Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Рухыңа болашақ бас иетін, Ұмытылмас –ерлігің ,қасиетің!»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Рухыңа болашақ бас иетін,
Ұмытылмас –ерлігің ,қасиетің!»
Әнұран орындалады
1-жүргізуші: Құрметті, осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн - ұлы күн әр адам үшін өте маңызды күн.Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбастарыңызға бақыт,бірлік, береке тілейміз.
2-жүргізуші: Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр – азат күресінің айбынды күні. Жеңіс күні, бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құрамы.
Күрескердің амалы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекесі бұл оның.
Мұғалім:
Жеңісті жақын еткендер.
Тым ерте сөніп кеткендер ,
Сөнбейтін алау барына
Мәңгілік сеніп кеткендер.
Ел үшін құрбан болғандарың үшін,
Мәңгілік үнсіз қалғандарың үшін.
Мәңгілік от болып жанғандарың үшін,
Еске алып,1 минут үнсіз тұрайық.
«Қазақ биі»
1-жүргізуші: Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. Ұлы Жеңіс күнімен, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер күні мерекесімен педагогикалық ұжымды,қонақтарды және білім алушылар қауымын құттықтау үшін сөз кезегі біздің мектебіміздің директоры Каржаубаев Руслан Молдабайұлына беріледі.
2-жүргізуші:
Соғыс өтті жалмап талай
өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз
төгілді.
Соғыс аты естілгенде
құлаққа.
Елестетер қара тажал
өлімді,
Келді міне,күндей жайнап гүл
көктем.
Самал желі шашты тарап,бетті
өпкен,
Ұмытуға хақымыз жоқ
оларды.
Олар біздің бақыт үшін қан
төккен,
Өткізді олар сызды окопта
күндерін.
Елестетем қанды кешіп
жүргенін,
Естігендей болам жаудың
шебіне.
Атой салған сарбаздардың
үндерін.
Ән: «Қазақ қызы» орындайтындар Бітімбай Ернұр мен Нәби Мадияр
1-жүргізуші: Жеңіс күні, Жеңіс
жыры
Асқақтата
шырқалсын.
Ардагерлер
қалауы
Мәңгі өшпесін
алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы, -дей отырып
осы Жеңіс күніне арнаған біздің
оқушыларымыздың әдеби музыкалық
монтаждарын тыңдаңыздар..
Ақнұр: «Жеңіс,Жеңіс»-желісі дастанымның,
Жырым бөлек,сырым да басқа бүгін.
Туғандар 45-тің көктемінде
Немере көріп сүйер жаста бүгін.
Тұрғандай болғанда өмір сең үстінде,
Хабары жеткен жұртқа жеңістің де.
«Біз жеңдік!», «Жау жеңілді!», «Жеңіс!»деген
Шаттық үн шарықтаған ел үстінде
Аяжан: Қаһарлы, қатал күндер дауылды еді,
Жайратқан жауын жаншып жалынды ері.
Жеңіс құны – ел үшін құрбан болған,
Одақтың 20 миллион жауынгері.
Аямай аяулы өмір – жүрек қанын,
Жүрді әкелер ішінде сын-оттардың.
Жеңіс құны – Сұлтандар кеткен өліп,
Төсін төсеп аузына
ДЗОТ-тардың.
Мадияр: Ұран сап: “Жау жағасын жыртысып
қал!”
Шайқасқан қалғанша әлі жұлқысып бар.
Жеңіс құны – Жаннасын жырлап жатып,
Көз жұмған арманда боп Бұлқышовтар.
Қайғысы мен мұңы көп жариялар,
Бар әлі ұлын күткен қариялар.
Жеңіс құны – бір гүлі ашылмастан,
Шаһит болған Мәншүк пен
Әлиялар.
Бекұлан: Жеңіс бізге
солармен жеткен еді,
Ол кезде де осындай көктем еді.
Ол кезде де жадырап жасыл әлем,
Күнде нұрын көбірек төккен еді.
Қан майданда қайтпаған беріспеген,
Ерлік қанша ғаламат ер істеген.
Соғыс салған жүректе із қалғанмен,
Тұрар мәңгі ұлы ту Жеңіс деген!
Гүлсая:Нарттай жанған жүздері асыл адам,
Соғыс отын көрсе де жасымаған
Айналайын ардагер қарттарым-ай,
Шежіре жатыр қаншама ашылмаған.
Кезінде өмір жүгін арқалаған,
Жүзінен қашанда нұр тарқамаған.
Олар барда байлық та,береке бар,
Тарихтың күмбезіндей жарқыраған.
Меруерт:Аты өшсін кешегі аза күннің,
Қанын төккен екі миллион қазағымның.
Бозбаланың жастығын соғыс алса,
Жүректегі жарасын жазады кім?
Жауды женген майдангер-дарасыңдар,
Жылдан жылға азайып барасыңдар.
Ерліктерің өшпейді ел есінде,
Ұрпақтарға үлгі боп қаласыңдар.
Перизат:Қыршынынан ел үшін қиылғандар,
Біздіңше аты өшпейтін ұлық жандар.
Сарбаздардың тербеліп жанарында
Шығыстан қып-қызыл боп атқан таңдар.
Сол бір жылдар қасіреті қазақтың,
Қара қағаз келген шақ па?Азап күн.
Солай,солай ауыр күндер өтті де,
Халық күткен Жеңіс таңы аттың.
2-жүргізуші:«Катюша» салды әуенін жан түршігер,
Түскен жері от болып салар сүрең.
Жаңа қару айналды ғашық әнге,
Солдаттарды сергітті ғажап өлең.
Би: «Катюша»
1-жүргізуші: Бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында .Жеңістің міне 73-көктемі де келіп жетті.
73 жыл-бейбіт көктем таң атқалы,
73 жыл-шуақты күн таратты әні.
73 рет- көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2-жүргізуші: Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе.
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға! ,- дей отыра Ұлы Жеңіс күніне арналған көріністің куәсі болыңыздар.
1-жүргізуші: Көрініс «Соғыс қасіреті»
(Жаздың жаймашуақ күні.Есік алдында балалар асық ойнап жүр.Үй сыртында әжесі ұршық иіріп ән айтып отырады.Атасы,көрші өзара әңгімелесіп отыр.Сол кезде бір көрші әже келеді.)
Көрші әже:(Аяжан)«Маржан-ау,қуаныштарын құтты болсын.Үйдің шаруасын өзің білесің,бағана шығайын деп ойлап едім,әлі жүрмін саған жете алмай.Үлкен немерең мектеп бітіріп қуанышты болып жатырсың ба?Дастарханыңды жай ,ауыл аймаққа тойыңды жаса.Осындайда шабылмағанда қашан шабыласың?
Әжесі:(Тахмина)Рахмет,рахмет,Хадиша.Шақыр,шақыр ауылды!Бір тойым бар,той жасаудан қазақ қашқан ба?
(Сахна сыртынан жүрегі қуанышқа толы үлкен немересі әжетайлап мектеп бітіргеніне қуанып жүгіріп келеді.)
Немересі:(Диана) Әже,әжетай!Бүгін менен бақытты адам жан жоқ.Мен мектеп бітірдім ,әже.Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.
(Әжесін еркелей
құшақтайды)
Әжесі:(Тахмина) Талабыңа нұр жаусын,арманыңа
жет,балам!
Маңдайынан сүйіп қасына отырғызады.Әкесі жымиып,салмақты кейіпте пышағын қайрағын отыра береді.Келіні ыдыс алып келе жатып радиодағы хабарды естіп тұра қалады.
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4 - те Неміс
фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау
туралы шартты бұзып, біздің еліміздің аумағына басып кірді.Герман
елшісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде
дәлелдеді.
(Қолынан ыдысы түсіп кеткен
келін жылап бетін жабады)
Әжесі:(Тахмина) Қарғыс атқыр Гитлер,нең бар еді бізде,Бейбіт жатқан елде.
(Жүгіріп бір бала келеді)
Бала:Аға, сізді ауылдық кеңеске шақырып жатыр (Қолындағы қағазын жігітке береді).Тез жиналсын деп жатыр.
Әжесі:(Тахмина) Бұл не қағаз,қарағым-ау?
Әкесі(Ернұр):Әскери коммиаратқа шақырту қағазы.
(Әскери музыка ойнап тұрады)
Немересі:(Диана) Аттан әке,
Сен қазір аттанасың.
Жауынгердің рөлін атқарасың .
Неге бізге үмітсіз тесілесің.
Аттан,әке,жолыңнан кешігесің ,
Кеудесінде жаны бар пақырларың
Тауып жейді сенсіз де несібесін.
(Әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі(Ернұр):(Қолындағы бір жасар баласын үлкен баласына беріп тұрып)
Тыңда балам,тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам,сәби інің-
Барлығы саған аманат.
Әжесі:(Тахмина) (Баласын сүйіп келініне қарап)
Оралсын аман жеріне ,
Көріссін туған елімен.
Келін-ау,көздей қалтаға .
Топырақ сап беріп жібер.
Келін (Меруерт): (Қалтаға салған топырақты беріп)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді.
(Жар соңынан жылап қалады)
(Әскери комиссиарат алды...Ағылған халық ,бәрі соғысқа жіберуін сұрауда.)
Комиссиар(Дамир): Жігіттер,сапқа тұрыңдар!
Нысанбаев,Жақсыбаев,Қайырғалиев,Баймұрзин,Қажығұлов.
Жігіттер,Отанымызға неміс фашистері кенеттен соғыс ашты .Сендер Отанымызды қорғау үшін Мәскеу қаласының сыртында орналасқан Соколов деревнясына арнайы әскери даярлыққа барасыңдар.Жігіттер ,елімізді фашистерден қорғайық!
Солдаттар: Қорғаймыз!
Ана:(Ақнұр)
2-жүргізуші: Бұлт торлады аспанды
Қара жер қанға ластанды
Зеңбірек атып жан - жақтан,
Осылай соғыс басталды.
1-жүргізуші:
Жер мен көктің
арасын
Шарпығанда қалың өрт,
Әлия орыс қаласын.
Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ,
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ,
Батыр қызы Қазақтың!
2-жүргізуші : Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында
Мені ал,мені ал деп алуан гүл,
Қолына оның таласуда
Тығылып гүл омырауға,
Сұрағандай жанға сауға
Ант еткендей тұрды Мәншүк
Гүлді жауға таратпауға.
Макен Ғарифолланың орындауында «Қазақ жігіттері» әні
2-жүргізуші:
Қамықпаған қиындықтың
үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың
гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып.
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс
күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың
сыңары,
Жігерменен құштарлықтың
құралы.
Күрескердің арманы мен
ұраны,
Қуаныш пен мерекенің
бұлағы.
«ӨЗБЕК БИІ»
1-жүргізуші: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте!
2-жүргізуші:Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,
Жастық күйреп,халық сиреп көнерді,
Жарақат алғандардың күшіменен
Өркендеттік өмір менен өнерді.
Ән: «Сарбаздар» орындайдындар Шүкірәлі Ақнұр мен Қайрат Диана
1-жүргізуші: 9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мереке, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі.
2-жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алады.
1-жүргізуші: Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
2-жүргізуші: Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады-осымен Ұлы Жеңіс күні мен Қарулы күштер
мерекесіне арналған тарихи кешіміз
аяқталды.
Еліміздің іргесі берік, еңсесі биік болсын!
1-жүргізуші: Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын! Сау болыңыздыр!
Хор «Атамекен»