жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Рухани жаңғыру-ұлттық жаңғыру"
Қызылорда облысы
Қазалы қаласы
№1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасыының
меңгерушісі Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы
«Рухани жаңғыру-ұлттық жаңғыру»
«Рухани жаңғыру-әлеуметтік тұрғыдан теңестірліген ұрпақ таңдауы»
Н.Ә.Назарбаев
Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа жодауы біздің еліміздің 30 елдің қатарына қосылу жғдайында жасалып жатқан үлкен еңбек. Осы мақсатта біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі-саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі ол –әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып ғана қоймай, олардың өзегіне айналады»,-дейді Н.Ә.Назарбаев. Рухани жаңғыру жайында толғанбайтын, ойланбайтын адам кемде кем шығар. Бұл жөнінде зиялы қауым өкілдері де ғалымдар да өз пікірлерін ақпарат құралдары арқылы беріп жатыр. Мұндағы үлкен мәселе Жаһандану жағдайында мәдениетіміз тіліміз бен дініміз, салт-дәстүрімізді сақтап қала аламызба? Жаһандану жағдайы әсер етпей ме? –деген күдік. Рухани жаңғыру жолында біз санамызбен рухымызды да жаңғыртуымыз қажет екені маңызды.Біз рухани байлығымыз, тіліміз бен дінімізді мақтан тұта отырып мәдениетіміздің жауһарларын ұлықтай келе, әлемге таныту жолында тынбай еңбек етуге міндеттіміз. Елбасымыз ел мен жер үшін аянбай қан төккен ата-бабаларымыздан қалған жерімізге немқұрайлы қарауға болмайтынын табиғатымызды барынша аялап, қорғай білу әрбір азаматтың борышы екендігін атап өткен болатын. «Ұлттық жаңғыру деген-ұлттық сананың кемелденуі»-деген еді. Біз Қазақстанымыздың гүлденуі үшін ғұмырымызды сарп етуіміз керек. Бұл жолда ең басты қажеттілік- «Білім». Білімді ұлт қана табысқа жететіні белгілі.2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшетініміз белгілі. «Бұл-ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет желісін жетік игеруіне, ең бастысы-қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»-деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өткен болатын. Елбасымыз болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалатынын да атап кеткен болатын. Сондықтан әрбір қазақстандық компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білуі, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттары санатында екенін айтқан болатын. Біздің балабақшамыздың биылғы жылдың басты тақырыбы: Рухани жаңғыру «Туған жер деп аталады. Адам баласының шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, туған жеріне еліне деген ыстықты ықыласы оянары сөзсіз. Балабақшамыздың басты бағыты болашақ ел ұрпақтарын елін жерін сүюге, табиғатын қорғауға жетелеу және өз шама шарқына еліміздің абаттануына ат салысу яғни еңбекке балабақшадан бастап баулу. Бізден осындай тәлім-тәрбие алып ұшқан бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған соң да көргенін, үйренгенін жасайтынына біз сенімдіміз. Елбасымыздың: «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс-біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді»-деген керемет сөзі ойға оралады. Сонымен қатар Елбасымыз «Цифрлы Қазақстан» жобасын да ерекше тілге тиек етеді. Яғни бұл еліміздің заманауи цифрландыруға толықтай көшу керектігін айқын аңғартады. Мысалы: балабақшалардың ортақ мәліметтері қор базасында сақталады. Ал бос орындар туралы ақпарат пен электронды кезек автоматтандырылған жүйеде іске асады. Ең тиімдісі, ата-аналар баласына қолайлы балабақшаны өздері таңдайды және ата-аналар баласын үйден шықпай-ақ электронды кезекке қоя алады. Бұл жаңашылдық топтағы жеткіншектердің санын реттеп, артық немесе кем болмауын қамтамасыз етеді.
Цифрлы Қазақстанның тағы да бір ерекшелігі шексіз байланысында. Яғни бірінші бағыт ауыл аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету және транзиттік мүмкінкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт экономика салаларына цифрлы технологияны ендіру. Үшінші-мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші- ІТ мамандарын даярлау болып табылады. Осылайша қарқынды дамыған ел болашақта 80 % компьютерлік сауатты әріп пен санды танитын кез-келген Қазақстандық интернетпен жұмыс жасай алады деген сөз. Үйден шықпай-ақ кез-келген коммуналдық қарызды төлеп, арыз-шағымды да үйде отырып жазуға болады. Жалпы жаңа технологиялардың пайда болуы қызметтің жоғары сапасы әрі тез көрсетілуіне мүмкіндік береді. Осы мақсатта халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін Білім және ғылым министрлігі тарапынан бірқатар бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы: Мектептерге «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізіліп, осы салада білім граннтары көбейтілген. Білімге деген ерекше көзқарас, оны асқан құндылық деп тану -біздің қанымызда бар қасиет. Бұл қасиет елдік қағидаға, ұлттық мінездің ажырамас бөлігіне айналуы шарт. Себебі, бұл-қазіргі технологиялық революцияның талабы. Рухани жаңғыру педагогтар үшін өте маңызды. Мұндағы басты трек-ұстаздар қауымы. Бұл ретте мектеп ұстаздарымен қатар балабақша тәрбиешілеріне де артылар жүк баршылық. Балабақша бүлдіршіндеріне үш тілді меңгерту мен дүниетанымын, зердесін ашуға үлкен көңіл бөлінеді.
Тәрбиешінің басты мақсаты –балаларды балабақшадан баптап ұшыру, кемел келешекке санамен таразылап, терең білімге құштар балаларды тәрбиелеу. Осындай өрісті кемелдендіруде Елбасының Рухани жаңғыруы идеялық бағдаршам бола алады. Сондықтан балабақшада семинар-тренингтер мен ашық оқу қызметтерін өткізіп балаларды бәсекеге қабілеттілік қасиетін шыңдауға жұмыстарды көптеп ұйымдастыру қажет. Рухани жаңғыру жолында біздің №1 «Ақерке» бөбекжай-балбақшасында да көптеген тындырымды жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді. Мысалы: Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде дөңгелек үстел. «Мен өз елімнің патриотымын!»-мерекелік іс-шарасы, «Тарихы тұнған Қазалы» тарихи орындарға саяхат, «Тіл –тірегің, соғып тұрған жүрегің!», «Ата салтым-асыл қазынам» рухани жаңғыру мақсатындағы кеңейтілген ашық оқу қызметі. Ғ.Мұратбаевтың қазалы қаласындағы мемориалдық мұражайына балабақша бүлдіршіндерінің танымдық экскурсиялары т.б. ұйымдастырылып келеді. Ал ата-аналар тарапынан балабақшамен тығыз байланысып, өткізілетін іс-шараларға ат салысу арқылы өз үлестерін қосу жолға қойылған. Осындай іс-шараларды үздіксіз жүргізіп отыру ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген