Сабақ жоспар Ащысай«мектеп-балабақша-бөбекжай кешені» МКК

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспар Ащысай«мектеп-балабақша-бөбекжай кешені» МКК

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары: "О" дыбысы әріпі және дыбысы.Мектепалды даярлық тобына арналған сауат ашу ұоқ сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Мектепалды даярлық тобы
Сауат ашу негіздері: [о] дыбысы және Оо әрпі, әріп
таңбасын жазу.
Оқу қызметінің мақсаты
[о] дыбысымен таныстыру, айтылу ерекшелігіне қарай [о] дыбысының дауысты
дыбыс екенін, жуан естілетінің өздеріне анықтату. Артикуляция бойынша
дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстық талдау, буынға бөліп, сөзден
сөйлем құрауға дағдыландыру. Түрлі тапсырмаларды орындату арқылы
логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Өтілген әріптерді қосып оқуға үйрету,
ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Байқағыштыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Оймақ, орамал, ою, ожау, торғай сөздерін пайдалану. 
Әдіс-тәсілдер
Шаттық шеңбері, ғажайып сәт, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, артикуляциялық
жұмыс, дәптермен жұмыс, дыбыстық талдау жасау, дидактикалық ойын.
Құрал-жабдықтар
1. Көрнекілік материалдар
Мультимедиялық тақта (егер мультимедиялық тақта болмаған жағдайда,
теледидар немесе мүмкіндігінше әрбір баланың алдына ноутбук немесе
планшет қолдануға болады), Оо және Өө дыбысына байланысты плакат, кеспе
әріптер, буындар, текшелер, таңбалауыштар, бейнефильм, ойыншықтар,үлкен
сандық, суреттер, кеспе әріп, әріп таңбасы. 
2. Үлестірмелі материалдар
Жазу парақтары, қалам, қарындаштар. 
Оқу қызметінің барысы
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Шаттық шеңбері:
1

Кәне қанат қағайық
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып – ұшып алайық
Қайта келіп қонайық.
Балалар үстелді жағалай отырады, қызығушылық білдіреді.
- Балалар, қараңдаршы, мына ойыншық қорабынан қандай әдемі торғай тауып
алдым. 
- Сүйкімді торғай ма?
Балалардың жауаптары. 
- Балалар, мына торғай сөзінде [о] дыбысы бар ма? Қанекей, айтып көрейікші. 
- Иә, [o] дыбысы бар екен. 
- "Торғай" сөзінде [о] дыбысы қай кезде естіледі?
- Иә, ортасында. 
- "Торғай" сөзін буынға бөлейікші, неше буын бар.? 
- Тор-ғай, 2 буын бар.
1.2. - Балалар, бізге ойыншыққа толы қорапты сайқымазақ қалдырып кетті, осы
қораптың бетінде торғай отырған болатын, енді осы қорапшаның ішінде
сендерге арналған қандай ойыншықтар бар екенін көрейік. 
«Ойыншықтарды жинаймыз» дидактикалық ойыны.
Балаларға  әр ойыншықтың атын буынға бөліп, неше буын екенін айтып, дұрыс
жауап берген бала, суретті қорапқа салуларын айтады.
Әр ойыншықтың атын буынға бөледі, неше буын екенін айтады, ойыншық
аттарын дұрыс бөлген бала ойыншықты сандыққа салады.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Түсіндіру  
[о] дыбысымен және О әріп таңбасымен таныстыру. 

Педагог көрсеткішпен Алан мен Дананың [о] дыбысын дыбыстап тұрған суретті
көрсетеді. 

2

- Балалар, жұмыс парақтарының ең жоғары оң жағында Алан мен Дана [о]
дыбысын дыбыстап тұрғаның көрсетіп тұр. Балалар, Алан мен Данаға
қарасаңдар, [о] дыбысын қалай дыбыстап тұр? Бізде Алан мен Данаға қарап, [о]
дыбысын дыбыстайықшы. 
2.1. Артикуляциялық жаттығу: 
- Балалар, мұқият тыңдап, есімізге сақтап аламыз. 
[о] дыбысының айтылуы: 
- [о] дыбысын айтқанда, ауызымыз дөңгеленеді; 
- созылады; 
- әндетіледі; 
- дыбыс еш кедергісіз шығады. 
Хормен айту. 
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ос-ос-ос
Бірге бірді қос.
2.2. Кел, оқиық! 
Педагог көрсеткішпен [о] дыбысының артикуляциялық жаттығуын жасатып
болғаннан кейін Оо әрпін оқытады. 

2.3. Дыбыстық талдау
Суреттерді ата. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жаса.
- Арқаға міндім, хан болдым,
Үйге келдім, құл болдым.
3

Отқа жандым, күл болдым.
- Жауабы не деп ойлайсыңдар?
- Отын
Педагог отын не екенің түсіндіреді. 
- "Отын" сөзінде неше буын бар?
- О-тын, 2 буын бар. 
- Неше дыбыс, неше әріп бар?
- "Отын" сөзінде 4 дыбыс, 4 әріп бар.

- [о] дыбысы қандай дыбыс?
- [о] дыбысы - дауысты дыбыс. 
- Келесі бізде оймақтың суреті берілген, балалар, оймақ не нәрсе екенің
білесіңдер ме?
- Оймақ дегеніміз - іс тіккенде ине кіріп кетпес үшін саусаққа киетін
былғарылан, металдан істелетін қорғаныс жабдық.
- "Оймақ" сөзін буынға бөлейікші, неше буын бар? 
- Ой-мақ, екі буын бар. 
- "Оймақ" сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
- Иә, 5 дыбыс, 5 әріп бар. 

- [о] дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Иә, басында. 
- Жақсы, енді мен жұмбақ жасырамын, жауабын кім табады екен, көрейік. 
- Аналар оны бастарына тартқанда,
Сұлуланып кетеді.(Орамал)
- Иә, жауабы, орамал. 
- "Орамал" сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы. "Орамал" сөзін буынға
бөлейікші, неше буын бар?
- О-ра-мал, 3 буын барт, ал неше әріп, неше дыбыс бар?
- 6 әріп, 6 дыбыс бар. 

4

- [о] дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Иә, сөздің басында. 
- Жарайсыңдар, енді келесі суретімізде не бейнеленген?
- Иә, ожау. 
- "Ожау" сөзіне дыбыстық талдау жасайық. 
- "Ожау" сөзін буынға бөлейік, неше буын бар?
- О-жау, 2 буын бар. Ал неше әріп, неше дыбыс бар?
- 4 әріп, 4 дыбыс бар. 

- Жарайсыңдар, балалар! 
2.4. "Көңілді жапсырма" дидактикалық ойыны.  
Ойынның мақсаты. Балаларды буынға бөлуге, сөздердің екі немесе үш буынды
екенің анықтауға үйрету.
Ойынның шарты. Суреттегі заттарды атап. Сөздерді буынға бөлу. Екі буынды
сөздердің суреттерін екі құстың жанына, үш буынды сөздердің суреттерін үш
құстың жанына жабыстыру. 
Берілген сөздер: Ожау, орамал, оймақ, отын, орындық, ою, орман, орақ. 

2.5. Сергіту сәті:
Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
2.6. Кел, жазайық! 
- Балалар, алдымен қолымызды жазуға жаттықтыру үшін үзік сызықтарды
бастырып жазайық.  
5

Педагог алдымен ауаға Оо әрпін жазуға үйретеді, кейін Оо әрпін тақтаға жазып
түсіндіреді.
- Ал енді балалар, Оо әрпін ауаға жазайық. 
- Енді, бәріміз [о] дыбысының баспа түрін әдемі, көркем жазумен жазып
үйренейік. 

2.7. "Орнын тап" дидактикалық ойыны. 
[о] дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден
енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло —  сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытынды:
- Бүгін қай дыбыспен таныстық? 
- Иә, жақсы О дыбысымен.
- О әрпі қандай дыбыс? 
- О әрпі дауысты дыбыс.
- О дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? 
- Иә, жарайсыңдар, сөздің басында, ортасында.
Доп, орындық, ою сөздеріне қатысты сөйлем құратады.
«Жүректен жүрекке» шеңбері
«Жылы сөз»
– Кімнің есінде, біз неге шеңберімізді «Жүректен жүрекке» деп атадық?
(Балалардың жауаптары.)
Жүректен шыққан жылы сөз,
Жүрекке барып жетедi.
Жылы сөзден дос жүрегi,
Мейiрiмге толып кетедi.
(Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады).

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
26.10.2021
347
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі