Материалдар / Сабақ жоспар "Р дыбысын буында,сөзде және сөйлемде машықтандыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспар "Р дыбысын буында,сөзде және сөйлемде машықтандыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыс айту бұзылысы бойынша Р дыбысын машықтандыру логопед мамандардың сұранысына ие тақырып.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Р» дыбысын буында, сөзде және сөйлемде машықтандыру

Сабақтың мақсаты:

1. Р» дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру.

2. «Р» дыбысын басқа буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс ажырата      білуге үйрету.

3. Фонематикалық қабылдауын, ойын    тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Р дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, тапсырмалар, әріптердің кесіндісі, айна, түрлі-түсті қағаздар т.б.

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды сабаққа дайындау

Мимикалық гимнастика

Көзімізді ашып жұмамыз (қатты – жәй)

Ернімізід түтікше тәрізді алға созамыз.


ІІ.«Р» дыбысының артикуляциясымен таныстыру.
Алдымен «Р» дыбысының артикуляциясына назар аударамыз:

ерін аздап дөңгеленіп тұрады;
— жоғарғы,төменгі тістер алшақ келеді;
— тілдің ұшы қатты таңдайға  көтеріледі;
— тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;

тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;

жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады;

дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады;
— ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді;

ІІІ. «Р» дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру.

(Айтылған кезекпен буындарды қайтала Р дыбысын анық айт, созып айт)

Ра-ро-ру - ар-ор-ур

Ру-ру-рұ - ор-ур-ыр

Ро-ру-ры - ыр-ұр-ыр

Ра-ра-ра-рас - Ар-ар-ар-қар

Ро-ро-ро-ром - Ор-ор-ор-тор

Ры-ры-ры-рыс - Ыр-ыр-ыр-отыр

ІV. «Р» дыбысын сөйлемде айтуға машықтандыру.

Міне, Р әрпін ұстап тұрған жалмауыз кемпірге де жеттік. Оның айтуы бойынша, ол Р әріптері қатысты сөздерді ұмытып қалыпты, сондықтан Р әрпін ұрлап кетіпті. Оның есіне түсірсек қайтеді? Олай болса, «Мен бастаймын, сен аяқта» ойынын ойнайық. Мына сөз тіркестерін есіңе сақтай дұрыс қайтала.

  1. Рахат Рауанға тәтті ….(алмұрт берді)

  2. Раушан тосапты сары…(өріктен қайнатты)

  3. Рауан ащы……(сарымсақты турады)

  4. Ардақ піскен….(қарбыз әкелді)

V. Берілген сөздерге сөйлем құрастыру

1.Ара ...(омартада жүреді)

2.Ракета... (аспанда ұшып жүр)

3.Қарбыз ... (өте дәмді жеміс),

4. Дәптер... (көркем жазуға арналған)

5. Қарандаш...(түрлі суреттер саламыз),

6. Сарымсақ... (өте ащы болады)

VI .Ойын «қағазды жаймалау»

Бірінші не істейміз?

Қағазды мыжғылаймыз. Одан кейін оң қолдың жұдырығымен қағазды шет – шетіне жаймалаймыз. Сол қолдың жұдырығымен, оң қолдың алақанымен, сол қолдың алақанымен оң қолдың сұқ саусағымен, сол қолдың сұқ саусағымен қағаздың шет – шетін жаймалаймыз.

VIІ. Бой сергіту

Орнымыздан тұрайық

Дөңгелекті құрайық

Қолымызбен шапалақтап

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Сауық сайран құрайық

VIІІ.Жаңылтпашты дұрыс қайталаймыз

1. Қар, қар қарғалар

Қар үстінде жорғалар

2. Ара, ара, аралар,

Орманның бойын аралар

Гүлдерден сорып бал алар,

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәттіғой, ә , балалар

ІХ. Жаттамақ

РА-РА-РА

Жан – жағыңа қара.

РУ-РУ-РУ

Қалаға бару,

РЕ-РЕ-РЕ

Жарға ілдік сөре.

Х.Рефлексивті – түзетушілік.

- Балалар біз бүгін сабақта қандай дыбысты қайталадық ?

- Біз бүгін не үйрендік ?

- Сендерге бүгінгі ойындар ұнады ма ?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!