Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Рухани жаңғырту-болашаққа бағдар


Дүние керуен көшеді кезегімен,

Қайда барса, біргеміз елімізбен.

Қазақпыз біз жалқаулықты жат көрген,

Бірге жүріп, бір жол тапқан көшпенен.

Иә, дәстүрге бай, салт-санамыз бен жөн жоралғымызды сақтап отырған қазақ деген ұлттың перзенті болу-үлкен бақыт.Маған қазақ деген киелі жердің топырағы бұйырғаны үшін қуанамын. Біздің қазақ пысық, пісіп қатқан, өмірге құштар халық. Кең далада желжетпес жүйрік мініп, қажет болса еңбектей де жүгіре білетін, биік тауларға өрмелеп шыға білетін ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайтын елдің ұрпағымын.Елдің елдігін сақтайтын тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын аңыздар, өлең-жырлар жасауымен де,сауыққа құмарлығымен де ең ақылдылардың қатарына қосылуы қандай ғажап! Қазақ деген еліме көк кілем болып төселген, ұлтқа мекен болған жаннан да ыстық туған жердің туын көтеріп, тәуелсіздік үшін құрбан болған боздақтар-ай!

Ар-намысын алтыннан биік қойған-қазақ деген менің осындай өршіл халқым бар.

Осы қазақ деген бомысымызды жоғалтпау үшін діңі берік, бәйтеректей ел болуды алдына мақсат еткен Нұрсұлтандай елбасым бар. Осындай ері бар елде мен-алаңсызбын.

Қарыштап дамып жатқан елді көрдім,

Болашаққа талпынған көшті көрдім.

Қазақ деген еліне алаңдайтын,

Көшбасшымыз Нұрсұлтандай ерді көрдім демекші «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!» дейді елбасымыз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ойларының жүйелі, саналы ұрпақтың көкірегін оятатын, бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім.Бұл мақаладан түсінгенім рухани жаңғыру үшін ең алдымен елін, жерін, халқын шын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу жолында тарихи санамыздың жаңғыртылуы.Ұрпағымыз тәуелсіздіктің қалай келгенін, осы жолда қаншама боздақтардың қанының төгілгенін, мына қыр мен қыраты, шөл мен шөлейті, асау толқыны адамға шабыт сыйлар көк теңіз де біздің еншімізге оңай берілмегенін сезіну бір ғанибет!

Біздің тіліміз әлемдегі ең бай тілдердің бірі саналатын көркем тіл. Осы тіл арқылы әдебиетіміз жасалған.Ұлтқа тән , рухани-материалдық байлықтың бәрін тудырған халықпыз.Осы байлығымыздан нәр алып,өзегімізді сақтай отырып,ұлтымыздың өзіндік дара жолымен жаңғыруымыз керек деген түсінігім қалыптасты. . Ең бастысы , өзге тілді біле тұра, өз ана тілімізде сөйлейтін ұлтжандылардың қалыптасуы. Туған жердің туын биік көтеретін өз ана тіліміз. Жер бетіндегі барлық бауырларымыз өз тілінде сөйлейтін болса, тіл де, халық та жаңғыру жолында адаспайтынына көзім жетеді.

Жаңаша Қазақстан, жаңа кезең,

Талабы білім қуып шаба біл сен.

Үш тілді пәнге енгізіп міндеттеді,

Табылар ізденгенге білім кені.

Әрине,өмірдің кілті-білімділердің қолында.Себебі, ғылым мен технология аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқан заманда қабілеттілігімізді арттырып, рухымызды көтеріп отырып жаңғыру.

Барлық адам бола алады таза жан,

Сүйіспеншілікке жүрегіңді толтырсаң.

Қиянатсыз күн кешесің өмірде,

Жақсы іске өміріңді арнасаң,

Ұлылығын сездірген ұлы далам, талай жақсыларын, ұлыларын, даналарын өз төсінде жігер беріп, шабыттандырып, қанаттандырып, игі істерімен таңқалдыртып өз құшағына қайта қысатыны бәріне таныс.Бірақ, әттеген-ай, біз шынымен де «Әділ болсаң қараға-ақ,аққа жақ, ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!» деп Жүсіп Баласағұнидің айтып кеткеніндей өмірде осындай игі істер жасап, жақсы тұлға болып өмірден өтіп жатырмыз ба?

Бұл әр адамның көгірегінде сайрап тұратын ащы шындық...! Қазіргі таңда рухани құндылықтан гөрі материалдық құндылықты бірінші орынға қоятынымыз айтпасақ та түсінікті. Себебі, заманның талабы солай дейді. Иә, бұл күнде жағдайымыз жақсарып, заманымыз оңалған шақта, адамзатымыздың азғындап бара жатқаны қарнымызды ашытады. Осы бағытта ғалымдарымыздың көтерген көрегенді саясатына бет бұратын шақ туды. Аурудың алдын алмасаң асқынатыны сияқты бұл мәселеге бей-жай қарамау, жоспарлы түрде қолға алу басты мәселеге айналып кетті. Осы мәселе төңірегінде енгізіп отырған Сара Алпысқызының бағдарламасына алғысым шексіз. Бұл бағдарламада әр адамның жүрегіне, бойына рухани құндылықтарды сіңіртіп, жарқын болашаққа жетелейтін игі істер жатыр.Құндылықтар туралы айтылған даналардың даналықтары адамның бойын да, ойын да түзейді.Біз оқушыға тек білім беріп қана қоймай, ең бірінші осындай құндылықтарға тәрбиелер болсақ, адам да, қоғам да, заман да түзеліп жаңғырады деген сенімдемін. Л.Толстойдың «Тән үшін сүрген өмірдің рахаты болмайды, тән үшін өмір сүру азап шектіреді.Рух үшін өмір сүрген өмір ғана рахатқа жеткізеді» дегеніндей рухымызды көтеріп, руханилық жағына тереңірек үңілетін күн туды. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек . Мен осындай жүрекжады сөздердің астарын «Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын» демекші Рысгүл Жұмажанқызының өткізген үшінші деңгейлік курсынан кейін басқаша әлемге келгендей көзім ашылды. Жақсылықтың жаршысы, шәкірттерін тек өзінің адал да, қажырлы еңбегімен сүйсіндіре беретін нағыз қарапайым жан екенін ауыз толтыра айта аламын. Рыскүл апайымның болашақта да, біз сияқты жасампаз әлемнің есігін айқара ашуға дайын тұратын шәкірттері көп болады деп сенім білдіремін.

Рухани дүниеміз байып,өнеріміз,ғылымымыз өркендеп, мәдениетіміз бен дәстүріміз үстем болып,адал,мейірімді, ақылды, бауырмашыл,ұлтшыл қоғам құрылса, рухани жаңғырғанымызды әрбір қазақ азаматы жүрегімен сезінетініне сенемін. Болашақ ұрпағымыздың бойында қазақ деп қайнап жатқан қаны, ұлдарымыздың көкірегінде ұят пен намысы бар «ел» деп тұрар ерлеріміз болса,болашағыма алаңдамаймын.





















































Өз шәкірттерін еңбектен қуаныш табуға үйрете білген мерейі үстем ұстаз-Жылкыбаевна Сайлаукул Коркинбаевна кісінің бойындағы үйрету құмарлығын оятқан –ең жақсы ұстаз.

Жылкыбаевна Сайлаукул Коркинбаевна барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

Осындай өз ісіне жан-тәнімен берілген қарапайым, жылы лебізімен сыйлата білетін Сайлаукул Коркинбаевнаның математка пәні бойынша«Білім мазмұнын жаңарту» тақырыбында өткізген курсын ойдағыдай аяқтадық.

Жаңартылған білім беру бағдарламасына және оның құрылымына оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық тәсілдер мен критералды бағалау жүйесі туралы өткізген сабақтары тәжірибеміздің шыңдалуына серпін берді.Айналаға көз жүгіртсек әлем дамып бара жатыр. Сол көштен қалмау біздің басты міндетіміз .Біз оқушыларымызды әлі өзіміз елестете алмайтын болашақ өмірге қалай дайындаймыз, оларға қандай дағдылар қажет? Бұл біздің оқыту үдерісі туралы дәстүрлі түсінігімізді қалай өзгертетін болады? ХХ! ғасыр оқушылары мен мұғалімдерінің алдыңғы дәуір оқушылары мен мұғалімдерінен қандай ерекшеліктер бар деген сұрақтар төңірегінде пікіртаастар ұйымдастырып,, спиралды білім беру бағдарламасының басымдылықтарын курс барысында қызықтыра түсіндірді. Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына жеке-жеке тоқтала отырып, сабақ барысында қолдану маңыздылығын түсіндірді.

Арғымыққа мініп желмен жүйіткіген қырсыз даланың шаңын қақтырғаны секілді, желдей жүйрік уақытта ізденімпаз, жасампаз әлемнің сырларына қанық, шәкірттеріне ерекше бойында тұнып тұрған даналығымен дараланды десем артық айтқаным емес.




























Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек


Адам үшін ең ғажабы, ең қымбаты да-оның өмірі.Ал, өмір тірегі-жан-жақты жігері мен еліне жасаған адал еңбегі деп түсінемін. Мемлекеттік қызметтің еңбегі тоқыраса, оның тіршілігі де тоқырай бастайтыны сөзсіз. Бұл қызмет –адамға жүктелген міндет деп білемін.Осы қызмет барысында тек жұмысшы адам ғана тәрбиеленбейді, сондай-ақ жолдастық қалыптасады, яғни басқа адамдармен екі арада дұрыс қарым-қатынас та тәрбиеленеді.

Әрбір мемлекет қызметкері жүрегіне, бойына рухани құндылықтарды сіңіртіп, жарқын болашаққа жетелейтін игі істер жасауға талпынатыны мәлім.Құндылықтар арқылы адамның бойы да, ойы да түзеледі.Мемлекет қызметкері боламын дейтін адам елдің мүддесін ойлауда, ең бірінші ақиқат,сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау құндылықтарына өзін-өзі жан-жақты тәрбиелер болса, адам да, қоғам да, заман да одан әрі өркендеп, дамып, мемлекет қызмткерлерінің атқарып отырған жұмысына халықтың берер бағасы оң болатынына сенемін. Л.Толстойдың «Тән үшін сүрген өмірдің рахаты болмайды, тән үшін өмір сүру азап шектіреді.Рух үшін өмір сүрген өмір ғана рахатқа жеткізеді» дегеніндей мемлекеттік қызметкерлер де рух үшін өмір сүретін , руханилық жағына тереңірек үңілетін жандар деп білемін. Нағыз еліне адал еңбек ететін, даналық пен ақылдылықты жанына жалау еткен жандар әр кезде біздің қасымызда жүр. Тек оларды көру үшін әрбір адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі ашық болуы керек деп ойлаймын..

Әлішер Науаидың даналығында «Диқандықтың бақшасын кез, жемісін тат,адал істесең көңілің шат» деген сөзі осындайда есіңе оралады .

Шынымен де, қырағы көздің көңілі өткір, сынаушының сөзі өткір .Мемлекет қызметкер ұлы елдің ұлы ісін атқарып отырғаннан кейін, жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса,білгір және шебер болып шығады.Қандай әрекет, қандай іс істесе де,содан рахмет табу,соның рахатын көру әрбір мемлекет қызметкерлерінің арманы .


























Дүние керуен көшеді кезегімен,

Қайда барса, біргеміз елімізбен.

Қазақпыз біз жалқаулықты жат көрген,

Бірге жүріп, бір жол тапқан көшпенен.

Иә, дәстүрге бай, салт-санамыз бен жөн жоралғымызды сақтап отырған қазақ деген ұлттың перзенті болу-үлкен бақыт.Маған қазақ деген киелі жердің топырағы бұйырғаны үшін қуанамын. Біздің қазақ пысық, пісіп қатқан, өмірге құштар халық. Кең далада желжетпес жүйрік мініп, қажет болса еңбектей де жүгіре білетін, биік тауларға өрмелеп шыға білетін ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайтын елдің ұрпағымын.Елдің елдігін сақтайтын тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын аңыздар, өлең-жырлар жасауымен де,сауыққа құмарлығымен де ең ақылдылардың қатарына қосылуы қандай ғажап! Қазақ деген еліме көк кілем болып төселген, ұлтқа мекен болған жаннан да ыстық туған жердің туын көтеріп, тәуелсіздік үшін құрбан болған боздақтар-ай!

Ар-намысын алтыннан биік қойған-қазақ деген менің осындай өршіл халқым бар.

Осы қазақ деген бомысымызды жоғалтпау үшін діңі берік, бәйтеректей ел болуды алдына мақсат еткен Нұрсұлтандай елбасым бар. Осындай ері бар елде мен-алаңсызбын.

Қарыштап дамып жатқан елді көрдім,

Болашаққа талпынған көшті көрдім.

Қазақ деген еліне алаңдайтын,

Көшбасшымыз Нұрсұлтандай ерді көрдім демекші «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!» дейді елбасымыз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ойларының жүйелі, саналы ұрпақтың көкірегін оятатын, бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім.Бұл мақаладан түсінгенім рухани жаңғыру үшін ең алдымен елін, жерін, халқын шын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу жолында тарихи санамыздың жаңғыртылуы.Ұрпағымыз тәуелсіздіктің қалай келгенін, осы жолда қаншама боздақтардың қанының төгілгенін, мына қыр мен қыраты, шөл мен шөлейті, асау толқыны адамға шабыт сыйлар көк теңіз де біздің еншімізге оңай берілмегенін сезіну бір ғанибет!

Біздің тіліміз әлемдегі ең бай тілдердің бірі саналатын көркем тіл. Осы тіл арқылы әдебиетіміз жасалған.Ұлтқа тән , рухани-материалдық байлықтың бәрін тудырған халықпыз.Осы байлығымыздан нәр алып,өзегімізді сақтай отырып,ұлтымыздың өзіндік дара жолымен жаңғыруымыз керек деген түсінігім қалыптасты. . Ең бастысы , өзге тілді біле тұра, өз ана тілімізде сөйлейтін ұлтжандылардың қалыптасуы. Туған жердің туын биік көтеретін өз ана тіліміз. Жер бетіндегі барлық бауырларымыз өз тілінде сөйлейтін болса, тіл де, халық та жаңғыру жолында адаспайтынына көзім жетеді.

Жаңаша Қазақстан, жаңа кезең,

Талабы білім қуып шаба біл сен.

Үш тілді пәнге енгізіп міндеттеді,

Табылар ізденгенге білім кені.

Әрине,өмірдің кілті-білімділердің қолында.Себебі, ғылым мен технология аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқан заманда қабілеттілігімізді арттырып, рухымызды көтеріп отырып жаңғыру.

Барлық адам бола алады таза жан,

Сүйіспеншілікке жүрегіңді толтырсаң.

Қиянатсыз күн кешесің өмірде,

Жақсы іске өміріңді арнасаң,

Ұлылығын сездірген ұлы далам, талай жақсыларын, ұлыларын, даналарын өз төсінде жігер беріп, шабыттандырып, қанаттандырып, игі істерімен таңқалдыртып өз құшағына қайта қысатыны бәріне таныс.Бірақ, әттеген-ай, біз шынымен де «Әділ болсаң қараға-ақ,аққа жақ, ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!» деп Жүсіп Баласағұнидің айтып кеткеніндей өмірде осындай игі істер жасап, жақсы тұлға болып өмірден өтіп жатырмыз ба?

Бұл әр адамның көгірегінде сайрап тұратын ащы шындық...! Қазіргі таңда рухани құндылықтан гөрі материалдық құндылықты бірінші орынға қоятынымыз айтпасақ та түсінікті. Себебі, заманның талабы солай дейді. Иә, бұл күнде жағдайымыз жақсарып, заманымыз оңалған шақта, адамзатымыздың азғындап бара жатқаны қарнымызды ашытады. Осы бағытта ғалымдарымыздың көтерген көрегенді саясатына бет бұратын шақ туды. Аурудың алдын алмасаң асқынатыны сияқты бұл мәселеге бей-жай қарамау, жоспарлы түрде қолға алу басты мәселеге айналып кетті. Осы мәселе төңірегінде енгізіп отырған Сара Алпысқызының бағдарламасына алғысым шексіз. Бұл бағдарламада әр адамның жүрегіне, бойына рухани құндылықтарды сіңіртіп, жарқын болашаққа жетелейтін игі істер жатыр.Құндылықтар туралы айтылған даналардың даналықтары адамның бойын да, ойын да түзейді.Біз оқушыға тек білім беріп қана қоймай, ең бірінші осындай құндылықтарға тәрбиелер болсақ, адам да, қоғам да, заман да түзеліп жаңғырады деген сенімдемін. Л.Толстойдың «Тән үшін сүрген өмірдің рахаты болмайды, тән үшін өмір сүру азап шектіреді.Рух үшін өмір сүрген өмір ғана рахатқа жеткізеді» дегеніндей рухымызды көтеріп, руханилық жағына тереңірек үңілетін күн туды. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек . Мен осындай жүрекжады сөздердің астарын «Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын» демекші Рысгүл Жұмажанқызының өткізген үшінші деңгейлік курсынан кейін басқаша әлемге келгендей көзім ашылды. Жақсылықтың жаршысы, шәкірттерін тек өзінің адал да, қажырлы еңбегімен сүйсіндіре беретін нағыз қарапайым жан екенін ауыз толтыра айта аламын. Рыскүл апайымның болашақта да, біз сияқты жасампаз әлемнің есігін айқара ашуға дайын тұратын шәкірттері көп болады деп сенім білдіремін.

Рухани дүниеміз байып,өнеріміз,ғылымымыз өркендеп, мәдениетіміз бен дәстүріміз үстем болып,адал,мейірімді, ақылды, бауырмашыл,ұлтшыл қоғам құрылса, рухани жаңғырғанымызды әрбір қазақ азаматы жүрегімен сезінетініне сенемін. Болашақ ұрпағымыздың бойында қазақ деп қайнап жатқан қаны, ұлдарымыздың көкірегінде ұят пен намысы бар «ел» деп тұрар ерлеріміз болса,болашағыма алаңдамаймын.

































Базар іші дуылдап тұр. 12-13 жасар бала месқарын саудагердің алдындағы қуырылған құс етіне өзінің тарамыс қолдарын созып еді, анау бірден байқап, жиіркенішпен итеріп жіберді. Мен құлап жатқан баланың көзінен мынаны оқыдым

Адамдар, қаталсыңдар!
Қаталдықтан әлі-ақ зар татарсыңдар.
Жалғыздықтан зарығып ашынғанда
Мен сендерді асылдар деп ем, Жоқ!
Тас екен жүректерің де,

Шыншылдық деген жоқ екен тілектеріңде.
Өздерің оны көлгірсіп жасырғанменен,
Мейірімге сараңсыңдар!
Түбі содан жазым да табарсыңдар.

Бір жылы көзқарастарыңа зарыққанымда
Соның өзі-ақ бақыт қой, қамыққан ұлға!
Найзағайдай атқылап жанарларың да,
Біржола сөніп үмітім, балаң жаным да.
Жыртқыштар қамап алғандай тарықпадым ба?

Әділеттен жұрдайсыңдар!
Тақсырет тартпай бір тынбайсыңдар
Жала тартып, сендерге жүгіндім барып
Тас мүсіндеріңнен түңілдім налып
Тағдырым менің титтей де елеңдетпеді,
Бейжайлықтарың қорқытты, керең беттегі.
Мен емес, сендер екенсіңдер бүгінгі ғаріп.

Адалдыққа тапшысыңдар!
Әрине, данышпансығанда жақсысыңдар
Өзгенің қасіреттеріне қарайсыңдар қалайша есінеп мүлде?!
Бәрібір екен, сендердің көмкерлеріңе
Біреулердің көзінен жас кетпеді, бұл күнде ұғындық бәрін...
О, адамдар! Сендердің зұлымдықтарың шыдатпай өртеді мені де 

Не деген пасық едіңдер!
Шуақсыз қурайды емес пе жасыл егіндер?
Мейірім аңсап, жүрегім қансырап тұрған,
Зұлымдықтарыңмен қамшылап тыңнан
Жанымда үміт, сенімдер түгесілгенде
Лақтырып тастап кеттіңдер, күресін жерге
Сендерден байлық сұраман, өліп кетсем де!
Алтындарыңды алмаспын, төгіп кетсең де,
Мейірімге ғана мұқтажбын, білесіңдер ме?

Мейірімге ғана мұқтажбын...


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12