Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сабақ Абайдың өмірі мен шығармашылығы "Сегіз аяқ" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті І бөлім Қалың елім қазағым. Сабақ тақырыбы Абайдың өмірі мен шығармашылығы "Сегіз аяқ" өлеңі 2-ші сағаты. 10 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: әдебиет

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдиева Назерке

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Абайдың өмірі мен шығармашылығы. «Сегіз аяқ» өлеңі (2- сағат)

Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.1.Әдеби шығарманың сюжеттік –композициялық құрылысын талдау арқылы тақырыбы мен идеялық мазмұнын терең түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады:

Шығармада көтерілген мәселені талдай отырып, идеясын анықтайды. Афоризмдерді таба алады, мағынасын ашып көрсетеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлеңнің композициялық құрылысына сатылай талдау жасай алады,әдеби теориялық ұғым қалыптастырады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығарманың негізгі ойын өмірмен байланыстырып, ондағы мәлімет төңірегінде ой түйеді.Заман құбылыстарын ,қоғам өмірінің шындығын сипттай алады


Бағалау критерийі

Шығармадағы көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді

Өлең құрылысына қарай кешенді талдау жасай алады

Ақын өлеңдерін бойына сіңіреді, тиімді қолдануға дағдыланады

Ойлау деңгейі

Қолдану,жинақтау

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Абұйыр, бәһра,библиограф,законшік, қиуа, тақыл, ынсап, тезис


Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«Сегіз аяқ» өлеңі, ақын сыны, насихат кеңес, заман құбылыстары, тарихи құндылық, надандар мен ұры-қары;

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Қоғам өмірін сипаттаудағы ақын көзқарасы қандай?

2.Абай жастарға қандай ақыл-кеңес береді және одан қандай ой түйдіңдер?

Құндылықтарға баулу

Өзіне және айналасындағы адамдарға құрмет, жауапкершілік пен ынтымақтастыққа баулу. Ашықтық, жауапкершілікті сезініп, әділ бағалау.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы 19 ғасыр, музыка

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы, «Сегіз аяқ» өлеңі туралы жалпы ұғым бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин







5 мин










Сабақтың ортасы


3 мин










3 мин


5 мин





10 мин




Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал туғызу.

Қызығушылықты ояту.

Топқа бөлу

2. «Сегіз аяқ» өлеңінің шумақтарымен түрлі-түсті қима қағаздар арқылы 3 -топқа топтастырамын.


Үй тапсырмасын сұрау

«Кір жайғыш жіп» әдісі арқылы қорытынды жасау.


- Ақын өлеңі неліктен «Сегіз аяқ» деп аталған?

- Осы өлеңі арқылы ақын нені айтқысы келді?

- «Сегіз аяқ» өлеңінде Абай кімдерді сынға алады?

- Қандай ақындар осы өлеңнің өлшемін, шумақтық өрнегін өз өлеңдерінде қолданған?

-«Сегіз аяқ» өлеңіне ұқсас ақынның қандай өлеңін білесің?

-Ақын айтқан «Атадан алтау, анадан төртеу» дегенді қалай түсінесің?

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі

(Оқушылардың бірін-бірі бағалауы)

Кері байланыс: Не білдің? Алдағы уақытта не білгің келеді?


Оқушылар пікірлерін қорытындылап, бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерімен таныстырамын.

Мұғалім сөзі:

Ақынның «Сегіз аяқ» өлеңіне Абай атамыз өзі ән шығарған.Осы өлеңнің 8 түрі бар.1920 жылы әнші-ақын Мұстафа Нұрбаев нотаға түсірген.1922 жылы А.В.Затаевич жалаң нотаға түсіреді. «Әр халықтың әндері» жинағына енгізіп, халыққа насихаттаған.

«Сегіз аяқ» әнін тыңдату арқылы оқушыларды сабақ тақырыбына кіргізу. (yanvех.кх сайтында әнді орындаудың әр түрі бар)

Сыныптық жұмыс

«Сегіз аяқ» әнін әнші Алтынай Жорабаеваның орындауында тыңдайды.

Әнді тыңдай отырып, «Түртіп алу» әдісі бойынша әннің ішінен

мағынасы таныс емес сөздерді теріп жазады. Сол сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Сөздікпен жұмыс


ТЖ « Бірлескен жұмыс » әдісі.

  • Топта оқушылар бір-бірлерімен ақылдаса отырып, бірлесе жұмыс жасайды.

1-топ. Осы шығармадағы қанатты сөзге айналған афоризм сөздерді тауып, мағынасын ашады, талдау жасайды.


Афоризмдер

Мағынасы

Өз көзқарасы











2-топ. Кестедегі берілген сөздерге қатысты айтылған ойға өлең жолдарынан мысалдар тауып жазады.


Өлең жолдарынан мысалдар

1

2


3

4


5.

Қызыл тілдің күш-құдіреті

Қауым надандығын сынай отырып күйінуі

Халыққа айтқан насихат кеңесі

Арпалыспен өткізген өміріне өкініші

Надандар мен ұры-қарыны, сөзуар, білгішсымақтарды сынауы







3-топ.

Оқушылар берілген кесте бойынша сұрақтарға жауап береді.


Сұрақтар

Жауаптары

1.Өлеңдегі ақынның айтпақ ойы?


2.Ұлы ақын жастардың адам болуы үшін не істеуі керек деп қорытынды шығарды?


3. Сен осы өлеңнен қандай ой түйдің?


4.Ақын көтерген мәселелердің бүгінгі замандағы өзектілігі




Топтағы оқушылар бір-бірлерін «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалайды. Оқушылар мен мұғалім ауызша кері байланыс береді.

(Жарайсыңдар! Керемет!)



Shape1









Қима қағаздар





Shape2

Shape5 Shape4 Shape3




Shape6


Қазақ әдебиеті

10- сынып «Жазушы»

Хрестоматия


zharar.com.kzolen/1191-abai

kunanbaev





Shape7




Сөздік дәптер



Shape8








кесте































«Мадақтау сэндвичі» парақшасы




7 мин
















Сабақтың соңы


2 мин



3 мин


Ж. «Кеңейтілген тапсырма» әдісі

«Сегіз аяқ» өлеңіне кешенді сатылай талдау жасайды.


Авторы-

Тақырыбы-

Жанр түрі-

Идеясы-

Шумақ-

Тармақ-

Бунақ-

Буын саны-

Ұйқасы-

Әдеби теориялық ұғымдар (теңеулер:)

Дескриптор:

1. Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жасай алады

2 .Әдеби теориялық ұғымдарды табады

ҚБ. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі арқылы бағалау.


Үй тапсырмасы:

1. Атақты «Сегіз аяқ»-тың беймәлім сырлары. Өлең туралы зерттеулер

2. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» эссе жазу

3. «Сегіз аяқ» өлеңінің үлгісі бойынша өлең шығару


Рефлексия.«Жеделхат» әдісі . Жедел хат бланкісін таратамын.

Әр сұраққа сөйлеммен қысқа жазуы керек.

Өтілген сабақ туралы не ойлайсың?


Сен үшін маңызды?


Не үйрендің?


Не ұнады?


Не ұнамады?


Қай бағытта жұмыс жасау керек?




Shape9


























Қосымша ақпарат



Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Кір жайғыш жіп»» әдісі арқылы үйге берілген тапсырма тақырыбына тұжырым жасайды. «Бірлескен жұмыс» әдісі арқылы топтық жұмыс кезінде оқушыларда жақын арадағы даму аймағы қалыптасады, оқушылар топтаса отырып оқулықпен,кестемен жұмыс жасайды, өз ойларын тұжырымдайды.

«Кеңейтілген тапсырма» әдісі бойынша оқушылардың қолдану, жинақтау дағдысы қалыптасады.


Кері байланыс жасау үшін сабақ басында «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады,сабақ ортасында әртүрлі тапсырмалар орындай отырып, оқушылар «Мадақтау сэндвичі», «Өзіңізді тексеріңіз» әдістері арқылы бағаланады, сабақ соңында бекіту тапсырмалары беріліп қортындыланады.

Әр оқушының мақсатына жеткенін білу үшін бағалау критерийі мен дескриптор ұсынылады


АКТ-мен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі ережелері ескерілді

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сай келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес құрылған сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды деп есептеймін. Себебі, оқушылардың қажеттілігін ескеріп, олардың білімдерінің ілгерілеуін көздейтін сараланған оқу мақсаттарына сай берілген тапсырмалар толық орындалды.

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Еркін сөйлей білуді, өз ойын нақты жеткізуді сын тұрғысынан ойлауды, тұжырым жасауды, бірін-бірі әділ бағалауды, шынайылықты, уақытты тиімді пайдалануды үйренді.

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Тақырыпты оқушыға меңгерту үшін берілген тапсырмалар нақты және жүйелі болды.Оқушылардың топтық, жеке жұмыс істеу дағдылары қалыптасты.

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Сабақ барысы алдын ала жоспарланғандықтан, жұмыстар уақыт межесіне сәйкес жүргізілді. Уақытты тиімді пайдалана білдім.


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсатын оқу мақсатымен ұштастыра отырып жүйелі құруды үйрендім.Оқу мақсатына сәйкес алынған бағалау критерийі сол күні берілетін білімнің өзегі екенін түсініп, оқу мен оқытудағы құзырлы тапсырмаларды қолжетімді, өлшеуге болатын, шындыққа негізделген мақсатты қоя білуге дағдыландым. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, қызығушылықтарын арттыру барысында қалыптастырушы бағалаудың түрлерін қолдандым. Бұл оқушылардың өзін және бірін-бірі әділ бағалауын, олардың оқудағы ілгерілеуін және келесі қадамын анықтай алу дағдысын қалыптастырады.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. ТЖ « Бірлескен жұмыс » әдісі.

2. Ж. «Кеңейтілген тапсырма» әдісі

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не себеп болар еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Қалыптастырушы бағалауды жетілдіру;

2. Дескриптормен жұмыс жасауға дағдыландыру.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі/қиыншылықтары туралы нені анықтадым , келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? 1.Айтылым / Жазылым дағдыларымен көбірек жұмыс жүргізу

2.Тапсырма түрлерін түрлендіру








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2021
2379
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12