400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
1822-1824 жылдардағы реформалар және қазақ қоғамы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары:

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 7- сынып

Тақырыбы: 1822-1824 жылдардағы реформалар және қазақ қоғамы.

Сабақтың ұзақтығы: 45 мин


Сабақтың мақсаты:

  1. 1822 және 1824 жылдардағы реформалардың қазақ қоғамына әсерін түсіндіру.

  2. Қазақ даласындағы хандық биліктің жойылуының себептері мен салдарын талдау.

  3. Оқушыларды тарихи оқиғаларға сыни көзқараспен қарауға және оларды талдауға үйрету.


Оқыту нәтижелері:


- Реформалардың негізгі мазмұны мен мақсатын түсінеді.


- Қазақ даласындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді

сипаттайды.

- Қандық биліктің жойылуының қазақ қоғамына тигізген салдарын

талдайды.

Бағалау критерийлері:

- Реформалардың негізгі ережелерін талдайды.

- Тарихи оқиғаларға баға беріп, тұжырым жасайды.

- Қоғамдық өзгерістерді сипаттайды.

Тілдік мақсат:

- Терминдер: Сібір қырғыздары жарғысы, хандық билік, округ,

сыртқы округтер.

- Оқушыларға тарихи деректерді жазбаша және ауызша талдату.




Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


1. Сәлемдесу,оқушылардың оқушылардың қатысуын тексеру.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.


  1. Қызығушылықты ояту (5 мин )


  • Сұрақ: «1822-1824 жылдары Қазақ хандығында қандай маңызды өзгерістер орын алдыдеп ойлайсыздар?»

  • Кітаптан немесе презентациядан реформа енгізілген аймақтардың картасын көрсету.


  1. Негізі бөлім (25 мин )


  1. Мазмұндық түсіндіру( 10 мин )

  • 1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»(Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М Сперанскийдің реформасы


/ Қазақ хандығының жойылуы.

/ Округтік басқару жүйесінің енгізілуі( бөліктер: сыртқы

округтер, болыстар,ауылдар.

/ Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер.


  • 1824 жылғы реформаның ерекшелігі: Орта жүз бен кіші жүзде хандық билікті түпкілікті жою.

Топтық жұмыс (15 мин)


  • 1- топ: 1822 жылғы реформа және оның себептері.

  • 2- топ: 1824 жылғы реформа: негізі мазмұны мен салдары.

  • 3- топ: Реформалардың қазақ қоғамына әсері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

  • Әр топ помтер немесе кесте дайындап, оны сынып алдында қорғайды.

  1. Қорытынды ( 10 мин )

1.Бекіту сұрақтары:

- 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғының мақсаты

қандай болды?

- Хандық биліктің жойылуы қазақ қоғамына қалай әсер етті?

- Реформалардың қазақ халқының саяси дербестігіне әсері

қандай болды?


2. Рефлексия:

- Оқушылар сабақтан алған әсерлерін қысқаша жазады немесе ауызша жеткізеді.

/ Бүгінгі сабақта не үйрендіңіздер?

/ Сіз үшін қандай ақпарат маңызды болды?


Үй тапсырмасы

  1. Оқулықтағы 1822-1824 жылдардағы реформалар туралы бөлімді оқып, хронологиялық кесте құру.

  2. «хандық биліктің жойылуы қазақ қоғамына қалай әсер етті?» тақырыбында эссе жазу.


Қолданылатын ресурстар

  • Қазақстан картасы, презентация,оқулық, тарихи құжаттар үзінділері.

  • М.М. Сперанскийдің реформасы туралы бейнематериал( қажет болса).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
234
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі