Байғанин техникалық
колледжі
Рухани жаңғырудың жарқын
жолы
Тақырыбында
БАЯНДАМА
Орындаған:
Туленова.А.Ж
2017 – 2018 оқу
жылы
Президентіміз биылғы өзінің
жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын айтып өтті. Ол
әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында, еліміз үшін
қайта түлеудің маңызды екі жүйесін, яғни саяси реформа және
экономикалық жаңғыруды қолға алмақ. Бұл жобаларды іске асыру
мақсатына жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын
жаңғырып отыруы тиіс. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты
мақсат – міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар.
Рухани жаңғыру тек бүгін басталған жұмыс емес екенін, оның
бастамасы сонау 2004 жылдағы, «Мәдени мұра» бағдарламасы, 2013
жылғы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы көптеген
нәтижелерге қол жеткізгенін айтты.
Елбасымыз – еліміз мықты,
жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін, ұлттық сана туралы,
бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің
салтанат құруы, сананың ашықтығы болуы шарт екенін айтып өтті.
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік
қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Болашақта
ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының
бәсекелік қабілетімен айқындалатыны белгілі.Сондықтан әрбір
Қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге
ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу,
мәдени ашықтық сияқты факторлар адамдардың алға басуына зор ықпалын
тигізеді.Өткен XX ғасыр халқымыз үшін біраз игіліктерін де берді.
Ол кезеңде де елімізде белгілі бір жаңғыру болды, бірақ бұл ұлттың
емес, аумақтың жаңғыруы еді.
Қоғамдық сана жаңғырудың
негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің
заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды
жүзеге асыруымызды да талап етеді.Осы мақсатта елбасымыз алдағы
жылдарға қолға алатын міндеттерін ұсынды: біріншіден: қазақ тілін
біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, екіншіден:«Жаңа гуманитарлы
білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» мұнда яғни тарих,
саясаттану, әлеуметтану, философия,психология, мәдениеттану және
филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беру,
үшіншіден: патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа,
қалаң мен өңіріңе, яғни туған жерге деген сүйспеншіліктен
басталады, сондықтан «Туған жер» бағдарламасында қолға алу керек
екенін атап өтті. «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизнің
нағыз өзегіне айналмақ. Елбасымыз тағы да XXI ғасырдың жаһандық
картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек,
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын да ұсынды. Әлем
бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы бастамаларымызбен ғана
емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы қажет деді.Мұндағы мақсат
– ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін
шетелдерде оларды таныстыру.Осылайша мың жылдық тарихымызда төл
мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады.Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы
өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана
емес, бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар
аудару мақсатында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын да ұсынып
отыр. Бұл жобада – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің
әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің
тарихы.
Мемлекетіміз әрі қарай даму
үшін,өмір сүру үшін заман ағымына сай саналы түрде бейімделуге
қабілетті болу керек. Мына жаһандық жаңа заманда көш бастаушы елдер
қатарынан көріну үшін алдымызда заманға сай жаңғыру міндеті тұр.
Сол міндетімізді абыройлы атқаруға өз үлесімізді қосуға
шақырамын.