Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
сабақ жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Әртүрлі заттардың топтарын салыстыру және теңеу.
Мақсаты:Заттарды саны бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Бір-бірінің үстіне қою және жанына қою тәсілін қолдана отырып, заттар тобын санына қарай салыстыру; қай зат үлкен, кіші, қайсысы тең- нәтижесін сөзбен айта білу; баланың көру жадын және ойлау қабілетын дамыту. Жағымды сезімталдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:жұмыс дәптерлері, қара қарындаш, бір жұмсақ ойыншық (аю) 3 аю бейнеленген суретті-карточка, аюлардың әрқайсысына 3-тен бал салынған бөшкелер.
Билингвальды компонент: бірдей – поровну.
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Балабақшаға келе жатып мен жолда аюды (ойыншық) кездестірдім. Ол қонжықтарына бал салынған бөшкелердің жететін-жетпейтінін біліп бер деп сұрады. – Қалай, оған көмектесеміз бе? |
Балалар әңгімені тыңдайды.
– Иә. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Жете ме?» ойыны. Балалардың назарын әрқайсысының үстелінде жатқан үш аю бейнеленген суретті-карточкаға және екі бөшкесі бар тәрелкеге аудару. Суреттегі қонжықтар көңілсіздеу ме, қалай. Қонжықтарды немен қуантуға болады? Таптым, оларға бал салынған бөшкелерді сыйлайық, сөйтіп қонжықтардың бәріне бөшкелердің жеткенін тексеріп көрейік. –Қонжықтардың әрқайсысына бал салынған бөшкенің жеткен-жетпегенін қайдан білеміз? –Қонжықтарға бөшкелер жетті ме? –Қайсысы көп қонжықтар ма, бал салынған бөшкелер ме? –Олар бірдей (поровну) болу үшін не істеу керек? –Енді қанша бөшке болды? Қайсысы көбірек: қонжықтар ма, бал салынған бөшкелер ме? Билингвальды компонент: бірдей – поровну. «Қоян» сергіту жаттығуы Ыршып-ыршып секіріп, Жүгірді де қуысты. Қоян келді кеңкиіп. Бір жоғары, бір төмен Аяқтары жаураған, Жүр аяқтың ұшымен. Қолдары да жаураған, Секіреміз, отырамыз, Жылытпақ боп тырысты Аяқтарды жылытамыз. Қояндар қонақта(№15, 1-тапсырма) Балалардың назарын қояндар бейнеленген суретке аудару – Қояндар не жегенді жақсы көреді?– Қайсысы көбірек қоян ба, сәбіз бе?– Қояндардың бәріне сәбіз жете ме? –Бұны тексеріп көрейік, әр қояннан сәбізге қарай жол салайық, сөйтіп оларды қонақ етейік. «Моншақты жина» логикалық ойыны (№15, 2-т) Моншақтарды жіпке, жоғарыда көрсетілген моншақтар сияқты геометриялық фигуралардан тізу керектігін айту. -Моншақтарды қандай геометриялық фигуралардан жинадыңдар? |
Балалар қонжықтар бейнеленген карточкаларға назар аударады. –Балы бар бөшкені қонжықтардың үстіне қою керек. – Жоқ. – Қонжықтар көбірек. –Тағы бір бөшке керек. Бір бал салынған бөшке қосады. – Қонжық қанша болса, бөшке де сонша. – Бірдей болды. Балалар сөздерді қайталайды. Өлең мәтіні бойынша сергіту жаттығуын жасайды. Сұрақтарға жауап береді. –Сәбізді, орамжапырақты –Сәбіз қанша болса, қояндар да сонша. – Иә. Балалар жол салады. Балалар тапсырманы орындайды Геометриялық фигураларды төмендегі жіпке жапсырады. – Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш |
Рефлексиялық-түзетушілік |
–Аю сендерге оның қонжықтары үшін балы бар бөшкелерді санап бергендерің үшін алғыс айтады деп балаларды жасаған жұмыстары үшін мақтау. |
Балалар тапсырмаларды дұрыс орындағандарына қуанышты. |
біледі: заттарды бірінің үстіне бірін салу және жинастыруды;
игереді: заттардың санын қалай дұрыс теңестіруге болатынын;
меңгереді: дайын пішіндерді (жапсырмаларды) жапсыруды.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Алдында – артында.
Мақсаты:Суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату және атау (алдында-артында); дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды жалғастыру. Педагогтің айтқанын тыңдауға үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: кеңістік бағыттары бейнеленген сурет, жұмыс дәптерлері, тәрелке, қатырғықағаздан қиылған ұшақ, көбелек, құс, үстел, ағаш ( бәрі де 1 данадан).
Билингвальды компонент: алдында – впереди, артында – позади.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Ұшады, ұшпайды» ойыны (үлестірмелі материалмен жұмыс). Ұшатын заттарды, жәндіктер мен құстарды атау. Тапсырма: тәрелкелердегі ұша алатын заттарды таңда. Ұша алатын заттарды алып «жоғары» дегенде оларды жоғары көтеріп, «төмен» дегенде төмен түсіру. |
Балалар ұшақты, тікұшақты, құсты, көбелекті, қоңызды және т.б. атайды. Ұша алатын заттарды алып «жоғары» дегенде оларды жоғары көтеріп, «төмен» дегенде төмен түсіреді. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Артында – алдында» ойыны(№14, 1-тапсырма) Балалардың назарын жүріп келе жатқан машинаның суретіне аудару. – Машинада некеле жатыр? – Машинаның алдындағы орындығында неотыр? – Машинаның артқы орындығынданеотыр? Билингвальды компонент: алдында – впереди, артында – позади. «Бес саусақ». Саусақтарымызды жаттықтырамыз. Бас бармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкентай бөбек. «Шарлардың суретін аяқтап сал» ойыны(№14, 2-т) Жұмбақ жасыру Бала біткен мәз-мейрам! Ертеңгілік тойланар, Көңілге шат әкелер Түрлі түсті көп ... Суреттегі шарларды табу. – Біз шарға ол ұшып кетпес үшін не байлаймыз? – Кім қолына шарлар ұстап тұр? – Қолындағы шарлар қандай? – Ал ұлдың қолында шарлар бар ма? – Баланың қолында не бар? Тапсырма: ұл баланың қолына қыз баланың қолындағыдай шарлардың суретін сал. – Балаға қандай шарлардың суретін салып бердіңдер? Шардың суретін сала алмайтын балаларға көмектесу. |
Балалар суретті қарайды. Сұрақтарға жауап береді. – Қасқыр. – Аю.
Сөздерді қайталайды. Балалар үлкен саусақтан бастап саусақтарын кезекпен иіп, жаттықтырады. Жұмбақты шешеді – Шарлар. Сұрақтарға жауап береді. – Жіп. – Қыз. –Үлкен қызыл және кішкентай көк. – Жоқ. –Шарларды байлайтын жіптер. Тапсырманы орындап, ұлдың қолынақыз баланың қолындағы шарлары сияқты шарлардың суретін салады. –Үлкен қызыл және кішкентай көк |
Рефлексиялық-түзетушілік |
«Көршіңді тап» ойыны. Балаларды бірінің артынан бірін тұрғызып, паровоз жасату.. Әрқайсысына жақындап келіп, алдында тұрған баланың атын атауды, кейіннен әрқайсысының артында тұрған баланың атын атауды сұрайды. |
Балалар паровоз жасап тұрады. Алдында және артында тұрған баланың атын атайды. |
біледі: кеңістік бағыттарын (алды – арты) ажыратады; дөңгелек пішінді заттарды салуды;
игереді: заттардың орналасу бағытын; меңгереді: іс-қимыл кезіндегі заттардың орналасу бағытын(алдында, артында).
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Жоғары-төмен. Бір-көп.
Мақсаты: суретте және кеңістікте (жоғары-төмен) бағыттарды ажырата білуді және атай білуді дамыту; таныс заттарды санына қарай (бір – көп) салыстыра білуді үйретуді жалғастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: суреттер, жұмыс дәптері, қызыл, көк қарындаштар, 1 көк, бірнеше қызыл түсті доптардың суреті, қуыршақтардың суреті.
Билингвальды компоненттер:жоғары-верх, төмен – вниз.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларға жоғарыда тұрған және төменде жатқан заттарды атап беруді тапсыру. -Балалар, сендердің алдыларыңда ненің суреті тұр? -Дұрыс айтасыңдар, олай болса көк түсті допты тауып жоғары көтеріңдерші. -Жарайсыңдар балалар, енді бір қызыл допты алып қуыршақтың төменгі жағына орналастырыңдар (қиналған балаларға көмек көрсету). -Балалар сендердің алдыларыңда қанша көк доп бар? -Енді осы көк доптың қасына қызыл доптарды орналастырамыз. Барлығы қанша? |
Шам жоғарыда ілулі тұр, ал үстел мен орындықтар төменде тұр. -Доптардың Балалар көк түсті допты жоғары көтереді. Балалар тапсырманы орындауға тырысады. -Бір. -Көп (балалар көк түсті доптың қасына қызыл доптарды орналастырады) |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Жоғары-төмен» ойыны Ұл бала мен қыз баланың доппен ойнап жатқан суретін қарау. – Суреттен кімді көріп тұрсыңдар? – Олар не істеп жатыр? – Кім допты жоғары лақтырды? – Кім допты төмен лақтырды? Сөздік жұмыс: жоғары-төмен Билингвальды компонент: жоғары-верх, төмен – вниз. Тапсырма: жоғарыдағы допты көк қарындашпен, ал төмендегі допты қызыл қарындашпен бояңдар. «Ойыншықтар». Сергіту сәті Добым, добым, домалақ, Қайда кеттің домалап? Сүт құйып ем күшікке, Төгіп кеттің, обал-ақ. «Бір – көп» дидактикалық жаттығуы Суреттегі ең көп заттарды атауды және оларды қоршап сызуды тапсыру. Соңынан бір-бірден қалған заттарды атап шығу. Балаларға тапсырманы дұрыс орындауға көмектесу. Жеке жұмыс жүргізу. |
Балалар суретті қарайды. Сұрақтарға жауап береді. – Ұл мен қызды. – Доппен ойнап жатыр. – Ұл бала. –Қыз бала. Сөздерді бірнеше рет қайталайды. Балалар тапсырманы орындайды. Балалар сергіту сәтін жасайды. Балалар заттарды атап, шелек, гүлсауыт, доп, тақия сияқты заттарды қоршап сызады. Бір-бірден тұрған заттарды атайды (сағат, үстел, сыйлық қорап). |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Жоғары-төмен, бір-көп ұғымдарына байланысты сұрақтар қоя отырып өткенді пысықтау. Балалардан топта қандай заттардың көп, ал қайсысының бір данадан ғана екенін сұрау. Балалардың доппен ойнауларына рұқсат беру. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтижелер:біледі: заттарды санына қарай (бір–көп) салыстыруды және кеңістіктегі жоғары-төмен бағыттарын айқындайды; игереді: заттардың әр түрлі бағытта орналасатынын және заттардың біреу, көп болатынын; меңгереді: қарындашпен жұмыс істеуді, түстерді ажыратуды, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Үшбұрыш. Бір және көп. Логикалық тапсырма.
Мақсаты: Геометриялық фигура – үшбұрыш ұғымын қалыптастыруды жалғастыру; геометриялық фигураларды тану және атау. Таныс заттарды заттарды көлеміне (үлкен- кішкентай) және санына қарай (бір-көп) салыстыра білудіжетілдіру; шеңберді нүкте бойымен бастырып сызу, шеңбердің көлемі әртүрлі болатынын (үлкен-кішкентай) түсіндіру; үшбұрышты заттарды табуға үйрету. Сурет салғанда және дайын жапсырмаларды жапсыру жұмысымен айналысқан ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: шеңбердің суреті, үлкен және кіші тәрелке, картоннан қиылған 4 дана кәмпит, әр балаға жапсырмадан жасалған 4 кәмпит, жұмыс дәптерлері, көк және қызыл түсті қарындаштар.
