

Балаларды 3 жастан бастап робототехникаға баулыған жөн. Неге 3 жастан бастаймыз? Бұл жастағы бала қосымша дамуға толығымен дайын болады. Әр іске қызығушылық білдіріп, өзіне керек дүниелерді бойына сіңіре бастайды. Оларды қабылдап алу жылдамдығы жоғарғы деңгейге көтеріледі. Дәл осы сәтте LEGO Education-ға келген баланың мүмкіндігі өте жоғары болмақ. Біз білімді ойын арқылы береміз. Бала өзінің қалай дамып жатқанын байқамауы да мүмкін. Дегенмен, оның көзқарасы өзгеріп, қабілеттілігі арта түседі. LEGO құрастырғыштарымен танысып, арнайы маманның нұсқауы бойынша топпен жұмыс істеуге, ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

LEGO қазіргі кезде барлық балалардың ең сүйікті ойыншығына айналған. Балаңызды орталыққа келуге көндірудің де қажеті жоқ. Бөлшектері өте ыңғайлы, үлкен платформалы болғандықтан, тіпті 1,5 жастағы сәби де өзінің ойлау қабілетін дамыта алады.

Бала робототехника арқылы механик, құрылысшы немесе роботты ойлап табатын адам бола алады, яғни баланың ой өрісі, логикасы жеткілікіті түрде дамиды. Тіпті ол мамандыққа пайдасын тигізбеді деген күнде де, баланың ұсақ моторикасын дамытады. Моторикасы дамыған кезде мидың бөліктері әлбетте дамиды. Өйткені бала жұмыс барысында ойланады қандай элемент керек екенін сонымен қатар оларды өлшейді, неге не керек екенін табады, көлемін, енін есептейді. Мәселен, жылдамдық үшін қандай резина, қандай балон керек екенін және қай балонда жылдамдық тез болатынын, қай балонда жылдамдық баяу болатынын бала ойланып табады. Сонымен қатар бала тек ойланып қана қоймайды, бала роботты құрастыру барысында ұстап көру тері арқылы дамиды. Яғни робототехниканың элементтері баланы Кенестикалық тұрғыда да дамытады.

Қазіргі таңда балаларды ойландыруды ауқымды проблемалардың біріне жатқызуға болады. Педагогтардың баланы оқытуда ойын технологиясы басты фишка болып саналады. Себебі, ойын технологиясы арқылы баланы оқыту ең тиімді жол. Ойын технологиясының басты құралына робототехниканы жатқыза аламыз деп біз нық сөзбен айта аламыз.

Сонымен, қорытындылай келе робототехниканы меңгерген әр бір бала жан-жақты дамыған, білімді, ойлау қабілеті жоғары, ұшқыр ойлы, жаңа технологияларды жоғары деңгейде меңгерген, өзі робот ойлап таба алатын, шығармашыл бола алатынын сонымен қатар Еліміздің дамуына зор үлесін қосатын, робототехниканы меңгерген ғалымдар шығатынына сеніміміз мол.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. https://infourok.ru/bilim-beru-zhyesindegi-robototehnikani-rli-3236159.html

  2. https://el.kz/news/tehnologiya/robototehnikamen_ainalisudin_paidasi_kandai

  3. https://nar.kz/?p=640













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі