"Рухани жаңғыру жолындағы жас маман рөлі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Рухани жаңғыру жолындағы жас маман рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке жаңадан келген жас мұғалімдерге және барлық ұстаздарға рухани құндылықтарды сақтау мен рухани жаңғыруға қатысты патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі (мақала)

«Мұғалім – Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал, жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен тәрбие нұрын себуші – ұстаздардың қолында». Қазіргі біздің жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен азаматшалардың патриот тұлға болып қалыптасуы Отанына, туған жеріне, халқына деген ыстық махаббаты қамқор екендігін айқындайды. Әсіресе әрбір тұлға қоғам өміріндегі адамзаттық құндылықтармен, дәстүр мен салт – сананың дамуына адамгершілік көзқарастар қалыптастыруы қажет. Қоғамымызға «Рухани жаңғыру» атты бағдарлама енгізілді, бұл бағдарлама қазақ халқының қиын кезеңнен өткен, басынан кешкен оқиғалардан аман – есен бостандыққа қол жеткізіп, Тәуелсіз мемлекет екенімізді танытпақ. Атап айтсам: өзіміздің салт – дәстүрге берік екенімізді, халқымыздың мәдениетін жоғары деңгейге көтеретінімізді, ұлттық салт – сана мен сана – сезіміміздің асқақ екеніне сендіру, балалардың өз ойларын еркін әрі тиянақты жеткізуіне жол ашу. Рухани жаңғырудың арқасында біз ұлттық тәрбиені де шектен тыс қалдырмаймыз, себебі, тұлғаны ұлттық және адамзаттық рухани құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді білуге, қазақ халқының мәдениетін ұстануға, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы ұлт өкілдері мен этникалық топтарды құрметтеуге жас жеткіншектерді жетелейміз.

Ұстаз – әрбір жеке тұлғаны білімге шақырып, тәрбиелеп, өзінің білгенін ұғындырып өсіретін маман. Жас маман – қазіргі талапқа сай, жан – жақты, білікті, психолог, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, алғыр, мақсат қоя білетін, рухани бай, тәуекелшіл болуы қажет. Заман дамыған сайын оқушылардың қабілетіне қарай талап қойылмайды. Қазіргі мұғалім тек бір саланы игеріп қана қоймай, өзінің және оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытып, тәрбиелік мәні зор іс – шаралар өткізіп, әр баланың санасына жететіндей рухани азықпен қамтамасыз етуі керек.

Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана – сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай алуы. Біздің еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін «рухани жаңғыру» бағдарламасын өркендетуіміз керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2018
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі