|
Мұғалімнің аты-жөні: |
Сералиева Динара Илесбековна |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәні: Қазақстан тарихы |
Сынып:5 Б |
1 тоқсан |
Сабақ № 10 |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқулық |
Қазақстан тарихы. Т.Омарбеков, Г.Хабижанова, Т.Қаратаева,М.Ноғайбаева 5 сынып, Алматы «Мектеп» 2017 |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бөлімі : |
5.1 А Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
§11.Қазақстан территориясында металлургияның пайда болуы |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты: |
5.4.2.2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Зерттеу сұрағы: |
Қазақстан жерінде металды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті? |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қола,құйма қалып,құдық,отбасылық шаруашылықтар \ |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ресурс Қосымша сілтеме |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы: Қысқаша конспект. |
Адамдар алғашқы металл түрін – мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Қола игеру б.з.д. II мыңжылдықта қазіргі Қазақстан мен Еуропада тараған. Қазақстан аумағында мыс пен қалайының кен орындары көп.Мыс кенінің ежелгі орталығы- Жезқазған өңірі. Ғалымдар қола дәуірінде бұл өңірден 100 мың тоннадай мыс өндірілгенін анықтады. Қалайының ежелгі кен орындары Нарын және Қалба жоталары болған. Шығыс Қазақстандағы Қанай және Жезқазған маңайындағы қоныстардан металл қорытатын пештердің орны мен мыстың күл қалдықтары табылды.Милықұдық, Мало –Красноярка, Петровка-2 қоныстарынан ежелгі шеберханалардың орны анықталды. Мұнда ежелгі адамдар тас пен балшықтан жасалған қалыптарда орақ, балта, қанжар, пышақ, найза мен жебенің ұштарын құйған. Ежелгі адамдардың темірді игеріп, одан түрлі құрал – жабдықтар жасаған дәуір темір дәуірі немесе темір ғасыры деп аталды. Қоланы игеру әдісі кейінірек темір өндірісін дамытуға негіз болған. Темір көп кездесетін материал болғандықтан қолданысқа тез арада енді. Темірден жасалған заттар б.з.б. 3- мыңжылдықтан бастап кездесе бастайды.Дегенмен темірдің қорытылуы өте қиын болғандықтан,қымбат металл болып қала береді. Темір табиғатта мыс немесе алтын сияқты таза күйінде кездеспейтін. Оны кентастардан бөліп алу үшін аса жоғары температура қажет болған. Адамдар темірді тек б.з.б. 1- мыңжылдықтың басында ғана жаппай игеріп, одан жасалған бұйымдар қолданысқа кеңінен енді. Темір дәуірінде өмір сүрген адамдардан қалған басты ескерткіштер – обалар – ( қорғандар) мен ежелгі тұрақтар. Обаларға жүргізілген зерттеу жұмыстары сол кезеңдегі адамдардың тіршілігі, әдет- ғұрпы, салт- санасы туралы маңызды деректер береді. Ерте темір дәуірінің ескерткіштерінен табылған темір құралдарға қарап алғашқы кезеңдегі темір қорытудың сапасы нашар болғандығын байқауға болады. Сонымен қатар бұл кезеңде қоладан бұйымдар жасау да жалғасқан. Қоланы игеру Қазақстан аумағында егіншілік пен малшаруашылығын дамытып, қоғамның дамуына да, дүниетанымдарының артуына да өзіндік маңызды ықпалын тигізді. Темір құралдарының пайда болуымен мал шаруашылығы одан әрі дамыды. Малшыларда да мықты ер,темір үзеңгілер,темір ауыздықтар пайда болды. .Темірден жасалған еңбек құралдары ағаш, сүйек, тері өңдеу істерін дамытты . Мұның бәрі қолөнердің егіншіліктен бөлінуіне әкелді. Қолөнердің дамуы өз кезегінде сауданың дамуына әсерін тигізді. Аса беріктікті қажет етпейтін әсіресе тұрмыстық бұйымдар - қазандар, айналар мен құрбандық ыдыстары қоладан жасала берді.Зергерлік бұйымдар- сырға, сақина, білезік, алқа және т.б. әшекейлер мыстан, қоладан, алтыннан, күмістен соғылған. Ұсталық өнердің біртіндеп дамуымен темір бұйымдардың, әсіресе алдымен қару- жарақтардың, сонымен қатар құрал – саймандардың сапасы арта бастаған. Қоланы әртүрлі еңбек құралдарын, шаруашылық, тұрмыстық бұйымдар,қару-жарақтар,әшекей бұйымдар жасауға пайдаланған .Ол едәуір қаттырақ,төмен температурада балқиды,түсі де әдемі жылтырап тұрады. Қола бұйымдар. Қола дәуірінде шаруашылық пен тұрмысқа қажетті бұйымдар қоладан жасала бастады. Әсіресе орақ,балта,,қанжар,пышақ,найза,жебе ұштары қоладан құйылды.Сәндік бұйымдардан білезік,ілгек,қапсырма, моншақ,өңіржиек, сырға сияқты заттар әзірленді.Бұйым жасауда соғу,құю, қақтау,өрнектеу,тегістеп жылтырату әдісін жоғары дәрежеде меңгеріп,қола бұйымдардың бетіне өрнек сала білді. Қола дәуірінде тастан,сүйектен,қыштан бұйымдар жасау жалғасын тапты. Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен кен өндіру ісінің дамуы қоғамдық өмірге ірі өзгерістер алып келді.Мұндай шаруашылықтар ер адамдардың еңбегі мен күшін қажет ететін болған. Қоламен салыстырғанда темірді балқыту үшін өте жоғары температура керек еді.Сондықтан темірді ауа үрлеуге арналған арнайы түтіктер орнатылған шұңқырда балқыту арқылы кеннен бөліп алды. Сырттан үрленген ауа пештегі температураны жоғарылатуға мүмкіндік беретін. Темірді балқытудың мұндай ежелгі әдісі шикі үрлеу( сырттан суық ауаны үрлеу жолы) деген атқа ие болды. Солтүстік Қазақстандағы Ақиір қалашығынан металл балқытуға арналған жүздеген пештердің орны табылған. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар: |
1 -тапсырма. Суретке қарап, адамдар қоладан қандай заттар жасағанын болжап көріңдер.
2-тапсырма. Тас және қола дәуірлерін салыстырып,сипаттама беріңдер.
3- тапсырма Мына суреттер бойынша металл өндірісінің пайда болуы мен дамуы жайлы әңгіме құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы - суреттер бойынша металл өндірісінің пайда болуы мен дамуын атайды; - металл өндеудің егіншілік шаруашылығының дамуына тигізген әсерін атайды; - металл өңдеудің мал шаруашылығының дамуына тигізген әсерін атайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кері байланыс: |
«Белгілер» әдісі
Құрметті өқушылар орындаған тапсырманы электронды пошта немесе WhatsApp мобилді қосымшасы арқылы жібере аласыздар. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма: |
§11.Қазақстан территориясында металлургияның пайда болуы оқып мазмұндау. |
||||||||||||||||||||||||||||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспар "Қазақстан аумағындағы металлургияның пайда болуы" 5 сынып

шағым қалдыра аласыз