“Рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ”Өзін өзі тану” пәнінің жобалық қызметін ұйымдастырылуының ерекшеліктері”
«Адамның адамшылығы ақыл ғылым жақсы ата жақсы ана жақсы құрбы жақсы ұстаздан болады» - деп Абай атамыз айтпақшы адамның адамгершілігі өзінен және оның айналасындағылардан басталады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адамгершілік, тұлғалық немесе кісілік құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері болды. Адам мен адамгершілік мәселелері қазақтың ақын жырауларын да, би шешендерін де, абыз әулиелерін де, қараша халықтан бастап ханға дейінгі ақсүйек игі жақсыларын тегіс толғандырған. Оның философиясындағы негізгі тақырып-адам философиясы, рухани адамгершілік, не жақсы не жаман төңірегіндегі этикалық мәселелер. Сондықтан қалт айтпайтын халық «жақсылардың кеудесі алтын сандық», «білімді туған жақсылар аз да болса, көппен тең», « жақсымен өткізген бір күнім, мың күніме татиды» - деп жырлайды Рухани адамгершіліктің қалыптасуында Өзін өзі тану пәнінің маңызы неде?
«Адамгершілікті кісіде мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет,кең пейілділік,шыншылдық, зеректік, мейірбандық» - деп Конфуций айтқандай, жоғары айтылған бес қасиет адам бойында табылса, ол адам жер бетіндегі керемет адам деп санауға болады.Жалпы адамгершілікті тәрбие беруде адам үшін ата анасының ғана үлесі зор деу қате ұғым. Себебі мектеп қабырғасындағы оқытылып жатқан «өзін өзі тану» пәні өз кезегінде тәрбие беруде .
Біріншіден, «өзін өзі тану» пәні тәрбиелік мәні бар ерекше пән. Себебі, ол жан жақты тақырыптарды қамтып өскелең ұрпаққа тәлім тірбие беруде.
Екіншіден, «өзін өзі тану» пәнінде тек қазақтың ғана емес, шет елдердің ақын жазушыларының, ғұламаларының тәрбиелік мәні зор шығармалары, даналық сөздері беріледі. Оларды оқып көретін болсақ, шын мәнінде де адамға ерекше әсер қалдыратын өмірлік сөздер мен шығармалар.
Үшіншіден, «өзін-өзі тану» пәні арқылы өмірдің мәнін, болашақ өмір жолын таңдауға болады. Рухани-адамгершілік құндылықтар бізге отасындағы, мектептегі, қоршаған ортадағы өзара сыйлықты түсініп, халық даналығы, ата-баба дәстүрі және ұрпақ сабақтастығы туралы пайымдап, өмірде адамдардың бір-бірімен үйлесімділікке болу керектігін үйретеді.
Төртіншіден, Ар-ұжданды сақтап, адалдық жолымен, сүйіспеншілікпен, үйлесімді өмір сүрудің мәнін үйретеді.
Бесіншіден, отбасындағы айналаңдағы адамдармен өзара сыйластықта, түсіністікте болуды, қамқорлық, бауырмалдық, жанашырлық танытуда атқаратын ролі орасан зор.
Рухани-адамгершілік тәрбие берудегі өзін өзі тану пәні өз бойларындағы ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін жақсылық, қайырымдылық істер арқылы іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді. Адамның өмірлік мақсаты, мінезі ішкі сұлулығы, Ар-ұждан ілімі азамат болу арқылы жүзеге асады. Қазіргі ғаламдық жаңартулар мен заманауи өзгерістер шеңберіндегі білім берудің мақсаты әлемдік сапа деңгейіндегі жаңа инновациялық білім кеңістігін кұру және жас ұрпақты абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Қоғамдық қажеттілік пен тарихи кезең жүктеп отырған бұл мақсаттың жүзеге асырылуы білім алушылардың өзіндік ұлттық санасы, азаматтық айқындамасы, интеллектуалдық ой-өрісі, жауапкершілік сезімі, жалпы мәдениеті және шығармашылық қабілеттеріне байланысты екендігі сөзсіз. Сол себепті бүгінгі оқыту үдерісінде жеткіншектердің өзін-өзі тануы, өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі басқаруы және өзін-өзі іске асыруы олардың әлеуметтенуіндегі стратегиялық бағыттардың бірі деп саналады.
ХХІ ғасырдағы адамның руханилығы, оның шығармашылық интеллектісі, жаңалықтарға ашықтығы қоғамның негізгі капиталы ретінде бағаланады. Жаңа ғасыр жастарының білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, адамгершілік қадір-қасиеттерін, дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, жағымды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік екендігі ҚР білім беру саласындағы ресминормативтік құжаттардың бәрінің негізіне салынған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі, білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы, жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту мәселелері» айрықша атап көрсетілген [1].
Аталған мәселелердің шешімі оқыту мен тәрбелеу үдерісінде жаңа идеяларды туғызды. Мұның дәлелінің бірі ретінде С.А. Назарбаеваның бастамасымен 1992 жылы қоғамдық ұйым ретінде құрылған «Бөбек» қорының қайырымды істерін және оның заңды жалғасы ретінде еліміздің білім беру жүйесінің барлық деңгейлерін қамтитын «Өзін-өзі тану» авторлық жобасын атауға болады. Кез келген жаңа бастаманың қалыптасу және даму кезеңдері болатынын ескерсек, «Бөбек» қайырымдылық қорының осы күнге дейінгі дамуын үш кезеңге, яғни бірінші кезең 1992-2000 жылдар, екінші кезең 2000-2010 жылдар аралығы және бүгінгі күнге дейінгі кезең деп бөліп қарастыруымызға болады. Аталған кезеңдердің атқарған міндеттері де сан салалы қызметпен ұштасады
«Бөбек» қайырымдылық қоры бұл кезеңде мектеп жасына дейінгі сәбилердің әлеуметтiк жағынан қорғалуына, олардың сүйіспеншілікте, қамқорлықта тәрбиеленуiне көмектесу мақсатын жүзеге асырды. «Еліміздегі жетім балалар проблемасына бүкіл адамзаттың назарын аудара отырып, балалардың ұпайларының түгенделуіне үлес қоссақ дейміз. Жалпы ел болып жетімдерді жұрт қатарына қосуға бірлесе атсалысу елдігіміздің белгісі дер едім», – [2] деген Сара Алпысқызының бастаған игілікті ісі жалпы халықтық іске айналды. «Бөбек» қорының бастамасымен әртүрлі акциялар («Мейірім» күні, «Қуаныш және үміт үйі» телемарафон-аукционы, «Айналайын» халықаралық балалар фестивальдері және т.б.) ұйымдастырылып, одан түскен қаржылар жетім балалардың жағдайын, жай-күйін жақсартуға бағытталды. Соның нәтижесінде «Үміт үйі», «SOS-киндердорф» балалар қалашықтары, балаларға арналған емдеу-сауықтыру орталықтары, «Жасөспірімдер» үйлері бой көтерді.
«Бөбек» қоры қызметінің алғашқы кезеңінде балалардың әлеуметтік жағдайына, денсаулығына баса назар аударылды. Республиканың барлық аймақтарында қайырымдылық қорлары ашылып, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасыларына қамқорлық жасау сияқты көптеген игі істер жүргізілді. Игілікті іс өз еліміздің ішінде ғана емес, сонымен қатар БҰҰ және ЮНИСЕФ сияқты әлем елдеріндегі көптеген балалар қайырымдылық ұйымдарынан қолдау тапты. Қазақстан Үкіметi мен Халықаралық «SOS-киндердорф интернациональ» қоры арасындағы бiрлескен қызмет туралы 1994 жылы жасалған келiсiм шеңберiнде Алматыда тұңғыш балалар ауылы ашылды.
Еліміздің жас ұрпағына жасалған игілікті істің түйіні ретінде ізгілік әлеміндегі жаңа бастама «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы дүниеге келді. Жеке тұлғаның құндылықты бағдары, адамгершілік сапалары, адамның тұтас болмысы туралы ой қозғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын бұл бағдарламаның мақсаты әр адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуге; адамның өзін-өзі толық іске асыруға; өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуға; қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге; әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру авторлық бағдарламасы бойынша 2001 жылдан бастап еліміздің білім беру ұйымдарында тіркелген.
Қазақстан Республикасында рухани-адамгершілік білім беру тұжырымдамасының алғашқы нұсқасы психология ғылымының докторы, профессор Х.Т.Шерьязданованың жетекшілігімен дайындалды. Тұжырымдаманың негізіне адамның өзіне, өзгелерге, табиғатқа, қоршаған ортаға және ұлттық құндылықтарға ізгілікті қарым-қатынас орнатуына да ықпал ететін адамның үйлесімді дамуына қажетті идеялар салынды.
Бұл тұжырымдаманың негізінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын эксперименттік байқаудан өткізуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ететін екі балама бағдарлама жасалды. Олардың біріншісіне республикалық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру институтының әдіскері Н.И. Бахмутова, ал екіншісіне психология ғылымының докторы, профессор Х.Т. Шерьязданова жетекшілік етті.
2006 жылы АҮДИ ғалымдары мен әдіскерлерінің алдына пәннің білім мазмұнын стандарттау және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жобалау мақсаты қойылды. Осы жылы Қазақстанда жалпы орта білімді он екі жылдық білім беру жүйесіне көшіруге байланысты педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Ж. Жадринаның жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» пәнінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2006) дайындалып, тұңғыш рет нәтижеге бағдарланған білім беру үдерісінде құзыреттілік түріндегі оқу жетістіктерін анықтаудың әдіснамалық негіздері жасалды. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсат-міндеттерінің шеңберінде осы жылы оқулықтар мен ОӘК дайындау мәселесі қолға алынды [5].
«Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұндық-құрылымдық жүйесіне өзек болатын руханиадамгершілік құндылықтардың тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану, қазіргі заманғы білім берудің мәні мен мақсатын анықтай отырып, адамды бүкіл өмір бойы белсенді жасампаздық әрекетке дайындайды. Өзін-өзі тану білім берудің мәні белгілі бір сала бойынша білімді жинақтау емес екендігін түсінуді, адамның өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыруын, тұлғалық дамуына ұмтылысын жүзеге асыруды, шығармашылық белсенділікке, зияткерлікке, өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімдікке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, он жылдан астам тарихы бар «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әр кезеңі қайталанбас тарих беттері болса, пәннің болашақта даму үрдісі адамзат баласын ізгілікке, руханилыққа апаратын сара жол деп санаймыз. Өйткені, тәуелсіз еліміздің төл перзенттері рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгерген, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуда құзыреттілік таныта алатын, бәсекелестікке қабілетті, жан мен тән үйлесімдігін сезіне алатын саламатты тұлға болып қалыптасуы тиіс. Осындай ізгі мақсатқа құрылған игі істің болашағы да зор болары сөзсіз, себебі өзін-өзі тану адамның өзінөзі үздіксіз жетілдіріп отыруын, тұлғалық дамуына ұмтылысын жүзеге асыруды, шығармашылық белсенділікке, өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімдікке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сондықтан әлемді құндылық тұрғысында ұғыну барысында өзін-өзі танудың рөлі шексіз арта түседі. Бұл өз кезегінде жеке тұлғаның өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын түсінуіне көмектеседі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз