Материалдар / "Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар" бағдарламасы бойынша өткен кештің сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар" бағдарламасы бойынша өткен кештің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий тәрбие саласы бойынша жұмыс атқаратын барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
1282
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тарихи-музыкалық, кездесу кешінің сценарийі

Мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шаралар бойыншы қорытынды ретінде тарихи тұлғалар мен ғибратты әңгіме туралы насихат жұмыстарын жүргізу.

Қатысатын сыныптар: 1-11

Жүргізушілер: 1-Берікжанов Бақытжан, 2- Жанатбекова Шырай, 3- Сүйеухан Мәди, 4-Баянбекова Айша.


1.Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
2.Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.
3.Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
4.Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.
4.Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?
1.Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Бүгінгі мерекемен құттықтаймын
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!

2.Мектебімізде өтіп жатқан «Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны» - тақырыбындағы сынып жетекшілер бірлестігінің апталығы аясындағы «Рухани жаңғыру – бабамның өткен жолы, кемел болашағы» кешіне қош келдіңіздер.

3.Бүгін – рух пен сананың, тарих пен тағылымның ұштасқан күні.

1.Бүгін – өткен мен болашақтың астасқан ерекше күн.

4.Бүгін – Елбасымыз басшылығымен қолға алынған ерекше бағдарламаның насихатталу күні.

1.Құрметті көрермен, әрқайсымыз бабадан жеткен асыл мұраны көрген сәтте жүрегіміз шымырлап, соны ұстаған жанның бейнесі көз алдымызға келетін сәтті талай бастан кешіргеніміз анық.

4.Олай болса, қазақ прозасында шоқтығы биік жазушы Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» шығармасы негізінде жасалынған сахналық қойылымға кезек береміз.

САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ


2.Мәңгілік Ел – арманымның асқары.
Мәңгілік Ел – бақытымның бастауы.
Мәңгілік Ел – тарихымның дастаны.
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолға бастады.

3.Мәңгілік Ел – менің аппақ мұратым.
Болашаққа нұрын шашып тұратын.
Мәңгілік Ел – Нұрлы жолы қазақтың
Бар әлемге мойындатар қуатын.

Баршаңызға Зейнолла Мағжанның орындауындағы сазды сәлем жолданады.


1.Иісі Тобықты елінің анасы саналған Айпара ананың рухы елімізбен бірге жасап келе жатқан қасиетті есім екені даусыз. Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасында басымдықтардың бірі қазақ тарихы мен сокралды мекендерді насихаттау болып табылады.

4.Міне, осындай есімдердің бірі – Айпара ана есімі мен ауданымызда орналасқан АНА сокралды мекені тәу етер киелі ұғымдар екені даусыз. Баршаңызға ұсынылатын ерекше монологқа құлақ түруге шақырамыз. Айпара ана.


1.Екі ішектің бірін қатты,

бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!

4.Білгің келсе біздің жайды,

содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре,

одан асқан жоқ дана.

1.Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын

Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын. Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде: Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.

4.Қазақтың қара домбырасын насихаттау мақсатында 1 сынып ата-анасы Қалиев Зейнолланың орындауындағы әсем әнге кезек береміз.


3.Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген. 
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан 
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. 

2.Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз, 
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз. 
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын, 
Қазақтың елі мен даңқты даласын.

Кешіміздің кездесу бөлімін жүргізу үшін ортаға сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Айжан Нығметқалиқызын шақырамыз.

КЕЗДЕСУ СӘТІ


1.Біздің ауыл – батырлар ауылы. Батырлар есімін сонау Сыр бойынан күллі Тобықты елін қасиетті Шыңғыстау бойына бастап әкелген Мамай бабамыздың есімімен байланысты екені даусыз.

2.Ғұлама Шәкәрім Құдайбердіұлының :

Келгені Тобықтының осы маңға.

1780-ге тақағанда.

Елді бастап әкелген Мамай батыр,

Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға – деген жыр жолдары осы сөзімізге тікелей дәлел деп санаймыз.

1.Мамай, Көкенай, Тоқтамыс батырлар туралы аңыз ел ішінде кең таралып, олардан тараған ұрпақ қасиетті бабаларының есімдері алдында тәу ететіні сөзсіз. Алайда біз Мамай атамыздың үзеңгілес інісі, әйгілі Аягөз шайқасында аты шыққан Жуантаяқ Тоқтамыс батырдың туы мен қылышының жетінші ұрпағында сақтаулы екенін біріміз білсек, екіншіміз білмейміз.

2.Назарларыңызды экранға аударып, Тоқтамыс батырдың ұрпақтары аузынан жазылған мәліметке құлақ түруге шақырамыз.

ЭКРАН арқылы көрсетілім болады.


4. Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
1.Менің елім, менің елім — гүл елі!

Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!

6 сынып оқушысы Оралбаева Ақнұрдың орындауындағы әсем әнге кезек береміз.


1.Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным! 

Ақ қанат таңның көрдім мен ғажап ұшқанын.

Көрдім мен сенің мөп-мөлдір айдындарыңды, 

Алатау, Алтай, Қаратау айбындарыңды.


2.Ұлытауыңды, көрдім мен Шыңғыстауыңды, 

Абайдың жыры оқылған мың қыстауыңды.

Гүлденді қазір кең далам иесі болмаған, 

Жамбылдың Қызыл жолбарыс киесі қолдаған.


3.Махамбет сөзі лаулаған Қараойды көрдім, 

Мағжан боп өзі қаулаған дара ойды көрдім.

Мұстафа, Халел, Жақып пен Әлімхандарың, 

Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек, Әлихандарың...


4.Рухсыз жүдеп тұр еді жұтап даласы,

Қайта жаңғырды Отырар кітапханасы.

Түркістаныма Тайқазан — құтым оралды,

Көне Таразым жинады бүкіл адамды.

Қазақ зиялыларының ғибратты жырларын тыңдауға шақырамыз. Әдеби-монтаж.

Абай «Қалың елім қазағым, қайран жұртым»

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

С.Торайғыров «Мен қазақ»

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Ерікті ен даланың құсынша ұшып,

Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп. ...

Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық,

Арасын қоныс қылдым ірге жайып.

Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,

Ер жеттім ен далада лықа байып.

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,

Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.

Кіргені есік, шыққаны тесік болып,

Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

М.Жұмабаев «Түркістан»

Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.

Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны — Абылай ері...

Тұраннан Сарыарқаны бөлек деме,
Түркістан алты алашқа болған Кебе.
Тұранның топырағын құшып жатыр
Кешегі ердің ері көкжал Кене.

Шер батса — кім іздемес туған елін,
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқанын ардагері - қалың алаш,
Тұран да, біле білсең, сенің жерің!

Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі - сол екі су жағасына,
Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!


С.Торайғыров «Әлиханға арнау»

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.

Ел үшін құрбандыққа жанын берген,

Бит, бүрге, қандалаға қанын бергөн.

Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде,

Зарығып алаш үшін бейнет көрген.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалданбаған.

Көркейер қайткенде алаш деген ойдан,

Басқа ойды өмірде малданбаған.

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай алашына қызмет еткен.

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.

Басында ол қарағым тұр ғой дайын,

Тек ұзақ өмір берсін бір құдайым.

Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,

Білемін бүл үш ердің айтпай жайын.

Кешегі қара күнде болмап па еді:

Бірі - Күн, бірі -Шолпан, бірі - Айым!

Солардан басқа кеше кім бар еді?

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын...

А.Байтұрсынов «Оқуға шақыру»

Балалар!

Оқуға бар! Жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да: Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.

Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,

Оянып жан-мақұлық түнде қонған,

Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,

Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.

Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!

Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.


3.Ұрпаққа жетті өзгермей бәз алыстағы үн,

Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!

Құлпырды жерім, қызғалдақ нұрға кенеліп,

Ақындар өлең оқыды жырға бөленіп.


2. Күйшілер шертті Тәттімбет, Құрманғазыдан,

Домбыра – дала шанағына тұнған қазынам.

Ынтымақ, ырыс күйлерін шертіп аймағым,

Қырандай қанат қағады еркін ойларым.

Музыкалық ән шашуға кезек береміз.

Халық әні «Бүлдірген». Орындайтын 4 сынып оқушысы Серікжанова Тоғжан


1.«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында түрлі байқаулар өтіп, елімізде, өңірімізде болып жатқан атаулы даталар аясында сайыстар мен сыныптан тыс шаралар, ашық тәрбие сағаттары арнайы жоспар негізінде өткізілді. Аталған шаралар бойынша қорытынды жасау үшін ортаға мектеп директоры Тілеубай Б.К. шақырылады.


2. «Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен «Туған елдің көрінісі ғажайып» фото байқауында ІІІ орын алған 3 сынып оқушысы АсхатқызыАйым марапатталады.

«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен «Туған елдің көрінісі ғажайып» фото байқауында ІІ орын алған 7 сынып оқушысы Манапова Нұрай марапатталады.

«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен «Туған елдің көрінісі ғажайып» фото байқауында І орын алған 4 сынып оқушысы Серікбосынов Мұхаметжан марапатталады.

«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен «Туған елдің көрінісі ғажайып» фото байқауында бас жүлде алған 4 сынып оқушысы Жанатбекова Шырай марапатталады.


3. «Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен «Ұлылықтың мекені» Шығармашылық жоба байқауында ІІІ орын алған 7 сынып марапатталады.

«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен «Ұлылықтың мекені» Шығармашылық жоба байқауында ІІ орын алған 6 сынып марапатталады.

«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен «Ұлылықтың мекені» Шығармашылық жоба байқауында І орын алған 10 сынып марапатталады.


4. «Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен ашық тәрбие сағаттары байқауында ІІІ орын алған ... сынып жетекшісі ............................. марапатталады.

«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен ашық тәрбие сағаттары байқауында ІІ орын алған ... сынып жетекшісі ............................. марапатталады.

«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен ашық тәрбие сағаттары байқауында І орын алған ... сынып жетекшісі ............................. марапатталады.

«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен ашық тәрбие сағаттары байқауында бас жүлде алған ... сынып жетекшісі ............................. марапатталады.


1. «Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен «Көненің көзіндей жәдігерлер» атты Жәдігерлер байқауында белсене ат салысқан 7 сынып марапатталады.

«Рухани жаңғыру – азаматтық қоғамның эталоны»апталығы аясында өткен барлық шараларға белсене ат салысып, үздік үлес қосқан 7 сыныпқа «Белсенді сынып» номинациясы беріліп, марапатталады.


1.Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш! Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!

2.Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты

Ту көтерер тағы бір таң атыпты.

Жолын таппай, қаңғырған Ел қаншама,

Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.

3.Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.

Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.

4.Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

«Кісен ашып» Құрманғазы күйімен,

Болмысымды бұлжымастай құлыптау.

1.Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру,

Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.

Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.

2.Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,

Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың.

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін мойындату қазақтың.

3.Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.

4.Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,

Ен даланың кең құшағын гүл ету.

Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік –

Бар қазақтың арман-жырын бір ету.

1-4: Асуды асып Қазақстан – ардағым,

Аспанменен астасып тұр арманым.

Ер бастады! Ел қостады! Жарылқа!

Тәңір Ием, Туған Елдің БАҒДАРЫН!

Хор «Астанам, сен үшін!»

1.Құрметті көрермен қауым! Баршаңызға сәттілік тілей отырып, қош сау болыңыздар дегіміз келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!