Материалдар / сабақ жоспар 8 сынып химия
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспар 8 сынып химия

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған фармат бойынша 8 сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
1601
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: № 112 жом

Күні: 09.10.18ж Мұғалімнің аты-жөні: Адиханова Динара

Сынып: 8 Ә Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;

8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;

8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

  • кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын және оның себептерін біледі.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін, металдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттейді.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Кейбір белсенділігі жоғары , орташа , төмен металдардың оттекпен, сумен әрекеттесу реакция теңдеулерінің жүргізілуін өз сөздерімен тұжырымдап,түзілетін заттарды атай алады.

Металдардың коррозияға ұшырауының себептерін және коррозиядан қорғау әдістерін сипаттай алады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: оксидтер, гидроксидтер, коррозия .

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

белсенділік қатары, сілтілік металдар , сілтілік жер металдары

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Кейбір металдар неліктен басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білесіз бе?

- Неліктен біз сілтілік металдарды күнделікті өмірде көре алмаймыз?

-Неліктен металдар мәңгі металдық жылтырын сақтай алмайды ?

Бағалау критерийі

  • кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын және оның себебін біледі;

  • белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттап, реакция теңдеуін түзе алады ;

  • металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттейді;

Құндылықтарға баулу

  • Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

  • Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге

қабілетті тұлғасын қалыптастыру

  • техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың

жаңа тиімді жүйесін жасау

  • Оқушыларды топтарға бөлу арқылы қарым – қатынас жасау қабілеттерін жақсарту.

  • Тапсырма беру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Пəнаралық байланыс

Металдардың қолданылуын, қасиеттерін, белсенділік қатарын физика, тарих пәндерімен байланыстыру

Тақырып бойынша алдыңғы білім

7.3.1.6 -заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну

7.3.1.7 -металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы 10 мин.

5 мин

5 мин.

Сыныпта жағымды ахуал орнатып, зейінді шоғырландыру үшін «металдардың таттануы туралы» бейнеролик көрсету

Оқушыларды сабақ барысына қарай «Металдар » ,

« Оксидтер», «Гидроксидтер» деп топқа біріктіру.

Үй тапсырмасын сұрау «Лента» әдісі

Нұсқаулық. Лента тәрізді кесілген қағаздарға оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жазып, келесі топ оқушыларына ұсынады.Келесі топ оқушылары сұрақтарға жауап береді.




кесілген қағаздарға


Сабақтың ортасы 25 мин

5 мин














5 минут











5 мин











5мин






















5мин



1.Жаңа тақырыпты бір оқып шолып шығады .

2.Металдардың өмірде қолданылуы туралы «Тұжырымдамалық карта» дайындау Жеке жұмыс (дәптерге)

Shape2 Shape1

Shape4 Shape3

Металдардың

қолданылуы





қолданылуы





Shape5 Shape6

Shape7



3.№2көрсетілім. «Зерттеушілік конференциясы» әдісі

Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі

Тапсырмалар

1.Суық және ыстық сумен жүргізген реакциялардың қарқынын салыстырыңдар. Екі металдың қайсысы белсендірек?

2.Реакция теңдеулерін жазыңдар ?

Дескриптор

Білім алушы

-белсенді металдардың салқын сумен, ыстық сумен әрекеттесуін сипаттайды;

- реакция теңдеуін түзе алады ;


4.«Ойлан, бөліс, жұптас » әдісі бойынша төменде берілген элементтердің оттекпен және сумен реакция теңдеулерін жүргізіп кестені толтырыңдар (Жұптық жұмыс)

Түзілген реакция теңдеулерін дәптерге жазып, теңестіріңдер.

Металдардың таңбасы

Әрекеттесуші заттар

Өнім

К

Н2О


Hg

О2




NaОН+Н2

Fe

О2




ZnО+Н2

Al

О2


Мg

О2


Ca

Н2О



Дескриптор

Білім алушы

-Металдардың оттекпен және сумен реакция теңдеулерін жазып, теңестіре алады .


5.«Химиялық эксперимент» әдісі

Суретте темір шегенің әр түрлі ортада жемірілу (коррозия) үрдісі көрсетілген.



Бес пробирка алынды. Оларға темір шеге салынды. 1-ші пробиркаға іші құрғақ, ауа бар, кұбыр суы құйылып, аузы ашық қалдырылды. 2-ші пробирка май мен қайнаған су құйылды. 3-ші пробиркаға толтырылып су құйылды және ауызы ашық қалды. 4-ші пробиркаға тұзды су құйылды және аузы ашық қалдырылды. 5-ші пробиркаға сұйылтылған қышқыл құйылды және аузы ашық қалдырылды. Тәжірибе нәтижесін (алдыннан дайындалған тат басқан шеге) суреттегі нәтижемен салыстыру

1. Осы сурет негізінде металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды анықта

2.Металдар коррозиясына әсер ететін факторлар туралы қандай қорытынды жасар едіңіз?

3. Коррозияның қандай зияны бар екенін атап жазыңыз.

4. Коррозияны болдырмаудың екі әдісін ұсыныңыз.

Дескриптор

Білім алушы

коррозияға әсер етуші факторларды ажыратады;

металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды салыстырады;

коррозияның зиянды әсерін анықтайды;

коррозияны болдырмау әдісіне мысал келтіреді.


http://www.powerinfo.ru/potentials.php

http://himege.ru/ryad-aktivnosti-metallov









Реактивтер:

Натрий,

Кальций,

Индикатор-фенолфталейн

Химиялық құрал-жабдықтар :

Қандауыр, кристалдан-дырғыш, фильтр қағ.














Кеспе қағаздар




















Пробиркалар, Реактивтер:су, май ,ас тұзы, тұз қышқылының

ерітіндісі т.б


Тат басқан темір шеге



Сабақтың соңы 5 минут




3 мин








2мин

Кері байланыс «Жетістік сатысы »


Үйге тапсырма:

1.Мына металдардың оттегімен әрекеттесу теңдеулері қай типке жататынын анықта.Реакция теңдеулерін жазып ,теңестір.

Ba,Au,Mg,Na,Ag,Fe,Ca,Al


2.Мына металдардың қайсысы кәдімгі жағдайда сумен шабытты әрекеттеседі?

Au,Mg,Na,Fe,Ca,Al



Қосымша ақпараттар


Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

- үлгерімі төмен оқушыға «Оттекпен, сумен реакцияға түспейтін металдарды ата » деген сияқты жетекші сұрақтар;

-Үлгерімі жоғары оқушыларға «коррозиядан сақтаудың өмірмен байланыстыра отырып, 2 жолын ұсына аласын ба?» деген сияқты қосымша тапсырмалар беріледі.


Сұрақ-жауап арқылы бағалау


дескриптормен бағалау

топпен бағалау


кері байланыс алу



Техника қауіпсіздік ережесін есте сақтау


АКТ пайдалану ережесін есте сақтау

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сабақтағы ахуал қандай болды? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақыт есебінен ауытқу болды ма? Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?










Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!