Сабақтың стартері негізінде
«изотоптар» тақырыбында бейнематериалдар беріледі. Изотоптардың атаулары мен химиялық таңбалары .
Сутек изотоптары.
көрсетілген видеоның негізінде
сұрақтар беріледі?
-
Изотоптар дегеніміз не?
-
Неге элементтердің атомдық
массалары бүтін сандармен өрнектелмейді? Мысалдар келтіре отырып
түсіндіріңіздер.
-
Сутегінің қандай изотоптары
бар?
-
Табиғатта кездесетін
изотоптарға мысал
келтіріңіз.
5.Элементтердің салыстырмалы
атомдық массасының мәні қайда
көрсетілген?
6.Салыстырмалы атомдық масса қандай
шама?
7.Реттік нөмірлері 12, 24,13 тең
элементтердің салыстырмалы атомдық массалары нешеге тең және олар
қалай аталады?
8.
Химиялықэлементтің
изотоптар қоспасындағысалыстырмалы атомдық
массаларын қалай есептеуге болады?
Дескриптор Білім алушы
- атомдық массаны өлшеу шамасын
айтады
- периодтық кестеден
элементтердің с.а.м тауып, бүтін санға дейін
дөңгелектейді
- периодтық жүйеден с.а.м
берілген элементтерді табады
- изотоп туралы анықтаманы
тұжырымдайды
- с.а.м анықтамасын
айтады
- массаның атомдық бірлігі не
екенін айтады
- сутегінің изотоптарына мысал
келтіреді
- табиғатта кездесетін
изотоптарға мысал келтіреді
- элементтердің с.а.м мәні
шамасын анықтайды
- с.а.массаның шамасын
айтады
(G-W) Оқушылар изотоптың мөлшерін білу
атомның негізгі бөлшектері туралы ақпарат алу үшін пайдалануға
болатындығын
талқылау.
Масс-спектр дегеніміз
не? Масс – спектрометрде
анықталған изотоптар көрсеткіштермен салыстырмалы атомдық массаны
есептеу (слайд бойынша мысалдар мен тапсырмалар
келтіріледі) (I) Оқушылар салыстырмалы
атомдық және молекулалық және молярлық массаны есептейді және
элементтердің атомдық массасы мен изотоптар арасындағы байланысты
анықтауды еске түсіреді.
Оқушыларға ақпараттық парақтарды
таратамын. Мәліметпен
танысып болғаннан кейін оқушылармен бірге табиғатта таралған
элементтердің үлесі арқылы, олардың салыстырмалы атомдық массасын
есептеуді және оған кері есепті тақтаға
шығарамын.
Сынып
жұмысы:
1. Табиғатта
уранның үш изотопы кездеседі: 234U, (үлесі 0,0055
%), 235U (0,7200
%), 238U (99,2745 %). Уранның
салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз.
2. Табиғатта
азоттың екі тұрақты изотобы кездеседі:
14N
және15N. Азоттың салыстырмалы
атомдық массасы 14,00643 екенін ескеріп, әрбір изотоптың
табиғаттағы үлесін анықтаңыздар.
Топтық
жұмыстар
-
Табиғатта 63Cu (72,7%)
және 65Cu (27,3%) изотоптар
қоспасы кездесетін мыс атомының орташа салыстырмалы атомдық
массасын есептеңіз. Неліктен орташа салыстырмалы атомдық масса
бөлшек сан болады?
Бағалау
критерийлері:
-
Табиғи
магний 24Mg,
25Mg,
26Mg изотоптарынан
тұрады. Магнийдің атомының изотоптарының нуклондары мен нуклидтерін
анықтаңыз және салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз. Магний
атомының салыстырмалы атомдық массасы қанша?
Бағалау
критерийлері:
-
Магнийдің
атомының изотоптарының нуклондары мен нуклидтерін анықтайды,
салыстырмалы атомдық массасын есептейді;
-
Магний
атомының салыстырмалы атомдық массасын есептейді?
-
Табиғатта
бор элементініңекітүрлі изотопы 11В 80%
және10В 20%кездеседі.
Бордыңсалыстырмалыатомдықмассасынесептеңіз. Неліктен орташа
салыстырмалы атомдық масса бөлшек сан болады?
Бағалау
критерийлері:
Бағалау:
Қол шапалақтау
арқылы
Жеке
тапсырма:
Оттек изотоптары үшін
массалық сандарын анықта.
8O (8 нейтроны бар оттек
изотопы).
8O (9 нейтроны бар оттек
изотопы).
8O (10 нейтроны бар оттек
изотопы).
Қорытынды: бір элемент атомының
массасы екінші бір элементтің массасынан айырмашылығы
бар.
Оқушыларға
өздеріне қорытынды жасатуға болады
Изотоп –
атомның массалық саны бірдей элементтің нуклидтерінің жиынтығы
деген қорытынды жасайды .
|