Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, өз тәжірибеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Орта қашықтыққа жүгіру техникасы

Өтілетін топ: 104 топ

Өтетін күні: 18.09.2020 ж

Сабақтың мақсаты:  

 1. Орта қашықтыққа жүгіруді дамыту.

 2.Жүгірудің әр түрлі жағдайдағы әдіс-тәсілдерін дамыту.

3.Оқушылардың өзін-өзі ұстауы мен мінез-құлқын қалыптастыра отырып жылдамдыққа, ептіліке, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәжірбиелік

Материалдық техникалық жабдықталуы: Ысқырғыш, секундомер.


Сабақ бөлімі

Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар




Д

А

Й

Ы

Н

Д

Ы

Қ


Б

Ө

Л

І

М

І


- Амандасу.

- Сабақ мақсатын,тақырыбын хабарлау.

1.Сап жаттығулары.

- Оңға,солға,артқа бұрылу.

- Саптан бір қадам алға шығу.

- Қайта орнына бару.

- Орнында жүру.

- Саппен жүру.

2.Жалпы қыздырыну жаттығулары.

- Аяқтың әр түрлі жағдайларымен жүру.

- Толық және жартылай отырып жүру.

- Қолды иыққа қойып,қапталға созып алға-артқа айналдыру.

- Алға қарай бір аяқпен секіру(алмастыра секіру)

-Алға екі аяқпен секіру.

3.Жүгіру. Жүгіріп жасайтын жаттығулар.

- Әр түрлі жылдамдықпен жүгіру.

- Оң және сол қапталмен жүгіру.

- Тізені бел деңгейіне дейін көтеріп жүгіру.

- Қолды екі қапталға соза ұстап,өкшені тигізе жүгіру.

- Қолды екі қапталға созып айналдыра жүгіру.

- Жай жүгіру.

- Дем алу жаттығулары.

4. Тұрып жасайтын жаттығулар.

Сыныпты екі қатарға тұрғызу.

- Н.Т. аяқты иық деңгейіне қою.

1.қолды қапталға созу.

2.сол аяқты бүге қолды,денені жоғары кере созу

3.қолды қапталға созу.

4.б.ж.

5-8 осылай оң аяты бүге оң қапталмен жасалады.

- Н.Т. аяқты иық деңгейіне қою.

1.қолды жоғары соза артқа шалқаю.

2.алға еңкейіп қолды аяқ ұшына тигізу.

3.қолды алға соза аяқ ұшына отыру.

4.б.ж.

- 1. Сол аяққа отырып,оң аяқты қапталға созып керу.

2. Оң аяққа отырып,сол аяқты қапталға созып керу.

  • Отырып тұру.

5.Секірулер.

- Екі аяқпен секіру.

- Аяқты айқастыра секіру.

- Аяқты қосып екі қапталға түсіп секіру.

- Аяқты қосып алға-артқа секіру.

- Аяқты қосып белді бұрай секіру.

Қалыпқа түсу жаттығулары.Дем алып,дем шығару жаттығулары.

Сабақтың негізгі бөліміне көшу.

30 сек

30 сек

30 сек

30 сек





30 сек












Тік тұр

Спорт киіміне назар аудару

Мұқият тындау

Бір адамдай істеу.

Алақан ішке қарайды

Басты көтер,жаурын тік ұста

жаурын тік ұста

жаурын тік ұста

Саптан шықпай жүгіру.

Қолды кеңірек аш

Тізені бүкпе

Қолға жеткіз

Сол иықтан қара

Қатарды бұзбай жүгіру.

тынысты қалпына келтіру,дем алу,дем шығару


Н

Е

Г

І

З

Г

І


Б

Ө

Л

І

М


Ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасын түсіндіру.

1. Жоғарғы сөреге тұру және шығу.

1.(Сөреге!) Сөре сызығына өзіне ыңғайлы аяғын алға қойып келесі команданы күтеді.

2.(Жүгіруге дайындал!) Алға еңкейе,алдыңғы аяқты бүгіп,алда тұрған аяққа қарама-қарсы қолды бүге жүгіруге дайындалады.

3.(Алға!) Алға қарай екпінмен серпіле жүгіру

жолын бастайды.Сөреден шыққаннан кейін адымды кең ашып,жылдамдықты бірте-бірте арттырған жөн.Шапшаңдықты ұзақ сақтаудың бірден-бір кепілі-денені бос тастап еркін жүгіру.

2. Жүгіру жолы.

- Жүгірушілердің негізгі білуге тиістілерінің бірі жүгіру жолын дұрыс пайдалана білуі.Жүгіру жолы айналма болған жағдайда(мысалға 500 м) жүгіру жолы 500 метрге есептелінген.Егер әр жүгірушіге арналған жол болмаса алғашқы сызықтан қашық жүгіруге болмайды. Себебі: алғашқы сызықтан қашықтаған сайын

жүгіру жолы ұзара түседі.

3.Дене күші мен демалысты үнемдеп

жұмсай білу.

-Ұзақ қашықтыққа жүгіруді өте жоғарғы жылдамдықпен бастауға болмайды.

Себебі: жүгіру жылдамдығының жоғарылығы дене күші мен демалысты жүгіру жолының біраз бөлігі өткеннен кейін тауысып алуға әкеліп соғады.Одан кейін жүгіру жолын жалғастыра алмай қалуымыз мүмкін.Сондықтан дене күші мен демалысты дұрыс есептей отырып, жүгіру жолына дұрыс бөле білу ұзақ қашықтыққа жүгіруде өте маңызды болып есептеледі.

4.Өз мүмкіндігіңді дұрыс есептей отырып

әріптесіңнен басып озу.

  • Жүгіру жолында алдыңдағы жүгірушіден басып озу үшін дене күші мен демалысыңды есептей білген жөн.Өзіңе сенбесең басып озуды бастамаған дұрыс.Себебі: қарсыласыңнан озамын деп дене күші мен демалысты тауысып алуың мүмкін.

5.Мәреге келу.

Мәреге келу жалпы жүгіру барысындағы жауапты кезең болып табылады.Мәреге жақындағанда ең жоғарғы жылдамдықты ұстау

керек.Бұл көрсеткішті жақсартудың тиімді жолы.

Артық дене күші мен демалысты пайдалану мәреге 50-60 м қалғанда басталады.

6.Мәреден өту.

- Мәреге жақындағанда жоғары жылдамдықты сақтай отырып,ақырғы адымда денені алға қарай еңкейте,сөре сызығынан жүгіріп өту керек.Егерде жүгіруші мәреге бірнеше адым қалғанда қашықтықты қысқартам және уақытты ұтам деп секірсе,ол қатты қателеседі.Себебі мұндай сәтте жүгіруші тепе-теңдікті жоғалтып,кей жағдайларда құлап қалуы да мүмкін. Мұндайда жылдамдық өсудің орнына бәсеңдейді.Екі немесе бірнеше жүгіруші мәреге қатар келген жағдайда,яғни тең сайыста кеудені еңкейтудің немесе иықты бұра қоюдың маңызы зор.Осындай қозғалыс көп ретте жеңіске жеткізеді.


Біздің жүгіру жолымыздың әр айналымы 500 м сондықтан жүгіру жолын үш рет айналу керек.


Жүгіру көрсеткіші: «5»- Ұ-7,30 Қ-8,00

«4»- ұ-7,50 Қ-8,20

«3»- ұ-8,10 Қ-8,40

«2»-

Біз жүгіру барысындағы қажетті ақыл-кеңесімізді түсіндірдік.

«Сөреге!»

«Дайындал!»

«Алға!»

Жүгірушілер жүгіру жолын бастайды.



1 айн

3 рет

3 рет


4-5 рет


4-5 рет


1 рет


1 рет


Айту.

Дайындал, назар сал, марш деген

кезде, қолмен аяқтың қозғалуын дұрыс

көрсету.



Қателіктерін айту және жою.

Сөреден кейін қолмен аяқтың қозғалуын дұрыс көрсету.





Уақытқа тексеру


















Қ

О

Р Б

Ы Ө

Т Л

Ы І

Н М

Д

Ы


Допты шеңберден шығару.(ойын)

Ойыншылар аралары 2 адымнан айнала шеңбер жасап тұрады.Ойын жүргізуші шеңбер ортасындағы допты аяғымен теуіп шығаруы керек.Ойыншылар допты сыртқа шығармауға тырысады.Ойыншылар допты аяғымен тоқтатып, жүргізушіге қайтаруы керек.

Ойын ережесі.

1.Допты қолмен ұстауға болмайды.

2.Доп жермен домалай қозғалуы тиіс,яғни

көтеріп тебуге болмайды.

3.Ойын жүргізуші шеңбер ортасынан 2 адым ұзауға болмайды. (ойын ұзақтығы сабақтың

ауысқан уақытына байланысты болады.)

- Сапқа тұру.

- Қалыпқа түсу жаттығулары.

- Жүгіру барысындағы көрсеткіші жақсы

оқушыларды атап өту.

- Балаларды көрсеткен көрсеткіштеріне сәйкес

бағалау жұмысы.

- Жарыс сабағының қорытындысы бойынша

сынып чемпиондарын құттықтау.

- Сынып чемпиондарын мектепішілік, сынып-

аралық жарыстарға ұсыну.

- Балаларға үйдегі бос уақытына тапсырмалар

беру.

- Сабақты қорытындылау.Қоштасу рәсімі.


Оқушылардың сабақ барысында жіберген қателіктерін айтып,ескерту.

Үйге берілген жаттыулардың орындалуын қадағалау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12