Рухани – адамгершілік және
азаматтық – патриоттық тәрбиелеу
контекстінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру
бағдарламасын негізге ала
отырып
«№19 М. Мәметова атындағы орта
мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілетін «Адал
ұрпақ» клубының мүшелікке қабылдау салтанатты
жиынының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Фонфар
Жүргізуші:
-
Құрметті ұстаздар мен
қонақтар! Рухани-адамгершілік және
азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын
негізге ала отырып, «№19 М. Мәметова атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілетін «Адал ұрпақ»
еріктілер клубына мүшелікке қабылданатын салтанатты жиынына қош
келдіңіздер!
-
Тербейді мені бейбітшілік жыр,
әні,
Қалықтасын халқымның
Әнұраны
Мәметова атындағы бұл
мектепте
Өсіп келеді қайсар қыздай
ұрпағы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимні орындалсын.
ГИМН
ОРЫНДАЛАДЫ
-
Салтанатты жиынымыздың кіріспе
сөзін сөйлеу үшін «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жөніндегі тақырыптық
баяндаманы оқитындиректордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары
-
Ж. Бейсебаеваны
шақырамыз
-
«Біздің мақтанышымыз» атты
тақырыпта баяндамаоқитын мектептің
педагог-психологы М. Досаева
-
Әдеби - монтаж. Өлеңді
оқитындар: «Жалынды жастар» тобы.
1) Қара бұлт төніп қазағымның
басына
Патша өкіметі зарлатты менің
халқымды
Ауа көшіп ата-бабам
жерінен
Тоз-тоз болып босқындарға
айналды
Қазақ елі зор зұлматқа тап
болды
Ұлт ретінде жоқ болуға аз
қалды
Ащы зар мен ауыр мұңы
елімнің
Еркіндіктің берік рухын
шыңдады
Амангелді атой салып
шабатын
Жаудың өзі сескеніп одан
қорқатын
Патшалардың патшасына қарсы
тұрып
Мәңгі тарихта аты қалды
батырдың,
-
Дауылдан теңіз толқып, жар
соққанда
Теңізші суға кеткен жай тапқан
ба?
1986-жылы
Жастарым шықты алаңға
желтоқсанда
Оларды аямады,
жазалады
Қып-қызыл қанға бояп таза
қарды
Байлап, матап, көк мұзға
жатқызып сап
Тепкілеп таяқпенен
сабалады
Белгісіз талай боздақ күйреп
жатты
Тірісін көпке дейін
қудалатты
Семейдің түрмесінде жанын
қинап
Өлтірді Қайратпенен
Ләззаттарды
Тоңдырса да аязды
желтоқсаның
Жігерін жеңе алмады
боздақтардың
Тәуелсіздік талабын жария
етті
Бетін ашты көрінбес
айғақтардың
-
Бостандығым, тосқан күнім
ажалдың
25 жыл аспан мінсіз
тазарған
Сен келгенде серпілгенім
қайғыдан
Сен келгенде сары мұңнан
тазарғам
Естілсе де есіл кетті
қаншама
Кездер де өтті шындық іздеп
шаршаған
Тәуелсіздік тәтті үмітім едің
ғой
Талай түнде таңдайымды
тамсаған
-
Түнгі Алматы тұманы
ашылғанда,
Алатауға ай келіп
асылғанда
Нұр жанады, аспанның
жұлдыздары,
Алматының үстіне шашылған
ба?!
Түйіседі көшелер
көшелермен,.
Бір рақат сезесің
еселенген.
Осы сиқыр қалада
өскеніңмен,
Таңданасың туристей кеше
келген.
Емен, терек еркімен
қауышады,
Қайың менеи қарағаш
танысады.
Алатаудан басталған ақ
бұлақтар,
Алматыға жеткенше
жарысады.
Алматыға жеткенде аң-таң
болып,
Арықтармен ақырын тартар
жолын.
Ашуланып бір сәтте тұра
қалып,
Ағылады аспанға фонтан
болып.
Судың аты - су ғой, ол бұғына
ма,
Тау бұлағы көлшікке тығыла
ма?!
Су сәулеге ұмтылып, сәуле
суға,
Айналады ғажайып
шұғылаға,
Сонда Алматы ұқсайды
Құбылаға.
Ұзатылар қыздайын
үлпілдеген,
Шақырасың назыңмен,
күлкіңменен...
...Жоқ!
Алматы - жүрегі
Алатаудың!
Тау
ұйқығакеткендебүлкілдеген.
-
Сен деген туған елдің
жүрегісің
Өзіңнен бастау алар өрелі
ісім
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та
сен
Бәрінен бірегейі
бөлегісің.
Астанам – асқарымдай
көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен
өрілесің,
Бойыма рух беріп тұрғаннан
соң
Анық ау ұтылмасым,
жеңілмесім
Домалап қазағымның өрге
тасы
Думанмен дүрілдесін аспан
асты.
Биіктеп Бәйтеректей,
зәулімденіп
Асқақтай бер елімнің
Астанасы!
-
Соңы
Мақтанышым, байлығым
Қазақстан
Елімменен әрқашан алға
шыққан
Көк байрағың желбіреп алау
шашып
Мәңгі-мәңгі жасай бер
Қазақстан!!!!!!
-
Рухани – адамгершілік және
азаматтық – патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын
негізге ала отырып «Адал ұрпақ» еріктілер клубына оқушыларды
мүшелікке қабылдау рәсімі өткізілсін.
-
«Адал ұрпақ» еріктілер клубына
мүшелікке қабылданатын оқушылар «Ант» беруге
дайындалсын!
Анты
Мен
өз отанымның патриоты болуға ,
тәрбиелі де білімді , өзімнен қатар құрбы құрдастарыма үлгі болуға,
адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстауға, достыққа берік
болуға
«Адал ұрпақ» клубының жарғысы
мен міндеттерін орындауға, беделді де парасатты азамат болуға
салтанатты түрде ант етемін!
Ант етемін! Ант
етемін!
Жүргізуші; Салтанатты жиынның
бірінші бөлімі аяқталды, келесі кезекте концерттік бағдарламамызды
тамашалауға шақырамыз
-
«Адал ұрпақ» клубына мүшелікке
қабылданған клуб мүшелеріне төс белгі
тағылсын!
-
«Адал ұрпақ» клубының мүшелері
туға қарап, сап түзе!
-
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимні орындалсын!
-
Бүгінгі «Адал ұрпақ» клубының
мүшелікке қабылдау салтанатты жиынының бірінші бөлімі аяқталды.
Келесі кезекте концерттік бағдарламамызды тамашалауға
шақырамыз.
Қазақ
қызы
Дауылмен тербеп оның жас
бесігін,
«Мәншүк» деп ел атаған ерке есімін.
Адамша ақтау үшін ана сүтін,
Майданның, пулеметпен ашты есігін.
Ағыны ағыныдай тұйғын
құстың,
Ақылды, тынық көзі атып
ұшқын.
Елімнің еркіншіл жас
сәулеші,
Өртінде жүрді айқасып қанды
ұрыстың.
«Максимін» басқан сайын бас бармағы,
Жаулардың өлік болды жастанғаны.
Атысты ол от ішінде сүңгіп жүріп,
Секілді қамысты көл
қасқалдағы.
Ысқыртып жау жаудырып
снарядтың
Біреуі тура түсіп, жылан
жапты
Күйреген Максимінің
сынықтары
Сүйікті дос құлағын
шыңылдатты.
Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр өткен,
Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жеткен.
Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,
Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен
Хор: Тұманбай Молдағалиевтің
сөзіне жазылған, Нұрғиса Тілендиевтің әні «Туған ел». Сүйемелдейтін
музыка пәнінің мұғалімі - Өтегенов
Орынбасар
Қосымша білім беру педагогы –
Бейсенбаева Камшаттың
Тәуелсіздік
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған
қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалынатып жастығым,
Құрсау болғантемір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдайберген ғұмырым да өлшеулі!
Ән: «Қазақстаным» орындайтын
9-сынып оқушысы Жақсылық Нүрсейіт
Сүйем сені туған ел –
атамекен
Абзал анам сенсің ғой құшағың
кең
Жер мен көктің жаннаты бір
өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда
кетем?!
Шөмішбай Сариевтың өлеңіне
жазылған, Жұмамұрат Тұяқбаевтың әні
«Атамекен». Орындайтын 11-сынып оқушысы Есен
Ақдариға
Өзіңсің, Қазақстан, ән,
арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара
орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате
болар,
Өзіңдей ұлан байтақ далам
барында.
Гүл дала –
Қазақстаным
Ән: «Жаңа ғасыр
Қазақстан»
Нұрлы жолмен біз алысқа
барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат
табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып
өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп
қаламыз.
Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған, Жарылқасын
Дәулеттің әні «Қазақтай ел қайда?»
орындайтындар Мырзанов Ердәулет, Жақсылық
Нұрсейіт
Келесі кездескенше сау
болыңыздар, амандықпен жүздескенше!!!