сабақ Ішкі энергия 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ Ішкі энергия 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материял физика пәні мұғалімдеріне күнднлікті сабақ өту үшін қажет. Сабақ жоспарларын іздеп интернеттке сүйенген мұғалімдерге көмек болар деп үміттенем.
Материалдың қысқаша нұсқасы

8а сынып № 3 сабақ ____________________

Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия және оны өзгерту тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: дененің ішкі энергиясы ұғымын беру және ішкі энергияның өзгеру жағдайларын қарастыру; оқушылардың сұрау, талдау жасау қабілеттерін дамыту;.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

  1. Жеке молекуланың қозғалысы жөнінде не айтуға болады?

  2. Суда еріген бояу бөлшектерінің қозғалыс траекториясы қандай? Неліктен?

3) Дене температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдықтары қалай байланысқан?

  1. Жылулық қозғалыстың анықтамасын бер.Оның механикалық қозғалыстан ерекшелігі қандай?

  2. Газдар, сұйыктар және қатты денелердегі жылулық қозғалысқа сипаттамабер.

6) Заттың ішкі құрылысы және жылулық қозғалыс жөніндегі білімнің маңызы неде?мысалдары(серіппелі және математикалық маятниктердің тербелістері)

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Сабақтағы негізгі ұғымдар.

Механикалық энергия жэне оның екі түрі: кинетикалық және потенциялдык энергия.

Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге айналуы. Осындай түрленулердің мысалдары(серіппелі және математикалық маятниктердің тербелістері).

Механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы.Осы кезде дененің деформациялануы және қызуы.

Дененін ішкі энергиясы - денені кұрайтын барлық бөлшектердің қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әсерлесулерінің потенциялдык энергияларының қосындысы. Ішкі знергия-скаляр шама.

Ішкі энергия дененің температурасы мен агрегаттык күйіне тәуелді. Ішкі энергия дененің орналасу жағдайына ( дене тыныштықта ма, әлде қозғалыста бола ма) тәуелді емес.

Дененің толық энергиясы — механикалық және ішкі энергияларының косындысы кез- келген процестерде өзгермейді.

Температуранын артуынша қарай дененің ішкі энергиясы да артады, себебі молекулалардың орташа кинетикалык энергиясы артады. Температураның төмендеуіне қарай дененің ішкі энергиясы азаяды.

Бір молекуланың потенциалдык және кинетикалык энергиясының аздығы.

Денеде молекулалар саны көп болса, сәйкесінше ішкі энергиясы да көп болады.

Сутегінің бір молекуласының ішкі энергиясы өте аз (5-10~!1Дж), ал 1 м3көлемдегі сутегінің ішкі энергиясы (140000 Дж).Осындай мөлшердегі энергия көмегімен массасы 5 т балғаны Зм биіктікке көтеруге болады.

Дененің ішкі энергиясы жұмыс атқарған кезде өзгереді.Егер денемен жұмыс атқарылса, онда дененің ішкі энергиясы артады.Дененің өзі жұмыс атқарса, онда дененін ішкі энергиясы кемиді.

ДененІң ішкі эпергиясын жылу берілу (жылу алмасу) арқылы да өзгертуге болады. Жылу алмасу температуралары әр түрлі денелер арасында жүреді.

Ішкі энергияны пайдаланудағы мәселелер. Тарихи мәліметгпер.

Энергия ұгымын 1807 жылы ағылшын ғалымы Томас Юнг енгізген. Кинетшалық энергия ұғымын ағылшын ғалымы Уипъям Томсон енгізген Мотенциальдық энергия ұғымын неміс ғалымы Герман Гельмголъц енгізген.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  1. §3,4 сұрақтарын талдау.

  2. В.И.Кем №16-36 сұрақтарын ауызша талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:

Есептер шығарту

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру:§3,4; №2 үйде орындалатын экспериментгік тапсырма.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1570
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі