400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Дыбыс айтуын, артикуляциялық аппараттың жағдайы, фонематикалық процестері және анализдік талдау жағдайларын тексеру Кезеңі: диагностика Мақсаты: Дыбыс айтуын, артикуляциялық аппараттың жағдайы, фонематикалық процестері және сөздерді анализдік, синтездік талдау жағдайларын тексеру Құрал-жабдықтар: Заттық суреттер, үлестірмелі карточкалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Дыбыс айтуын, артикуляциялықаппараттың жағдайы, фонематикалық процестері және сөздерді анализдік, синтездік талдау жағдайларын тексеру

Кезеңі: диагностика

Мақсаты: Дыбыс айтуын, артикуляциялық аппараттың жағдайы, фонематикалық процестері және сөздерді анализдік, синтездік талдау жағдайларын тексеру

Құрал-жабдықтар: Заттық суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабағымыздағы тапсырмаларды орындау үшін мұқият болайық.

ІІ. Мақсатын баяндау. Тексеру тәсілдері:

  1. Дыбыс айтуын, артикуляциялық аппараттың жағдайын тексеру.

  2. Фонематикалық процестері және сөздерді анализдік, синтездік талдау жағдайларын тексеру.

  1. Дыбыс айтуын тексеру мынадай кезекшілікпен жүргізіледі:

  • дыбысты жеке тұрған күйінде айтқызу;

  • буында айтқызу (ашық буында, жабық буында, ортасында)

  • сөзде айтқызу(дыбыс сөздің басында, ортасында, аяғында болу керек)

  • сөйлемде айтқызу.

Артикуляциялық аппараттың жағдайын тексеру барысында, бұлшық еттердің тонусына, қимылдың көлеміне, бір қимылдан екінші қимылғаөтуіне, синкинезия, треморға сілекей ағуына, тілдің ұшының ауытқуына көңіл бөлінеді.

Тапсырмалар:

  • ауызды ашып, жабу;

  • жымию, ерінмен түтікше жасау, бірнеше рет қайталау;

  • «күрекше», «жіңішке тіл», «сағат тілі» жаттығуларын жасау;

  • ауызды кең ашып, есінеу.

Артикуляциялық аппараттың анатомиялық құрылымы:

Еріні (қалың, жұқа, тыртық, жарықшақ);

Тістері (сирек, қисық, ұсақ, тістері жоқ);

Жақтары (прогнатия, прогения, ашық бүйірлік, ашық тістену);

Қатты таңдай (биік, жіңішке, готикалық, жайпақ, жарықшақ, субмукозды жарықша);

Жұмсақ таңдай (қысқарған, кішкентай тілдің жоқтығы);

Тіл (үлкен, кішкентай, тіл асты желбезегінің қысқалығы).

  1. Фонематикалық процестері және сөздерді анализдік, синтездік талдау жағдайларын тексеру.

- фонематикалық процестерін тексеру.

1. Ұқсас дыбыстардан тұратын буындарды қайталау:

ба-па-ба па-ба-па

қа-ға-қа ға-қа-ға

за-са-за са-за-са

ша-жа-ша жа-ша-жа

2.Ұқсасдыбыстарды ажырату (сурет бойынша айтқызу)

Доп-топ құлақ-тарақ

Сағыз-сегіз парта-балта

Доға-таға шал-шар

Тырна-тырма қыс-қыз

Шеге-шеке қасық-қазық

Тор-төл

  • сөздерді анализдік, синтездік талдау жағдайларын тексеру.

  1. Сөздердің бастапқы дыбысын анықтау:

Асық арба

Орындық оқтау

Әтеш өшіргіш

Ине үйшік

  1. Сөздегі соңғы дыбысты анықтау:

От ағаш

Қалам бөрік

Доп плащ

Құлын тарақ

  1. Сөздің басындағы дауыссыз дыбысты анықтау:

Май сағат

Бал тырна

Доп щетка

Қол цирк

  1. Сөздегі дыбыстардың кезектілігін анықтау:

Қол шана

Тал бота

Нан дала

Лақ мата

  1. Сөздегі дыбыстардың санын анықтау:

Бас мысық

Тор кесе

Көл банан

Хат алма

ІІІ. Үйге тапсырма. Үйде бүгін сабақта орындаған тапсырмаларды қайтала.

ІV. Сабақ қорытындысы.

Жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.









































Тақырыбы: Сөз түсінігін, белсенді сөз қорын, сөйлем құрауын тексеру. ( 1-сабақ)

Кезеңі: дайындық

Мақсаты: Сөз түсінігін, белсенді сөз қорын, сөйлем құрауын тексеру.

Міндеттері:

Білімділік: түзетілген сөйлеу тілін (фонематикалық жағынан таза, лексикалық жағынан мол, грамматикалық жағынан дұрыс) пайдалану біліктері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру;

Түзетушілік: сөзді түсінуін, белсенді сөз қорын, сөйлем құрауын дамыту.

Тәрбиелік: өзін-өзі қадағалауға, өзіне баға беруге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Заттық суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Бүгінгі сабағымыздағы тапсырмаларды орындау үшін мұқият болайық.

ІІ. Мақсатын баяндау.

  1. Сөз түсінігін тексеруі:

  • Тақырыптар бойынша сөздерді, жалпылама сөздерді түсінуі;

  • Зат есімнің кішірейтіп-еркелетіп айтатын және септік жалғауларды түсіну қабілетін; (суреттен көрсету)

Қала-қалашық бота-ботақан

Көл-көлшік бала-балақай

  1. Белсенді сөз қорын тексеру

  • «Құстар», «үй жануарлары», «аңдар», т.б тақырыптары бойынша заттардың аттарын атау, жалпылама сөздерді қолдану;

  • Дененің, заттың бөлшектерін сурет бойынша атау;

Шынтақ , алақан, желке, маңдай, мотор, кабина т.б

  • Етістік сөздерді қолдану (сұраққа жауап беру);

Не қалай дауыстайды? (құстардың, жануарлардың дыбыстауын айту)

  • Етістік тің шақтарын меңгеруі (сурет бойынша сөйлем құрау);

Бала сурет салып отыр.

  • Сын есімдерді қолдануы;

Түстерді атауы:

  • Жануарлардың төлдерін атауы

  • Түрлерді атау (сұрақ, сурет бойынша)

Терезе (төртбұрышты)

Лимон (сопақ)

  • Антоним сөздерді атау

Ыстық- жеңіл-

Ұзын- алу-

  • Зат есімнің көптік жалғауын қолдануы

Ағаш- шелек-

Бала- гүл-

  • Септік жалғауларды қолдануы (сурет бойынша)

Бала кімге гүл берді?

Қыз суретті немен салып отыр?

Балада не бар?

Суретте нені көріп тұрсың?

Бала кіммен келе жатыр?

Шашты немен тарайсың?

Ит қайда жатыр?

ІІІ. Үйге тапсырма. Үйде бүгін сабақта орындаған тапсырмаларды қайтала.

ІV. Сабақ қорытындысы.

Жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.




Тақырыбы: Сөз түсінігін, белсенді сөз қорын, сөйлем құрауын тексеру. ( 2-сабақ)

Кезеңі: дайындық

Мақсаты: Сөз түсінігін, белсенді сөз қорын, сөйлем құрауын тексеру.

Міндеттері:

Білімділік: түзетілген сөйлеу тілін (фонематикалық жағынан таза, лексикалық жағынан мол, грамматикалық жағынан дұрыс) пайдалану біліктері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру;

Түзетушілік: сөзді түсінуін, белсенді сөз қорын, сөйлем құрауын дамыту.

Тәрбиелік: өзін-өзі қадағалауға, өзіне баға беруге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Заттық суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Бүгінгі сабағымыздағы тапсырмаларды орындау үшін мұқият болайық.

ІІ. Мақсатын баяндау.

  1. Сөз түсінігін тексеруі:

  • Септік жалғаулардың мағынасын түсінуін; (суреттен көрсету)

Бала мектепке бара жатыр

Бала мектептен келе жатыр

Құс тордан ұшты

Құс торда

Құс тордың үстінде

  1. Белсенді сөз қорын тексеру

  • Кішірейтіп-еркелетіп айтылатын жалғауларды қолдануы.

Бала-балақай көл-көлшік

Жолақ-жолақша кітап-кітапша

Қап-қапшық

  • Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтарды қолдануы (қыш-кіш, ғыш-гіш)

Жап-жапқыш өшір-өшіргіш

Сыпыр-сыпырғыш ескерт-ескерткіш

  • Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтарды қолдануы (дай-дей, тай-тей, сыз-сіз)

Тау-таудай су-сусыз

Құс-құстай кітап-кітапсыз

Бала-баладай тәртіп-тәртіпсіз

  • Етістіктерден сын есім тудыратын жұрнақтарды қолдануы (шақ,шек)

Мақтан-мақтаншақ ерін-еріншек

  1. Сөйлем құрауы.

Әдістемелік нұсқау. Сөйлем құрау дағдысын анықтау үшін арнайы әдебиеттерде қарастырылған тапсырмалар қолданады. Тексеру барысында бала қандай сөйлем түрлерін белсенді сөйлеуде қолданатынына, қандай қателер жіберетініне көңіл аудару керек. Тапсырмалар:

  • Берілген сөздерден сөйлем құрау(бала, мектеп, барды)

  • Ретсіз берілген сөздерден сөйлем құрау

  • Сурет бойынша сөйлем құрау

  • Сөйлемді аяқтау(Ағам бүгін сабаққа бармады, өйткені ол...ауырып қалды)

Сөйлемдегі қатені табу.

ІІІ. Үйге тапсырма. Үйде бүгін сабақта орындаған тапсырмаларды қайтала.

ІV. Сабақ қорытындысы.

Жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.



Тақырыбы: Артикуляциялық аппараттың дамуы. Артикуляциялық аппаратпен танысу. Күз. Ерте және алтын күз.

(1-сабақ)

Кезеңі: дайындық

Мақсаты: Артикуляциялық аппаратпен танысу. Күз. Ерте және алтын күз тақырыбында әңгімелеу.

Міндеттері :

Білімділік:Оқушыларды сөйлеу тіл мүшелерімен таныстыру. Күздің ерекшеліктерін айту.

Түзетушілік:Сөйлеу мүшелерін қалыптастыру. Зейінін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар:Сөйлеу мүшелерінің суреті, көкөністердің, күзгі табиғаттың суреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендер мұқият болуларың керек.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Балалар сөйлеу тілі бізге не үшін қажет?

-адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, сөйлеседі, әр түрлі сезімдерді алмастырады. Біреуі қуанышын, біреуі қайғысын білдіреді. Ал сол сөз қалай пайда болады соны оқып түсініп көрейік.

Алдарыңда адамның сөйлеу тіл мүшелері. Сөйлеу тіл мүшелеріне мұрын, тіл, ерін, тіс, таңдай,кеңірдек кіреді.Осы мүшелерді біз мына суреттен көрейік (кескінмен таныстыру).

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Логосағат

Күз

Құлпыра берші кең далам,

Жемісіңді терейін.

Жапырағыңа жасыршы,

Құшағыңа енейін.


Жел үрлейді у-у-у,

Құйын келіп билейді.

Қатты-қатты жел соқты,

Жапырақтар қол соқты. Өлең барысында орындалатын қимылдар.

(Қолдарын жоғары көтереді.

Жемістерді тергендей болады.

Алақандарымен беттерін жасырады,

Өз-өздерін құшақтайды.

Қолдарын жоғары көтеріп тербелтеді.

Денелерін тербелтеді.

Қолдарын шапалақтайды).


  • Ендеше мына суретке қарап күз мезгілі туралы не білеміз әңгімелейік.

ІІІ. Үйге тапсырма. Алтын күз тақырыбында әңгіме құрау.

ІV. Сабақ қорытындысы.

Жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.





Тақырыбы: Артикуляциялық аппараттың дамуы. Артикуляциялық аппаратпен танысу. Күз. Ерте және алтын күз.

(2-сабақ)

Кезеңі: дайындық

Мақсаты: Артикуляциялық аппаратпен танысу. Күз. Ерте және алтын күз тақырыбында әңгімелеу.

Міндеттері :

Білімділік:Оқушыларды сөйлеу тіл мүшелерімен таныстыру. Күздің ерекшеліктерін айту.

Түзетушілік:Сөйлеу мүшелерін қалыптастыру. Зейінін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар:Сөйлеу мүшелерінің суреті, көкөністердің, күзгі табиғаттың суреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендер мұқият болуларың керек.

ІІ. Мақсатын баяндау.

  • Балалар кеше біз сөйлеу тіл мүшелерімен таныстық. Қане айтып беріңдерші сөйлеу тіл мүшелеріне нелер жатады?

  • Дұрыс айтасыңдар.

ІІІ. Логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырма.

  • Балалар кеше біз күз туралы әңгімеледік. Енді осы күз тақырыбына байланысты тапсырмалар орындайық.

  1. Сөйлемді аяқта ойыны.

Күзде әлсін-әлсін.....

Қыркүйек айында балалар.......

  1. Керісінше айт.

Жылы-

Көп-

Сулы-

  1. Күз бейнеленген суретті тауып боя.












  • Балалар осы күз мезгілін не себепті алтын күз дейміз?

  • Дұрыс айтасыңдар осы алтын күзде қырманымыз астыққа дастарханымыз жеміс –көкөністерге толатын кез.

  1. Жұмбақтар.

Үстіне тігіп көк шатыр ,

Астында қызғылт дәу жатыр . ( Қызылша )

Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар. ( Сарымсақ ) Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. ( Пияз )

ІV. Үйге тапсырма. Алтын күз тақырыбына жұмбақтар дайындап келу

V. Сабақ қорытындысы.

Жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.


Тақырыбы: Сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды дамыту. Сөйлеу кезіндегі естуін дамыту. Ағаштар (1-сабақ)

Кезеңі: дайындық

Мақсаты: Сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды дамытып, сөйлеу тілінің темпін естіп белгілеп, қимылдарды сәйкес темпте орындауға үйрету. Ағаштардың түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: ауыз арқылы біркелкі дем шығаруды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар жәнесөйлеу кезіндегі естуін дамытуға арналған тапсырмалар орындау.

Түзетушілік: ауыз арқылы біркелкі дем шығаруды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар арқылы сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды дамыту. Әр түрлі темпте орындалатын қимылдарды білдіретінфразалар арқылы сөйлеу кезіндегі естуін дамыту. Ағаштардың түрлері мен айырмашылықтарын ажырату.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Ойын жаттығуларға байланысты суреттер, ағаштардың суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

  • Балалар бүгін біз сөйлеу кезіндегі тыныс алуды дамытуға кіріспес бұрын , ең алдымен, иықтарды көтермей, тыныш тыныс алу, және ауыз арқылы қатты, бірқалыпты тыныс шығарып үйренейік.

Ауыз арқылы дұрыс дұрыс дем шығару параметрлері:

  • Мұрын арқылы қатты тыныс алу;

  • Дем шығару бір қалыпты, секірмей;

  • Дем шығару кезінде еріндерді түтікше тәрізді етіп, еріндерді тістемей және ұртты бұртитпау керек;

  • Дем шығару ауыз арқылы, мұрын арқылы дем шығаруға жол бермеу керек;

  • Ауа ағынын ауа таусылғанша шығару;

  • Ән айту кезінде немесе сөйлеу кезінде ауаны қысқа, жиі тыныс алу арқылы алып шығару.

ІІІ. Балалар бүгін біз көптеген ағаштардың түрлерімен танысамыз.

Мына ағаштарға қарайықшы қай ағаш сіздерге таныс?

Тағы қандай ағаштың түрін білесіңдер?

  • Қайың, үйеңкі, емен, шетен ағашы, шырша, алма ағашы т.б.

Кім тапқыр ойыны. Ағаштарды атап, жапырағын сәйкестендір.







ІV. Үйге тапсырма. Ағаштың суретін салып келу.

V. Сабақ қорытындысы.

Жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Тақырыбы: Сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды дамыту. Сөйлеу кезіндегі естуін дамыту. Ағаштар (2-сабақ)

Кезеңі: дайындық

Мақсаты: Сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды дамытып, сөйлеу тілінің темпін естіп белгілеп, қимылдарды сәйкес темпте орындауға үйрету. Ағаштардың түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: ауыз арқылы біркелкі дем шығаруды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар жәнесөйлеу кезіндегі естуін дамытуға арналған тапсырмалар орындау.

Түзетушілік: ауыз арқылы біркелкі дем шығаруды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар арқылы сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды дамыту. Әр түрлі темпте орындалатын қимылдарды білдіретінфразалар арқылы сөйлеу кезіндегі естуін дамыту. Ағаштардың түрлері мен айырмашылықтарын ажырату.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Ойын жаттығуларға байланысты суреттер, ағаштардың суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Ауыз арқылы біркелкі дем шығаруды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

«Ұш көбелек!»

Мақсаты: ауыз арқылы, үзбей дем шығаруды дамыту; ерін бұлшық еттерін белсендіру.

Құрал жабдықтар: 2-3 ашық түсті көбелектер.

Ойын барысы: Сабақты бастамас бұрын, әр көбелекке ұзындығы 20-40 см жіпті байлап, ол жіптерді бір – бірінен алшақ қойып бауға байлау. Бауды түрегеп тұрған баланың бетінің тұсында көбелек болатындай етіп, тартып қойылады. Балаға көбелектерді көрсетіп, олармен ойнауды ұсыну.

  • Қарашы, қандай әдемі көбелектер! Олар ұшатын көбелектер ме көрейік. Көбелектерді үрлеп көрсету.

  • Қара, ұшты! Тірі көбелектер сияқты! Енді сен үрлеп, оларды ұшыр. Қай көбелек ары ұшады екен?

Бала көбелектерді үрлейді. Бала үрлеп, дем шығарғанда иықтарын көтермей тік тұруын, қосымша ауаны тынысқа алмауын, ұртын бұртитпауын, еріндерін алдыға қарай сәл шығаруын қадағалау керек. Үрлеген уақыт 10 секундтан аспауы тиіс.

«Жел соғады», «Күзгі жапырақтар», «Бақ-бақ гүл» жаттығуларын орындау.

Сөйлеу кезіндегі естуін дамытуға арналған ойын.

«Қалай орындау керек» ойыны

Сипаттамасы: Логопед бірнеше рет әр түрлі темпте фразаны айтады: «Диірмен бидайды үгітті». Балалар диірменнің жұмысына еліктеп, қолдарымен дөңгелек жасап қимылдайды. Осылайша, «Біздің аяқтарымыз жолмен жүрді», «Балалар өзенде малтыды» фразалары ойналады.

Әдістемелік нұсқаулар: Логопед фразаны бірқалыпты, бірге, балаларға тапсырманы орындау жеңіл болу үшін, 2-3 рет қатар кез келген темпте қайталап айтуы керек.


ІІІ. Үйге тапсырма. Көбелекке үрлеу.

І V. Сабақ қорытындысы.

Жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.




Тақырыбы: Сөздік және сөзсіз дыбыстарды ажырату. Кеңістік – уақыттық түсініктерін қалыптастыру. Саңырауқұлақтар(1-сабақ)

Кезеңі: дайындық

Мақсаты: : Сөздік және сөзсіз дыбыстарды ажыратуды үйрету. Кеңістік – уақыттық түсініктерін қалыптастыру. Саңырауқұлақтардың түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік:Сөздік дыбыстар ұғымымен таныстыру . Кеңістік – уақыттық түсініктерін қалыптастыруға арналған түрлі тапсырмалар орындау. Саңырауқұлақтар туралы әңгімелеп беру.

Түзетушілік: Сөздік және сөзсіз дыбыстарды ажырату арқылы баланың естуін, есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту. Уақыт туралы ұғымдарын дамыту арқылы сөздік қорын белсендіру және етістіктің шарттарын түсінуге ықпал ету . Саңырауқұлақтың түрлері мен айырмашылықтарын айту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Музыкалық аспаптар, қағаз, балға, адамның көңіл-күйін білдіріп тұрған суреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мына адамдарға қараңыздаршы олар әр түрлі көңіл – күйде балаларға пиктограмм көрсетіледі.

Балалар адамның көңіл-күйін айтады: ренжулі, ашулы, көңілді т.б.

ІІ. Мақсатын баяндау.

  • Балалар бүгін біз әртүрлі дыбыстарды танып,дыбыстайтын боламыз.

«Үндемейміз» ойыны.

Көзімізді жұмамыз. 1,2,3,4,5-тыныш, үндемей дыбысты тыңдаймыз. Не естідіңіздер? Айналаңызда түрлі дыбыстар бар.Әр түрлі заттар әр қалай дыбыс шығаруда. Тыңдаңыздар. : Музыкалық аспаптың, қағаздың, балғаның дыбыстарын балалар шиырманың ар жағынан айыра білу керек.

Сіздер әр түрлі заттардан түрлі дыбыстар шығатынын естідіңіздер. Енді «Әр түрлі дыбыстар» тақпағын тыңдаңыздар.

Бір жерден ит үреді:

  • Р-р-р!

Далада сиыр мөңірейді:

  • Мө-мө-мө!

Бөлмеде шыбын ыжылдайды:

  • Жжж!

Машиналар қасыңнан жүреді:

  • Тррр!

Желден сымдар гуілдейді:

  • Зззз!

Ас үйде краннан су тамшылайды:

  • Дин-дин!

Азық болатын саңырауқұлақтар: Оқ жаңбырық, терекқұлақ, қайың саңырауқұлақ, түлкішек, сазқатпа, майқұлақ.

Улы саңырауқұлақтар: шыбынжұт, арамқұлақ.

«Әр саңырауқұлақтың сыңарын тап» ойыны.







  • Саңырауқұлақтар қай кезде өседі?

  • Не үшін оларды жинайды?

  • Қандай саңырауқұлақтарды жеуге болмайды?

  • Саңырауқұлақтан не дайындауға болады?

ІІІ. Үйге тапсырма. Өзіңе ұнаған саңырауқұлақтың суретін сал.

ІV. Сабақ қорытындысы.

  • Жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Тақырыбы: Сөздік және сөзсіз дыбыстарды ажырату. Кеңістік – уақыттық түсініктерін қалыптастыру. Саңырауқұлақтар(2-сабақ)

Кезеңі: дайындық

Мақсаты: : Сөздік және сөзсіз дыбыстарды ажыратуды үйрету. Кеңістік – уақыттық түсініктерін қалыптастыру. Саңырауқұлақтардың түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік:Сөздік дыбыстар ұғымымен таныстыру . Кеңістік – уақыттық түсініктерін қалыптастыруға арналған түрлі тапсырмалар орындау. Саңырауқұлақтар туралы әңгімелеп беру.

Түзетушілік: Сөздік және сөзсіз дыбыстарды ажырату арқылы баланың естуін, есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту. Уақыт туралы ұғымдарын дамыту арқылы сөздік қорын белсендіру және етістіктің шарттарын түсінуге ықпал ету . Саңырауқұлақтың түрлері мен айырмашылықтарын айту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: аңдардың суреті, кеңістікті бағдарлауға арналған суреттеер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін сабақта мұқият болайық.

ІІ. Мақсатын баяндау.

«Ормандағы аңдар» ертегісін тыңдайық.

Бір күні орман алаңына қоян, аю, түлкі, қасқыр,тиін, кірпі жиналыпты. (Аңдардың суреті көрсетіледі)

Олар бір-біріне қалай жақсы өлең айтатындарын көрсеткілері келіпті.

Түлкі әндетіпті: А-А-А

Қасқыр: У-У-У

Аю: Ы-Ы-Ы

Тиін:И-И-И

Кірпі:Э-Э-Э келіңіздер аңдарға қосылып бірге айтайық.

Р-Р-Р, Д-Д-Д (дауыстап)

П-П-П, Т-Т-Т (жайлап)

Ж-Ж-Ж (дауыспен)

Ш-Ш-Ш (дауыссыз)

ІІІ.

1. Кеңістікті бағдарлауға тапсырмалар:

  • Оң қолды алға ұста;

  • Алдыңда тұрған заттарды ата;

  • Оң жағыңда тұрған заттарды атап шық;

  • Сол жағыңда қандай заттар тұр;

  • Артыңда қандай заттар тұр;

  • Басыңды жоғары көтер, нені көрдің;

2.Уақытты бағдарлау.

Тапсырмалар:

Тәулік

Апта

Түн мен күн

Жыл мезгілі

Айлар

Отбасының жас ерекшелігі.

3.Үзік сызықтарды бастырып боя.







ІV. Үйге тапсырма.Кеңістікті бағдарлауға байланысты тапсырмалар.

V. Сабақ қорытындысы.

Жарайсыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Тақырыбы: Р-Л дыбыстары (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары: Р-Л дыбыстарының артикуляциялық қалпымен таныстыру

Құрал-жабдықтар: айна, мақта

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

«Р» дыбысының артикуляциялық қалпы:

а) еріндер келесі дауысты дыбысқа тәуелді;

ә) жоғарғы және төменгі тістер арасы алшақ 1-2 мм;

б) тілдің ұшы жоғарыда, қатты дірілдейді;

тілдің бүйірлері жоғарғы азу тістерге жабысып тұрады;

в) тілдің арқасымен таңдай арасынан ауа ағыны (толқыны) еркін өтеді;

г) жұмсақ таңдай көтеріңкі, жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жолын жабады;

ғ) дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.

д) ауа ағыны дем шығарған сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.

Р* дыбысының артикуляциясы

Р дыбысының артикуляциясы сияқты. Ерекшелігі: тілдің арқасы жоғары, таңдайға қарай көтеріліп, алға қарай сәл жылжиды.


ІІІ. Р дыбысына арналған жаттығулар


«Тістерді тазала»

Мақсаты: тілдің жоғары көтерілуін қалыптастыру.

Сипаттамасы: Ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен жоғарғы тістерді ішінен оңға – солға тазалау.

Әдістемелік нұсқау:

а) еріндер жымияды, жоғарғы және төменгі тістер көрініп тұрады;

ә) тілдің ұшы ауыздан шықпай , ішке қарай қайырылмай, жоғарғы тістердің түбіне тигенін қадағалау;

б) төменгі иек қозғалмай, тек тіл жұмыс жасайды.

«Сылақшы»

Мақсаты: тілдің жоғары көтерілуі мен қозғалуын қалыптастыру.

Сипаттамасы: жымиып, ауызды ашып, тілдің ұшымен таңдайды алға-артқа «сылау».

Әдістемелік нұсқау:

а) төменгі иек пен ерін қозғалмайды;

ә) тіл ауыздан шықпай, алдыға қарай жылжығанда жоғары тістердің ішкі жағына ғана жетуін қадағалау.

«Аттар шабысы»

Мақсаты: тілдің сіңірлерін бекіту, жоғары көтеруге дағдыландыру.

Сипаттамасы: Жымиып, тістерді көрсету, ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен таңдай қағу (аттың тағалары тықылдағандай).

Әдістемелік нұсқау: а) жаттығу басында ақырын, кейін тез жасалады;

ә) астыңғы иек қозғалмай, тек қана тіл жұмыс жасайды;

б) егер бала тықылдата алмаса, оған «Кәмпитті жапсыр» жаттығуын жасауды ұсыну, содан соң осы жаттығуға оралу;

в) тіл ішке қарай жиырылмай , тақылдауын қадағалау.

«Тоқылдақ», «Тәтті тосап», «Допты кім арырақ кіргізеді?», «Күрке тауық», «Саңырауқұлақ» т.б жаттығулар орындау

ІV. Үйге тапсырма. Жаттығуларды қайталау

V. Сабақ қорытындысы.







Тақырыбы: Р-Л дыбыстары (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары: Р-Л дыбыстарының артикуляциялық қалпымен таныстыру

Құрал-жабдықтар: айна, мақта

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

«Л» дыбысының артикуляциялық қалпы.

а) еріндер ашық, келесі дыбысқа тәуелді, тістер арасы ашық;

ә) тілдің ұшы жоғары алдыңғы тістерге немесе қызыл етке тіреледі, тілдің алды мен орта бөлігі төмен түсірілген, тілдің шеттері де төмен түскен, тілдің шеттерімен азу тістер арасында қуыс қалып, одан ауа ағыны шығады; тілдің артқы жағы жұмсақ таңдайға көтеріліп, сәл артқа қарай созылады;

б) жұмсақ таңдай – жоғары көтеріліп, жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жолын жауып тұрады; дауыс перделері қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады;

в) ауа ағыны – ауыз қуысынан, тілдің шеттері арқылы шығады, сондықтан л дыбысын бүйірлік деп атайды.

Жұмсақ айтылатын л* дыбысының қатаң жұбынан артикуляциялық қалпы бойынша айырмашылығы:

А) еріндер екі шетке созылады (жымиғандағыдай);

Ә) тілдің ұшы жоғары көтеріліп, альвеолаға тіреледі, тілдің ортасы және артқы жағы жоғары көтеріліп алдыға қатты таңдайдың аяғына, жұмсақ таңдайдың бас жағына жылжиды (сондықтан дыбыс жұмсақ айтылады)

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Жел соғады»

Мақсаты: тілдің шеттерімен шығатын ауа ағынын қалыптастыру.

Сипаттамасы: ерінге күлкі үйірілген, ауыз ашық, тілдің ұшын тістермен тістеп, үрлеу. Ауа ағының бар –жоғын және бағытын мақтаның көмегі арқылы қадағалауға болады.

Ескерту: ауа ағыны тілдің ортасымен емес, ауыздың екі шетінен шыққанын қадағалау қажет.

«Бұзық тілді жазалау»

Мақсаты: Тілдің сіңірлерін бос, жалпақ етіп ұстауға үйрету.

Сипаттама: ауыз сәл ашық, тілді бос қылып астыңғы ерінге салып «пя-пя-пя» дыбыстарын айтыптілді соғу. Тілді дірілдетпей бос қылып, осы қалыпта 1-5, 1-10 секунд ұстау.

Әдістемелік нұсқау:

А) төменгі ерінді бүрмей, төменгі тістерге созбауын қадағалау;

Ә) тіл жалпақ болып, оның шеттері ауыздың шетіне тиіп тұрады;

Б) тілді еріндермен бірнеше рет бір демде соғу керек. Бала шығаратын ауаны ұстап, кедергі жасамауын қадағалау.

Былай қадағалауға болады: мақтаны баланың аузына жақындату керек, егер ол жаттығуды дұрыс орындаса мақта шалқаяды. Осы жаттығу бағытталған ауа ағынын шығаруға дағдыландырады.

«Тәтті тосап», «Кеме гуілдейді», «күрке тауық», «әткеншек», «тоқылдақ», «тілдің ұшын дыбыссыз тақылдату», «Инеше», «саңырауқұлақ», «гармон» жаттығуларын орындау.

ІV. Үйге тапсырма. Жаттығуларды қайталау

V. Сабақ қорытындысы.










Тақырыбы: Л дыбысын қою. Дұрыс ауа ағымын қалыптастыру. Құстар. (1-сабақ)

Кезең: түзету.

Мақсаттары:

Білімділік: -л- дыбысын қою үшін артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимылдарын дайындау, сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуын дамыту.

Түзетушілік: кеңістікте бағдарлауын дамыту; зейінін, есте сақтауын, фонематикалық естуін дамыту.

Тәрбиелік: құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Құрал жабдықтар: жылы жақтың құстары (аққұтан, тырна, қарлығаш, қараторғай, қаратаған т.б) бейнеленген суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Кеңістікте бағдарлауын дамыту. Релаксация.

  • Аққұтан қай жерде тұрғанын айт, сенің алдында ма артыңда ма?

Қай құс сенің алдыңда тұрғанын айт? Қай құс сол жағында, оң жағында?

  • Құстар ұшуға дайындалып жатыр. Олардың қанаттары қандай мықты екенін көрсет (күшпен). Ұшуды имитациялау (денені босаңсыту).

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін біз әр түрлі жаттығуларды жасап үйренеміз.

Мимикалық – артикуляциялық жаттығулар

  • Көңілсіз аққұтандар сияқты бол. Олар жылы жаққа ұшып кеткісі келмей тұр, көңілсіз. Сен күлімдеп, оның көңілін көтер.

Еріндерге арналған жаттығулар

«Балапандар ауыздарын кең ашып, тамақ сұрап тұр».

  • Жазда балапандар кішкентай болды, анасы оларға тамақ әкеліп жүрді. Олар тұмсықтарын ашып анасы әкелген тамақты жеді. Ауызды (а) дыбысын айтқандағыдай, кең ашу. Иектер күштеніп тұрады және қозғалмайды, тістер арасы 1-1,5 см ашық. Тілді ауыз қуысына салу. Осы қалыпта 1-5, 1-7 ге дейін санап ұстап тұру. Ауызды жабу.

«Жасыл тоқылдақ бұлбұлмен қоштасып жатыр». Тілдің ұшы төменгі тістердің артында жатыр. Киэй-киэй-кюй-дыбыстар қосындысын айту. Ауызды ашып, жымиып, алдыңғы тістерді көрсету. Еріндер мен тістерді осы қалыпта 1-5-ке дейін санап ұстап тұру, кейін ауызды жабу.

ІІІ. Тілге арналған жаттығулар

«Тіл есіктің саңылауынан сыртқа шығып жатыр. Ол құстармен қоштасқысы келіп тұр». Тілдің ұшын сыртқа шығара отырып, тістермен тістеу. Тілдің ұшын жоғары-төмен көтеріп, түсіру.

«Әр түрлі құстардың тұмсықтары».

