400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспар.«Доп капитанға» ойыны 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Допты бір-біріне қарсылас команда ойыншыларының кедергі жасауына қарамай лақтырып ұстауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы 4 «АБВ»

Күні:

Өтетін орны: Спорт зал

Сабақтың тақырыбы: «Доп капитанға» ойыны

Сабақтың мақсаты: Допты бір-біріне қарсылас команда ойыншыларының кедергі жасауына

қарамай лақтырып ұстауға үйрету.

Керекті құрал жабдықтар: резеңке доп немесе волейбол добы, ысқырғыш, т.б.


Р/с

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар


I




1






2







3



4



ІІ







































ІІІ


Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекші рапортын қабылдау.

Командалық жаттығулар. Оңға, солға қарай бұрылу.


Жүру жаттығулары: Ара қашықтықты сақтау:

1. Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.

2. Қол желкеде өкшемен жүру.

3. Қол белде аяқтың ішкі қырымен жүру.

4. Қол белде аяқтың сыртқы қырымен жүру.


Секіру жаттығулары:

1. Қолды алға қойып тізені алма кезек көтеріп секіру.

2. Қол жамбаста аяқтарын жеткізе секіру.

3. Қолдарын екі бүйірінен қойып оң бүйірге қарай

секіру.

4. Қолдарды бүйіріне қойған күйде сол бүйірге қарай секіру.


Жүгіру жаттығулары:

Алаңды айнала жай жүгіру, бірте-бірте жылдамдықты үдету.


Жалпы дамыту жаттығулары:

Жұппен орындалатын жаттығулар.


Негізгі бөлім:

Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әр команда өзіне капитан сайлайды.

Ойын алаңының қарама-қарсы бұрыштарынан

1 метр қашықтықта екі сызық жүргізіп, капитанның тұратын жерін басқа ойыншылардан бөліп қояды. Қалған ойыншылар араласып алаңда тұрады. Ойын бастаушы алаңның ортасындағы сызықтың үстінде тұрып, командалардың екі ойыншысының арасынан допты лақтырады. Допты қағып алған ойыншы өз капитаны жақта жақын тұрған ойыншыға лақтырып береді. Қарсылас команда ойыншылары өз капитанына лақтыру үшін допты ұстап алуға әрекет жасайды. Осындай тартыс кезінде қай команда капитанына допты лақтырып бере алса, соларға бір ұпай жазылады.


Ойынның ережесі.

1.Капитан тұрған жердің сызығын бастауға болмайды.

2.Капитанға ұшып келе жатқан допты ғана ұстауға болады.

3.Ойыншы доппен тек екі қадам ғана жасай алады. 4.Доппен жүгіруге, жерге соғып ыршытуға болмайды.

5.Доп үшін бірін-бірі итеруге, жұлқылауға болмайды.


Ойынның педагогикалық маңызы.

Ойын барысында тез, шұғыл шешімге келуге үйренеді. Жан-жағын жылдам барлап, өз командасының ойыншысына допты дәлдеп лақтырып, әр уақытта одан допты тосып, қағып алуға дайын тұрады. Жасаған жұмысын мұқият, тиянақты орындауға жаттығады.



Қорытынды бөлім:
Сапқа тұрғызу
- Түзел!
- Тік тұр!
- Еркін тұрыңдар!


Жүйелі түрде бағалау;

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.


Үйге тапсырма беру;

«Доп капитанға» ойыны

Оқушылармен қоштасу.

Саппен киінетін бөлмеге бару.


Тексерілді:











10-15 мин






















25 мин









































5 мин


Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.


Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау


















Қауіпсіздікті қадағалау.

Бұл ойынды оқушылар доппен орындайтын жаттығуларды жақсы меңгергенде ойнатса, ойын қызықты өтеді. Әр команданың киетін киімдері немесе қолдарына байлайтын арнаулы байлағыштары болуы қажет. Ойын ережесінің дұрыс сақталуын қадағалап отырған жөн.





















Дененің тік ұсталуын қадағалау.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі