Материалдар / "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы гимназиядағы тәрбиелік іс- шаралар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы гимназиядағы тәрбиелік іс- шаралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік іс-шаралар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
301
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАЗМҰНЫ

Негізгі бөлім

Кіріспе

І. Міндетті әлеуметтік сақтандыру құқығының түсінігі және әлеуметтік құқықтық мәні

1.1 Сақтандыру мәні және функциясы

1.2. Сақтандыру туралы заңнама және сақтандырудың салалары

1.3 Сақтандырудың негізгі формалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі































Кіріспе

Қазақстандағы сақтандырудың нарығының даму жағдайының көрсеткіштері жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының негізгі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып  табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі, әлі де зерделеу — зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды әбден қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр. Сондықтан, бірінші кезектегі  мақсат белгілі бір мөлшерде сақтандырудың  экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған қатынастарының ерекшеліктерін қарастыру және жете танысып — білу болып табылады.

Осыған орай, сақтандыруға айырықша назар аударып отырмыз. Біздің ойымызша қазіргі кезеңдегі басымды бағыт сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарының ең аз мөлшерін жоғарылату және оны тек ақша қаражаттары есебінен ғана қалыптастыру. Сонымен бірге, сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет: сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру; сақтандыру қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру; сақтандыру жүйесінің қаржылық орнықтылығын және беріктілігін қамтамасыз ету; қазақстандық және халықаралық сақтандыру рыноктарының өзара қарым-қатынастарын дамыту; сақтандыру қызметін көрсету рыногындағы құрылымдық саясаттың жүргізу. Осы сақтандыру рыногындағы құрылымдық саясаттың басты көрінісі сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің арақатынастарын ұғымдыландыру. Сақтандыру аясындағы ақпараттық-талдау жұмыстарының да жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанын байқауға болады. Сақтандыру ұйымдарының өздеріне қабылдаған міндеттерін бұлжытпай орындауларын бақылау жөніндегі тиімді мемлекеттік бақылау механизмін құру проблемасы да күн тәртібіндегі өткір мәселе болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу саласында сақтандыру рыногының қызмет атқаруының нормативтік - құқықтық және әдістемелік базасын жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет.

Сонымен бірге, осы сақтандыру ісінің қалыптасып, дамуын негіздейтін, тұйықталған бөлу, қайта бөлу қатынастары ретінде көрініс табатын айырықша сақтандыру қатынастарын реттейтін  құқықтық реттеу механизмдерін құру да көзделген еді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңдарын, заңға сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді, сақтандыру шарттарын зерделеу, білу, игеру және меңгеру тек осы сала мамандарының үлесіндегі іс болып қана қоймай, сонымен бірге барлық шаруашылық субъектілерінің, азаматтардың әсіресе заңгерлердің де міндетті түрдегі қажеттілігіне айналып отыр.

 

    1. Сақтандыру мәні және функциясы


      Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түпкі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен эл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде калыптасады.

     Сақтандырудың мақсаты қогамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

      Сақтаңдыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

-  қатынастардың ықтималдық сипаты;

-  қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кэсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

      Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

-  оның іс-қимыл ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып 
отырады;

  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық 
    жағдайда бола бермейді (қанынастардың баламасыздығы).

      Сақтандыру шеңберінде мемелекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты ретінде қарауға болады.

       Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке жэне заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдык зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бүл  функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде  көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;

  • сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;

  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және 
    жинақтаушы емес.

Міндеті сақтандыру — заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сактандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізуші жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асьфылатын сақтандыру. Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандьфу) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уэкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметтің ұйымдастыру  және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақгандыру; аннуитетгік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан жэне аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сактандыру; мүлікті сақтандыру(көлік құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық - құқықтык жауптылықгы сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық - кұқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бүл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мұліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі жэне өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Жазатайым жағдайдан  және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның косымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік қүралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сактық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соньщ ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Мүліктік  сақтандару мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойлүы салдарынан келтірілген зиянды ішшара немесе толық өтемі мөлшершде сақтық телемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

 

1.2 Сақтандыру туралы заңнама және сақтандырудың салалары

 

Сақтандыру қызметі  – бұл уәкілетті органның ҚР заңдарының талаптарына сәйкес берілген лицензия негізінде нмесе ҚР өзара сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға және орындауға байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі.

Қазақстан Республикасының  сақтандыру заңының қалыптасуы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан, ҚР-дің 1992 ж. шілденің 3-індегі «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» Заңы қолданысқа енген кезден бастау алады, ол сақтандыру қызметтерінің нарығын құруға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың сақтандыру қорғанысын кеңейтуге бағытталған. Сақтандыру саласында мемлекеттік монополия билеп келген соншама жылдардан соң (бұрынғы КСРО-да тек мемлекеттік сақтандыру болған), алғаш рет сақтандыру – бұл жеке және заңды тұлғаларды сақтандыру жағдайларының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі екені заң тұрғысында бекітілді. (Сақтандыру туралы Заңның 1-бабы).

Қазақстан Республикасының қазіргі  заманғы сақтандыру заңы азаматтық  қатынастардың әртүрлі субъектілерінің, оның ішінде кәсіпкерлердің де қатысуы бар сақтандыру қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тұтас бір кешенін құрайды.

Сақтандыру заңы жүйесінеарнайы актілер  де, жалпы заң актілері де кіреді (мысалы, «Сақтандыру» деген 40-тарауы 43 баптан тұратын ҚР АК-інің 803-845 баптары).

Сақтандыру қызметін реттейтін  арнайы нормативтік құқықтық актілерді  төмендегідей топтастыруға болады:

1)жалпы бастауларды және сақтандыру қызметін жүзеге асыру ұстанымдарын белгілейтін актілер (бәрінен бұрын, негізгі арнайы заң – 2000 ж. желтоқсанның 18-індегі № 126-ІІ «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы;

2006 ж. шілденің 5-індегі № 163-ІІІ  «Өзара сақтандыру туралы» ҚР  Заңы; РҚ Ұлттық банкі Басқармасының  2000 ж. ақпанның 15-індегі № 33-ші  «Сақтандыру полисін рәсімдеу  жөніндегі Нұсқаулықты бекіту  туралы» қаулысы; ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 ж. тамыздың 12-індегі № 155-ші «Сақтандыру ұйымының инвестициялық қызмет нәтижесінде алған табыстарында сақтандырылушының (пайда табушының) қатысуының Ережелерін бекіту туралы» қаулысы; 2007 ж. сәуірдің 30-ындағы № 122-ші «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқына лицензия беру Ережелерін бекіту туралы» қаулысы және т.б.).

2)міндетті сақтандырудың жекелеген  түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктерін  айқындайтын актілер (Қазақстан  Республикасының:  2003 ж сәуірдің 25-індегі № 405-ІІ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы; 2004 ж. наурыздың 10-ындағы № 533-ІІ «Өсімдік өсіру шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2005ж. желтоқсанның 13-індегі № 93-ІІІ «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңы және басқалары);

3)жекелеген субъектілердің азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін міндетті сақтандыру ерекшеліктерін айқындайтын актілер (Қазақстан Республикасының: 2003 ж. маусымның 11-індегі № 435-ІІ «Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2003 ж. маусымның 13-індегі № 440-ІІ «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2003 ж. шілденің 1-індегі № 444-ІІ «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2003 ж. желтоқсанның 31-індегі № 513-ІІ «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2004 ж. шілденің 7-індегі № 580-ІІ «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупіне байланысты нысандар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы; 2005ж. ақпанның 7-індегі № 30-ІІ «Жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы және басқалары).

Заңдық тұжырымдамасына сәйкес, сақтандыру салаларға, топтарға және түрлерге бөлінеді. Осылайша жіктеу қажеттігі  мемлекеттік реттеу және сақтандыру қызметіне лицензия берудің мақсаттарына және міндеттеріне байланысты туындады. Атап айтқанда, сақтандырудың негізгі екі саласы айқындалды: 1) өмірді сақтандыру; 2) жалпы сақтандыру.

«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікі түрінде төмендегі топтарды қамтиды:

1)өмірді сақтандыру

сақтанушы  қайтыс болған немесе сақтандыру  мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

2)аннуитеттік сақтандыру (жыл сайын төлем жасау) –  бұл зейнетақы немесе рента  түрінде сақтандырылушы белгілі бір жасқажеткен, еңбекке қабілеттігін жоғалтқан (жасы бойынша, мүгедектігі бойынша, ауруы бойынша), асыраушысы қайтыс болған және жұмыссыздық жағдайларда, шартпен белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңмен сақтандыру төлемдерін төлеп тұруды қарастыратын жинақтық сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кезеңдік сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру талабы сақтандыру төлемдерінің көлемін анықтауға, дәлелдеуге және растауға байланысты емес.

3)өмірде белгілі бір жағдайдың орын алуына байланысты сақтандыру (сақтандырылушының өмірінде алдын-ала айтылған оқиға (некеге тұру немесе сәбидің дүниеге келуі) орын алаған жағдайларда белгіленген сомада сақтандыру төлемін төлеу қарастырылатын жинақтық сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

4) сақтандырушының инвестициялық тасбысына сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру

сақтандырылушы  қайтыс болған немесе сақтандыру  мерзімі біткенге дейін немесе  сақтандыру шартында белгіленген  жасқа дейін өмір сүрген жағдайда, сақтанушының (сақтандырылған, пайда алған адамның) сақтандыру ұйымының қосымша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру немесе сақтандыру сомасын көбейту көмегімен инвестициялық қызмет көрсету нәтижесінде тапқан пайдасына қатысу шартымен сақтандыру төлемін белгіленген сомада төлеу немесе сақтандыру төлемін зейнетақы немесе рента түрінде төлеу қарастырылатын жинақтық сақтандыру жиынтығы).

«Жалпы сақтандыру» саласы сақтандырудың  ерікті түрінде төмендегі топтарды қамтиды:

  1. жазатайым оқиғадан сақтандыру (сақтандырылушы қайтыс болған, еңбекке қабілеттігін (жалпы немесе кәсіптік) жоғалтқан (толықтай немесе ішінара) немесе жазатайым оқиға кесірінен сақтанушының денсаулығына зиян келтірілген, кәсіби ауру-сырқау жағдайларында сақтандыру төлемін белгіленген сомада және (немесе) мөлшерінде жүзеге асыру қарастырылатын сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Жазатайым жағдай деп сақтандырылған адамның ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсерлер нәтижесінде оның денсаулығына зиян келтірген, оны мүгедек еткен немесе өліміне себепші болған кенет, адам еркінен тыс, кездейсоқ қысқа уақыттық оқиға саналады);

  2. ауру-сырқау жағдайына байланысты сақтандыру (жазатайым оқиғадан сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушының ауыруына немесе денсаулығының басқадай бұзылуына байланысты, сақтандыру төлемін белгіленген сомада және (немесе) сақтандырылған адамның шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде жүзеге асыру қарастырылатын сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

  3. автомобиль көлігін сақтандыру;

  4. теміржол көлігін сақтандыру;

  5. әуе көлігін сақтандыру;

  6. су көлігін сақтандыру (3-6-тармақтарда атап өтілген көлік құралдарын сақтандыру көлік құралдарын иеленуге пайдалануға, билік етуге, байланысты, көлікті айдап, ұрлап әкетуді қосқанда, сондай -ақ оның бүлінуі немесе жойылуы себепті мүліктік мүдделеріне залал шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған сақтандыру түрлерінің жиынтығы):

  7. жүктерді сақтандыру ( жүктерді иеленуге, пайдалануға жүктерді иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты, жолжүгін, тауарларды және өнімдердің басқадай түрлерін қосқанда, сондай-ақ тасымалдау тәсіліне байланыссыз, олардың бүлінуі, жойылуы, жоғалуы себепті мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

  8. мүлікті залалдан сақтандыру, 3-7-тармақтарда көрсетілген топтардан басқа (мүлікті иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты, оның бүлінуі немесе жойылуы, ұрлануы себепті мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

  9. автомобиль көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

  10. әуе көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

  11. су көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (9-11-тармақтарда қарастырылған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру – көлік құралын пайдалануы себепті үшінші тұлғаларға келтірілген залалдардың орнын толтыру міндетіне байланысты мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінд е сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру қарастырылатын (тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда) сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады);

  12. 9-11-тармақтарында көрсетілген топтарды есептемегенде, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (барлық тәуекелдіктерді сақтандыруы себепті үшінші тұлғаларға келтірілген залалдардың орнын толытру міндетіне байланысты мүліктік мүдделеріне залал келтірілген адамға шығындарын ішінара немесе толық өтеу көлемінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

  13. заемдарды (қарыздарды) сақтандыру (сақтанушының (қарыз алушының (кредит беруші алдындағы міндеттемелерін орындамауының нәтижесінде кредит берушіге шығын келтірілген жағдайда сақтандыру төлемдерін төлеуді көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы;

  14. ипотекалық сақтандыру (қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл мүлік болып берілген тұрғын үйдің нарқтық құны төмендеген жағдайда, қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша шарт міндеттемелерін орындамауы нәтижесінде кредит берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеуді көздейтін сақтандыру түрі);

  15. кепілдіктер беру және кепілдікке алуды сақтандыру (кепілдік берген немесе кепілдікке алған адамның кепілдік беру немесе кепілдікке алу міндеттемелерін орындауы нәтижесінде мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

  16. басқадай қаржы шығындарын сақтандыру (жұмыстан шығып қалу, табысын жоғалту, табиғаттың қолайсыз құбылыстары кезінде, үздіксіз, ойластырылмаған шығындар болғанда, нарықтық құнды жоғалту нәтижесінде шығындар туындаға нда және 12-15-тармақтарда көрсетілген тәуекелдіктерді сақтандыруды қоспағанда, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында басқа да шығындар пайда болғанда сақтандыру төлемдерін төлеу көзделген сақтандыру түрлерінің жиынтығы);

  17. сот шығындарын сақтандыру (сотта іс қаралуына байланысты сақтанушының шығынға ұшырауы нәтижесінде оның (сақтандырылған адамның) шығындарын өтеу үшін сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын сақтандыру түрлерінің жиынтығы).

Сақтандыру салаларына бөлу уәкілетті орган беретін  мынандай лицензиялар түрлеріне  сәйкес келеді: 1) «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия; 2) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандырудың тиісті топтары шегіндегі лицензия.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!