  • Үйректің тұмсығы жалпақ болады, соны жасайық.

  • Ауызды кең ашып, тілді жалпақ етіп, төменгі ерінге салу және 1-5-7-ге дейін санап ұстап тұру.

«Аққұтанның тұмсығы».

Тілді үшкір етіп ауыздан шығару. Бала қиналса, тілін кәмпитке дейін немесе басқа затқа дейін созуды ұсынуға болады.

Логосағат.

Құстар

1-2-3 – қарлығаш болып ұш,

4-5-6 – қарлығаш болып қалқы.

7-8-9-10 – қарлығаш болып қон.

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жасайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

ІV. Үйге тапсырма.

V. Сабақ қорытындысы.


Тақырыбы: Л дыбысын қою. Дұрыс ауа ағымын қалыптастыру. Құстар. (2-сабақ)

Кезең: түзету.

Мақсаттары:

Білімділік: -л- дыбысын қою үшін артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимылдарын дайындау, сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуын дамыту.

Түзетушілік: кеңістікте бағдарлауын дамыту; зейінін, есте сақтауын, фонематикалық естуін дамыту.

Тәрбиелік: құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Құрал жабдықтар: жылы жақтың құстары (аққұтан, тырна, қарлығаш, қараторғай, қаратаған т.б) бейнеленген суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Кеңістікте бағдарлауын дамыту. Релаксация.

  • Тырна қай жерде тұрғанын айт, сенің алдында ма артыңда ма?

Қай құс сенің алдыңда тұрғанын айт? Қай құс сол жағында, оң жағында?

  • Құстар ұшуға дайындалып жатыр. Олардың қанаттары қандай мықты екенін көрсет (күшпен). Ұшуды имитациялау (денені босаңсыту).

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін біз әр түрлі жаттығуларды жасап үйренеміз.

Мимикалық – артикуляциялық жаттығулар

  • Көңілсіз аққұтандар сияқты бол. Олар жылы жаққа ұшып кеткісі келмей тұр, көңілсіз. Сен күлімдеп, оның көңілін көтер.

ІІІ. Тыныс алу жаттығулары. Өзіне өзі массаж жасау.

Дұрыс диафрагмальді тыныс алуды дамыту. Ойын тапсырма

«Кішкентай шар – шұңқырша.

  • Терең тыныс ал. Сенің ішің допқа ұқсап қалды.

Деміңді шығар-шұңқырша пайда болды.Ауызбен тыныс шығаруға арналған статикалық жаттығу. «Күз келді, қатты жел соқты. Жел ақырындап, жеңіл жел соқты». Жапырақтарды үрлеу.

ІV. Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс.

«Дыбысты ұста» ойыны.

Келесі дыбыстар айтылады: (С), (з), (л), (з), (ш), (Ж), (л) т.б. Бала (л) дыбысын естігенде шапалақ соғады.

  • (л) дыбысы мына сөздерде бар ма? (гүл , алма, көл, қол, кілем, алмұрт).

V. Логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырма.

«Құстардың балапандарын табуға көмектес» ойыны. Балалар суреттерге қарап, әрбір құстың жанына сәйкес балапанды қояды.

VІ. Артикуляциялық гимнастика.

Дауысты артикуляция мүшелерін дамыту.

«Құстардың балапандары әндетеді». Жазда құстардың балапандары ән айтып үйренген екен. Дыбыстарды дауыстың күші мен жоғарылығын өзгертіп айту: а-ааа, ә-әәәә,о-оооо, у-ууууу, ү-үүүү, ұ-ұұұұ, і-ііііі, ы-ыыы;

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Сауысқан-ау сауысқан,

Келіп қапсын алыстан.

Тамағыңды тауысқан

VІІ. Үйге тапсырма.

Үйде дала құстарының суретін салып, аттарын есіңде сақтап кел.

VІІІ. Сабақ қорытындысы:

Бүгін сен сабақта жақсы жауап беріп, тапсырмаларды мұқият орындадың.






Тақырыбы: Л дыбысын бітеу және ашық буында машықтандыру. Лдыбысы сөздің басында. Үй жануарлары. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысын бітеу және ашық буында және сөз басында машықтандыру. Үй жануарларының түрлерімен таныстыру.

Білімділік: Л дыбысын буындарда айтқызу. Сөз басында анық айтуға машықтандыру. Үй жануарларының пайдасын айтып соған байланысты логикалық ойындар ойнату.

Түзетушілік: Жаңа сөздермен сөздік қорын молайту. Логикалық ойындар арқылы есте сақтауын, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Алдын –ала жұмыс: Л дыбысының жеке айтылуын анықтау жүргізіледі.

Дайындық жұмысы: Л дыбысы бар заттар дайындап көрсету(л дыбысы сөздің басында кездесуі керек).

Құрал-жабдықтар: Буындар жазылған плакат, л – дыбысынан басталатын заттар, үй жануарларының суреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін біз осы сөздегі бірінші тұрған дыбысты айтып жаттығамыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Жымию», «Сылақшы», «Әткеншек» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Біз (л) дыбысын қалай айтатынымызды есімізге түсірейік.

Еріндер, тіл, тістер не істейді?

Ауа ағыны кеңінен шығама?

(л) дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Дауыс ммоторы жұмыс жасап тұра ма?

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

- Енді дыбысты буындарда, сөз басында айтып жаттығайық.

Ла-ла-ла лу-лу-лу лұ-лұ-лұ

Ло-ло-ло лы-лы-лы лы-лы-лы

Ал-ал-ал ыл-ыл-ыл ұл-ұл-ұл

Ол-ол-ол ул-ул-ул ыл-ыл-ыл

Сөз басында айтып машықтандыру.

Лақ, лай, лық, лас, лағман, лала, лайық, ластау, лашын, лагерь, лаборант, лауреат.

VІ. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс.

ҚShape1 азір лақ сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Л-

АShape2 -

ҚShape3 -

  1. Үй жануарларымен таныстыру. Олардың ерекшеліктерімен пайдасы туралы айту

  1. Мысыққа шұжықты тауып бер ойыны.


VІІ. Үйге тапсырма.

Үй жануарларына байланысты жұмбақтар ойлап келу.

VІІІ. Сабақ қорытындысы.





Тақырыбы: Л дыбысын бітеу және ашық буында машықтандыру. Лдыбысы сөздің басында. Үй жануарлары. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысын бітеу және ашық буында және сөз басында машықтандыру. Үй жануарларының түрлерімен таныстыру.

Білімділік: Дыбыстың артикуляциясын бекіту, (л) дыбысының дұрыс айтылуын буын, сөздерде машықтандыру.

Түзетушілік: Есту зейінін дамыту, есте сақтауын, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: логопедті мұқият тыңдауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Заттық суреттер, дыбыстық талдау-жинақтау жасауға арналған көк және қызыл түсті текшелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме!

  • Бүгін бізгн қонаққа қызық қонақ келді, ол ойнағанды жақсы көреді, бірақ ұялшақ екен. Оны шақырайықшы. Оның аты кім еді, мен ұмытып қалыппын, ол ешкінің төлі (лақ).

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін біз осы сөздегі бірінші тұрған дыбысты айтып жаттығамыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Күрке тауық», «Кәмпитті жапсыр» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

(л) дыбысы қатаң ба, ұяң ба?

Текшелермен осы сөзді белгіле.

Көк текшемен – дауыссыздарды

Қызыл текшемен – дауыстыларды

«лашын» сөзінің басында – л дыбысы сөздің қай жерінде тұр.

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

- Енді дыбысты буындарда, сөз басында айтып жаттығайық.

Ла-ла-ла лу-лу-лу лұ-лұ-лұ

Ло-ло-ло лы-лы-лы лы-лы-лы

Ала-ало-алу-алы-алэ алұ-алы-алэ-ала-ало-ала

Ало-алу-алұ-алы-алэ-ала алы-алэ-ала-ало-ала-ало

Алу-алұ-алы-алэ-ала-ало алэ-ала-ало-алу-алұ-алы

Сөз басында айтып машықтандыру.

Лақ, лай, лық, лас, лағман, лала, лайық, ластау, лашын, лагерь, лаборант, лауреат.

VІ. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс.

ҚShape4 азір лақ сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Л-

АShape5 -

ШShape6 - -

ЫShape7 -

НShape8 -

  1. Үй жануарларына байланысты логикалық ойындар.

Бірдей күшіктерді тауып боя.





Т ұмсығы дөңгелек

Денесі он бөлек (шошқа)


Е кі айнасы бар,екі найзасы бар
Төрт сылдырмағы бар,бір шыбыртқысы бар.(сиыр)

VІІ. Үйге тапсырма.

VІІІ. Сабақ қорытындысы.


Тақырыбы: Л дыбысын буында және сөз ортасында машықтандыру. Үй жануарларының төлдері. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысын буында және сөз ортасында машықтандыру. Үй жануарларының төлдерімен таныстыру.

Білімділік: -л- дыбысын сөз ортасында машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру; дыбыстық талдау және жинақтау дағдысын дамыту; сөз өзгерту дағдыларын жетілдіру; балаларды –л- дыбысымен таныстыруды жалғастыру; дыбыстарға акустикалық-артикуляциялық сипаттама беру дағдысын дамыту; «дауысты дыбыс» «дауыссыз дыбыс түсініктерін бекіту; сөздерді буынға бөлуге үйретуді жалғастыру; сөз қорын молайту.

Түзетушілік: көру, есту және тактильді анализаторларды дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұйымдастырушылығын дамыту, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дыбыстардың сурет белгілері; л дыбысы ортасында кездесетін суреттер;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме!

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

  • Дыбыстарды айту үшін, сөйлеуге қажетті мүшелерді жаттықтыруымыз керек. Ал қазір біз жаттығуларды есімізге түсіріп, орындайық.

«Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «гармон», «ат шабысы» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Кәне –л- дыбысын айтып, тіліміз, еріндеріміз, тістеріміз қандай қалыпта болып, не істейтінін айтайықшы.

(тактильді бақылау негізінде балалар –л- дыбысына сипаттама береді-дауыссыз, үнді)

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

- Енді дыбысты буындарда, сөз ортасында айтып жаттығайық.

Тал-тол-тұл-тэл-тул-тыл қал-қол-құл-қэл-қул-қыл

Бал-бол-бұл-бэл-бул-был жал-жұл-жол-жыл

Лда-лдо-лду-лды алд-олд-ұлд-ылд

Дло-лда-лду-лды дла-дло-длу-длы

Лта-лто-лту-лты тла-тло-тлу-тлы

Сөз ортасында айтып машықтандыру.

Малшы, алма, қала, Мөлдір, жылқышы, жылқы, қалта, Айсұлу, Шолпан, балық, балықшы, шұлық, қолғап, балапан, балмұздақ, қолшатыр, алатау, қылқобыз, қалам, алмұрт, қалпақ, малақай, құлпынай, балға, балта, бұлғын, жолбарыс, балдырған, шұлық, сылдырмақ, жұлдыз, долана, қырғауыл, шағала, шабдалы,қолбасшы, жылы, жолақ, талап.

VІ. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс.

Қазір алма сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

АShape9 -

ЛShape10 -

МShape11 -

АShape12 - .

Үй жануарларының төлдерімен таныстыру.

Бұзау, күшік, марғау, құлын, лақ, торай, қошақан.

VІІ. Үйге тапсырма.

VІІІ. Сабақ қорытындысы.



Тақырыбы: Л дыбысы сөздің ортасында және аяғында. Сурет бойынша сөйлем құрастыру. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысы сөздің ортасында және аяғында машықтандыру. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға дағдыландыру.

Білімділік: -л- дыбысын сөз ортасында және аяғында машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру; дыбыстық талдау және жинақтау дағдысын дамыту; сөз өзгерту дағдыларын жетілдіру; балаларды –л- дыбысымен таныстыруды жалғастыру; дыбыстарға акустикалық-артикуляциялық сипаттама беру дағдысын дамыту; «дауысты дыбыс» «дауыссыз дыбыс түсініктерін бекіту; сөздерді буынға бөлуге үйретуді жалғастыру; сөз қорын молайту.

Түзетушілік: көру, есту және тактильді анализаторларды дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұйымдастырушылығын дамыту, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дыбыстардың сурет белгілері; л дыбысы ортасында және аяғында кездесетін суреттер;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Біз сабақты сергуден бастайық, ол үшін суреттерге қарап, дыбыстар мен олар ұқсайтын суреттерді есімізге түсірейік.

«Дыбысты машықтандыру. (к) дыбысының әні»

Суретті көрсетіп. Бұл ненің әні ? (өкшелердің), ақырын (кккк)-қатты (КККК) тақылдатайық;

«Дыбысты машықтандыру. (в) дыбысының әні»

Ненің әні? (желдің), бірге айтайық, егер жел ақырын соқса(ввввв), ал қатты соқса (ВВВВ), ал енді былай- басында қатты жел, ал кейін ақырындады (ВВВввв), балалар дауыстың күші мен қаттылығының өзгеруін имитациялайды.

«Дыбысты машықтандыру. (ы) дыбысының әні»

Бұл ненің әні? (кеменің), кеме алыста (ыыыы), жақында(ЫЫЫЫ);

«Дыбысты машықтандыру. (л) дыбысының әні»

Ал мынау ненің әні? (кішкентай ұшақтың), ұшақтың дауысын есімізге түсірейік(ллллл), ал алыста ұшып жүр (ллл), енді жақында(ЛЛЛ) ұшып жүр.

  • Біз қандай әндер айттық? Оларды не деп айтамыз?(дыбыстар)

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

  • Дыбыстарды айту үшін, сөйлеуге қажетті мүшелерді жаттықтыруымыз керек. Ал қазір біз жаттығуларды есімізге түсіріп, орындайық.

«Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «гармон», «ат шабысы», «барабан», «маляр» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Кәне –л- дыбысын айтып, тіліміз, еріндеріміз, тістеріміз қандай қалыпта болып, не істейтінін айтайықшы.

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Сөз ортасында айтып машықтандыру.

Сөз соңында машықтандыру.

Бал, қамал, қол, жол, мойыл, марал, адмирал, қызыл, орамал, маймыл, Мақпал, Самал, сандал, тал, жал, жыл, қиял, футбол.

VІ. Үйге тапсырма. Сөз ортасында, соңында келетін сөздерді қайталау.

VІІ. Сабақ қорытындысы.



Тақырыбы: Л дыбысы сөздің ортасында және аяғында. Сурет бойынша сөйлем құрастыру. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысы сөздің ортасында және аяғында машықтандыру. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға дағдыландыру.

Білімділік: -л- дыбысын сөз ортасында және аяғында машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру;

Түзетушілік: көру, есту және тактильді анализаторларды дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; сурет бойынша сөйлем құрау арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Ұйымдастырушылығын дамыту, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дыбыстардың сурет белгілері; л дыбысы ортасында және аяғында кездесетін суреттер;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «гармон», «ат шабысы», «барабан», «маляр» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Кәне –л- дыбысын айтып, тіліміз, еріндеріміз, тістеріміз қандай қалыпта болып, не істейтінін айтайықшы.

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Сөз ортасында айтып машықтандыру.

Сөз соңында машықтандыру.

Бал, қамал, қол, жол, мойыл, марал, адмирал, қызыл, орамал, маймыл, Мақпал, Самал, сандал, тал, жал, жыл, қиял, футбол.

VІ. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс.

«Сөз бөлшектерге бөлініп қалды» ойыны. Менің сөзім бөлшектерге бөлініп қалды да, оның бөлшектерінің орындары ауысып кетті. Сен сөзді біріктір (суреттердің көмегінсіз).

(лам-қа-қалам, шын-ла-лашын, лақ-құ-құлақ).

Сөзөзгертуді дамыту жұмысы.

Суреттердегі заттарды мен айтамын, сен көпше түрін ата:

Балта-балталар балға-балғалар

Шалғы-шалғылар.

Сурет бойынша сөйлем құрау.

VІІ. Үйге тапсырма. Сөз ортасында, соңында келетін сөздерді қайталау.

VІІІ. Сабақ қорытындысы.










Тақырыбы: Л дыбысын сөзде, сөйлемде айтуын машықтандыру. Көліктер (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысын сөзде, сөйлемде машықтандыру. Көліктердің түрлерімен таныстыру.

Білімділік: -л- дыбысын сөзде, сөйлемде машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру;

Түзетушілік: көру, есту және тактильді анализаторларды дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру.

Құрал-жабдықтар: дыбыстардың сурет белгілері; л дыбысына байланысты суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «гармон», «ат шабысы», «барабан», «маляр» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

«Мен не көрдім?» ойыны.

Сипаттамасы: Сандар баспалдағына логопед 4-5 ойыншықты( лақ, балта, алмұрт, тал, камзол) қояды. Тақтаға шығарылған бала суреттер ретін көріп, балаларға қарай бұрылып «мен лақ, балта, алмұрт, тал, камзол көрдім», - дейді. Балалар аталған сөздер ретінің дұрыстығын тексереді. Осылай бірнеше баламен ойналады.

Әдістемелік нұсқау: Балалар заттарды атағанда л дыбысын бөліп, яғни басқа дыбыстарға қарағанда ұзағырақ айтуларын қадағалау керек.

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Сөйлемдерде машықтандыру.

Алма, шабдалы, алмұрт – жемістер.

Талап талға қонған лашын құсын көрді.

Балықшы балық аулады.

Малшылар малды жайылысқа шығарды.

Мөлдір әжей малта құрт жасады.

Бір сөзбен бұларды не дейміз?

Көлік адамға не үшін қажет? Олар нешеге бөлінеді?

Суретші нені шатастырып алды? Ойыны









VІ. Үйге тапсырма. Өздеріңе ұнайтын көліктің суретін салып келу.

VІІ. Сабақ қорытындысы.

Тақырыбы: Л дыбысын сөзде, сөйлемде айтуын машықтандыру. Көліктер (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысын сөзде, сөйлемде машықтандыру. Көліктердің түрлерімен таныстыру.

Білімділік: -л- дыбысын сөзде, сөйлемде машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру;

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру.

Құрал-жабдықтар: дыбыстардың сурет белгілері; л дыбысына байланысты суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «гармон», «ат шабысы», «барабан», «маляр» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

«Лақтар» ойыны.

Сипаттамасы: Балалардың жартысы лақтар, ал екінші жартысы-лақ баққан балалар болады. Лақ баққан балалар басқалардың жандарына келіп, іс-әрекет жасап тақпақ айтады:

Лағым суға түсті ырғып,

Лайлады бұлақты

Лайықсыз іс қылып,

Ластады құрақты.

Екінші рет ойынды рөлдерді ауыстырып ойнатуға болады.

«Дұрыс айт жаңылма» ойыны

Сипаттамасы: Балалар орындарында шеңбер жасап тұрып логопедпен бірге тақпақтар айтып, іс қимыл көрсетеді:

Лашын құсы биіктен,

Лып етіп шүйілді.

Лақ ерткен киіктер,

Лажсыздан жиылды.

V. Дыбысты сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Сөйлемдерде машықтандыру.

Талғат балтамен балғаны әкесіне әперіп, көмектесті.

«Алатау» ансамбелі қылқобыз, домбырада ойнады.

Ұланға анасы сандал, қолғап, қалпақ, малақай әперді.

Алма мен камал воллейбол ойнады.

Мақпал «Адал» компаниясының балмұздағын сатып алды.

Көліктерге байланысты жұмбақтар жасыру.

Ақ шатырлы бір қала
Суда жүзіп жүр дара. (Кеме)

Пырылдар көкте инелік , Инелік емес үй делік.  /тік ұшақ/

Бір керуен қатарында өңшең түйе, Аузынан жалын шығар қара күйе,
Жүрмейді ұрса-дағы басқалары

Бәріне жалғыз бура болған ие. /Поезд /.

VІ. Үйге тапсырма. Көліктер туралы жұмбақтар дайындап келу.

VІІ. Сабақ қорытындысы.






Тақырыбы: Л дыбысы бар өлеңдер, жаңылтпаштар оқу. Сюжеттік суреттер бойынша жыл мезгілдерін әңгімелеу. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысын өлеңдерде, жаңылтпаштарда айтып машықтану. Сюжеттік суреттер бойынша жыл мезгілдерінің әрбіреуінің ерекшелігін әңгімелеу.

Білімділік: -л- дыбысын өлеңдерде, жаңылтпаштарда айтып машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру;

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Л дыбысы бар өлеңдер, жаңылтпаштар жазылған плакат; л дыбысына байланысты суреттер; жыл мезгілдерінің суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Жел соғады», «Бұзық тілді жазала», «тәтті тосап», «кеме гуілдейді», «күрке тауық», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

(л) дыбысы қатаң ба, ұяң ба?

Текшелермен осы сөзді белгіле.

Көк текшемен – дауыссыздарды

Қызыл текшемен – дауыстыларды

V. Дыбысты өлеңдерге, жаңылтпаштарға, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Өлеңдер

Лашын деген құс болады, Лағыл деген тас болды,

Самғап бұлттан ұшқан ары. Л-әрпінен басталады.

Қарашы әне Ләйлә қыздың, Лақ суды лайласа

Лала гүлі ұстағаны. Өз үсті де лас болады.


Ләңгі тепті бір барыс, Лас ауа

Лашын киді сулықты Лас ауа

Лепіргенде жолбарыс, Лай су неге?...

Лақ ашуға булықты Ләм демей жүрміз біз неге?!

Лажсыз болсақ Табиғат

Лағынет айтар бізге де...

Жаңылтпаштар.

Айта – айта жақ талды, Беріп тайлақты,

Қайта – қайта жаталды, Алдым тайлақты.

Қайта-қайта жақ талды, Беріп тайлақты,

Айта-айта жатталды. Алдым тай, лақты.

  • Б алалар мына суретке қараңыздаршы. Қай жыл мезгілдерін көріп тұрсыңдар? Бұл жыл мезгілдерінде адамдар немен шұғылданады? Қалай киінеді?


VІ. Үйге тапсырма. Қыс пен көктем мезгілінің суретін салып келу.

VІІ. Сабақ қорытындысы.

Тақырыбы: Л дыбысы бар өлеңдер, жаңылтпаштар оқу. Сюжеттік суреттер бойынша жыл мезгілдерін әңгімелеу. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысын өлеңдерде, жаңылтпаштарда айтып машықтану. Сюжеттік суреттер бойынша жыл мезгілдерінің әрбіреуінің ерекшелігін әңгімелеу.

Білімділік: -л- дыбысын өлеңдерде, жаңылтпаштарда айтып машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру;

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Л дыбысы бар өлеңдер, жаңылтпаштар жазылған плакат; л дыбысына байланысты суреттер; жыл мезгілдерінің суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Жел соғады», «Бұзық тілді жазала», «тәтті тосап», «кеме гуілдейді», «күрке тауық», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбысты өлеңдерге, жаңылтпаштарға, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Өлеңдер

Лагерьге ауыл, қаладан, Лашын құсым самғай бер,

Лек-лек келдік әр жақтан. Шынықсын жас қанатың.

Лала гүлдер далада Секіріп лағым ойнай бер,

Лаулайды оттай біз жаққан. Шыңдалсын мықтап тұяғың.

Лағыл тасын көрдің бе? «Лағым» десең,

Ломбардқа оны бердің бе? «Лашын» десең,

Лама жайлы білдің бе? «Лағыл» десең,

Лала гүлін тердің бе? Әрқашан сөз басында,

«Л»- тұрады ұқсап шыңға.

Лашын лайға құлап лайланды,

Лайланған лашын лайда отырып жайланды.

Лашын биік самғайды,

Лашын көкті шарлайды.

Жаңылтпаштар.

Сатып тайлақты, Лекер лыпыл, лепілдек

Алдық тай, лақты. Лайдан лезде лепілдеп,

Сатып тай, лақты, Лайсаңдағы лездігін

Алдың тайлақты. Лебіздеді лепіре лекіп.

Томағаланған төрт бүркіт-қолда.

Томағаланбаған төрт бүркіт- торда

Қанша бүркіт болады сонда?


  • Балалар мына суретке қараңыздаршы. Қай жыл мезгілдерін көріп тұрсыңдар? Бұл жыл мезгілдерінде адамдар немен шұғылданады? Қалай киінеді?


V. Үйге тапсырма. Жаз бен күз мезгілінің суретін салып келу.

VІ. Сабақ қорытындысы.


Тақырыбы: Л дыбысы бар буын ұйқас өлеңдер, жұмбақтар оқу. Ыдыстар. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысын ұйқасты өлеңдерде, жұмбақтарда айтып машықтану. Ыдыстың пайдасы мен түрлерін таныстыру.

Білімділік: -л- дыбысын ұйқасты өлеңдерде, жұмбақтарда айтып машықтандыру;

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Л дыбысы бар өлең ұйқастар , жұмбақтар жазылған плакат; л дыбысына байланысты суреттер; ыдыстардың суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

І ІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Жел соғады», «Бұзық тілді жазала», «тәтті тосап», «кеме гуілдейді», «күрке тауық», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Лала гүлі деген сөзге дыбыстық, буындық талдау жасау.

V. Дыбысты өлеңдерге, жаңылтпаштарға, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Буын ұйқас өлеңі.

Ла-ла-ла-ұшты көкке шағала Ла-ла-ла-қармақпен балық аула

Ла-ла-ла-жүлдеге ал қола Лу-лу-лу-Айша біздің сұлу

Лы-лы-лы- апам тақты салы Лы-лы-лы- тоным менің жылы

Ол-ол-ол-салды бізге тас жол Лық-лық-лық-әдемі қылық.

Жұмбақтар.

«Т» болса егер басқы әрпім, «Ж»-дан бастап оқысаң,

Аты аңыз қу аңмын, Күнде алдыңнан кезігем.

«К» болса ең басқы әрпім, «Ж» орнына «Қ» қойсан,

Езу тартып қуандық. Бір мүшемін өзіңнің.

(Түлкі-күлкі) (жол-қол)

Жалпақ желке, сопқ бетті, орманымды отап кетті.

Бетін жөнге қайырып, отырмаса оң қолың.

Дөңбекті қақ айырып, тастайтұғын тоңмойын. (балта)


Далаға құрған өрмегім, үстінен зулап келемін. (теміржол)


Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ, сусыз оның күні жоқ.

Жүріп кетсе соңында, қалып жатқан ізі жоқ. (балық)

  • Балалар айтыңдаршы ыдыстар қолдануына қарай нешеге бөлінеді? Қандай ыдыстарды білесіңдер олар неден жасалған?

Не артық? Неге?







Суретті салып боя.




V. Үйге тапсырма. Ыдыстардың атауларын жаттап келу.

VІ. Сабақ қорытындысы.


Тақырыбы: Л дыбысы бар буын ұйқас өлеңдер, жұмбақтар оқу. Ыдыстар. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л дыбысын ұйқасты өлеңдерде, жұмбақтарда айтып машықтану. Ыдыстың пайдасы мен түрлерін таныстыру.

Білімділік: -л- дыбысын ұйқасты өлеңдерде, жұмбақтарда айтып машықтандыру; Сөздің дыбыстық құрамын анықтау, талдау.

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Ыдыстарын таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Л дыбысы бар өлең ұйқастар , жұмбақтар жазылған плакат; л дыбысына байланысты суреттер; ыдыстардың суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін сабақта біз л дыбысына байланысты өлең, жұмбақтар оқып, жаттаймыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Жел соғады», «Бұзық тілді жазала», «тәтті тосап», «кеме гуілдейді», «күрке тауық», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Сөздің дыбыстық құрамын анықтау, талдау.

Тапсырма: Мен айтқан сөздердің тек бірінші дыбысын айт.

Лақ, лай, лық, лас, лағман, лала, лайық, ластау, лашын.

Сөздің соңындағы дыбысты айт: Бал, қамал, қол, жол, мойыл, марал, адмирал, қызыл, орамал.

Тапсырма: «Мал» деген сөздегі 1-2-3 дыбыстарды ата. Барлығы неше дыбыс, дауысты дыбыс қандай?

V. Дыбысты өлеңдерге, жаңылтпаштарға, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Буын ұйқас өлеңі.

Ал-ал-ал- менде үлкен балта Ал-ал-ал-аяқ киім-сандал

Ал-ал-ал- сен бақшада қал Ол-ол-ол-ойнаймыз футбол

Ыл-ыл-ыл- зообақта маймыл Ыл-ыл-ыл-ұшты көкке қырғауыл

Ұл-ұл-ұл- сайрайды бұлбұл Лақ-лақ-лақ-бар менде тайлақ

Жұмбақтар.

Шомылған баланы аймалап алады.

Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды. Бұл не? (орамал)

«К» - деп бастасаң, «Ш»-дан егер бастасаң,

Шомыласың суына. (көл) Жазда аунайсың құмына. (шөл)


Көкпеңбек еді көктемде, Біреуі «белде»

Қызарды күзге жеткенде. (алма) Біреуі «көлде» (л)

Мақал-мәтелдер

Денсаулық – зор байлық. Дос табылса, ас таусылмайды.

Алтын алма, білім ал.


С уретте қандай ыдыстар бейнеленген?







V. Үйге тапсырма. Ыдыстардың атауларын жаттап келу.

VІ. Сабақ қорытындысы.




Тақырыбы: Л* дыбысын буындарда дұрыс айтылуын машықтандыру. Жиһаздар. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л* дыбысының буындарда дұрыс айтылуын қалыптастыру. Ли, ле, ме, лю буындарын айтқызып суреттермен салыстыруға үйрету; фонематикалық естуді дамыту.

Алдын ала жұмыс: Балалар л* дыбысын дұрыс айтып үйренді.

Дайындық жұмысы: Әртүрлі мөлшерлі, әртүрлі безендірілген домбыралар бейнеленген 4 сурет дайындау.

«Қай домбырада ойнағанымызды тап» ойыны

Сипаттамасы: Логопед балалармен бірге ұшақ гуілін естеріне түсіріп: «Енді домбыралар қалай ойнайтынын тыңдаңдар. Мынау ең кішкентай (суретін көрсетіп) домбыра, ол «ли-ли-ли... деп ойнайды.

Қайталаңдар, бұл домбыра қалай әндетеді?...

Басқа домбырамен ойнайын (екінші суретті көрсетіп), ол да әдемі үн шығарады: ля-ля-ля. Қалай әндетеді?...

Енді үшінші домбыраның үнін тыңдайық (суретін көрсетеді). Ол үлкен болса да, үні нәзік , әдемі екен «ле-ле-ле». Оның әні қандай?

Ал мына домбыра ең үлкені (суретін көрсетеді), ол да нәзік үн шығарады екен: «лю-лю-лю». Ол қалай әндетеді?...

Мен сендердің домбыраның үнін қалай естеріңе сақтағандарыңды көрейін. Логопед домбыраларды кезек-кезек көрсеткенде балалар сәйкес дыбыстарды айтулары керек. Сонан соң, тағы тапсырма береді: «Мен домбыралардың әндерін айтамын, ал сендер қай домбыраның үні екенін айтасыңдар»-деп.

Әдістемелік нұсқау: Логопед: ли, ля, ле, лю дыбыстар қосындыларының анық үлгісін беріп, балалар назарын домбыралардың үндері нәзік, жұмсақ екендігіне аударып отыруы керек. Ли, ля, ле, лю дыбыстар қосындыларын айтқанда, тілдерінің ұшы жоғары тістер артына жабысқанын қадағалау.


«Сөз ойла ,тез ойла» ойыны

Мақсаты:балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты:логопед кез-келген дыбысты айтады.Балалар сол дыбысқа кездесетін сөздерді айтады.Көп сөз айтқан бала женімпаз атанады.


«Табиғаттың кереметі»ойыны

Мақсаты:балалардың ойлау қабілетін дамыту

Ойын шарты:логопед балаларға табиғаттың бөліктері салынған үлестірмелі материалдарды таратып береді.Балалар солардың атынан сөйлеп,олардың не істей алатыны жөнінде сөйлейді:

Күн не береді?(Жылу,жарық күн энергиясын береді)

Жел не істейді?(Соғады,бұлттарды көшіреді)

Бұлттар,шөптер,гүлдер не істей алады?

Аралар не істейді?

………………т.б.


  • Балалар кім біледі жиһазды неден жасайды? Үстелдің қандай түрлері, пішіндері болады? Шкафтың қандай түрлері болады?

Бұларды бір сөзбен не дейміз?

Үйге тапсырма: Әркім өз үйлеріндегі жиһаздары туралы әңгіме құрап келу.

Сабақты қорытындылау.






Тақырыбы: Л* дыбысын буындарда дұрыс айтылуын машықтандыру. Жиһаздар. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л* дыбысының буындарда дұрыс айтылуын қалыптастыру. Ли, ле, ме, лю буындарын айтқызып суреттермен салыстыруға үйрету; фонематикалық естуді дамыту.

Алдын ала жұмыс: Балалар л* дыбысын дұрыс айтып үйренді.

Дайындық жұмысы: Әртүрлі мөлшерлі, әртүрлі безендірілген домбыралар бейнеленген 4 сурет дайындау.

«Қай домбырада ойнағанымызды тап» ойыны

Сипаттамасы: Логопед балалармен бірге ұшақ гуілін естеріне түсіріп: «Енді домбыралар қалай ойнайтынын тыңдаңдар. Мынау ең кішкентай (суретін көрсетіп) домбыра, ол «ли-ли-ли... деп ойнайды.

Қайталаңдар, бұл домбыра қалай әндетеді?...

Басқа домбырамен ойнайын (екінші суретті көрсетіп), ол да әдемі үн шығарады: ля-ля-ля. Қалай әндетеді?...

Енді үшінші домбыраның үнін тыңдайық (суретін көрсетеді). Ол үлкен болса да, үні нәзік , әдемі екен «ле-ле-ле». Оның әні қандай?

Ал мына домбыра ең үлкені (суретін көрсетеді), ол да нәзік үн шығарады екен: «лю-лю-лю». Ол қалай әндетеді?...

Мен сендердің домбыраның үнін қалай естеріңе сақтағандарыңды көрейін. Логопед домбыраларды кезек-кезек көрсеткенде балалар сәйкес дыбыстарды айтулары керек. Сонан соң, тағы тапсырма береді: «Мен домбыралардың әндерін айтамын, ал сендер қай домбыраның үні екенін айтасыңдар»-деп.

Әдістемелік нұсқау: Логопед: ли, ля, ле, лю дыбыстар қосындыларының анық үлгісін беріп, балалар назарын домбыралардың үндері нәзік, жұмсақ екендігіне аударып отыруы керек. Ли, ля, ле, лю дыбыстар қосындыларын айтқанда, тілдерінің ұшы жоғары тістер артына жабысқанын қадағалау.


Дидактикалық ойындар.


«Бағдаршам»

Мақсаты:балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп тұрады.Бір бала бағдаршам.Ол қызыл түсті көтергенде балалар бір адым артқа,сары түсті көтергенде орындарында тапжылмай тұрады.Жасыл түсті көрсеткенде бір адым алға жылжиды.


«Тәулік бөліктері»

Мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
Ойын шарты:Логопед үстел үстіне түрлі суреттер қояды. Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.


Тіл дыбысын сөзде ажырату

Тапсырма:кел ойнайық. Сенің алдыңда көп суреттер жатыр.

Мен сол суреттердің атын атаймын. Сен тек л дыбысы бар суреттерді ғана көрсетіп отырасың (з,ш,р т.б) Суреттерді атау қажет.

« Не артық» ойыны

Артық затты тап.






Үйге тапсырма: Әркім өзіне ұнаған жиһаздардың суретін салып келу.

Сабақты қорытындылау.



Тақырыбы: Л* дыбысын сөздерде дұрыс айтылуын машықтандыру. Азық-түлік. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л* дыбысын сөздерде айтуға жаттықтыру.

Алдын-ала жұмыс: Логопед атауында л* дыбысы бар суреттер дайындайды. Оларды екіге бөліп қояды. Суреттер (ләңгі, шелек, білезік, көйлек, көлік, бел, көл, шөл).

«Екінші жартысы кімде?» ойыны.

Сипаттамасы: Логопед балаларға түсіндіріп айтады: «Менде екі бөлікке бөлінген суреттер бар, мен сендерге бөліктерді таратамын, ал сендер қай суреттің бөлігі сендерде екенін шешіңдер».

Шақырылған бала өзінің суретінің бөлігін көрсетіп, онда не бейнеленгенін айтады. Екінші бөлігі бар бала бірінші баланың жанына тұрып өз бөлігін қосып, суретте не бейнеленгенін айтады.

Әдістемелік нұсқау: Суреттерді атағанда, балалар л* дыбысын анық, дұрыс айтулары керек.

Балалар назарын, өткен сабақта «ашулы» л дыбысын айтқанымызға, ал бүгін л* дыбысын сөздерде жұмсақ, нәзік айтқанымызға аудару.

Өлең жаттау

Лақтармен ойнаймын,

Ластамай үстімді.

Лас болса күртешем,

Лезде мен сүртемін.

Әрбір суреттің атауынан «Л» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:

Лақ Лимон Балық

«Л» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты, әрбір сөзді сандыққа сал:



Л... ...Л... ...Л

Балта, дала, ғалым, жал, жалқау, жол, қалам, осал.

««Апта күндері»
Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету.

Ойын шарты: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Логопед бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.

  • Балалар сендер қандай тамақтың түрлерін білесіңдер?

  • Тоқаш, кекс, шұжық, шырын, кәмпит, кофе, сүт, ет, көкөністер, бәліш, тұз, нан, жұмыртқа т.б.



Қай зат артық? Неге?



С уреттегі қай балаға балмұздақ бұйырады?








Үйге тапсырма: Өздеріне ұнайтын тағамдарың туралы әңгіме жазып келу.

Сабақты қорытындылау.



Тақырыбы: Л* дыбысын сөздерде дұрыс айтылуын машықтандыру. Азық-түлік. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Л* дыбысын сөздерде айтуға жаттықтыру.

Алдын-ала жұмыс: Л* дыбысының сөздерде айтылуы анықталады.

Дайындық жұмысы: Логопед атауында л* дыбысы бар суреттер дайындайды (шелек, шөл, көл, білезік, көйлек, белдік)

«Сұрақтарға жауап бер» ойыны

Сипаттамасы: Логопед үстел үстіне суреттерді суретін жоғары қаратып қояды. Балаларды кезекпен шақырып, оларға сұрақтар қояды, мысалы: «Шалбардың беліне не тағамыз». Бала толық жауап беріп, («Шалбардың беліне белдік тағамыз»), сәйкес суретті тауып балаларға көрсетуі керек.

Әдістемелік нұсқау: Логопед балалардың сұрақтарға толық жауаптар қайтарғандарын қадағалауы керек.

Фонетикалық есту түсінігі:

Ұксас сөзді атау: (бақа, тасбақа)

Дидактикалық ойындар.

«Балаларын ата»

Мақсаты:балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.

Ойын шарты:Логопед балалардың біріне доп лақтырып жануарлардың атын атайды.Бала аталған жануардың баласын атап,допты қайтарады.

«Жарнама»

Мақсаты:балаларды түрлі оқиғаларды айтуды,ойынға өлең ұйқастары мен сөздер құрастыруға қызығушылығын білдіру.

О йын шарты:Балалар топтарға бөлініп, шырынға және сусынға,т.б заттарға жарнама ойлап табады.

«Екі бірдей кәмпитті тап» ойыны







Тортты үлгі бойынша штрихтап сал.







Үйге тапсырма: Өздеріне ұнайтын тағамдарыңның қалай дайындалатынын әңгімелеу.

Сабақты қорытындылау.









Тақырыбы: Дидактикалық тапсырмалар орындау. «Мен анама қалай көмектесемін» тақырыбында әңгіме құрау. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Логикалық ойлауын, танымын дамытуға арналған дидактикалық тапсырмалар орындау. «Мен анама қалай көмектесемін» тақырыбында өз ойларын жазу.

Білімділік: Логикалық ойлауын, танымын дамытуға арналған дидактикалық тапсырмалар орындау. «Мен анама қалай көмектесемін» тақырыбында өз ойларын жазу.

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; дүние танымын кеңейту;сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру. Аналарын үнемі қадірлеуге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

Балалар алдымен жаттығулар орындап алайық

«Жел соғады», «Бұзық тілді жазала», «тәтті тосап», «кеме гуілдейді», «күрке тауық», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дидактикалық тапсырмалар.

  1. Сөздерді буынға бөліп оқы. Әр буында қандай дауысты дыбыс бар екенін айт.

Отан, кенші, бауырсақ, жапалақ, шегірке, жапырақ, балапан, дәуір, жеміс, жасыл, Алатау, Алматы, бүлдірген, өрмекші.

  1. Сөздерді өз орындарына қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жаз.

1. Тазалады, Айжан, бөлмені.

2. Малды, Әмір, суарды.

3. Мұражайға, барды, әкесімен.

  1. Көп нүктенңі орнына не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Нұргүл сабаққа ... . Ол есеп ... . Жазуын да ... . Үйге берілген тапсырманың бәрін ... .

Керекті сөздер: орындады, дайындалды, шығарды, жазды.

  1. Берілген сандарды сөзбен жаз.

12, 13, 14, 15, 16.

Үлгі: он екі, ...

  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Оқушылар сер...енге шықты.

2.Балалар ж...а теруге барды.

3. Қымыз – шипалы с...сын.

4. Аш...дастың емдік қасиеті көп.

«Мен анама қалай көмектесемін» тақырыбында әңгіме құрау.



V. Үйге тапсырма: Сыныпта үлгермеген дидактикалық тапсырмаларды аяқтап келу.

Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Дидактикалық тапсырмалар орындау. «Мен анама қалай көмектесемін» тақырыбында әңгіме құрау. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Логикалық ойлауын, танымын дамытуға арналған дидактикалық тапсырмалар орындау. «Мен анама қалай көмектесемін» тақырыбында өз ойларын жазу.

Білімділік: Логикалық ойлауын, танымын дамытуға арналған дидактикалық тапсырмалар орындау. «Мен анама қалай көмектесемін» тақырыбында өз ойларын жазу.

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; дүние танымын кеңейту;сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру. Аналарын үнемі қадірлеуге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

Балалар алдымен жаттығулар орындап алайық

«Жел соғады», «Бұзық тілді жазала», «тәтті тосап», «кеме гуілдейді», «күрке тауық», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дидактикалық тапсырмалар.

  1. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

1. Күн, суық, бүгін.

2. Қуырдақ, дәмді пісірді, әжем.

3. Айгүл, жем, шашты, тауықтарына.

4. Аққу, құс, киелі.

  1. Көп нүктенің орнына п, б тиістісін қойып, сөздерді оқы.

Жі..., до..., тала..., клу..., та..., қа..., жа... .

П, б дыбыстары дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

  1. Сөздерді оқу. Кім не істеді? Деген сұраққа жауап беретін сөйлемдер құрастырып жазыңдар.

Үлгі: Асқар оқыды.

Асқар, Марат, Айгүл, Сәуле.

Оқыды, жазды, биледі, ойнайды.

  1. Алдымен дауысты дыбыстан басталған сөздерді, соңынан дауыссыз дыбыстан басталған сөздерді оқу.

Әлия, Әсия, Ғалия, Данияр, Ұрқия, София, Балқия, Фатима, Фарида, Хамит, Ахмет, Райхан, Махамбет, Гаухар, Қаһарман.

  1. Әрбір сөзді оқыңдар және оған сәйкес затты өзара сызықтармен қосыңдар.

Picture 31


«Мен анама қалай көмектесемін» тақырыбында әңгіме құрау.


V. Үйге тапсырма: Сыныпта үлгермеген дидактикалық тапсырмаларды аяқтап келу.

Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Р дыбысын қою. Дұрыс ауа ағымын қалыптастыру. Гүлдер. (1-сабақ)

Кезең: түзету.

Мақсаттары: Артикуляциялық және есту аппараттарын (р) дыбысын қоюға дайындау.

Міндеттері:

Білімділік: -р- дыбысын ың кинестетикалық бейнесін қалыптастыру (артикуляция мүшелерінің қалпын сезінуін қалыптастыру);

  • түзетілген сөйлеу тілін (фонетикалық жағынан таза, лексикалық жағынан мол, грамматикалық жағынан дұрыс) пайдалану біліктері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру;

  • «гүлдер» лексикалық тақырыбы бойынша сөз қорын анықтау және молайту.

Түзетушілік:

  • Артикуляциялық аппаратты (р) дыбысын қоюға дайындау;

  • Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын дамыту;

  • Фонематикалық талдауды дамыту;

  • Фонематикалық қабылдауды дамыту;

  • Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамыту;

Қ ұрал жабдықтар: заттық суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Бүгін аптаның қай күні? Сабағымыз қызықты өту үшін, сен мұқият болуың керек.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Балалар сендер мына гүлдердің құлпырып өсуін қалайсыңдар ма? Ендеше біз бүгін тапсырмаларды жақсы орындасақ бұл гүлдер жайнап өседі. Алдымен артикуляциялық жаттығуларды орындауымыз керек.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

  • Кәнеки, біз тілімізді жаттықтырып алайық. (тілмен «Серуен» жаттығуын жасап, 1-5-ке дейін санап ұстап тұру)

«Кімнің тістері таза?» Ауызды сәл ашып, тілдің ұшымен таңдайды «сылау» алдыға-артқа.

«Сылақшы». Жымиып, ауызды ашып, тілдің ұшымен таңдайды «сылау» алдыға-артқа.

ІV. Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс.

Қазір мен аңдардың патшасы-арыстанның әнін айтамын, ал сен «ррр...» деген оның ақырған дауысын естісең алақаныңды соқ: р,м,ш,р,а,с,р,р,ц,с,ұ,н,р.

V. Логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырма.

« Қай гүлге көбелек қона алады?» ойыны








Қайсысы артық? Неге?








VІ. Үйге тапсырма. Өзіңе ұнайтын гүлдің суретін салып кел.

Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Р дыбысын қою. Дұрыс ауа ағымын қалыптастыру. Гүлдер. (2-сабақ)

Кезең: түзету.

Мақсаттары: Артикуляциялық және есту аппараттарын (р) дыбысын қоюға дайындау.

Міндеттері:

Білімділік: -р- дыбысын ың кинестетикалық бейнесін қалыптастыру (артикуляция мүшелерінің қалпын сезінуін қалыптастыру);

  • түзетілген сөйлеу тілін (фонетикалық жағынан таза, лексикалық жағынан мол, грамматикалық жағынан дұрыс) пайдалану біліктері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру;

  • «гүлдер» лексикалық тақырыбы бойынша сөз қорын анықтау және молайту.

Түзетушілік:

  • Артикуляциялық аппаратты (р) дыбысын қоюға дайындау;

  • Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын дамыту;

  • Фонематикалық талдауды дамыту;

  • Фонематикалық қабылдауды дамыту;

  • Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамыту;

Құрал жабдықтар: заттық суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Бүгін аптаның қай күні? Сабағымыз қызықты өту үшін, сен мұқият болуың керек.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Балалар сендер мына гүлдердің құлпырып өсуін қалайсыңдар ма? Ендеше біз бүгін тағыда тапсырмаларды жақсы орындасақ бұл гүлдер жайнап өседі. Алдымен артикуляциялық жаттығуларды орындауымыз керек.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Кімнің тістері таза?», «сылақшы», жаттығуларын қайталау.

ІV. Логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырма.

«Керісінше айт» ойыны.

Аш-тоқ қорқақ-батыр

Жылы-суық мейірімді-ашулы

Мықты-әлсіз үлкен-кішкентай

Қу-аңқау қыс-жаз

Сұрақ – жауап.

Қандай бақша гүлдерін білесің?

Қандай дала гүлдерін білесің?

Қандай үй гүлдерін білесің?

Гүлдер не үшін керек?

«Екі бірдей гүлді тап» ойыны






Г үлдерді аяқтап салып боя.








V. Үйге тапсырма. Гүл туралы өлең жаттап кел.

Сабақты қорытындылау.


Тақырыбы: Р дыбысын бітеу және ашық буында машықтандыру. Р дыбысы сөздің басында. Жабайы аңдар. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысын бітеу және ашық буында және сөз басында машықтандыру. Жабайы аңдардың түрлерімен таныстыру.

Білімділік: Р дыбысын буындарда айтқызу. Сөз басында анық айтуға машықтандыру. Жабайы аңдар туралы айтып соған байланысты логикалық ойындар ойнату.

Түзетушілік: Жаңа сөздермен сөздік қорын молайту. Логикалық ойындар арқылы есте сақтауын, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Алдын –ала жұмыс: Р дыбысының жеке айтылуын анықтау жүргізіледі.

Дайындық жұмысы: Р дыбысы бар заттар дайындап көрсету(л дыбысы сөздің басында кездесуі керек).

Құрал-жабдықтар: Буындар жазылған плакат, р– дыбысынан басталатын заттар, жабайы аңдардың суреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін біз осы сөздегі бірінші тұрған дыбысты айтып жаттығамыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тістерді тазала», «Сылақшы», «Тоқылдақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Біз (р) дыбысын қалай айтатынымызды есімізге түсірейік.

Еріндер, тіл, тістер не істейді?

Ауа ағыны кеңінен шығама?

(р) дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

Дауыс ммоторы жұмыс жасап тұра ма?

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

- Енді дыбысты буындарда, сөз басында айтып жаттығайық.

Ра-ра-ра ро-ро-ро ру-ру-ру ры-ры-ры

Рұ-рұ-рұ ры-ры-ры рэ-рэ-рэ

Ар-ар-ар ыр-ыр-ыр ур-ур-ур ұр-ұр-рұ

Ор-ор-ор ер-ер-ер ір-ір-ір үр-үр-рү

Сөз басында айтып машықтандыру.

Радио, Роман, Рауғаш, Раушан, рай, Райхан, разъезд, рақым, рация, Роза.

VІ. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс.

ҚShape13 азір Роза сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Р-

оShape14 -

зShape15 -

аShape16 -

VІІ. Тыныс алу жаттығуылары.

Аңдар доп ойнағысы келіп тұр екен, мына ойынды ойнасақ қайтеді? «Допты кім арырақ кіргізеді?». Езу тартып күлу, астыңғы ерінге тілдің алдыңғы шетін төменгі ерінге салып, ф дыбысын айтқандағыдай, үстел үстіндегі мақтаны үстелдің арғы шетіне үрлеу. Жабайы аңдарға орманға адасып ат келіпті. Ол қалай шабады? «Аттар шабысы» жаттығуын орындау.

Сұрақ-жауап.

Қандай аңдар қыста тоңын ауыстырмайды? (қоян, тиін)

Жабайы аңдар немен қоректенеді?

VІІІ. Жабайы аңдарға байланысты жұмбақтар ойлап келу.

Сабақ қорытындысы.




Тақырыбы: Р дыбысын бітеу және ашық буында машықтандыру. Р дыбысы сөздің басында. Жабайы аңдар. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысын бітеу және ашық буында және сөз басында машықтандыру. Жабайы аңдардың түрлерімен таныстыру.

Білімділік: Дыбыстың артикуляциясын бекіту, (р) дыбысының дұрыс айтылуын буын, сөздерде машықтандыру.

Түзетушілік: Есту зейінін дамыту, есте сақтауын, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: логопедті мұқият тыңдауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Заттық суреттер, дыбыстық талдау-жинақтау жасауға арналған көк және қызыл түсті текшелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме!

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін біз р дыбысын буындарда айтып жаттығамыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тоқылдақ», «Тәтті тосап», «Күрке тауық», «Саңырауқұлақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

(р) дыбысы қатаң ба, ұяң ба?

Текшелермен осы сөзді белгіле.

Көк текшемен – дауыссыздарды

Қызыл текшемен – дауыстыларды

«радио» сөзінің басында – р дыбысы сөздің қай жерінде тұр.

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

- Енді дыбысты буындарда, сөз басында айтып жаттығайық.

Ра-ро-ру-рұ-ры-рэ тар-тор-тұр-түр-тэр-тур-тыр

Ро-ру-рұ-ры-рэ-ра бар-бор-бүр-бұр-бэр-бур-быр

Ру-рұ-ры-рэ-ра-ро қар-қор-құр-кур-қыр

Сөз басында айтып машықтандыру.

Радио, Роман, Рауғаш, Раушан, рай, Райхан, разъезд, рақым, рация, Роза.

VІ. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс.

ҚShape17 азір Роман сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Р-

ОShape18 -

МShape19 - -

АShape20 -

НShape21 -

Логикалық тапсырмалар.

«Суретте қандай аңдар бейнеленген?» ойыны.











Суретті штрихтап сал.







VІІ. Үйге тапсырма. Ұнаған аң туралы әңгіме құрап кел.

VІІІ. Сабақ қорытындысы.

Тақырыбы: Р дыбысын буында және сөз ортасында машықтандыру. Жабайы аңдардың балаларымен таныстыру. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысын буында және сөз ортасында машықтандыру. Жабайы аңдардың балаларымен таныстыру.

Білімділік: -р- дыбысын сөз ортасында машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру; дыбыстық талдау және жинақтау дағдысын дамыту; сөз өзгерту дағдыларын жетілдіру; балаларды –р- дыбысымен таныстыруды жалғастыру; дыбыстарға акустикалық-артикуляциялық сипаттама беру дағдысын дамыту; «дауысты дыбыс» «дауыссыз дыбыс түсініктерін бекіту; сөздерді буынға бөлуге үйретуді жалғастыру; сөз қорын молайту.

Түзетушілік: көру, есту және тактильді анализаторларды дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұйымдастырушылығын дамыту, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дыбыстардың сурет белгілері; р дыбысы ортасында кездесетін суреттер;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме!

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

  • Дыбыстарды айту үшін, сөйлеуге қажетті мүшелерді жаттықтыруымыз керек. Ал қазір біз жаттығуларды есімізге түсіріп, орындайық.

«Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «қоршау жаса», «ат шабысы» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Кәне –р- дыбысын айтып, тіліміз, еріндеріміз, тістеріміз қандай қалыпта болып, не істейтінін айтайықшы.

(тактильді бақылау негізінде балалар –р- дыбысына сипаттама береді-дауыссыз, үнді)

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

- Енді дыбысты буындарда, сөз ортасында айтып жаттығайық.

Ара-ора-ура-ыра-эра-ұра-үра ұра-ұро-ұры-ұру-ұрұ-ұрэ

Ару-ору-ыру-эру-ұру-үру-уру ору-ыру-эру-ұру-үру-уру-ару

Ары-оры-уры-ыры-эры-ұры оры-уры-ыры-эры-ұры-ары

Сөз ортасында айтып машықтандыру.

Ара, арал, барыс, бауырсақ, қармақ, Марал, бүлдірген, тырна, тырма, сылдырмақ, қолтырауын, көрме, Қорлан, мұрт, орындық, орақ, парта, тарақ, сарымсақ, сорпа, торғай, жұмыртқа, зырылдауық, ұлтарақ, ұршық, цирк,шырмауық, айран, акробат, алмұрт, күртеше, құрақ, сырмақ.

VІ. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс.

Қазір арба сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

АShape22 -

РShape23 -

БShape24 -

АShape25 - .

Үй жануарларының төлдерімен таныстыру.

Бұзау, күшік, марғау, құлын, лақ, торай, қошақан.

VІІ. Үйге тапсырма.

VІІІ. Сабақ қорытындысы.




Тақырыбы: Р дыбысын буында және сөз ортасында машықтандыру. Жабайы аңдардың балаларымен таныстыру. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысын буында және сөз ортасында машықтандыру. Жабайы аңдардың балаларымен таныстыру.

Білімділік: -р- дыбысын сөз ортасында машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру; дыбыстық талдау және жинақтау дағдысын дамыту; сөз өзгерту дағдыларын жетілдіру; балаларды –р- дыбысымен таныстыруды жалғастыру; дыбыстарға акустикалық-артикуляциялық сипаттама беру дағдысын дамыту; «дауысты дыбыс» «дауыссыз дыбыс түсініктерін бекіту; сөздерді буынға бөлуге үйретуді жалғастыру; сөз қорын молайту.

Түзетушілік: көру, есту және тактильді анализаторларды дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұйымдастырушылығын дамыту, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дыбыстардың сурет белгілері; р дыбысы ортасында кездесетін суреттер;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме!

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Қоршау жаса», «серуен», «кесе», «кәмпитті жапсыр», «барабаншылар» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Кәне –р- дыбысын айтып, тіліміз, еріндеріміз, тістеріміз қандай қалыпта болып, не істейтінін айтайықшы.

(тактильді бақылау негізінде балалар –р- дыбысына сипаттама береді-дауыссыз, үнді)

V. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

- Енді дыбысты буындарда, сөз ортасында айтып жаттығайық.

Сра-сро-сру-сры-срұ бра-бро-бру-бры-брұ

Қра-қро-қру-қры-қрұ тра-тро-тру-тры-трұ

Жра-жро-жру-жры-жрұ дра-дро-дру-дры-дрұ

Сөз ортасында айтып машықтандыру.

Ара, арал, барыс, бауырсақ, қармақ, Марал, бүлдірген, тырна, тырма, сылдырмақ, қолтырауын, көрме, Қорлан, мұрт, орындық, орақ, парта, тарақ, сарымсақ, сорпа, торғай, жұмыртқа, зырылдауық, ұлтарақ, ұршық, цирк,шырмауық, айран, акробат, алмұрт, күртеше, құрақ, сырмақ.

Жабайы аңдардың балаларымен таныстыру.

Түлкі-түлкіше

Қоян-көжек

Қасқыр-бөлтірік

Аю-қонжық

VІ. Үйге тапсырма. Ұнаған жабайы аңдардың балаларының суретін салу

VІІ. Сабақ қорытындысы.

Тақырыбы: Р дыбысы сөздің ортасында және аяғында. Ыстық жақта өмір сүретін жабайы аңдар. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысы сөздің ортасында және аяғында машықтандыру. Ыстық жақта өмір сүретін жабайы аңдармен таныстыру.

Білімділік: -р- дыбысын сөз ортасында және аяғында машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру; дыбыстық талдау және жинақтау дағдысын дамыту; сөз өзгерту дағдыларын жетілдіру; балаларды –р- дыбысымен таныстыруды жалғастыру; дыбыстарға акустикалық-артикуляциялық сипаттама беру дағдысын дамыту; «дауысты дыбыс» «дауыссыз дыбыс түсініктерін бекіту; сөздерді буынға бөлуге үйретуді жалғастыру; сөз қорын молайту.

Түзетушілік: көру, есту және тактильді анализаторларды дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұйымдастырушылығын дамыту, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дыбыстардың сурет белгілері; р дыбысы ортасында және аяғында кездесетін суреттер;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Біз сабақты сергуден бастайық, ол үшін суреттерге қарап, дыбыстар мен олар ұқсайтын суреттерді есімізге түсірейік.

«Дыбысты машықтандыру. (к) дыбысының әні»

Суретті көрсетіп. Бұл ненің әні ? (өкшелердің), ақырын (кккк)-қатты (КККК) тақылдатайық;

«Дыбысты машықтандыру. (в) дыбысының әні»

Ненің әні? (желдің), бірге айтайық, егер жел ақырын соқса(ввввв), ал қатты соқса (ВВВВ), ал енді былай- басында қатты жел, ал кейін ақырындады (ВВВввв), балалар дауыстың күші мен қаттылығының өзгеруін имитациялайды.

«Дыбысты машықтандыру. (ы) дыбысының әні»

Бұл ненің әні? (трактордың), трактор алыста (ррррр), жақында(РРРР);

«Дыбысты машықтандыру. (л) дыбысының әні»

Ал мынау ненің әні? (кішкентай ұшақтың), ұшақтың дауысын есімізге түсірейік(ллллл), ал алыста ұшып жүр (ллл), енді жақында(ЛЛЛ) ұшып жүр.

  • Біз қандай әндер айттық? Оларды не деп айтамыз?(дыбыстар)

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «гармон», «ат шабысы», «барабан», «маляр» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Сөз ортасында айтып машықтандыру.

Сөз соңында машықтандыру.

Нар, жар, Айдар, балалар, ұлар, Мөлдір, Гауһар, Абылхайыр, жаңбыр, ғарышкер, айдаһар, кітаптар, қалампыр, қамыр, қасқыр, ор, отар, сиыр, шалбар, шатыр, анар, қар, жыр, қыр, жігер, пікір.

Балалар сендер алыс жақта өмір сүретін аңдарды білесіңдер ме?

Олардың қайсысы судың қасында өмір сүреді? (сусиыр мен қолтырауын).

Кенгуру біздің жақтағы қай аңға ұқсайды? (Қоянға)

Қандай аң адамға көмектеседі, егерде оны үйретсе? (Піл)

VІ. Үйге тапсырма. Сөз ортасында, соңында келетін сөздерді қайталау.

VІІ. Сабақ қорытындысы.



Тақырыбы: Р дыбысы сөздің ортасында және аяғында. Ыстық жақта өмір сүретін жабайы аңдар. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысы сөздің ортасында және аяғында машықтандыру. Ыстық жақта өмір сүретін жабайы аңдармен таныстыру.

Білімділік: -р- дыбысын сөз ортасында және аяғында машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру; дыбыстық талдау және жинақтау дағдысын дамыту; сөз өзгерту дағдыларын жетілдіру; балаларды –р- дыбысымен таныстыруды жалғастыру; дыбыстарға акустикалық-артикуляциялық сипаттама беру дағдысын дамыту; «дауысты дыбыс» «дауыссыз дыбыс түсініктерін бекіту; сөздерді буынға бөлуге үйретуді жалғастыру; сөз қорын молайту.

Түзетушілік: көру, есту және тактильді анализаторларды дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұйымдастырушылығын дамыту, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дыбыстардың сурет белгілері; р дыбысы ортасында және аяғында кездесетін суреттер;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар бүгін біз ойындар ойнаймыз ол үшін сендер өте мұқият болуларың керек.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «гармон», «ат шабысы», «барабан», «маляр» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Сөз ортасында айтып машықтандыру.

Сөз соңында машықтандыру.

Нар, жар, Айдар, балалар, ұлар, Мөлдір, Гауһар, Абылхайыр, жаңбыр, ғарышкер, айдаһар, кітаптар, қалампыр, қамыр, қасқыр, ор, отар т.б.

«Не қосылды?»ойыны.

Сипаттамасы: Логопед үстелге 4 зат немесе ойыншықтарды қояды. Балалар үстел үстіндегі заттарды айтады. Бір баланы теріс қаратып, тағы бір зат қосып қою керек. Бала бері қарап не қосылғанын айтуы керек. Ойыншықтар ауысып, ойын жалғаса береді. Сабақ соңында балаларға «р» дыбысына сөздер ойлауды ұсынуға болады.

Әдістемелік нұсқау: Балалар «р» дыбысы бар сөздерді анық қатты (сәл бөліп) айтуларын қадағалау.

Логикалық тапсырма.

Суретші қандай аңдарды «тығып» қойған? Тауып боя.








Кімнің үйі қайда?





VІ. Үйге тапсырма. Сөз ортасында, соңында келетін сөздерді қайталау.

VІІ. Сабақ қорытындысы.

Тақырыбы: Р дыбысын сөйлемдерде, өлеңдерде, жаңылтпаштарда оқу. Мамандықтар (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысын сөйлемдерде, өлеңдерде, жаңылтпаштарда айтып машықтану. Түрлі мамандықтармен танысу.

Білімділік: -р- дыбысын өлеңдерде, жаңылтпаштарда айтып машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру;

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Р дыбысы бар өлеңдер, жаңылтпаштар жазылған плакат; р дыбысына байланысты суреттер; түрлі мамандықтардың суреттері

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Балалар бүгін біз көптеген өлең, жаңылтпаштар оқимыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «гармон», «ат шабысы», «барабан», «маляр» жаттығуларын орындау.


ІV. Дыбысты сөйлемдерде, өлеңдерге, жаңылтпаштарға, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Райгүл радио тыңдады.

Арман Рақым атаның немересі.

Қорлан апа ұршықпен жіп иірді.

Аружан ұлар құсының суретін салды.

Балалар көгершінді торға отырғызды.


Өлеңдер.

Бал арасы Сылдырмақ

Ара, ара, аралар, Сылдырмақ, сылдырлап,

Лүл қауызын жағалар, Бесікте тұрады.

Оны баққан аралар, Бөпешім былдырлап,

Шелек-шелек бал ағар. Сылдырмақ ұрады.

Аққу, Рауан, радиация өлеңдерін оқу.

Жаңылтпаштар.

Қайрат қайрақ қайрап отыр, Құрықтан құлдырап түстім,

Қайрақпен балта қайрап отыр. Сырықтан сылдырап түстім.


Айыр атанды жүк қартайтар, Ақ шар бар,

Семіз қойды май қартайтар. Көк шар бар.

Күйгелек менің атамды, Көк шар бар,

Жас қартайтпас, ой қартайтар. Төрт шар бар.

Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіздер? Мысалы дәрігерлердің өздері әр түрлі болып бөлінеді. Балаларды емдейтін дәрігерді педиатр, тісті емдейтін дәрігер стоматолог, ота жасайтын хирург. Мектепте бала оқытатын мұғалім болса, балабақшада тәрбиеші.

« Бөліп бер ойыны» Қай зат дәрігерге, қай зат аспазшыға керек бөліп бер.







V. Үйге тапсырма. Ержеткенде қандай мамандықты қалайтының туралы әңгімелеу.

VІ. Сабақ қорытындысы.

Тақырыбы: Р дыбысын сөйлемдерде, өлеңдерде, жаңылтпаштарда оқу. Мамандықтар (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысын сөйлемдерде, өлеңдерде, жаңылтпаштарда айтып машықтану. Түрлі мамандықтармен танысу. Соған байланысты логикалық ойындар ойнау.

Білімділік: -р- дыбысын өлеңдерде, жаңылтпаштарда айтып машықтандыру; сөз құрамын дыбысты бөлуге жаттықтыру; сөздегі дыбыстың орнын табу білігін жетілдіру;

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Р дыбысы бар өлеңдер, жаңылтпаштар жазылған плакат; р дыбысына байланысты суреттер; түрлі маман иелерінің суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Балалар бүгін біз көптеген өлең, жаңылтпаштар оқып жалғастырамыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

« Әткеншек», «сағат», «тәтті тосап», «гармон», «ат шабысы», «барабан», «маляр» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбысты сөйлемдерде, өлеңдерге, жаңылтпаштарға, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Маратқа анасы шалбар, күртеше әперді.

Балалар анардан шырын сығып шығарды.

Бибінұр сарымсақ аршып, сорпаға қосты.

Раушан апа мен Рауғаш әже қоржын ашты.

Көктемде күн күркіреп, жаңбыр сіркіреп жауады.

Өлеңдер.

Р-ны анық айтамын: рауан-деп, Райхан гүлін терген

Рауғаш, ринг, ради, ребус-деп, Райгүл шаттанды,

Р-ны табам: Райгүлге Рая

Ракета, рояльдан, Раушан гүлін сыйлап,

Робот, Рахаттанды.

Рюкзак, разъезд, рамадан.

Жаңылтпаштар.

Бұл қар- Қырда қырау

Сұр қар, Қызыл ала бұзау.

Сұр қар. Тауда тарғақ,

Кір қар, Тарғыл ала торпақ.

Үстінде ойнама,

Үстіңді былғар.

Қанар қаптарды қаптап артар.

Шанақ арбаны аттар тартар.

Балалар кеше біз мамандықтар туралы әңгімеледік енді сол мамандықтардың әр біреуіне тоқталып әңгімелейік.











V. Үйге тапсырма. Мамандықтар туралы жұмбақ ойлап келу.

VІ. Сабақ қорытындысы.


Тақырыбы: Р дыбысы бар буын ұйқас өлеңдер, жұмбақтар оқу. Адамның дене мүшесі. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысын ұйқасты өлеңдерде, жұмбақтарда айтып машықтану. Адамның дене мүшелерімен таныстыру.

Білімділік: -р- дыбысын ұйқасты өлеңдерде, жұмбақтарда айтып машықтандыру;

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Сөйлеу арқылы қарым-қатынасқа түсу мәдениетін тәрбиелеу, қойылған сұраққа жауапты дұрыс құрастыруын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Р дыбысы бар өлең ұйқастар , жұмбақтар жазылған плакат; р дыбысына байланысты суреттер; адамның дене мүшелерінің суреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Жел соғады», «Бұзық тілді жазала», «тәтті тосап», «кеме гуілдейді», «күрке тауық», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Жаңбыр деген сөзге дыбыстық, буындық талдау жасау.

V. Дыбысты өлеңдерге, жаңылтпаштарға, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Буын ұйқас өлеңі.

Ра-ра-ра бал жинайды ара Ра-ра-ра апам менің Сара

Ры-ры-ры күннің түсі сары Ры-ры-ры тазаладым тары

Рі-рі-рі жүрдім мен ілгері Ру-ру-ру Арай екен ару.

Жұмбақтар.

Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші, Екі езуі құлағына жетеді,

Әр уйде бар, тапқышым, кәні білші? Тамақ жесе ызың етеді.

(радио) (ара)

Қарда бар, мұзда жоқ, Қырқада бар, қырда бар,

Жарда бар, қызда жоқ. Айранда бар, сүтте жоқ.

(Р) (Р)

Тыңдап әнін, өлеңін, Ұшып жүрген ақ шіркей,

Үйден кино көремін. Ызыңдамайды.

(теледидар) (қар)


  • Балалар айтыңдаршы адамның дене мүшелеріне не жатады? Көзбен не істейміз? Құлақпен? Ауызбен? Аяқпен?

«Әрбір оң қолға білезіктің суретін сал» ойыны.





«Өсуді ретімен айт» ойыны.





V . Үйге тапсырма. Мына суреттегі дене мүшелерге жұмбақ ойлап келу.


VІ. Сабақ қорытындысы.

Тақырыбы: Р дыбысы бар буын ұйқас өлеңдер, жұмбақтар оқу. Адамның дене мүшесі. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р дыбысын ұйқасты өлеңдерде, жұмбақтарда айтып машықтану. Адамның дене мүшелерімен таныстыру.

Білімділік: -р- дыбысын ұйқасты өлеңдерде, жұмбақтарда айтып машықтандыру; Сөздің дыбыстық құрамын анықтау, талдау.

Түзетушілік: көру, есту ін дамыту; ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; жаңа сөздер үйрену арқылы сөздік қорларын молайту;

Тәрбиелік: Ыдыстарын таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Р дыбысы бар өлең ұйқастар , жұмбақтар жазылған плакат; р дыбысына байланысты суреттер; адамның дене мүшелерінің суреті.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Б үгін сабақта біз р дыбысына байланысты өлең, жұмбақтар оқып, жаттаймыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тістерді тазала», «Серуен», «тәтті тосап», «кесе», «күрке тауық», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ» жаттығуларын орындау.

ІV. Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру(жасалу тәсілі және орны бойынша)

Сөздің дыбыстық құрамын анықтау, талдау.

Тапсырма: Мен айтқан сөздердің тек бірінші дыбысын айт.

Радио, Роман, Рауғаш, Раушан, рай, Райхан, разъезд.

Сөздің соңындағы дыбысты айт: Нар, жар, Айдар, балалар, ұлар, Мөлдір, Гауһар.

Тапсырма: «Қар» деген сөздегі 1-2-3 дыбыстарды ата. Барлығы неше дыбыс, дауысты дыбыс қандай?

V. Дыбысты өлеңдерге, жаңылтпаштарға, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне енгізу.

Буын ұйқас өлеңі.

Ар-ар-ар жапалақтап қар жауар Ар-ар-ар жылқы деген жануар

Ыр-ыр-ыр көктем толы жаңбыр Ыр-ыр-ыр жау-жау жаңбыр

Ер-ер-ер Тоқтар аға ғарышкер Ір-ір-ір атым менің Жігер

Жұмбақтар.

Ыстықты суытпайды, Үш – төрт қана тісі бар,

Суықты жылытпайды. Шөп көтерер күші бар.

(термос) (айыр)

Тұрса, үйдей, Айдалада ақ отау,

Жатса, қояндай Аузы-мұрны жоқ отау.

(Ертоқым) (жұмыртқа)

Мақал-мәтелдер

Қарағайға қарап тал өсер, Ұрыс-ырысты қашырар,

Қатарына қарап бала өсер. Ынтымақ халықты асырар.

«Суретші нені шатыстырды?» ойыны.







Суретті аяқтап салып боя.






V. Үйге тапсырма. Өзіне ұнайтын адамның суретін салып келу.

VІ. Сабақ қорытындысы.

Тақырыбы: Р* дыбысын буындарда дұрыс айтылуын машықтандыру. Киімдер. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р* дыбысын буындарда дұрыс айтуларын талап ету: ри, ря, ре, рю дыбыстар қосындыларын сәйкес суреттермен салыстыруға үйрету.

Алдын-ала жұмыс: Балалар р* дыбысын айтып үйренді.

Дайындық жұмысы: 5 әртүрлі ысқырық (музыкалық аспап) суреттерін дайындау (үлкеннен бастап кішкентайға дейін).

«Қай ысқырықта ойнадым?» ойыны.

Сипаттамасы: Логопед балаларға ысқырықпен ойнайтын аспапшылар туралы айтады. Олардың ысқырықтары әртүрлі болғандықтан үндері де әртүрлі екені туралы айтып береді. Логопед бір-бірден тақтаға ысқырықтардың суретін тізіп шығады да, олардың үндерін шығарады. «ра-ра-ра», «ри-ри-ри», «ря-ря-ря», «рё-рё-рё», «рю-рю-рю». Балалар оның соңынан қайталап айтады. Сонан соң логопед: ра, ри, ря, ре, рю деп айтқанда, балалар сәйкес суреттерді көрсетеді.

Әдістемелік нұсқау: Балалар назарын, үлкен ысқырық қатты, ашулы әндететіне, ал кішкентайлары нәзік, жұмсақ ойнайтынына аудару қажет.

Өлең жаттау

Роза есімі орысша

Ретсіз бізге, көз жетті,

Розаның атын әжесі

Раушан деп өзгертті.

Суреттің атауынан «Р» дыбысын тап және оның сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта:

Бөрік Домбыра

Рояль Робот



  • Балалар сендер қандай киімнің түрлерін білесіңдер?



Қайсысы артық? Неге?





Көпше түрде айтып бер.

Белдемше-

Шалбар-

Қолғап-


Үйге тапсырма: Өздеріне ұнайтын киімдер туралы әңгімелеу.

Сабақты қорытындылау.



Тақырыбы: Р* дыбысын сөздерде дұрыс айтылуын машықтандыру. Киімдер. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаты: Р* дыбысын сөздерде айтуға жаттықтыру.

Алдын-ала жұмыс: Р* дыбысын буындарда айтылуын қалыптастыру.

Дайындық жұмысы: Ойынға мынадай заттық суреттерді дайындау керек: өрік, өрмекші, керней, сіріңке, күрек т.б.

«Кезегін сақта» ойыны

Сипаттамасы: Балалар жарты шеңбер жасап отырады. Ортада логопед үстелі тұрады: онда 3-4 қатарға атауларында р* дыбысы бар суреттер қойылған. Шақырылған бала оларды басқа балаларға көрсетіп, атап айтып орнына қояды. Сонан сон ол үстелдегі суреттерге қарамай оларды есіне түсіріп атап шығуы керек. Егер ол қателессе тағыда бір рет үстелдің үстіне қарауға рұқсат етіледі. Кейіннен логопед басқа балаларды шақырып заттардың (суреттердің) ретін өзгертіп отырады (ойын қайталағанда олар ауыстырылады). Ойынды қайталағанда есте сақтау үшін 5-6 зат (сурет) беруге болады.

Әдістемелік нұсқау: Сөздерді анық қатты айтуы керек; р* дыбысын бөліп, анық, созбай нақ айтуы керек.

Дидактикалық тапсырмалар.

Буынды тап.

1. жұм…ша (бақ) жұмбақша
2. тыр…ша (нақ) тырнақша
3. дом…ра (бы) домбыра
4. қар…ғаш (лы) қарлығаш
5. жел…сан (тоқ) желтоқсан

Түсінік: Оқушы бір-бір сөз шығаруы тиіс ол сөздерден мағынасы бөлегін алып тастау керек.


  1. Буынға бөлінген сөздерді оқыңдар.

  2. а-ра

    қа-ла

    а-ю

    .-..

    ..-..

    .-.




  3. Төменде берілген сөздерді буынға бөліп, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.

Бала, оқы, ою, екі, шеге, ұя, жина, ию, ине.

Жұмбақты шеш Адамның сәні,

Онсыз жоқ мәні.


« Бірдей шұлықты тауып қос» ойыны.






С уретте қандай киімдер бейнеленген? Тауып көр.


Үйге тапсырма: Киімге байланысты «Көк жейде» өлеңін оқып келу.

Сабақты қорытындылау.



Тақырыбы: Р –Л дыбыстарын буындарда, сөздерде ажырату. Аяқ киімдер. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: (Р) және (Л) дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету, дыбыстарды естіп, кейін айтқанда ажырата білуге үйрету, балаларды (р) және (л) дыбыстарының белгілерімен (символдарымен) таныстыру, дыбыстарды буындарда, сөздерде дұрыс айтуға жаттықтыру.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Мұқият тыңдап, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: суреттер, дыбыстың орнын белгілеуге арналған жолақша және текше, дыбыстық талдауға арналған көк және қызыл түсті текшелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта сен тапсырмаларды мұқият тыңдап, ұғынып, тиянақты орындауың керек.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін сабақта біз дұрыс айтып үйренген «р» дыбысын «л» дыбысынан ажыратып үйренеміз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

С ен ертегі тыңдағанды ұнатасың ба? Онда мен саған ертегі айтып берейін. Баяғы заманда екі ағайынды болыпты Рам мен Лам. Олар өте көңілді балалар екен және күнде таңертең терезелерінен бастарын шығарып, көршілерге күлімдеп қарайды. Ағайындылар ойнағанды ұнатады екен: Рам мен Лам мына жаттығуларды жасап ойнайды екен.

«Тістерді тазалау», «сылақшы», «допты кім арырақ кіргізеді?», «әткеншек», «аттар шабысы», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ», «тәтті тосап», «Кәмпитті жапсыр».

ІV. Шатастыратын дыбыстар артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру. Дыбыстарды таңбалармен белгілеу.

Р дыбысын айт, енді Л дыбысын айт.

Р – ны, Л-ны айтқанда тіліміз, ерніміз қандай қалыпта, қай жерде тұрады? Ауа ағыны қандай?


Рам әндетті: р-р-р, ал Лам былай ән айтты: л-л-л. Рам айтқан дыбысты қайтала. Ал Лам қай дыбысты айтты? Бұл дыбыстарды ұқсастығы мен айырмашылықтары неде?

Ағайындылар өзара әңгімелесіп отыр, тыңдайықшы оларды. (Логопед буындар тізбектерін баяу темпте айтады, ал бала қайталайды.)

Ра-ла ро-ло ру-лу ры-лы рұ-лұ рү-лү рө-лө рі-лі

Ар-ал ор-ол ур-ул ыр-ыл ір-іл өр-өл ұр-ұл үр-үл

Ра-ла-ра ры-лы-ры ар-ал-ар ыр-ыл-ыр

Ро-ло-ро рұ-лұ-рұ ор-ол-ор ұр-ұл-ұр

Ала-ара-ала ура-ула-ура ұра-ұла-ұра

Ора-ола-ора ыра-ыла-ыра өрі-өлі-өрі

Логикалық ойын. Тек оң жақ крассовканы боя.


Үйге тапсырма: Аяқ киімнің бөлшектерін атап келу.

Сабақты қорытындылау.



Тақырыбы: Р –Л дыбыстарын буындарда, сөздерде ажырату. Аяқ киімдер. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: (Р) және (Л) дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету, дыбыстарды естіп, кейін айтқанда ажырата білуге үйрету, балаларды (р) және (л) дыбыстарының белгілерімен (символдарымен) таныстыру, дыбыстарды буындарда, сөздерде дұрыс айтуға жаттықтыру.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Мұқият тыңдап, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: суреттер, дыбыстың орнын белгілеуге арналған жолақша және текше, дыбыстық талдауға арналған көк және қызыл түсті текшелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта сен тапсырмаларды мұқият тыңдап, ұғынып, тиянақты орындауың керек.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін сабақта біз дұрыс айтып үйренген «р» дыбысын «л» дыбысынан ажыратып үйренеміз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Күрке тауық», «қоршау жаса», «серуен», «кесе», «гармон», «барабаншылар» жаттығулары.

Бүгін сіздерге Рам мен Лам тағы тапсырма беріп отыр, оны дұрыс орындау үшін екеуіндегі суреттердің атауын атап, қай дыбыс тұрғанын айтуың керек. Бірге ойнаған қызықты. Сондықтан ағайындылар суреттерді екі қатарға орналастырды.

Раушан-лақ арба-алма ұршық-сүлгі

Тырма-алмұрт борсық-қалта торсық-балдақ

Бал-бор сырға-салы шырын-лашын

Балта-ұршық

(Бала суреттерді жұп-жұбымен орналастырады, атайды, логопедтің сұрақтарына жауап береді: «Бұл не?». Баланың мүмкіндігіне қарай, әр сөздің жалпылама атын сұрауға болады, мысалы: раушан-гүл, сырға-әшекейлік бұйым, борсық-аң)

Осы сөздердегі Р-Л дыбыстарының орнын тап: егер Р немесе Л дыбысы сөздің басында тұрса, текшені жолақшаның басына, ортасында тұрса-ортасына, соңында тұрса –соңына қой.

ІV. Дыбыстық талдау, жинақтау бойынша жұмыс.

Рам мен Лам жұмбақ жасырып отыр, шешімін тап:

Жисаң-таяқ қысқа ғана.

Жайсаң-жайлы басқа пана. (қолшатыр)

Қолшатыр сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Сөздерді қайтала.

Орал, орамал, торғал, сырғалы, қолшатыр, табалдырық, Қорлан, ұлдар, балалар, уылдырық, қырыл, сырыл, бұрыл, қырғауыл, балдырған, қарлығаш, сылдырмақ, бөлтірік, қалдыр, сырғалы, мұнаралы.

«Не артық?» ойыны.








Үйге тапсырма: Р-Л дыбысы кездесетін сөздерді қайталау.

Сабақты қорытындылау.




Тақырыбы: Р –Л дыбыстарын сөйлемдерде, тақпақтарда ажырату. Отбасы. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: (Р) және (Л) дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету, дыбыстарды естіп, кейін айтқанда ажырата білуге үйрету, балаларды (р) және (л) дыбыстарының белгілерімен (символдарымен) таныстыру, дыбыстарды сөйлемдерде, тақпақтарда дұрыс айтуға жаттықтыру.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Мұқият тыңдап, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Р-Л дыбыстарына байланысты жазылған сөйлемдер, тақпақтар. Отбасына байланысты суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта сен тапсырмаларды мұқият тыңдап, ұғынып, тиянақты орындауың керек.

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін сабақта біз дұрыс айтып үйренген «р» дыбысын «л» дыбыстарына сөйлемдер, тақпақтар оқып дыбыстарды ажыратып үйренеміз..

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тістерді тазалау», «сылақшы», «допты кім арырақ кіргізеді?», «әткеншек», «аттар шабысы», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ», «тәтті тосап», «Кәмпитті жапсыр».

ІV. Шатастыратын дыбыстар артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру. Дыбыстарды таңбалармен белгілеу.

Р дыбысын айт, енді Л дыбысын айт.

Р – ны, Л-ны айтқанда тіліміз, ерніміз қандай қалыпта, қай жерде тұрады? Ауа ағыны қандай?


V. Сөйлемдерде ажырату:

Омартада ара мен бал бар.

Лаура сырнайда ойнады.

Балалар бақшаға барды.

Ұлар, торғай-дала құстары.

Омарташы балаларға бал берді.

Серіктің бөрігі өзіне жараса кетті.

Зергер лағыл тасынан сырға жасады.

Оқушылар алғашқы қоңырауға барды.

Тақпақ

Апа

Мейірімді апалар,

Балалар кеп бата алар...

Қалтасына кәмпит сап,

Немереге апарар.

Балалар отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер? Отбасында кімдер болады?

Л огикалық тапсырма.

Екі бірдей суретті тап.









Үйге тапсырма: Өз отбасылары туралы әңгіме құрап келу.

Сабақты қорытындылау


Тақырыбы: Р –Л дыбыстарын сөйлемдерде, тақпақтарда ажырату. Отбасы. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: (Р) және (Л) дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету, дыбыстарды естіп, кейін айтқанда ажырата білуге үйрету, балаларды (р) және (л) дыбыстарының белгілерімен (символдарымен) таныстыру, дыбыстарды сөйлемдерде, тақпақтарда дұрыс айтуға жаттықтыру.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Мұқият тыңдап, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Р-Л дыбыстарына байланысты жазылған сөйлемдер, тақпақтар. Отбасына байланысты суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта әрі қарай р-л дыбыстарын сөйлемдерде, тақпақтарда айтып жалғастырамыз.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Күрке тауық», «қоршау жаса», «серуен», «кесе», «гармон», «барабаншылар» жаттығулары.

ІV. Сөйлемдерде ажырату:

Сара бүлдірген, құлпынай, тошала терді.

Алмас шатырға шығып, мұржаны тазалады.

Қарлығаш Арықбалық ауданында тұрады.

Қорлан «Балдырған» журналына жазылды.

Торғын әжесүлгімен Айсұлудың бетін сүртті.

Рауан атаның ұл, қыздары және немерелері көп.

Қарғалар аппақ қарда қара болып, анық көрінеді.

Жылан, өрмекші, бал арасы, құмырсқа-жәндіктер.

Ләйлә базардан қияр, қырыққабат, сарымсақ, картоп әкелді.

Алмагүл «Балаларға базарлық» кітабын Арманға сатып әперді.

Аяулым, Ұлан, Жазира, Нұрсұлтан үлгілі және үздік оқушылар.

Оркестр мүшелері сазсырнай, домбыра, ысқырық, дағырада ойнады.

Дидактикалық тапсырмалар:

  1. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

Апа, әже, қала, шеге, орақ, ыдыс, алма, өрік, қияр, аю.


  1. Көп нүктенің орнына тиісті буынды жалғап көшіру.

Ма-ши-... , ал-... , та-би-... , ой-ын-... .

  1. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
    1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға.

2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан.

3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.

4.Ұяда, жатыр, жеті, жұмыртқа.

5.Олар, алмады, жұмыртқаны.


« Кім артық ?» Неге?









Бала үйіне асығып бара жатыр. Үйіне жетуіне көмектес.



Үйге тапсырма: отбасыға байланысты мақал-мәтел жазып келу.

Сабақты қорытындылау




Тақырыбы: Р –Л дыбыстарын жаңылтпаш, жұмбақтарда ажырату. Үй. (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: (Р) және (Л) дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету, дыбыстарды естіп, кейін айтқанда ажырата білуге үйрету, дыбыстарды жаңылтпаш, жұмбақтарда дұрыс айтуға жаттықтыру.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Р-Л дыбыстарына байланысты жазылған жаңылтпаштар, жұмбақтардың жауабының суреті. Үйге байланысты суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта көптеген жаңылтпаштар айтып тілімізді жаттықтырамыз

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін сабақта біз дұрыс айтып үйренген «р» дыбысын «л» дыбыстарына жаңылтпаш, жұмбақтар оқимыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тістерді тазалау», «сылақшы», «допты кім арырақ кіргізеді?», «әткеншек», «аттар шабысы», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ», «тәтті тосап», «Кәмпитті жапсыр».


ІV. Жаңылтпаштарда ажырату:

Омартаға балалар барар, Еліктер керіктерге еліктеді ме?

Балаларды аралар талар. Керіктер еліктерге еліктемес.


Ала-ала алашалар, Біздің Ығылман

Тамаша олар, Қымыран ішті,

Оған кім таласа алар. Қымыран ішкен

Алашаларды Ығылман

Таба алса, алар. Зымыран жайлы шымыр ән айтты.


Тағы да көптеген жаңылтпаштарды балаларға үлестірмелі карточкалар арқылы үлестіріп, оқыту.


Жұмбақтар.

Ерте тұрдым, Орманда өсіп қалпақ тұр,

Екі айыр жолға түстім. Қуырғанда бал татыр.

(шалбар) (Саңырауқұлақ)

Санымыз қанша, білмейміз, Жауын жауса, тысқа шығады.

Түнімен көз ілмейміз. Жаумаса оны бұрышқа тығады.

(Жұлдыздар) (қолшатыр)

Кім айтады балалар үйде қандай бөлмелер болады?

Ас бөлмеде қандай жиһаздар қоямыз?

Қонақ бөлмеге қандай жиһаздар қоямыз?

Сіздердің үйлеріңізде қандай бөлмелер бар?

« Артық заттарды тауып қорша» ойыны.





Ә р затты орнына сызық арқылы апар.








Үйге тапсырма: әркім өз бөлмелері туралы әңгіме құрап келу.

Сабақты қорытындылау


Тақырыбы: Р –Л дыбыстарын жаңылтпаш, жұмбақтарда ажырату. Үй. (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: (Р) және (Л) дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету, дыбыстарды естіп, кейін айтқанда ажырата білуге үйрету, дыбыстарды жаңылтпаш, жұмбақтарда дұрыс айтуға жаттықтыру.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Р-Л дыбыстарына байланысты жазылған жаңылтпаштар, жұмбақтардың жауабының суреті. Үйге байланысты суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта көптеген жаңылтпаштар айтып тілімізді жаттықтырамыз

ІІ. Мақсатын баяндау.

Бүгін сабақта біз дұрыс айтып үйренген «р» дыбысын «л» дыбыстарына жаңылтпаш, жұмбақтар оқимыз.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тістерді тазалау», «сылақшы», «допты кім арырақ кіргізеді?», «әткеншек», «аттар шабысы», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ», «тәтті тосап», «Кәмпитті жапсыр».

ІV. Жаңылтпаштарда ажырату:

Батырға қай көлік Ағама ат тағалаттырдым,

Сай көлік? Жеңгеме жалын тазалаттырдым,

Батырға сай көлік- Апама тоқым жаңалаттырдым,

Сайгүлік! Өзім бәрін қадағалап тұрдым.


Есік алдындағы отынның Қарамаймын қарағайдың

Шырпылылырағынан ала кел, Қаламаймын,жаламаймын.

Томарлылырағынан ала кел, Қарағайдың қарамаймын

Тамарлылырағынан ала кел, Қасына енді жоламаймын.

Түбірлілірегінен ала кел.

Жұмбақтар.

Бөлме алды шап-шағын, Гүлге қонады,

Ашсаң есік қақпағын, Гүлдің қонағы

Жол береді кісіге, Үйіне кірсең

Кіресің үй ішіне. Бөшкең балға толады.

(табалдырық) (бал арасы)

Мақал –мәтелдер

Туған елдей ел болмас, Атадан бала туар,

Туған жердей жер болмас. Атасының жолын қуар.

«Кім жоқ» ойыны.

Мақсаты:балалардың зейінін,есте сақтау қабілетін дамыту, өткен тақырыпты қайталау.

Ойын шарты:Логопед тақтаға жанұя мүшелерінің суретін іліп қояды. Балалар көздерін жұмады.Логопед тақтадағы бір жанұя мүшесінің суретін алып тастайды.Балалар көздерін ашады,мұқият қарап шығып,кімнің суреті жоқ екенің табады.

«Тәтті сөздер» Мақсаты:балалардың логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту.

Ойын шарты:Балалар бір-біріне тәтті сөздер сыйлайды. Мысал:балмұздақ,кампит,шырын....................т.б.


Үйге тапсырма: Жаңылтпаштарды қайталау.

Сабақты қорытындылау






Тақырыбы: Логикалық тапсырмалар орындау. Дидактикалық ойындар ойнау. Тұрмыстық техника (1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: Тапсырмалар орындау, логикалық ойындар ойнау барысында сөз қорын молайту, бекіту, белсендіру. Сұраққа жауап беру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжыммен бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Логикалық тапсырмаларға байланысты суреттер. Тұрмыстық техникалық суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта көптеген ойлануға тура келетін ойындар ойнаймыз сол себепті мұқият болайық.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тістерді тазалау», «сылақшы», «допты кім арырақ кіргізеді?», «әткеншек», «аттар шабысы», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ», «тәтті тосап», «Кәмпитті жапсыр» жаттығуларын қайталау.

ІV. Логикалық тапсырмалар.

Қай заттар әкенікі? Қайсылары шешенікі? Әкенің заттарын көк түспен, ал шешенің заттарын қызыл түспен дөңгелектеп сыз.

Бесіншісі артық. Қалғандарын бір сөзбен ата.

Дидактикалық ойындар.

«Қай зат неден жасалған»

Мақсаты:балалардың ойлау қабілетін дамыту.қоршаған ортаны тануға қызығушылықтарын арттыру.

Ойын шарты:Логопед балаларға түрлі заттар көрсетеді.Балалар логопед көрсеткен заттардың неден жасалынғаның айтады.

Сызғыш – ағаштан,ірімшік – суттен, нан – ұннан,.......т.б.

«Әдепті сөздер»

Мақсаты:балаларды сыпайлыққа,әдептілікке тәрбиелеу.

Ойын шарты:Балалар шеңберге тұрып,бір-біріне доп лақтырады.Доп ұстаған бала әдепті сөздер айтады:

- «Сәлемәтсыз ба?»

- «Амансыз ба?»

- «Кешіріңіз»

...................т.б.

Үйге тапсырма: Әдепті сөздер ойлап келу.

Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Логикалық тапсырмалар орындау. Дидактикалық ойындар ойнау. Тұрмыстық техника (2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: Тапсырмалар орындау, логикалық ойындар ойнау барысында сөз қорын молайту, бекіту, белсендіру. Сұраққа жауап беру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжыммен бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Логикалық тапсырмаларға байланысты суреттер. Тұрмыстық техникалық суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта көптеген ойлануға тура келетін ойындар ойнаймыз сол себепті мұқият болайық.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тістерді тазалау», «сылақшы», «допты кім арырақ кіргізеді?», «әткеншек», «аттар шабысы», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ», «тәтті тосап», «Кәмпитті жапсыр» жаттығуларын қайталау.

Логикалық тапсырмалар.

  1. Берілген сөздерді көпше түрде көрсет.


  1. Алдымен дауысты дыбыстан басталған сөздерді, соңынан дауыссыз дыбыстан басталған сөздердң оқу.

Әлия, Әсия, Ғалия, Данияр, Ұрқия, София, Балқия, Фатима, Фарида, Хамит, Ахмет, Райхан, Махамбет, Гаухар, Қаһарман.


  1. Балалар сендер қандай тұрмыстық техниканы білесіздер? Оларды адамға пайдасы қандай?

Қай электрприборы токқа қосылған?








Қ ай зат артық? Неге?



Ж ұмбақты шешіп көр.

Іші салқын, мұзы бар,
Күнкей қашқан қой сынды,

Жылыда тез бұзылар,

Барша тағам тығылар. /Тоңазытқыш/

Еденді кеп жаласа,қалдырмас ол түгіңді.
Аузына таласа,бар қиқым жүгінді,

Тазалауы тамаша,кілем мен алаша,
Жайнайды қараса. /Шаңсорғыш/



Үйге тапсырма: Тұрмыстық техниканың пайдасы тақырыбында әңгіме құрастырып келу.

Сабақты қорытындылау.


Тақырыбы: Бекітілген дыбыстарға әңгімелер, мәтіндер құрастыру. Жәндіктер.(1-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: Осы кезге дейін айтып үйренген дыбыстарына әңгіме, мәтіндер құрау. Жәндіктер туралы әңгімелеу.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; әңгіме құрастыру арқылы сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжыммен бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Түрлі дайын мәтіндердің үлгілері. Жәндіктердің суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта осы уақытқа дейін үйреніп келген дыбыстарға қатысты мәтіндер құрайсыздар.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тістерді тазалау», «сылақшы», «допты кім арырақ кіргізеді?», «әткеншек», «аттар шабысы», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ», «тәтті тосап», «Кәмпитті жапсыр» жаттығуларын қайталау.

Мәтіндер

Алғашқы қоңырау

Қоңыру соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді. Оқушылар орындарынан тұрып амандасты. Сабақ басталды.

Алма

Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Жапырақтар саулап төгілді. Алма жерге түспеді.

Өрісте.

Мал өрісте. Далада шөп мол. Шөпті жерде ешкі, қойлар семіреді.Мал күйлі болса, ет те көп болады.

Алдымен осы мәтіндерді жалғастырып айту керек.

Түрлі тақырыптағы суреттерге қарап мәтін құрау.

Ас бөлме

Мынау ас бөлме. Ас бөлмеде тамақ пісіреді. Онда ыдыс көп:

Табақ, шәйнек бар. Тағы кесе, қасық бар.

Тапсырмалар:

І. Сұраққа жауап беру.

1. Бұл қандай бөлме?

2. Бөлмеде не бар?

3. Бәрінің атын не дейміз?

4. Бір сөзбен қалай атаймыз?

5. Бұл бөлмеде не істейді?

6. Тамақты кім пісіреді?

ІІ. Ас бөлме туралы айтып бер.

  • Балалар сендер жәндіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Мына суретте қандай жәндіктер бейнеленген?







Үйге тапсырма: Өздерің білетін жәндіктер туралы деректер жинап келу.

Сабақты қорытындылау.

Тақырыбы: Бекітілген дыбыстарға әңгімелер, мәтіндер құрастыру. Жәндіктер.(2-сабақ)

Кезеңі: түзету

Мақсаттары:

Білімділік: Осы кезге дейін айтып үйренген дыбыстарына әңгіме, мәтіндер құрау. Жәндіктер туралы әңгімелеу.

Түзетушілік: көру, есту және ойлау процестерін, зейінін, есте сақтауын дамыту; сөзжасам дағдыларын жетілдіру; әңгіме құрастыру арқылы сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжыммен бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Түрлі дайын мәтіндердің үлгілері. Жәндіктердің суреттері.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабақта осы уақытқа дейін үйреніп келген дыбыстарға қатысты мәтіндер құрайсыздар.

ІІ. Мақсатын баяндау.

ІІІ. Артикуляциялық гимнастика.

«Тістерді тазалау», «сылақшы», «допты кім арырақ кіргізеді?», «әткеншек», «аттар шабысы», «тоқылдақ», «саңырауқұлақ», «тәтті тосап», «Кәмпитті жапсыр» жаттығуларын қайталау.


ІV. Түрлі тақырыпта сюжеттік – рөлдік ойындар ойнау.

«Емхана»

Мақсаты: дәрігермен сөйлесе білуге, дәрігердің кім және не үшін керек екенін түсінуге, алғыс айтуға, қоштасуға үйретіп, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ойын барысында сөйлеу арқылы сөздік қорларын молайту.

Ойын шарты:

Логопед :Балалар,біз дәрігерге не үшін барамыз?

Балалар: Дәрігерге ауырғанда барамыз.

Логопед :Басымыз ауырса қай дәрігерге барамыз?

Балалар: Балалар дәрігеріне барамыз.

Логопед:Тісіміз ауырса ше?

Балалар:Тіс дәрігеріне барамыз.

Логопед:Көзіміз ауырса ше?

Балалар: Көз дәрігеріне барамыз.

Логопед:Дәріні қайдан сатып аламыз?

Балалар: Дәріханадан сатып аламыз.

Логопед:Кәне,кім қандай дәрігер болғысы келеді?

Логопед балаларды кейіпкерлерге бөледі:әртүрлі дәрігерлерге,медбике,дәріханашы.

Балалар өз орындарына барады.

Логикалық тапсырма:

Оң жаққа жорғалап бара жатқан ұлуларды сары түске, сол жаққа бара жатқан ұлуларды жасыл түске боя.









Көбелекке қай қанат жетпей тұр.





Үйге тапсырма: Өздеріңе ұнайтын жәндік туралы өлең, тақпақ тауып келу.

Сабақты қорытындылау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі