Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп: «Қайранкөл жалпы орта білім беру мектебі»КММ
Семинарды тыңдаушылар саны:
Мерзімі:
Мұғалім: Калабаева Ж. А.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы:
Рухани-адамгершілік білім тұрғысынан мұғалімдердің атқаратын ролі.
|
Мақсаты: Рухани адамгершіліктің маңыздылығы туралы мәліметтер беріп, ұстаздардың бойындағы ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру. Міндеттері: 1. Оқушылардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарта білу керектігін түсіндіру. 2. Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі жанын, оның рухани-адамгершілік мәнін ашуға дамыту. 3. Мұғалімдердің гуманистік педагог болуына, қоғам өміріндегі рөлінің маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту. |
Ресурстары: (интербелсенді тақта, музыка, бейнероликтер, нақыл сөздер)
|
|
Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу) 1. «Амандасу» тренингі. 2. Мұғалім – баланың бойына руханилық білім нәрін себетін басты тұлға. 3. Баланы сүю – педагогикалық сүйіспеншілік. Мұғалімнің зандары 4. Жанды білім. 5. «Дәліз» тренингі. 1. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар. Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздерімізді жұмыңыздар. Елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің ортасында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және баршамызға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға барды. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат, тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Енді жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! 2.Мұғалімдерге ең бастысы екі қасиет қажет: • Қарапайымдылығы, өз кемшіліктерін ұғыну үшін; • Кемелденуге ұмтылыс. (Ертеде мұғалім балалардың алдына бармас бұрын ойларын тазалап алған). «Егер мұғалімнің іске деген сүйіспеншілігі болса, ол жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім оқушыға әке-шешесі секілді сүйіспеншілікпен қарайтын болса, онда ол барлық кітапты оқыған, алайда іске де, оқушыларға да сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен әлдеқайда жақсы болады. Егер мұғалім іске және шәкіртке деген сүйіспеншіліктерін біріктіретін болса, онда ол – кемел мұғалім» Лев Толстой. Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам. Егер оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер оқытушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді. Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады. 3. «Баланы қалай сүю керек?» Мұғалімнің заңдары. Баланы сүй. Оны өзіңнен артық сүй! Баланың сенен де таза, артық, адал, талантты екеніне сенімді бол! Өзіңдегі барыңды балаға бер! Сонда ғана сен мұғалім деген атқа ие боласың! – деген болатын В.А. Сухомлинский.
баланы түземейді, керісінше бұзады.
жеткізгеннің барлығы да осал, күмәнді және сенімсіз.
мүмкін іске жауапкершілік ала алмайтын тәрбиеші – тиран.
әрекеттеріне еліктеу. Януш Корчак Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады. 4. Жанды білім Ізгілік педагогикасын шабыттандырушы Ш.Амонашвили: «Мектепті реформалаудың қажеті жоқ. Мұғалімнің жан дүниесін реформалау керек. Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды», - деп айтқан болатын.
Жанды білім білім беру мәдениетін құрайды. Жанды білім дегеніміз, ол – адамды рухтандырады, ғылымның көкжиегіне бастайды, өмірді жаңаша құруға жетелейді, іздену үшін ойларды шабыттандырады, нұрландырады және дамытады. Жанды білім қанат бітіреді, жансыз білім салмақ түсіреді. 5. “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білімінің басқа пәндермен интеграциясы – ол, ең алдымен мектептегі білімді жандандыру, рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандылықтың біртұтастығын көре білу. Ықпалдастыру жолдары – сыртқы ықпалдастыру (өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану), ішкі ықпалдастыру (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына енгізу. Бейнефильм бойынша ой бөлісу 6. Топпен ән айту. «Өміріңе немқұрайлы қарама» Сөзі:Серік Сейітман Әні:Сәкен Дәрібаев
Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан киінсең де жақұттан. Өміріңе немқұрайлы қарама Шақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, Өміріңе немқұрайлы қарама. Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Қанша азап көрсең-дағы бауырым, Өміріңе немқұрайлы қарама.
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама. Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да. Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. Өміріңе немқұрайлы қарама Айдын көлге айналса да көз жасың. Қайырмасы ( 2 рет) 7. Үй тапсырмасы: Шәкірттеріңізді сүйіспеншілікпен оқытудың қағидаларын жасап көріңіздер. 8. Жиналыстың қорытынды сәті: Оқушылардың адамгершілік қасиетті бойына сіңіруі оны өзін-өзі танып, өз төңірегіндегілермен, отбасы мүшелерімен, қоғамдық ортамен дұрыс қатынас құра білуі, жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағыттайтын жұмыстарды ұйымдастыру мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Жақсы болыңыздар! Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар! Жақсы нәрсе айтыңыздар! Жақсы нәрсе тыңдаңыздар! Жақсы нәрсе көріңіздер! Жақсы нәрсе жасаңыздар! Бақытқа жеткізер жол – осы! Бүгінгі семинарға қатысқандарыңызға рахмет! |
Талдау Бір-біріне қарап, қолмен, көзбен, иықпен, арқамен, аяқпен амандасады.
Бейнеролик көреді топпен ән айту.
Слайд |
Мұғалім ________Ж.А. Калабаева
Директор _______ Д.К. Токкожина
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Рухани-адамгершілік білім тұрғысынан мұғалімдердің атқаратын рөлі.

шағым қалдыра аласыз