сабақ жоспар 1-сынып Ақиқатты жолға алып,адалдықпен өмір бастаймыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ жоспар 1-сынып Ақиқатты жолға алып,адалдықпен өмір бастаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға әрқашан шындықты айтуға үйрете отырып,адал өмір сүруге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Мерзімі: 15.09.2018ж 1-2 сабақ

Сыныбы: 1

Мұғалім: Булакбаева Г

Тақырыбы: Ақиқатты жолға алып,адалдықпен өмір сүреміз

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: Адалдық,шындық,әділдік

Сабақтың мақсаты. «Адалдық» құндылығының мәнін аша отырып,шыншылдық туралы түсінік беру

Міндеттері:

- Шыншыл адам туралы ұғым беру

-Адалдықты үйрете отырып,ризашылық қасиеттерін дамыту

-Адалдыққа,шындыққа,әділдікке тәрбиелеу.


Ресурстар керек материялдар

1.Ұйымдастыру

Амандасу,түгендеу

5-Т ережесін қайталау

Талап,тәртіп,тазалық,тыныштық,татулық.

Тыныштық сәті

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 


2.Үй тапсырмасын сұрау Өзін-өзі тану пәнінен қандай жақсы қасиеттерді үйренеміз?

(3,4 оқушыдан сұрау)

Сұрақ қою

- Шындықты айту дегеніміз не?

-Адалдыққа қалай қол жеткізуге болады?

-Әрқашан шындықты айтасыңдарма?

3.Дәйексөз

Шындық-әдлдікке жеткізер жалғыз жол

4. Әңгімелеу

Елеместің адамгершілігі

(Ертегі)

- Елеместің бойында қандай жақсы қасиеттер ұнады?

- Елеместің орнында болсаңдар не істер едіңдер?


5. Шығармашылық жұмыс

Сурет салу кез-келген тақырыпта


6. Топпен ән Айгөлек

7.Үй тапсырмасы

«Түлкі мен ешкі« мәтінін мазмұндап келу

8. Соңғы тыныштық сәті

Сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.Сау болыңыздар.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2018
388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі