С-Ш дыбыстарының айырмасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

С-Ш дыбыстарының айырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау. Массаж,тыныс алу жаттығуларының дұрыс жасалуын қадағалау. С-Ш дыбыстарының айырмасын нақтылай отырып буын,сөз,сөйлем ішінде бекіту. Байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту,сөздік қорын арттыру. Сөйлеу,оқу барысында логопедтің дыбыстарды анық, дұрыс дыбыстауын қадағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы № 7 ЖББМ-тің

ЛОГОПЕД мұғалимі

Амирбаева Айнаш Сабырахиновна

Тел; 87773694100



Сабақтың тақырыбы: С-Ш дыбыстарының айырмасы

Сабақтың мақсаты: С-Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау. Массаж,тыныс алу жаттығуларының дұрыс жасалуын қадағалау. С-Ш дыбыстарының айырмасын нақтылай отырып буын,сөз,сөйлем ішінде бекіту. Байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту,сөздік қорын арттыру. Сөйлеу,оқу барысында логопедтің дыбыстарды анық,дұрыс дыбыстауын қадағалау. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Әңгімелесу. Психологиялық дайындық. Күннің көзі ашылып, Көкте шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой, Сәлеметсіздер ме? Тыныс алу жаттығулары. (Стрельникова әдісі) . а)Терең тыныс алып,мұрын саңлауларын жауып,ауыз арқылы шығару, мұрын арқылы ауызды жауып шығару. ә)Мұрынмен терең тыныс алып,ауаны ауыз арқылы баяу шығару. б)Мұрынмен терең тыныс алып, ауаны ауыз арқылы үзіп-үзіп шығару. - - - в)Мұрынмен терең тыныс алып, ауаны ауыз арқылы жылдам шығару.____ г)Терең тыныс алып, бір тыныспен әндетіп айту. Жұтқыншақ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. 1.Еліктеу. а) мөңіреу му-му ә) мияулау мяу-мияу б) ысқыру в) ыңырсу

Шайнау бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. а) Ауызды ашу және жабу; ә) Астыңғы жақты алға қарай шығару; б) Ұртты,бетті томпайту және босаңсыту; в) Астыңғы жақты бүйірге қарай қимылдату ; Ауыз айналасының мимикалық жаттығулары: а) Еріндерді түтікше тәрізді етіп бос ұстау; ә) Ауыздың бұрыштарын екі жаққа және бос ұстау; б) М,Б,П,О,У,И дыбыстарын дыбыссыз айту; в) боп,биб, бом, ком, ром, тим сөздерін дыбыссыз айту;

С-Ш дыбыстарының айырмасы. а) дыбыстардың артикуляциясындағы ұқсастығы және айырмасы; ә) дыбыстарының айтылуындағы ұқсастығы және айырмасы; б) С-ш дыбыстарының айтылуы;

в) ашық және жабық буын тізбектері: са-ша ас-аш со-шо ос-ош су-шу ус-уш

г) Ойын: « Ашық буынды жабық буынға ауыстыр» (доппен) аш-ша уш-шу ос-шо ус-су

Сөз ішінде с-ш дыбыстарын оқу,ажырату. сана-шана Айса-Айша Сара-Шара алса-алша салу-шалу ашпа-аспа аса-аша кес-кеш асу-ашу кесте-кешпе ашты-асты қас-қаш ашық-асық кес-кеш

Көп нүктенің орнына с-ш дыбыстарын қойып,мәтінді оқу.

Бәйшешек

Бәй...ш...ек қар а...тында ө...ті. Күн жылынды,қар ери ба...тады. Жер бетінде бірін...і гүл көрінді. Ол-бәй...е...ек. Бәй...е...ек-көктем гүлі.

Сабақты қорыту. Мақтау,мадақтау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2021
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі