Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала тәрбиеші мамандарына баланы патроиотық тәрбие беруге керек ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ»

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің

«Молодежный кентінің «Айгөлек»бөбекжайының екінші санатты тәрбиешісі: Кенжебаева Дариға Жетібаевна

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектепке дейінгі ұйымда отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі,  адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі - тәрбие. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Балаларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.  Осыған байланысты оқу-тәрбие үрдісінде бүлдіршіндерді отансүйгіштікке,  ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет.

Тәрбиешінің  басты мақсаты - өзіндік  рухани - азаматтық құндылықтарын бүлдіршіндердің бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі  рухани  қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы  жеке  тұлға  ретінде  жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Біздің  ісімізді  жалғастыратын  жеке  тұлға  болып  табылатын бүлдіршіндерді  рухани - адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру. Мектепке дейінгі ұйым  қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге ,  рухани  адамгершілік  әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Сонда  жас  ұрпақ  елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы  білетін  азамат  болып  қалыптасады.
Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды.Балалардың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек:

- өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;

- отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;

- оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;

- балалардың сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;

- балалардың оқу іс-әрекет бойынша алған білім, білік дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;

- балаларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау,бағалауға үйрету;

- балалардың өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру. Тұлғаны рухани –азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады. Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақыт та қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны. Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Мұкажанова Р.А., Г.А.Омарова., Р.Мұратханова «Мұғалімге арналған нұсқаулық. Базалық деңгей», Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015.

2. Петракова Т.И. Духовные основы нравственного воспитания. – М.: Импэто, 1997.

Карағанды обылсы

Осакаровка ауданы

Молодежный кенті

Абай көшесі 20 -үй 8- пәтер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1015
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12