Ш дыбысын сөзде машықтандыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ш дыбысын сөзде машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мамандарына арналған сабақ жоспары. Дыбыс айтуы бұзылған балалармен жеке түзету сабағында қолдануға болатын күнделікті сабақ жоспары. Тақырыбы: Ш дыбысын сөзде машқытандыру, дыбыстың артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, дамыту ойындар көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:3 апта

Тақырыбы :«Ш» дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында машықтандыру

Мақсаты:дыбысты сөзде анық, таза айту

Міндеті:

А) Түзету- білімділік:«Ш»дыбысын сөйлемде анық айтуға үйрету

Ә) Түзету-дамытушылық:ойын тапсырмалары арқылы ойлау, қабылдау, зейінін дамыту,артикуляциялық жаттығуларды жасау арқылы дыбысты дұрыс айтуға үйрету.

Б) Түзету-тәрбиелік: ұқыпты, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңасабақ

Көрнекіліктер:айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, гүлдер.

Іс-әрекет кезеңі

логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңбе?

Көңіл-күйің қалай?

Ауа райы қандай?

Сәлеметсізбе!

Жақсы.

Оқушының жауаптары.

Шаттық шеңбері:

Ашық менің жүрегім

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнап, бір жүрер

Достарым көп, білемін!

Қайталап айтады.

Негізгі бөлім:

1. «Ш» дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуларды жасаймыз. Айнаға қарап жаттығуымызды еске түсірейік. Менің соңымнан қайтала, бәріміз бірге орындайық! Артикуляциялық жаттығуларды орындау:

  • «Жымию»

  • «Кесе»

  • «Сылақшы»

  • «Әткеншек»

  • «Саңырауқұлақ»

  • «Баян»

  • 3.«Ш» дыбысын сөзде машықтандыру.

Ш дыбысын сөздің басында машықтандыру

Шана, шалбар, шам, шаңғы, шар, шалқан, шағала,шахмат,шортан, шыны, шыбын, шырын, шырша, шөп, шуақ, шұбат, шымшық, шкаф, шарф, шаш, шапан, шегіртке, шәугім, шәй, шаңсорғыш, шелек.

Ш дыбысын сөздің ортасында машықтандыру

Бақша,қызылша, ұшақ, қайшы, қуыршақ, оқушы,

моншақ, үйшік, машина, тышқан, жазушы,

ашық, қараша, қолшатыр, қошқар, күшік, раушан.

Ш дыбысын сөздің соңында машықтандыру

Әтеш, ағаш, сызғыш, тоқаш, қарындаш, күріш,

қарлығаш, күш, ұшқыш,ғарыш, тоңазытқыш.

Жаттығуларды айнаға қарап логопед соңынан қайталайды










Логопед соңынан дұрыс қайталау.

Сергіту сәті:

«Ұшты-ұшты» ойыны

Ұшты, ұшты тұлпар ұшты.

Ұшты, ұшты қаз ұшты.

Ұшты, ұшты үйрек ұшты.

Ұшты, ұшты қой ұшты.

Ұшты, ұшты ұшақ ұшты.

Ұшты, ұшты кесе ұшты

Қайталап ,орындайды

Түзету ойыны:

« Сөз ойла, тез ойла»

«Ш» дыбысы бар сөздерді оқушы өз бетімен ойластырып, дыбыстың сөздегі немесе сөйлемдегі орнын атайды.

Қолмен шапалақтайды.

Рефлексия:

Өзіңе ұнаған гүл арқылы бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіңді білдір?

Ұнаған гүлін таңдайды

Қорытынды:

Бүгін қай дыбысқа арналған сөздерді айттық?

Қандай тапсырмалар орындадық.

Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!

Оқушының жауаптары.


Сау болыңыз!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2021
830
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі