"Рухани жаңғыру" эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Рухани жаңғыру" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның бүгіні мен болашағы. Әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Өскелең ұрпақтың дара жолы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО, Казталов ауданы. Жас ауылы

Жас негізігіжалпы білім беретін мектебінің жанындағы

«Балдаурен» шағын оралығының аға тәрбиешісі:

Мұфтахиева Жанна Ғабиденқызы


«Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықты жастарға насихаттау» эссе


Елдің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Осы тұрғыда ұстаздарға қойылатын талап та жоғарылады. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, алған білімін шынайы өмірмен ұштастырып, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, эконoмика кеңістігіне шығуға, яғни қaтаң бәсекe жағдайында өміp сүруге тәpбиелеуі керек. Ол нaғыз ұстaздың ғана қoлынан келеді.

Қазақстанның бүгіні мeн бoлaшағы – хaлқымыздың ынтымақ – бірлігінде, ырыс – құтты тірлігіндe. Бізге керегі бірлік пен ұлтаралық татулық. Бірлік бар жерде тірлік бар, даму бар. Қонақжай халқымыз қай кезде де тілің басқа, дінің басқа деп алалап, өзектен теппеген. Керісінше, өзгені өзіндей көріп, төрінен орын берген.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласындағы мәселелердің барлығы дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асуына әр біріміздің өз міндетіміз бар екенін түсінеміз. Әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміздің болашағы жарқын боларына сеніміміз мол деп айта аламын.

Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың - дара жолы! Адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа згерісті қабылдай білуі. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «Рухани жаңғыру» дәлел. Осыған орай елбасымыз бірнеше принціптерін ұсынды. Білім бізге бұрын да, жаңғырған заманда да керек болады. Бұған дәлел менің ата-анам. Олар маған үнемі оқы деп айтады. Кейде өзім де түсінбейтінмін, неге маған солай айта береді деп ойлаушы едім. Бірақ уақыт өте келе ата-анмның сөздерінің мағынасын түсіндім. Оқымасам болашақта күнімді көре алмаймын. Сол үшін оқып, білім алуым керек. Қазір білім бағдарламалары елімізге табыс әкеліп жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қазір біз жаңартылған білім бағдарламасымен білім алып жатырмыз. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Тағы бағалау жүйесі де өзгешелеу, критериалды бағалау. Бұл бағалау баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуға ықыласын туғызады. Біз үш тілді үйреніп жатырмыз. Олар: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Қазақ тілін барлық қазақстандықтар білуі тиіс. Біз ағылшын тілін де білуіміз қажет, себебі, ол – ғылым тілі. Орыс тілін де білу керекпіз, бір-бірімізді онымен түсінісе аламыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын қарпіне көшу жолдары іске асырылуда. Өйткені қазіргі дамыған мемлекеттер қазақтың сөздерін емін-еркін осы латын қарпінде оқып, біздің құнды салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді тағы да басқа құндылықтарымызды дәріптесек онда алдыңғы қатарлы елдің бірі боламыз деп ойлаймын. «Рухани жаңғыру» - біздің болашағымыз! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген қадамдар іске асырылуда. Елбасымның салған ұлы бастамасы елімнің көркеюіне, дамыған елдің қатарына қосылуға , биік шыңдарды бағындыруға жетелейді.

Адам рухани дамымай, ел мүддесін де, болашығында ойлай алмайды. Сондықтан мобильдік топ мүшелері халықты оның ішінде жастарды рухани бағытта тәрбиелеу тұрғысына ерекше мән беруде.

Ежелден ұлы дала қойнауын мекен еткен халқымыз қашан да көзі ашық, көкірегі ояу болған. Заман ағымынан қалмай, басқалардың оң өзгерістерін бойына сіңіріп, өзге елдермен терезесін тең ұстауға тырысқан. Дана Абай айтқандай, дүниеден өз кетігін тауып, қаланған. Демек, бабалардан мирас болып, қанымызға сінген ұлттық – рухани тамырымыздан нәр алып, заман талабына сай қоғамдық санамыздың өзгеруі заңды құбылыс. Жаһандану үдерісі барысында өткен тарихымызды ұмыту, өткенімізден қол үзіп қалу адасудың басы болмақ. Дегенмен, дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар екенін ескеріп, кері тартпа көзқарастардан арылудың маңызы зор.

Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Әлемнің бағыты, болашағы тұманды болып тұрған сәтте, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.

Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Табысты болудың кілті – білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру - Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін Болашақ бағдарламасы жүзеге асырылуы, елімізде жоғары деңгейде бірқатар университеттердің ашылуы, зияткерлік мектептер жүйесінің қалыптасуы білім беру саласындағы жетістіктің нақты көрсеткіші бола алады.
Әрбір халықтың өзінің бойында атадан балаға ұласып келе жатқан, күні бүгінге дейін маңызын жоймаған, күнделікті тыныс-тіршілікте қоғамның дамуында айқын көрініс беріп келе жатқан, тек сол ұлттың өзіне ғана тән ұлттық құндылықтары болады. Қазақ халқының ең үлкен тарихи құндылығы ол Отан сүйгіштігі, қазақтың осы қасиетін ұлттық патриотизмі деуге болады. Ұлттық патриотизм туған жерін, елін сүюден, өз ұлтын шексіз қадірлеуден, құрметтеуден тұрады. Қазақтың бойында қалыптасқан осы дәстүрлер атадан балаға қалып келе жатқан ұлттық ерекшелік, ұлттық дәстүр деп айтуға да болады. Себебі, біздің жерімізді мекендеген бізге дейін өмір сүрген ата-бабаларымыздың бойында да осы ұлы қасиеттің болуының арқасында. Осы ұлан-ғайыр даланы ұрпағына сақтап қалу үшін жан беріп, қан төккен бабалар ерлігін ұлы дала патриотизмі деуге болады. Осы тайпалардың, халықтардың қазақ жерін мекендеген біздің ата-бабаларымыз екендігі түрлі тарихи дәлелдермен негізделген тұжырым.

Ал енді, осы қазақтың ұлан-ғайыр даласын мекендеп, оны жан-тәнімен қорғап ұрпағына қалдырған ата-бабамыздың асыл қасиеті отансүйгіштік, елін, халқын қадірлеу әрбір қазақтың бойында болғанын келешек ұрпақ санасында жаңғырғанын қазақтың мәңгілік ел болғанын тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Назарбаев та армандайды, өзінің «Тәуелсіздік дәуірі», «Үшқоңыр» деген шығармаларында ішкі толғанысын сездіреді. «Үшқоңыр» деген кітабында: «Көптеген елдерді араладым. Бірақ бәрі өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған «Үшқоңыр» төбесіне жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы осында екен...» деген сөзі бүгін туған жер туралы толғаныстардың, оны сүюдің, ұлттық патриотизмнің нағыз бастаушысы, насихаттаушысы емес пе! Елбасымыздың осы азғантай тұжырымдамасынан біздер аға буын да, жастар да үлгі алуымыз керек сияқты

Өскелең ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, енгізуді іске асыра алмай келеміз. Соның әсерінен жастарымыз батысқа, радикалдық діни ағымдардың жетегіне еріп кетуде. Бір жағынан аға ұрпақ та құлдық сананың әсерінен жалтақтап, жастарға өз ойын айта алмай келеді. Сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу өзіміздің санамызда.

Біздің президентіміз де өзінің басынан өткізген тәуелсіз мемлекет құрудың қиындығын айтып, өз ойын халқымен бөлісіп жатқаннан кейін мәңгілік ел болу үшін ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу әрбір азаматтың борышы екендігін еске салып, оны ұрпақ санасында жаңғырту азаматтық парызымыз деп есептеймін.
Әрине, ұлттық құндылықтарымыздың ескіргенін жаңалау, өткенімізді өшірмей барымызды бағамдау бір күнде орнына қоя салатын оңай шаруа емес. Ол елімізде бастау алған рухани жаңғырудың бастауы, шығар шыңы, алынатын қамалы. Рухани жаңғырудың негізгі мақсаты ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, ал ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыруы – салт-санамыздың, ақыл-ойымыздың, өміріміздің жаңғыруы екенін еске алсақ ұлттық құндылықтар рухани жаңғыруымыздың кепілі екендігі даусыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2020
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі