Материалдар / Ш-С дыбыстарын сөзде буында сөйлемде ажырату

Ш-С дыбыстарын сөзде буында сөйлемде ажырату

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсатымыз оқушыларға С-Ш тыбысын қою,және сөздерде ажыратуға үйрету
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

[C] – [Ш] ДЫБЫСТАРЫН АЖЫРАТУ



Сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық бұзылуы, акустикалық дисграфия.

Топтық сабақ.

Коррекциялық тақырып : [С]-[Ш] дыбыста¬рын ажырату.

Грамматикалық: ысқырық және ызың дау¬ыссыз дыбыстар.

Лексикалық : « Ертегілер».

Құрал-жабдықтар: суреттер, буындық және сандық кестелер.

Мақсаттар:

1)[с]-[ш] дыбыстарының айтылуын салы¬стыру, анықтау;

2)[с]-[ш] дыбыстарын жеке, буындардағы, сөздердегі орналасудың фонематикалық ажы¬ратуын дамыту;

3)[с]-[ш] дыбыстарын белгілейтін әріптердің жазылуын нақтылап анықтау.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру сәті: бугінгі күн, ай, жыл мезгілі.

II. Артикуляциялық гимнастика.

ІІІ. Негізгі бөлім.

1.«Сабақ» және «шабақ» түсініктерін белгілейтін суреттер.

Бұл сөздер қандай дыбыстармен ажыраты¬лады? Ол қандай дыбыстар?

([С], [Ш] - дауыссыз, қатаң, [с] - ысқырық, [ш] - ызың.) Келесі суреттер: сағат, шана.

Бұл сөздердегі бірінші дыбыс қандай?

[С], [Ш] дыбыстарының артикуляциясын анықтау:

[С] - езу тартып,күлімсіреп, тістердің ара¬сында саңылау қалады, тіл ауыз қуысының түбінде, тілдің ұшы төменгі күрек тістердің артында, ауа тілдің ортасындағы науашамен өтеді, ауа суық, дауыс желбезегі дірілдемейді.

[Ш] - ерінді үйіріп, тіл кесе пішінді қалыпта, дауыс желбезегі дірілдемейді, шыққан ауа жылы.

[С], [Ш] дыбыстары қандай әріптермен белгіленеді?

2. Ертегі кейіпкерлері: Саққұлақ, Таусоғар, Шойынқұлақ, Көлтауысар, Шалқұйрық – бұл қай ертегіде кездеседі?

(Бұл есімдердің барлығында [с]-[ш] дыбыстарының бар екендігіне зейін қойылады).

Атауында [с-ш] дыбыстары кездесетін ертегілерді атаңдар.

(«Ер Төстік», «Шалқан», «Бауырсақ», «Қаңбақ шал», т.б.)

Есімдерінде [с-ш] дыбыстары кездесетін ертегі кейіпкерлерін атаңдар.

(Самұрық, Жиренше, Тасбол, Алпамыс, Шықбермес Шығайбай, Айсұлу, касқыр, т.б.)

Бірнеше сөзді дәптерге екі бағанға жазу, біріншісіне - [с] дыбысымен, екіншісіне - [ш] ды¬бысымен. [С] дыбысының астын бір сызықпен, [ш] дыбысының астын екі сызықпен сызу.

3.«[С] дыбысын ұстап ал» ойыны: құрамында [с] дыбысы бар және [с] ды¬бысы жоқ сөздер айтылады, [с] дыбысын естігенде дыбысты «ұстап алу» - қолды бір рет шапалақтау.

4.«[Ш] дыбысын ұстап ал» ойыны: [ш] дыбы¬сы бар сөзді естігенде дыбысты «ұстап алу»

5.Сөздерде неше [с] дыбысы бар?

(Сәйкес санды көтеріп көрсету: сорпа, асау, самырсын, сынақ, сырласу, астау, сынасу, т.б.)

6.Сөздерде неше [ш] дыбысы бар?

(Сәйкес санды көтеріп көрсету: шынашақ, шойын, монша, шырыш, ұшқыш, топша, тышқан, т.б.)

7.[с-ш] дыбыстары бар сөздермен диктант жазу. Сөздерді үш бағанға жазу: 1- [c] дыбысымен, 2 - [ш] дыбысымен, 3 - [с-ш] дыбыстарымен. (бұыршақ,сырғанаушы, сабау, шошала, сыр,басқыш,сынақшы, пышақ т.б.)

[С] дыбысының астын бір сызықпен, [ш] дыбысының астын екі сызықпен сызу.

8.Буынды мозаика.

Жетіспейтін -са, немесе -ша буынын жазып, толықтыру. (қызылша, таса, қаша, балауса, тұша, маса, қорамса, т.б.)

9.Әріп адасып кетті.

Ысқырық [с] дыбысын ызың [ш] дыбысымен және керісінше алмастыру.

(Шана, сақа, асу, шама, асық, қас, аштық,су, аласа, аш, шын,сөк т.б.)

10. Бүгін қандай дыбыстарды қайталадық? Олар жазуда қандай әріптерімен белгіленеді?

Үй тапсырмасы: [с-ш] дыбыстары кездесетін өсімдік атауларын ойлап, дәптерге жазу.

(арша, сұлы, қыша, шетен, сәбіз, бұрыш, бұршақ т.б.)



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі