Сүйінбаева Жанаргүл Қазтөреқызы
Ақтөбе қаласы № 32 «Қуаныш» мектепке дейінгі ұйым тәрбиеші
С дыбысы және әріпі
(Ашық қаралым)
Білім беру саласы: «Коммуникация , Таным, Шығармашылық»
Бөлімі: «Сауат ашу негіздері, Сөйлеуді
дамыту, Аппликация, Музыка»
Тақырыбы:
«С дыбысы және
әрпі»
Мақсаты:
Балаларды С дыбысымен және әріпімен
таныстыру. «С» дыбысының айтылу артикуляциясын, дыбыстық талдау
жасауды, буынға бөлуді, басқа дыбыстан ажырата білуді үйрету. Ойын
арқылы сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін арттыру.
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, білімпаздыққа
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
слайд, ойыншықтар, суреттер,
текшелер,
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету,
ойын
Ұйымдастыру
кезеңі:
- Балалар бәріміз ортаға шеңбер құрайық.
Бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын
сезінейік.
Шаттық
шеңбері:
Сәлем дейміз
достарға,
Сәлем дейміз
құрдасқа,
Сәлем дейміз
ұстазға,
Сәлем дейміз
қонаққа.
Айымыз ашық
болсын,
Туымыз биік
болсын.
Халқымыз тату
болсын,
Балалар аман
болсын!
Тәрбиеші: (қолындағы сылдырмақты артына
жасырып сылдырлатады)
- Балалар, бұл ненің
дыбысы?
Балалардың жауабы
Тәрбиеші: бұл сылдырмақтың дыбысы (сылдырмақты көрсетеді) Аты-сылдырмақ. Кәне, бәріміз сылдырмақ- деп айтайықшы
Балалар: сыл-дыр-мақ
Тәрбиеші: сылдырмақ дегенде қандай дыбыс естіледі?
Балалар: с дыбысы
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы бар ма?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түспен белгілейміз?
-Қандай әріптерді білеміз?
Балалардың жауаптары (сұрақтарға жауап береді, өтілген әріптерді атайды.)
Ойын: «Сиқырлы сандық»
Мақсаты: өтілген әріптерді еске түсіру, әріп пен дыбыс туралы білімдерін жетілдіру. Ойын ойнай отырып суретті тануға және суретке қарап сөйлей білуге, толық жауап беруге үйрету. Дыбыстық талдау жасауға баулу. Зейінділікке, аңғарымдылыққа, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Тәрбиеші:
-балалар, менің бір сандығым бар еді (сандықты балаларға көрсетеді), бірақ қалай ашарымды білмеймін , сендер маған сандықты ашуға көмектесесіңдер ме? Мен бір жұмбақ білуші едім соны сендерге айтайын, ал сендер жұмбақты шешіңдер, бәлкім сандық ашылар. Жарай ма?
Затыңды аман
сақтайды,
Ішіне адам батпайды.
(сандық)
Тәрбиеші: Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер.
Сиқырлы сандығымыз ашылды.
Тәрбиеші: енді ішінде не бар екен көрейік. Сандық толы ойыншықтар. Тәрбиеші бір баланы шақырып, бір ойыншықты алуын өтінеді. Бала сандықтан бір ойыншықты алады, сол ойыншықтың атын атайды және қандай дыбыстан басталып тұрғанын анықтайды. Буынға бөледі. Мысалы: (торғайдың суреті, Т дыбысынан басталады, дауыссыз, көк түспен белгіленеді, тор-ғай, 2 буыннан тұрады). Дауыссыз дыбысты айтқан бала үстел үстіндегі көк текшенің жанындағы орындыққа барып отырады.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! Енді мына суреттерге қарайық. (слайдпен жұмыс)
Бұл ненің суреті,
балалар?
Балалар: Сағаттың
суреті.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бұл сағат. Сағат
адамға не үшін
қажет?
Балалар: Уақытты білу
үшін.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Сағат сөзін
бәріміз бірге
айтайықшы?
Балалар:
Сағат.
Тәрбиеші: Сағат сөзін айтқанда басында қандай
дыбысты естіп
тұрсыңдар?
Балалар: «С»
дыбысы.
Тәрбиеші: Бүгінгі біз «С» дыбысы және
әріпімен танысамыз.
«С»дыбысы жайлы түсінік беру. С әріпінің
жазылу таңбасымен, «С» дыбысының айтылу артикуляциясымен
таныстыру.
Ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл
тістерге тиіп, арасынан «с» дыбысы қысылып
шығады.
- Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің
астына қойып «С»дыбысын
айтайықшы.
Барлығы бірге «С» дыбысын қайталап
айтады.
-«С»дауыссыз дыбыс (балалар
қайталайды).
- Дауыссыз дыбысты қандай түспен
белгілейміз?
- Көк түспен
белгілейміз.
Тіл ұстару
жаттығулары:
Са - са - са -
ұстап алдым маса.
Се - се - се -
сынды неше кесе.
Ес - ес - ес -
пышақпен нан кес.
С» дыбысынан басталатын сөздерді
атаңдаршы.
- Сағат, сәбіз, сырға, сақина, сандық,
сырмақ, сауысқан,сиыр, сегізаяқ, сан,
сорпа.
- Жарайсыңдар, енді сағат, сәбіз деген
сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан
тұрады.
- Са - ғат - екі буыннан, екі дауысты
дыбыстан тұрады. Сә - біз – екі буыннан, екі дауысты дыбыстан
тұрады.
Ойын: «Суреттерді
тіз».
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтауға үйрету. Әріптерді бір-бірінен ажырата білуге, оларды жатқа тани білуге үйрету. Аңғарымдылық, жан-жақты бағдарлай білу қабілеттерін қалыптастыру, дұрыс сөйлей білуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Әр түрлі
дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бірнеше
суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына
суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай
топтастыруын сұрайды. Мысалы: С дыбысынан басталатын суреттерді
топтастыру немесе сызып
көрсету.
Сергіту
сәті (музыкалық әуеннің сүйемелдеуімен би
қимылдарын балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша орындайды. С дыбысы
бірінші айтылатын сөздерді айтып, соған сәйкес қазақы нақышта би
қимылдарын жасау )
Тосын сәт. Бір кезде есік қағылып, топқа қазақтың ұлттық киімін киген қыз келеді.
Қыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар және қыз бір-бірімен амандасады)
Мен ауылдағы әжемнің үйінен келе жатырмын. Бүгін «Түймедақ» тобында бір тамаша жиын болып жатыр дегенді естіп, дереу жолға жиналып осында жеттім. Кешігіп қалған жоқпын ба?
Тәрбиеші: Қандай тамаша! Төрлетіңіз, жоқ кешіккен жоқсыз. Біздің балалар сізді көргеніне қуанышты. Атыңыз кім болады?
Қыз: Менің атым-Сұлушаш. Ал, балалар сендердің аттарың қалай аталады?
(Балалар аттарын айтады)
Сұлушаш: Танысқаныма сондай қуаныштымын. Айтпақшы, балалар менің қолымдағы дорбамда бір керемет дүние бар. (затын дорбадан шығарады) Әжем екеуміз сырмақ жасағалы жатыр едік, кенеттен осында келіп қалдым енді осы сырмақты аяқтауға сендерден көмек сұраймын. Маған көмектесесіңдер ме? Мен екі сырмақ жасамақшы едім. Біреуі өзіме, ал екіншісі достарыма.
Тәрбиеші: әрине, Сұлушаш, біз саған көмектесеміз. Балалар қараңдаршы, бұл не екен? (балалар сырмаққа мұқият қарайды)
Тәрбиеші сырмақ туралы айтып, балаларға түсіндіреді.
Сырмақ-қазақтың ұлттық бұйымы. Ол киізден бетіне ою салынып жасалады. Сырмақты жарға ұстауға және жерге төсеуге де болады. Балалар, мұнда әр түрлі етіп ойылған оюлар бар екен. Мысалы: мынау-қошқармүйіз оюы, мынау-ботакөз, мынау-қазмойын, ал мынау-қызғалдақ оюы. Бұл оюларды ыңғайлы етіп Сұлушашпен бірге орындаймыз. Енді балалар сырмағын бітіруге Сұлушашқа көмектесейік.
Балалар екі топ болып сырмақ жасауға кіріседі. Қазақша күй ойналып тұрады. Тәрбиеші мен Сұлушаш балалардың жұмыстарын бақылап, жеке балалармен жұмыс жүргізеді.
-Ал, енді балалар жасаған сырмағымызды Сұлушаш қонағымызға көрсетейік.
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап, жұмысты балалардың өздеріне бағалатады, сұрайды.
Сұлушаш:Ой, балалар, сендер маған қандай әдемі сырмақ жасап бердіңдер, рахмет сендерге! Мен бір сырмағымды сіздерге бергім келеді сендер менің нағыз достарымсыңдар. Енді мен қайтайын, әжем күтіп қалған шығар, сау болыңдар, балалар! (балалар Сұлушашпен қоштасады).
Тәрбиеші: - Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар. Сендерге болашақта он саусағынан бал тамған шебер болыңдар деп, өзімнің қолымнан шыққан мына бір кішкенке бұйымымды тарту етемін.
Ортаға келіп тұрайық,
Көріскенше күн жақсы.
Шеңберді біз құрайық. Сау - саламат
болайық!

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз