Қызылорда
облысы
Қазалы
қаласы
№1 «Ақерке»
бөбекжай-балабақшасының
әдіскері Санкебаева
Нұргүл
«Рухани
жаңғыру-тарихынды қастерлеу»
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының
бір тармағы сонау ұмыт болып бара жатқан тарихи рухани
құндылықтарымызды қайта жандандыруға үміт отын сыйлады. Орта
ғасырда өмір сүрген ғұлама Дана Хикардың «Адамзат баласы ұрпағы
есіне алсын десе, өсиет қалдырсын!»-деген сөзін тілге тиек еткім
келеді. Міне, сондықтан әрбір адамзат келешек ұрпағына
бабаларымыздың рухты күшейтетін адамгершілік құндылықтарымен
сусындатып отыру қажет. Еліміздің болашағы –ұрпақ тәрбиесінде.
Қазіргі ұрпаққа саналы білім, рухани тәрбие мен мәдениетін
жетілдіру, тарихын қастерлеуге тәрбиелеу қоғамның басты міндеті.
Ата-бабамыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Рухы бай
ұрпақ-ұлағатты іс», сондықтан әрбір адамзат ұлағатты іс-жасап
отырса ұлттық сана қалыптасқан, салт-дәстүрді бойына
сіңірген,халықының тілін ,тарихын білетін рухани байлығы мол, жаны
да тәні де таза ,патриоттық сезімі жоғары ұрпақ тәрбиеленді емес
бе? Ал, ол сенің еңбегіңнің жемісі болмақ! Қазіргі заманда ұрпақ
тәрбиесі баршамызды алаңдатары сөзссіз. Тарихын білмей, дәстүрін
көрмей, даналардың өсиетін тыңдамай саналарының жат қылықтарға
уланып қалуы да мүмкін. Болашақ ұрпаққа ең алдымен ата-ананың өзі
тарихын рухани жағырта білетін саналы болуы қажет. Қазақ халқының
«Ана көрген-тон пішер, Ата көрген –оқ жонар» терең мағыналы мақалын
айтқым келеді. Әрбір ата-ана баласына үлгі бола білсе, балада
келешек ұрпаққа үлгісін көрсете алады. Елбасының «Болашаққа бағдар:
Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мектепке дейінгі тәрбие
орындарындарынан бастау алып келеді. Бала бойына қазақ халқының
рухани құндылықтарын ұялату отбасы мен балабақшаның арасындағы
тығыз ықпалдастықтың басымдығына да байланысты. Отбасындағы тәрбие
мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, себепкер болуымыз
қажет. Балабақшада балаларды отансүйгіштіке баулу, дәстүріне
қызығушылығын арттыру, тілін құрметтеуге, тарихын білуге рухани
құндылықтарды қалыптастыру мақсатында іс-шаралар қйымдастырылып,
тарихи ескерткіштерге экскурсиялар жасалып отырады. «Тарихынды
білмей, болашағынды болжай алмайсың» -деген бабалар сөзі бар.
Сондықтан әрбір адамзат ұрпағына тарихын рухани жаңғырта білсе,
болашағымыздың кемелденуі ғажап емес. Елбасының «Болашаққа бағдар:
Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша қазақ халқының
жүрегіне рух ұялатып, күш берді. Оның әр жолында келешектің қадамы,
болашақтың бағдары жатыр. Елбасы бізге бағыт көрсетіп, міндет
жүктеді, тек соны қолдап-қуаттауымыз қажет. Адамгершілік рухани
құдылықтарға бай, болашақты бағдарлап, жаңғырта алатын ұрпақтармыз
көбейсін!