«Рухани жаңғыру - барлық тәрбие бастауы» Мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Рухани жаңғыру - барлық тәрбие бастауы» Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажет материал өз мамандығын бағалап құрметтеп өсіп келе жатқан бүлдіршіндерді тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Рухани жаңғыру - барлық тәрбие бастауы»

Отан дегенміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.

Рухани жаңғыру аясында патриоттыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.

Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.

Рухани жаңғыру,Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сиапттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді. әңгіме болып отырған мәселенің маңыздылығы соңғ уақыттары “ұлттық патриотизм” және “қазақстандық патриотизм” деген тақырыптардың жиі- жиі көтерілуінен- ақ аңғарылса керек.

Ұлтына, нәсіліне, сенімімен нанымына, саяси көзқарасымен ұстанған бағыт- бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан республикамыздың әр бір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін “Туған елім, Отаным” деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт - дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, заңдарына бағыну,рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану- қоғамның әрбір мүшесінің парызы. Әңгіме болп отырған мәселе төңірегінде үлкен мәселелер бар. Өйткені, республика халқының бүгінгі басым көпшілігін құрып отырған жұртшылық, атап айтқанда - жастар, өз елінің тарихы мен географиясынан, ұлттық батырлары мен біртуардарынан гөрі шетелдік эстрада жұлдыздарын жақсы біледі. “Американдықтар өз елдеріне қатысты нәрсенің бәрін дүние жүзінің ең үздігі деп есептейді: мемлекеттік рәміздерін - ту, елтаңба, әнұраннан бастап, шайнайтын сағызға дейін”. Сондықтан да Құрама Штаттардың халқы өз билеушілер “ ислам әлемінен төніп тұрған қатерге” қарсы жүргізіп жатқан империялық соғысына да қолдау көрсетіп, әлем алдында ақтап шығуға даяр. Яғни, бұл шетелдік, нақты осы жағдайда алғанда американдық патриотизмнің үлгісі.

Сондықтан, Рухани жаңғыру ,патриотизм - Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына, жеріңнің игілігіне қуана білу болса, “қазақстандық патриотизмнің” еркшелігі қандай? Біздің көзқарымыз тұрғысынан алғанда, ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет - әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.

Жоғарда айтып өткеніміздей, патриотизмдердің ең алғашқы шарты- мемлекеттік рәміздерге – туға, елтаңбаға, әнұранға құрмет. Өйткені, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған. Қазақстанның әнұраны орындалған шақта чемпион аталған спортшыларымыз сағыз шайнап тұрмай, ұлттың ұлы музыкасына қосылып, көзінен жас моншақтап тұрса, бүкіл елдің мәртебесі әсері күмәнсіз. Осы мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт - бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып өз іс - әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылады.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2020
274
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі