РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек ретінде сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі:

9-қазан, 2019 жыл

7 «А» сынып жетекшісі:

Э.Т Шенгельбаева

Тақырыбы:

РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ

Мақсаты:

Оқушыларды басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,

әдет – ғұрпын, дінін сыйлауға баулу

Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылар топта идеяларымен бөлісе отырып бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді

  • Барлық оқушылардың пікірін тыңдай отырып, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді

  • Оқушылар басқа ұлттардың мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйренеді

Өткізу формасы:

Түсіндіру, видеокөрсетілім, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Ресурстар:

видеокөрсетілім, интерактивті тақта, слайд, эпиграфтар, тақырыбы, суреттер, слайд.

Әдістер:

«Тілектер» сергіту сәті, «Сөйлемді жалғастыр...» (кері байланыс)



Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

Кіріспе


Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады




Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Тілектер» сергіту сәті (әрбір қатысушы тілегін білдіреді.)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.


Топқа бөлу

Сыныпты үш топқа бөлу (татулық, бірлік, келісім)

Әр топ өз тобының тақырыбын ашу керек. Пікірталас алаңын құру.


Топқа бөлінеді

Түсіндіру, ой қозғау

1992 жылдың 18 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматыда Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өтті. Сол күні съездің қатысушылары 18 қазан күнін Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері бұл мереке адамгершіліктің, толеранттылықтың және түсінушіліктің символы ретінде және жақыныңа қайырымдылық жасап, көмек көрсету күні болып жыл сайын атап өтіледі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында да ұлтаралық татулықты нығайта түсуге, ұлттың бірегейлігін, мәртебесін сақтауға ерекше көңіл бөлінген. Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу.

Рухани келісім күні - татулықтың бастауы. 1992 жылдан бері мерекеленетін атаулы күннің маңызы зор. Өйткені 17 конфессия мен 140 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек. Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні. Осымен 27-шы рет елімізде аталып өтіп отырған бұл күн негізінен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы белгілеген мерекесі.


2003 жылы – І Съезд

2006 жылы – ІІ Съезд

2009 жылы – ІІІ Съезд

2012 жылы – ІV Съезд

өтіп оған буддизм, индуизм, ислам, проваслав, католик, протестант, конфуций және басқа да дін өкілдері үн қатты


Тақырыппен танысады, сұрақтарға жауап береді.

Жаңа ақпараттар

Миға шабуыл

«Рухани келісім күні» видеокөрсетілім көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=BTGhTLZP8d8


Интерактивті тақтадан видеокөрсетілім көргеннен кейін өз пікірлерін айтқызу. Ал, балалар, бейнежазбадан не ой түйдіңдер


Тақтадағы суреттер туралы ойларың?


Бейбітшілік пен келісім сарайы туралы кім айтып береді?


Жаңа ақпараттар алады. Өз ойларымен бөліседі


Сұрақтарға жауап береді

«Менің түсінгенім...» (топтық жұмыс)


Әр топ тақырыптарын ашады. Постер құрастырады. Қорытындылайды


Топтар өз жұмыстарын салып, сол туралы қысқаша түсінік береді, жұмыстарын қорғайды

Кері байланыс

«Сөйлемді жалғастыр...» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алу.

Менің бүгінгі тәрбие сағатынан түсінгенім...

Менің ойымша...


Оқушылар кері байланыс береді

Қорытынды

«Ұлттардың қасиеті ұлт тілінде, дінінде, тарихы мен мәдениетінде, салт – дәстүрінде, олар жоғалса, ұлт – ұлт болудан қалады»

Б. Момышұлы

Рухани келісім күні

баршамызды ұлтқа

және діни наным – сенімге қарамастан, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім үшін біріктіреді



Мен қорытындыласам...



Оқушылар сабақта алған әсерлерімен, ойларымен бөліседі













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2019
1127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі