«Рухани жаңғырту –болашаққа бағдар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Рухани жаңғырту –болашаққа бағдар»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Рухани жаңғырту –болашаққа бағдар»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Муналбаева Гүлдана Аманқосқызы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

«14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ







«Рухани жаңғырту –болашаққа бағдар»


Елбасының
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту мақаласы»

Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауында қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті рухани жанғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін.

Мақаланы оқи отырып, біздің бүгініміз бен болашағымыз жарқын, көк туымыз көкте мәңгі ел болатынына сенемін.

Қазір дамыған заманда ұлт сана деп бөлініп кетіп жатқандар да қаншама. Әр адам өз тілін, дінін, тарихын, салт-дәстүрін ұмытпауы керек. Бірден-бір дара ерекше халыққа өшпес із-қалдырған акын ол арине Абай. Оны танымайтын қазақ жоқ шығар. Абай атамыздың даналығы, қырық бес қара сөздерінің өзі біршама жатқан рухани байлық. Әрине егер жүрекпен оқып тыңдай білген жанға. Жамбыл атамыздың қоғам өмірімен ел мүдесі туралы көп жырлаған, ақындыққа ән-жыр жазумен кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған. Рухани жаңғырту - ішкі сезімді байыту, өткеннің келер ұрпаққа пайдасын алу, оны әрі қарай сіз бізбен дамыту деп білемін.

Туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Туған жер деген де көз алдымызға ең бірінші жайлау, ашық аспан, көкте құстар, күн жарқырап, мұрнымызға жусан мен түтін исі келері анық. Осындай табиғаты тамаша жерді неге қадірлеп білмеске. Оның өзі онайлықпен келмегенін білеміз.

«Тәрбиесіз берілген білім,адамзаттың қас жауы» дейді. саналы түрде тәрбиелі түрде білім беру және оны дұрыс қабылдай алсақ. Бізден асқан рухани бай адам болмас. «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» деген қазақ атамыз. Әрине егер «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруды» ел болып, халық болып көптеп кіріссек. Оның жемісі нәтижелі болатынын сенімім мол.

Қазақ тілі болашақтың ұраны,

Бабамыздың нұрға толы жыр әні

Егер жастар сыйламаса өз тілін

Айыңызшы бұл іске кім кінәлі?

Бала ма? әлде ақ сүт берген ана ма?

Тілді сүй деп, құйып жүрген санага?

Шайқастары бабалардың тіл үшін,

Осы күні кеткеніме далаға?

Қазағымның қасиетті тілі деп

Кобызымның күмбірлеген үні деп

Тілімізді сүйейікші сыйлайық,

Ата-мұра қазынаның бірі деп.

Тілім десе жырлар турар жүректен

Абайды да осы тіл ғой тірі еткен

Мың жасады өлеңі де өзі де

Қазақ тілім көріне бер биіктен

деген өлең жолында барлығыда түсінікті деп ойлаймын. Ұлы шайқаспен алған тілімізді құрметтейік сақтайық.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов
осы айтылған мақалмен де барлық қазақ елі келіседі деп ойлаймын. Оған бірден-бір себеп арине тыныштықта, тәуелсіз елде көк аспанның астында бейбіт өмір сүріп жатырмыз.

Әрбір қазақ халқы дамыған заманда жаңа технологияны меңгеріп, соған сай шыңдалуымыз қажет. Сонымен қатар білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына жағдай жасалуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.
мектептерге қойылған талап қиын болсада келешек ұрпақ қамы үшін болмақ. Бұрынғы кездегі біліммен қазіргі кездегі білім берудегі жол өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Оның үстіне латын алфавитіне өту туралы жолдауда бар. Менің ойымша бұл өте дұрыс әрі қолайлы деп білемін. Қазақстан 50 елдің қатарына тек қазақ тілі арқылы өте алмайтынын барлығымыз білеміз. Үш тілмен қатар біз қосымша латын алфавитін үйреніп меңгеріп аламыз. Қазақ тілі мүлдем жойылады деген түсінік қате, тілімізде дінімізде жоғалмайды. Себебі қанымыз қазақ тіліміз қазақ.

«Жаныңда жүр жақсы адам» атты өзін-өзі тану сабағында осы тақырып бойынша сабақ өтіп жүрмін. Әр адам қасындағы ата-ана, туған-туыс, достар,қоғам мүшелерінің барлығына деген сыйластық, мейірімділікте ен бастысы адамгершілікте болуы туралы анықтама беріп, үлес қосып жүрмін.

Қоғам мүшесінің қандай да бір адамының өзінің мақсаты ен бастысы «Мен» ұғымы болуы керек. Осы қалыпта қалыптастырып қоғамға қандай да бір пайдасы болса «Нұр үстіне нұр» болмақ. Болашаққа үміт зор, рухани бай болайық. Қазақстан тек жарқын болашақты айқындасын.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
381
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі