"С с" дыбысын сөзде машықтандыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"С с" дыбысын сөзде машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед мамандарына дыбысты қою мақсатында қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлімі: Логопедиялық түзете-дамыту

Тақырыбы: С с дыбысын сөзде сөйлемде машықтандыру автоматизациялау.

Мақсаты:

Білімділік: Артикуляция мүшелерінің дұрыс қалыпын бекіту,дыбысты анық айту дағдысын қалыптастыру.Тілді төменгі қалыпта ұстауға дағдыландыру, моториканы дамыту,фонематикалық талдауды ,қабылдауды дамыту,сөздік қорын молайту.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, ойын арқылы ойлау қабілетін сурет арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру .

Тәрбиелік:Оқу қызметінде өзін ұстай білуге,үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Стерильденген қолғап және шпатель,крем,суреттер жиынтығы слайд,түрлі дыбыстар,ұсақ моториканы дамытуға арналған жинақ,әріптер,шарлар, С с дыбысының профильі.

Методикалық әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, буындар сөздер сөйлемдер , қайталату , сұрақ-жауап.

Қолданылған технологиялар:

- Стрельников бойынша тыныс алу жаттығу түрі

-Мнемотехнология

-Жібек жіп технологиясы

Жылулық шеңбері. Психологиялық дайындық

Жібек мата үстіне үрлеу арқылы шар ұшыру

-есімдерін

-көңіл –күйлерін айту

2.Ой жаттығуы. Сұрақ-жауап арқылы

-Балалар уақыт көрсететін құралды не деп атаймыз?

Сағат

-Қолдың кірін немен жуамыз?

Сабынмен

-Құлаққа тағатын әшекейді не деп атаймыз?

Сырға

-Сызуға арналған құрал не деп атаймыз?

Сызғыш.

-Кітаптарды қайда саламыз?

Сөмкеге.

Балалар жаңа аталған сөздерде бірінші дыбыс қандай болып тұр?

Әрине С с дыбысы айтып көрейікші с с с с с с

Ой балалар бұл не дауыс?

Жылын қандай дауыс шығарады?

Ыс-ыс-ыс кәне бірге дауыстап көрейікші

Шардың ішіндегі желін шығаршақ қандай дауыс шығады?

Пысс-пысс-пысс

Машинаның дөңгелегінен жел шықса қандай дауыс шығарады?

Пс-пс-пс

Жаңа сабақ:

С с дыбысының профилімен танысып алайық

Еріндер күлгендей сәл керіледі,тістеріміз жақын орналасады.Тіл ұшы төменгі тестер астына тиіп тұрады,ортасы дөңестеліп екі жағы азу тіске тиіп тұрады.Күрсінген тәрізді ауа шығады. Екпінді ауа

Артикуляциялық жаттығу

С с дыбысына арналған тілге арналған жаттығу

-жымыю (ерін жымиған қалыпта,езуге созу)

-сағат жаттығу (тіл ұшын екі езуге алма кезек қозғау)

С с дыбысын қою үшін зондпен немесе шпатель көмегімен жұмыс

А)тіл ортасынан басып тұрып,ұшын астыңғы тістің артына тигізіп С с дыбысын айтқызу

Б)Бетке емдік массаж жасау

С с дыбысын буында айтып тексеру

Са-са-са са-со-су

Со-со-со ас-ос-ус

Су-су-су со-сұ-сы

Стрельников бойынша тыныс алу жаттығу түрі

-қысқа тыныста шар үрлеу

-қолғаптағы қарды үрлеу

-көбелек үрлеу

-стаканмен түтікше арқылы қолғап үрлеу

-түтікшеге күлегеш жабыстыру

-құты ішіне пена салып түтікше арқылы үрлеу

С с дыбысын сөзде айтып үйрену

Дидактикалық ойын: Сыйлықтар

Сыйлықтар артына с с дыбысынан келетін суреттер жабыстырып айту және буынға бөлу

-сағат -самса

-сандық -сәбіз

-сәукеле -Сиыр

Мнемотехнологиясы арқылы сөйлем құрап үйрену

Бала сабынмен қолын жуды

Сыпырғышпен үй сыпырдым

Мысық, сиыр үй жануары

Тіл ширату (Экранмен) жұмыс

Сат-сат-сат сартылдайды сағат

се-се-се кішкентай кесе

у-у-у бұл таза су

ас-ас-ас қандай тәтті ананас

Ұсақ моториканы дамыту

-жібек жіппен сурет салу

-Балауыз көмегімен акварель көмегімен сурет салу

-кима суреттерді құрастыру

-сурет үстіне губка қою

-суретті толықтыру фетр мата көмегемін

-Жармаұнтағымен сурет салу

Қорытынды:

Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Саған ерекше қай жері ұнады?

-Қай дыбыс туралы өттік?

-Қандай тапсырмалар болды?

Жарайсыңдар. Белсенділік танытқандарыңа рахмет. Қонақтармен қоштасамыз.Мына күлегештер сендерге,болашақта жүздеріңнен күлкі кетпесін.Сау болыңдар балалар















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2020
2200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі