Ш дыбысын автоматизациялау (Тышқанмен саяхат)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ш дыбысын автоматизациялау (Тышқанмен саяхат)

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мамандарына
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырып:«Ш» дыбысын автоматизациялау.(Тышқанменсаяхат)

Мақсаты:«Ш» дыбысын буын және сөз ішінде анық айтуға үйрету.

Міндеттері:

Түзете –білімділік:«Ш» дыбысын буын және сөз ішінде анық айтуға үйрету.

Түзете-дамытушылық:«Ш» дыбысының артикуляциялық позициясын көрсетуге үйрету.

«Ш» дыбысын дұрыс шығаруға көмектесу, үйрету. Түрлі ойындар арқылы таным процестерін дамыту. Ұсақ саусақ моторикасы мен жалпы маториканы сергіту сәттері мен ойындар кезінде дамыту.

Түзете-тәрбиелік:Бірлесіп жұмыс істер кезде талпынып, алға ұмтылуға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: Ағаш, алаша,тышқан, шар.

Көрнекіліктер: Дидактикалық материалдар, слайд шоу.

Қостілдік компонент:Ағаш-дерево, тышқан-мышь, шырша- елка.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Амандасу

- Сәлеметсіңбе, Зухра!

- Көңіл күйің қалай?

-Зухра, біз бүгін ерекше сабақ өткіземіз. Саған қонаққа ертегілер әлемінен бір кейіпкерімен танысамыз және бірге саяхаттаймыз. Ол кім екен? Кәне мен саған айтып көрейін, сен шешуге тырыс. Ол ірімшікті жақсы көреді, мысықтан қорқады. Ол не?

2.Артикуляциялық жаттығулар

-Қазір тышқан жаңа оянды. Далаға шығып қараса далада жел соғып тұр екен. Есіктің алдын қар басып қалыпты. Кәне, қарды тазалайықшы. «Күрекше» жаттығуын жасаймыз.

Қарды тазалап біткен соң біраз жылыну үшін шәй ішіп алды. «Кесе» жаттығуын орындаймыз. Тосап жеп отырып ол еріндерін бұлғап алды. Ернімізді тазалайық. «Тәтті тосап» жаттығуын жасаймыз.

Тышқан сыртқа шықты. Далада қатты жел соғып тұр. Қалай жел соғады? «Түтікше» жаттығуын жасаймыз.

3. Логопедиялық массаж.

-Біз үрлемес бұрын «Ш» дыбысын айтқан кезде тіліміз, ерніміз қалай орналасатынын еске түсірейік.

Дыбысты қою:

Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, бүйірлері жоғары азуларға тиеді. Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді. Тістер не қысылған, не жақындаған кезде арасында 1-2 мм санылау қалады тыныс тілдің арасынан бір қалыпты шығады: алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі.


4.Демалу жаттығулары. (Дельфа -142 логопедиялық тренажер арқылы)

«Қатты жел».

-Зухра, қандай дыбыс естідің? Қайталашы? Жел болып үрлеші. (Терең дем аламыз, шығарғанда үстел үстіндегі жапыраққа үрлейміз.

5. Буындарды атау.

-Тышқан серуендеп келе жатса, жүгіріп барып тығылған қоянды көреді. Тышқан қорқып тұрғанын байқамай, қарны ашып тұр екен дейді. Қоянның не жейтінін білмейді және тілінде түсінбейді екен. Тышқан өз тілінде бірінші жапырақты ұсынып, -ша, -ша, -ша –дейді. Оған қоян үндемейді. Сол кезде тышқан алмұртты ұсынып, - шу, -шу, - шу, дейді. Оған да қоян ештеңе айтпайды. Тышқан енді сәбіз ұсынады –ши, -ши, - ши дейді. Сонда қоян сәбізді алып алып, өз тілінде –ша, - ши, -шу, - шу, - ши, - ша деп қашып кетеді.

Біраз серігіп алайық.

6.Жалпы моторика және қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.

Тонса біздің денеміз,

Тоңды киіп аламыз,

Тонса біздің қолымыз,

Қолғап қиіп аламыз,

Сарт-сарт-сарт.

Тонса біздің аяғымыз ,

Етік киіп аламыз,

Топ-топ-топ

Топылдатып билейміз.

Зу-зу-зу

Шанаменен зулаймыз.


-Ары қарай мысық жол жүргізбей тұр екен.Енді мысықтың тапсырмасын орындайық .

7.«Мен бастаймын, сен аяқта»дегенойынойнайық.

(Суреттер бойынша)

Аға-шшш-дерево

Шыр-ша-елка

Тышқан-мышь

Қарлыға-шш

Ша-на

Шәй-нек

Қызыл-ша

- Жарайсың, мысықтың кедергісінен өттік. Енді тышқан үйіне қайтайын десе жолды ұмытып қалыпты. Жолды табуға көмектесейік.

8.Ұсақ саусақ маторикасына арналған тапсырма. «Жолды тап»

  • Жарайсың, тышқанға үйін тауып бердің.

Тышқан үйге келіп, тақпағын жаттайды. Кәне, бірге қайталайық.

«Алаша».

Ша, ша, ша

Жерде жатыр алаша

Ша, ша, ша


Алашамыз тамаша

Шық, шық, шық...

Төрге шық!

Іш, іш, іш...

Сусын іш!


-Тышқан көмектескеніңе рахмет айтты. Тышқан демаламын дейді. Ал біз тышқанмен қоштасайық. Сау бол, тышқан.

Қорытынды:

-Зухра, біз бүгін іс-әрекетімізде не істедік? (сурет қарадық, жаттығу істедік)

-Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік?(«Ш»дыбысы)

- Жақсы, Зухра!

Бағалау: Мадақтау.

Үй жұмысы: «Ш» дыбысын артикуляциясын позициясын қайталау. «Алаша» ұйқасты жаттау.







































Жеке ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті


Тақырыбы: ««Ш» дыбысын автоматизациялау»

(Тышқанмен саяхат)










Тексерген:Әдіскер-Жакбарова А.Б

Дайындаған:Мұғалім-логопед-Казисова А.А













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
1353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі