Рухани
жаңғыру - табысты болуымыздың
кілті
Бүгінде біздің еліміз Төртінші
өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. Біз болашақта қалай
жұмыс істейміз, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асырамыз,
алдымыздағы балаларымызды тәрбиелейміз деген сауалдар тұратыны
анық.
Біз жас ұрпағымызды жаһандық
өзгерістер мен сын – қатерлерге дайындауға
тиіспіз.
« Қазақстан – 2050» даму
стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына кіруді
мақсат етіп отыр.
100 нақты қадам - Ұлт жастары
жүзеге асыруда.
Біздің еліміз әлем елдеріне
сенімі мол, құрметке лайық, брендке айналған тәуелсіз Қазақстан
атанды.
Елбасымыз Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты
Жолдауының 7 - міндетінде « Адами капитал -жаңғыру негізі»,- деп
атап көрсетті.
Мектептің оқу үрдісінде
жаңғыру, білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері енді. Білім беру үшін ең
үздік тәжірибелер қолданыста жүр . Оны іске асыру әр ұстаздың
шеберлігінде.
Жас ұрпақ – болашақтың кілті,
сондықтан оған білім мен тәрбиені бойына сіңіріп, өмір жолына
қанаттандыру ұстаз міндеті.
Жас ұрпаққа жасампаз жарқын,
болашағына қиянат жасамайтындай біліммен сусындатуда әдебиеттің,
ана тіліміздің орны ерекше .
Ата – бабамыздан қалған асыл
мұраны оқытып, жаттатып, ойға түйдіріп, керегіне жарата білсе, одан
асқан байлық жоқ .
Қазақ әдебиетінің балқаймағын
сүзе білген, бес арысымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов : «Баланың
ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек», -
деген екен.
Мен де оқушыларымның ынта -
жігерін арттыру мақсатында «Оқушылардың функционалдық оқу
сауаттылығын арттырудың жодары», «Формативті бағалаудың тиімділігі»
деген коучинг – сабақтар өткіздім. Ондағы мақсатым сабақта
оқушыларды ынталандырып, қызығушылығын арттырудың жолын әріптестер
арқылы ой бөлісу.
Тіл мен әдебиет – ұлттың жаны.
Әр адам өз ойын өз ана тілінде жеткізе алады. Жаңартылған білім
мазмұнында заманауи оқу бағдарламалары негізделген
.
Ұстаздың білім беруі –
оқушыларының жетістіктерімен бағаланады. Аудан, республика, облыс
көлемінде өтіліп жатқан іс-шараға оқушы дайындап, жүлделі атану,
үлес қосу ұстаз міндеті.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық салт-
дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз,әдебиетіміз,бір сөзбен
айтқанда,ұлттық рухымыз бойымызда мәңгілік қалуы тиіс»,- деген
жолдардың астарында үлкен мағына жатыр.Шынында рухы биік,мәдениеті
озық ел ғана көп нәрсеге қол жеткізеді.
« Қайратты туған ер еді» атты
батырлар жырын жатқа айту байқауында Аңсабек Арман мен Шопах Мұрат
қатысып жүлделі І-ІІ орынға ие болды. Ауыз әдебиетінің інжу –
маржаны атанған « Қобыланды», «Қыз жібек», «Алпамыс», «Қамбар»
батыр жырларының кез – келген жерінен тоқтатып, шатыстырып сынаған
кезде байқауға қатысқан 32 оқушының ең үздіктері Арман мен Мұрат
болды. Бұл- әдебиетке деген құрмет
.
Бүгінде әдебиетіміздің алып
бәйтеректері - Абай, Жамбыл, Мұқағали, Мағжан, Махамбет сынды
ақындарымыздың өлеңдерін, әндерін жатқа айту, әндерін орындау
байқаулары талап етілуде. Облыстық «Жасарған Жамбыл жерінде» атты
көркемсөз байқауында Дәни Альдина бас жүлдені
иеленді.
ХҮ Республикалық «Атадан –
мұра» байқауында «Көркем сөз» жанры бойынша Әліқұл Зәуре, Смәділ
Айтөре, Шопах Мұрат сынды оқушыларым І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдар
иеленді .
Оқушыларды сабақтан тыс көркем
сөз оқуға жаттықтыру, эссе жазуға баулу, әрине, ұстаз еңбегі
.
Елбасымыз білім берудің
негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу, оқушыға жаңа
білімді меңгеру қабілетін үздіксіз дамыту деп атап көрсетті
.
Жас ұрпақты ғылыми – зерттеу
саласына баулу, өз ойын жеткізіп айтатындай мақала, эссе жазуға
дағдыландыру қажеттігі Жолдауда да баса айтылды
.
І Республикалық «Менің Отаным»
атты эссе байқауында Жексен Жанель І Дәрежелі Дипломмен
марапатталды .
Мақала жазуда ерекше көзге
түскен оқушымның бірі – Кобасилов Диас . Ауданымыздағы «Мектеп
әлемі» және «Меркі тынысы» газеттеріне бірнеше мақала жариялады .
Сонымен қатар «Мөлдір бұлақ» журналына Диастың « Қазақ хандығына
550 жыл » мақаласы да жарық көрді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаз
ұстанымы жоғары болуы тиіс . Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің»,- деп тегін айтпаса керек . Оқушы –ертеңгі тұлға
.
Тіліміз бен әдебиетіміз ұзақ
болсын десек, әдебиеттің щайырлары жыр, терме, ертегі, айтыс,
шешендік өнерін оқып қана қоймай, жатқа айтқызу, орындату
шеберлігіне баулу кезек күттірмейтін жұмыс екені даусыз
.
Елбасымыз Жолдауында: «
Қазақстанның болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілін еркін
меңгеруде»,- деген еді .
Нағыз азаматтық қоғам білімді
жастары бар елде құрылатыны анық .
Әр жас, жеке тұлға өз тарихын,
тілін, мәдениетін, заманына лайық шет тілдерін меңгерген азаматтар
ғана қоғамымыз идеалына лайық болады .
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер
жүйесі қажет. Мектеп түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық
дәрежеге жуықтату, білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп,
санасын күшейту назарда тұр .
Еліміздің басынан өтіп жатқан
жанартаудай « сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі
өзгерістер енгізіп жатыр. Әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, нық
қадам жасау . Рухани бай жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру ұстаз
міндеті . Рухани байлық ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет –
салты, тарихы, әдебиеті, мәдениетінде жататыны
белгілі.
Осы рухани байлықты бойына
сіңіре білген оқушыға не айтсаң , соны қабылдауы анық . Білімді
қабылдауда оңай емес. Оқушыны қызықтыра отырып, іс-әрекетті
жоспарлай отырып іске асыра аласың .
Білімге қызығушылығы оянбаса,
желге ұшқан дәндей өнімсіз . Ұстаз жетістігі оқушысының жеткен
жетістігімен өлшенеді . «Адам ұрпағымен мың жасайды»,- дейді
халқымыз . Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған
жылдар жасап келеді . Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – білім .
«Надан жұрттың күні - қараң, келешегі – тұман» деп М.Дулатов
кезінде халқымызға ой салып, бағыт берген. Егеменді еліміздің
тірегі – білімді ұрпақ . Сусыз құрғақ, таса, көлеңке жерге дән
ексең өнбейді, сондықтан жастарымызға сапалы білім, саналы тәрбие
бермесек өспейді, өнбейді .
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев :
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары .
Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,- деген
еді.
Бүгінде әр мұғалім өз пәнінің
білгірі емес, жаны жаңалыққа құмар, білімі мен білігі жоғары болу
талап етілуде. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену
басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүние жүзілік
деңгейге сай болуы керек.
Білім - теңіз , оның тереңіне
құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады . Ондай жанды дайындайтын,
білім беретін бала жанының бағбаны, ол - мұғалім . Мұғалім білімді
оқушысының санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Мектептің тірегі де ,
тілегі де оқыта білетін мұғалім»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай
оқытудың озық технологиясымен, заман талабын түсініп білім берсек
өмірдегі ең үлкен жетістік осы емес пе? Еркін ойлайтын, ақыл-ойын
түйіндейтін, шығармашылық пікірі бар, тіл байлығы жетілген, ұжымдық
санасы қалыптасқан ұрпақты қалыптастыра білсек, сол шыққан шыңың
емес пе ?
«Қыран баулыған түлегіне
қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды»,- дейді
халқымыз. Мен де өз түлегімнің биіктен, шыңнан орын алғанын, ел
сыйлар азамат болғанын қалаймын . Мектептен алған білімін, өмір
жолында керегіне жарай алсаң, мен жеткен жетістік осы ғой деп
түсінемін . Ұшырған түлектеріміз ел болашағы үшін еңбек етсе, біз
жеткен шың сол емес пе ?