Рухани жаңғыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бейнелеу өнері

Сынып:6ә,6ғ мерзімі:

Сәулет өнері

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сәулет өнері туралы түсінік беру

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, өнерге қызығушылықтарын дамыту. Ғимарат

жобасын сыза білуге үйрету

Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру

Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: кітап, түрлі - түсті қаламдар,

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Үй тапсырмасын қайталау:

Мүсін өнері

Ертегі кейіпкерлерін мүсіндері

3. Жаңа сабақ:

1. Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызыметіне қажетті, материалдық тұрғыдан

ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның

эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай

елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар,

мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай

аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет

өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрлысшы» деген мағына

береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам

баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру.

Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті

шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген.

Олар:

а) беріктік - инженерлік есеп;

ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;

б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.

Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар

сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың

талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық

жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми

сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрлыспен айналысқан. Олар

үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй

тұрғызып үйренген. Ғасырдан - ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары

архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.

2. Енді ежелден түркі халықтарына тән болып келген сәулеттік құрлыстарға байланысты

бірнеше атауларға тоқталып өтейік.

Мавзолей - монументтік бейіттердің аты.

Медресе - мұсылмандардың ең жоғары рухани мектебі.

Мешіт - мұсылмандардың діни ғимараты

Мозайка - түрлі түсті тастардан, боялған әйнектен сыртқы қабырғаға салынған сурет

Күмбез - өзінің сипаты жағынан әр түрге бөлінеді. Олар шеңберлік күмбез, сына бейнелі

күмбез, баспалдақты күмбез, жұлдызды күмбез және т. б.

Сәулет өнері ежелден келе жатқан бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады.

3. Қызылорда қаласының фотосуреттерімен таныстыру

4. Практикалық бөлім

Ғимараттың жобалық суретін салуға тапсырма беру

5. Қорытынды

1. Қазақстан суретшісі? Қастеев

2. Ұлттық аяқ киім? Мәсі

3. Ағаштан жасалатын ұлттық ыдыс? ожау

4. Заттың ең жарық жері қалай аталады? Жылт

5. Табиғатты бейнелейтін кескіндеме жанры? Пейзаж

6. Қару – жарақ жасайтын адам? Ұста

7. Сәндік дәстүрлі кәсіби өнер? Қолөнер

8. Кеңістікте сомдалған көркем шығарма? Мүсін

9. Ағаштан саз аспаптарын тағы басқа бұйымдар жасайтын адам? Шебер

10. Суға жақсы еритін бояу? Акварель

11. Киім тоқып тігетін адам? Ісмер

6. Үйге тапсырма: Күмбезді құрылыстардан көрініс бейнелеу





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі