Материалдар / Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі (эссе)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
367
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

«№4 ЖОББМ»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Жанасаева Ақбота Берікқызы














Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі

(эссе)




















Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

«№4 ЖОББМ»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Жанасаева Ақбота Берікқызы


Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі (эссе)


Қайран ұстаз! Сен болмасаң, адамзат атаулы санасыздық ұйқысынан оянбас еді. Әуелі Ұлы Жаратушы жансызға жан бітіргеннен кейінгі, одан ата-ана атты екі мейірім иесі оны дүниеге әкеліп, бағып-қаққаннан кейінгі «Адам» атты жаратылысты адамзат көшіне қосу-сенің міндетің, өйткені сен-Адамзат елшісі, Ғылым-білім елшісі, Адамдық Елшісің.

«Адамдық Диқаншысы» атанып, айқындалмаған сәбилік санаға адамгершілік ұрығын себесің. Өйткені ешкім жол көрсетпей, жөн сілтемей, тәлім-тәрбие бермей, адам баласы өскен емес.

Адамзат тарихының қай кезеңі болмасын, «өсем», «көркейем» деген ұлт ұрпақ тәрбиесін екінші орынға қойып көрген емес. Қазақ қоғамында мұндай үлгілер жетерлік...

Бір өзі бір ғасырдың жүгін арқалаған Ы.Алтынсарин мектепті тек білім беретін мекеме деп емес, дала өлкесінің шамшырағы, мәдениеттің жарық жұлдызы, жаңа әдет, тәртіп, тазалық, өнердің үлгісі деп санады емес пе?!... Кешегі дүниауи білім алған алғашқы қазақ зиялылары-алаш арыстандары да ұлт санасын ояту жолында ағартушылық қызметке белсене араласып, жаңа білім беру жүйесін жасауға талпынды емес пе?!...

Алған білімі мен мамандығы сәйкес келмесе де, Ахметі «Әліппе» мен «Тіл Құралды», Міржақыбы «Есеп құралды», Мағжаны «Педагогиканы», Жүсіпбегі «Психологияны» жазғаны бәрімізге аян.

Бүгінгі дамыған өркениет заманында «педагогика» деген сөз гректің «бала жетектеу» деген бастапқы тура мағынасынан алыстап, өз алдына ғылым болып саналғаны да ақиқат нәрсе.

Біз өмір сүріп отырған заманның басты мәселесі, өзекті тақырыбы-нарық заманына сай, бәсекеге қарсы тұра білетін терең білім мен салиқалы ақыл-ой. Оның жолы тек өлшеусіз білімде екені хақ. Ақпараттар толассыз тоғысып, сәт сайын өзгеріп тұрған қоғамда, әсіресе, білім кеңістігінде елеулі өзгерістер мен жаңғыру бастамасы керек-ақ.

Егемендік алғаннан бері біздің жас мемлекетіміз де білім беру саласында неше түрлі «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткізіп, осы саланы жетілдіруді көзден таса етпей келеді. Әр түрлі деңгейдегі (лицей, гимназия, жеке пәндерді тереңдетіп оқыту, дарынды балалар мектебі...) мектептер ашылып, жаңа оқыту жүйелері сынақтан өткізіліп, ұтымды тұстары мектептерге таратылып отырды. Әлемдік дәрежедегі жарыстарға барған оқушылар өз мемлекетіміздің білім саласының дұрыс жолда келе жатқанын дәлелдеп келеді.

Дегенмен, жаһандану заманында, өзге де мемлекеттермен барыс-келіс дамып, нарыққа қабілеттілік сынға түскен кезеңде, біздің мемлекетіміздің де таптаурын болған дәстүрліліктен қашып, жаңаша қарым-қатынасқа дайын, тілдік құзыреті дамыған, пайымдауы, ой-өрісі кең, шет мемлекеттерде коммуникацияға түсе алатын ұрпақ даярлауды мақсат етуі-заңды құбылыс. Ол үшін, алдымен, мұғалім жаңаша оқып, өзін-өзі жетілдіріп, өзгеруі шарт деп пайымдаймын.

Табысты болудың негізі - білім екенін бала күнімнен бойыма сіңірген ата-анам болашақта қоғамның сұранысына орай мамандық иесі болуымды қалады. Менің ұстаздық мамандық таңдауыма негіз болған, қоғамды өркендетуші және толеранттылықтың үлгісін көрсетуші, жаңашылдықтың басында жүріп, білім берген ұстаздарымның төккен тері мен ерен еңбегі десем, артық айтпаған болар ем...

Тәжірибелі ұстаздарымнан қолдау тауып, қоғамның белсенді мүшесі болуыма түрткі болған ұстаздық алғашқы еңбек жолым осылай сәтті басталды.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында даярланып жатқан жаңа форматтағы ұстаз болуды көздеп, біліктілігімді арттырып отыру-өмірлік қағидама айналды. Себебі, бүгінгі педагогикада «Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрену/үйрету қажет»деген ұстаным жасампаз болып тұр. Қоғамның көшбасшысы-мұғалім екенін ескерсек, оның жұмыс тәсілі ғана емес, санасы да өзгеруі керек. Сол себепті, Педагог өз мақсаттарына жету үшін құндылығы, ұстанымы, өзгерістер енгізуі үшін стратегиялық іс-әрекеті болуы керек деп ойлаймын. Бұл арқылы бізге не қажет екендігін, қандай өзгеріс енгізгіміз келеді және өзгерісті қалай енгізе алатынымыз туралы ойлауды дамытуға көмектеседі. «Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек» деп белгілі психолог Пажарес айтқандай, оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарас мұғалімнің іс-әрекетіне әсер етеді. Сондықтан да мен оқыту үдерісінде «Мен үшін не маңызды?», «Менің нені өзгерткім келеді?» сауалдары басты құндылығыма айналды.

«Мен оны қалай зерттеуім керек?» сауалы арқылы оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі көзқарас арқылы өз позициямды анықтап, болашақтың мән жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптастыруыма; «Біз қайда бара жатырмыз?», «Өзгерістер енгізуім үшін не істеуім керек?» сауалдары арқылы табысты критерийлер арасындағы алшақтықты жою үшін шығатын шешім қабылдауыма негіз болды. Мұғалім еңбегінің нәтижесі тынымсыз еңбектің жемісі. Оқушыларды оқытуда ізденіп, өмірмен байланыстыра отырып өткізген сабақтарым, өзімнің де алға қарай жылжуыма, көп нәрседен хабардар болуыма көп септігін тигізді.Табыс ізденіс арқылы келеді. Себебі, рухани жаңғыру дегеніміздің өзі-адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Білім-рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді. Демек, мен өзімді қоғамның даму үдерісін ілгерілетуші маманмын деп батыл айта аламын.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!