Билингвальды компонент: үшбұрыш – треугольник, бір –один, көп – много.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Әжеге көмектес» ойыны. Кішкентай тәрелкеге бір кәмпит, үлкен тәрелкеге көп кәмпит салу. «Дұрыс қой» ойыны Балалардың назарын (1-тапсырмаға және үлестірмелі материалға (4 жапсырма кәмпитке) тәрелкелердің суретіне аудару. Бір (один) кәмпиттің жапсырмасын кішкентай тәрелкеге, ал көп (много) кәмпитті үлкен тәрелкеге жапсыруды тапсыру. |
1-3 бала шығып тапсырманы орындайды. Балалар назарын Балалар берілген тапсырманы орындайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Үшбұрышпен танысамыз» ойыны – Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? – Қандай дөңгелек заттарды білесіңдер? Балаларды үшбұрышпен (треугольник) таныстыру. Балаларға саусағымен суреттегі бағыт сызығын бойлай сызып шығуды тапсыру. Үшбұрыштарды нүкте бойымен бастырып сызуды және үлкен үшбұрышты қызыл қарындашпен, кішкентай үшбұрышты көк қарындашпен сызуды тапсыру. Билингвальды компонент: үшбұрыш – треугольник, бір – один, көп – много. Балаларға сұрақтар қою –Сендер қызыл қарындашпен қайсы үшбұрышты сыздыңдар? –Ал, көк қарындашпен қандай үшбұрышты бастырып сыздыңдар? Сергіту жаттығуы Жаттығуды жасаймыз! Бір дегенде – тік тұрамыз. Екі дегенде – екі рет айналамыз. Үш дегенде – үш рет секіреміз. Төрт дегенде – отырамыз! «Заттар қандай фигураға ұқсайды» ойыны. (№10, 3-тапсырма). Балаларды суреттегі заттармен таныстыру, олардың атын атату. – Заттар қандай геометриялық фигураларға ұқсайды? Үшбұрышты заттарды бояу. |
Балалар жауап береді: – Шеңбер. – Күн, алма және т.б. Балалар берілген тапсырманы орындайды. Үшбұрышты нүкте бойымен бастырып сызып шығады. Қайталайды. Балалар сұраққа жауап береді. – Үлкен. – Кішкентай. Балалар жаттығу жасайды. Бойын тік ұстап тұрады. 2 рет айналады. 3 рет секіреді. Отырады.
– Үй, кеме, шырша. – Үшбұрышқа ұқсайды. Үшбұрышты заттарды бояйды. |
Рефлексиялық-түзетуші |
– Біз бүгін қандай геометриялық фигурамен таныстық? – Сендер қандай үшбұрышты заттарды боядыңдар? |
–Үшбұрыш. –Шатырды, желкенді, шыршаны. |
біледі: геометриялық фигуралардың атын атауды, тани білуді (шеңбер, үшбұрыш);үшбұрыш пішіндес заттарды табуды; игереді: таныс заттарды көлеміне (үлкен – кіші) және санына қарай (бір – көп) салыстыруды;
меңгереді: бір және көп – заттың саны туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Алыс – жақын. Шаршы
Мақсаты:Өзінетікелейжақындықтағыкеңістікбағыттардыанықтау. Заттардың кеңістікте орналасқан орнын ажырата білу (алыс – жақын); көзбен көргенді қабылдау қабілетін дамыту. Геометриялықпішін шаршыны танужәнеатау; пішінтүрлерінзерттеу.
Керекті құралдар: Шаршының қима суреттері.
Билингвальды компоненттер: жақын – близко, алыс – далеко, шаршы – квадрат.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Алыс – жақын» ойыны Балаларға жылқылардың суретін көрсету. – Суреттен нені көріп тұрсыңдар? – Құлындардың түсі қандай екен? – Ақ түсті құлындар енесіне жақын тұр ма, әлде алыс тұр ма? – Қара құлын енесінен алыс тұр ма, әлде жақын тұр ма? Алыста жүрген құлынды қоршап сызу. |
Сұрақтарға жауап береді. – Аттар. –Біреуі қара, басқалары ақ түсті құлындар. – Жақын тұр. – Қара құлын алыста тұр. Балалар тапсырманы орындайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Кім зейінді?» ойыны Қораптан ойыншық қоянды алу. –Балалар, қоянның сендермен бүгін тағы да «Кім зейінді?» деген ойын ойнағысы келеді. Қоян сендерден өткенде қандай суреттерді бір-біріне сызық арқылы қосқандарыңдысұрайды. –Балалар, сендер қандай суретті бір-бірімен қосып едіңдер? – Сандықтарды неге қоспадыңдар? –Балалар, қоянымыз сендерді мақтап жатыр, балалардың бәрі де зейінді, зерек екен дейді. Рахмет, сендерге! Қоян. Сергіту жаттығуы
Ұзын құлақ сұр қоян
Қарап еді артына Өзінетікелейжақындықтағыкеңістікбағыттардыанықтау жұмыстарын жүргізу. Алыс-жақын орналасқан заттардың суретін көрсетіп түсіндіру. Қайсысының алыс, ненің жақын орналасқанын көзбен көру арқылы қалай ажыратуға болатындығын түсіндіру. Геометриялықпішін шаршы түрлерінзерттеу. «Еске түсір, айтып бер» ойыны – Пойызда келе жатқан қандай аң? – Пойыздың неше вагоны бар екен? – Пойыздың дөңгелегі қандай геометриялық фигураға ұқсайды? –Вагондардың терезесі қандай геометриялық фигураға ұқсайды? –Иә, шаршыға ұқсайды. Қима бөліктерден шаршыны құрастыру. Билингвальды компоненттер: жақын – близко, алыс – далеко, шаршы – квадрат. |
Балалар бірдей суреттерді бір-біріне сызық арқылы қосады. – Қамзолдарды және торсықтарды. –Өйткені, сандықтың бірі ашық, екіншісі жабық тұр. Балалар тақпақтың мәтіні бойынша жаттығулар жасайды. Жақын – близко, алыс – далеко, шаршы – квадрат сөздерін қайталайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардың өзіне жақындауын, сосын алысырақ барып тұруын сұрау. Содан соң, өздерінен алыс және жақын тұрған заттарды атап берулерін сұрау. |
Өздерінен алыс және жақын тұрған заттардың атын атап көрсетеді. |
біледі:суреттегі, айналадағы заттардың орналасқан орнын (алыс–жақын) бір-бірінен ажырату және атап көрсетуді; игереді: дайын пішіндерді құрастырды; меңгереді: заттардың кеңістікте орналасқан орны (алыс–жақын) туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Жалпақ -жіңішке
Мақсаты: Заттарды еніне қарай салыстыра білуге үйрету. «Жалпақ -жіңішке» ұғымдарымен таныстыру. Көрсетілген белгілері бойынша заттарды салыстыру дағдыларын дамыту.Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:Үлестірмел материалдарСары, қызыл, жасыл, көк көбелектер, қағаздан жасалған гүлдер, жалпақ, жіңішке ағып жатқан судың макеті,
Билингвальды компонент: Жалпақ – широкий, жіңішке-узкий
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Психологиялық дайындық «Күлімде ,күн, күлімде! Күлсін барлық бала шат! Берекелі бүгіндей Бейбіт болсын болашақ!» |
Балалар келіседі |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
- Балалар біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыңдар орманға саяхатқа немен барғанымыз дұрыс (машина, автобус, поезд). Мен жұмбақ жасырамын сендер шешуін тапсаңдар біз сонымен барамыз. Өзі ұзын. Тіркес-тіркес вагоны бар. -Дұрыс айтасыңдар. Біз бүгін саяхатқа көңілді пойызбен барамыз. -Балалар, қараңдаршы далада сондай әдемі гүлдер өсіп тұр. Балалар пойыздан түседі (Алдыда екі ағып жатқан су жатыр. Біреуі жалпақ, екіншісі жіңішке) Балалар мына ағып жатқан суға қараңдаршы, нешеу екен? -Олар бірдей ме? -Қай судан аттап өте аламыз? - Мына гүлдерге қараңдаршы, олар аз ба көп пе, түстері қандай? Жұмбақ Гүл ұшып гүлге қонады Гүл бақшам гүлге қонады -Балалар, әр көбелекке өзінің гүлін тауып берейік -Арнұр сенде неше гүл қалды? -Неше көбелек қалды? Балалар, бізде көбелекке айналып ойын ойнайық. -Балалар, мында жолақшалар жатыр. Қараңдаршы. Неше жолақша? -Менің оң қолымдағы жолақшаның түсі қандай? -Сол қолымдағы жолақшаның түсі қандай? Мына көбелектерді жолақшаларға орналастырайық. -Қай жолақшаға көп көбелекті қондырдық? Қалай ойласыңдар неліктен қызыл жолақшаға көп көбелекті қондырдық? -Жасыл жолақшаға неліктен аз көбелек қонды? |
-Пойыз -Екеу Жоқ Жіңішке өзеннен -Көп -Қызыл, сары, жасыл -Көбелек -Бір -Ешқандай көбелек қалған жоқ Балалар жалпақ және жіңішке жолақшаларға көбелектерді орналастырады -Екі -Қызыл -Жасыл -Қызыл жолақша жалпақ -Ол жіңішке. |
Рефлексиялық-түзетуші |
Жалпақ-жіңішкеге байланысты сұрақтар қоя отырып қорытындылау |
|
меңгереді: жалпақ-жіңішке заттарды ажыратуды.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Сол жақта – оң жақта. Заттарды сәйкестендіру.
Мақсаты:Сол жақта – оң жақта кеңістік түсініктерін қалыптастыру, өзінен тікелей бағыттағы кеңістікті ажырата білуге үйрету. Саны жағынан әркелкі заттарды салыстыруды; қағаздың оң жақ – сол жақ бетін таба білуді; қайсысы оң қол, қайсысы сол кол екендігін ажыратуды; қоршаған ортада дөңгелек пішінді заттарды сезім-қозғалыс және көру қабілеті арқылы табуды қалыптастыру. Педагогтің тапсырмасын орындауға үйрету. Өз дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ойыншық қоян, перде, суреттер, қарындаш.
Билингвальды компонент: сол жақта – слева, оң жақта – справа.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт Жұмбақ жасыру Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. – Бұл не екен, балалар, таптыңдар ма? Перденің артынан қоян шығып балалармен амандасады. |
Қоян |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Не қайда тұр?» ойыны Қоянды суреттен табу -Суреттен нені көріп тұрсыңдар? – Қоянның сол жағында отырған қандай аң? – Қоянның оң жағында отырған ше? «Қоян». Сергіту сәті Ыршып-ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Жеткілікті ме?» ойыны (№5, 2-тапсырма) Өлең оқу Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан. Екі өркешін қом басқан, Төрт аяғын тең басқан. – Бұл өлең не жайында? – Балалар көп пе, әлде түйе көп пе? – Балалар бір-бір түйеден алғысы келеді. Түйе жете ме? Енді, өз түйесіне баратын жолды сызып көрсетейік. Билингвальды компонент: сол жақта – слева, оң жақта – справа |
Балалар суреттен қоянды табады. –Қоянды Сурет бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. – Түлкі. – Қасқыр. Балалар тақпақтың мәтіні бойынша жаттығулар жасайды. Балалар сұрақтарға жауап береді: – Түйе туралы. – Бала қанша болса, түйе де сонша. – Иә. Балалар жол сызады. Қайталайды |
Рефлексиялық-түзетушілік |
– Біз қарындашты қай қолымызға ұстап тұрмыз? – Енді, сол қолдарыңды көтеріңдер |
– Оң қолымызда. Балалар сол қолдарын көтереді. |
біледі: затының саны жағынан әртүрлі топтарды; игереді: қағаз бетінде бағдарлауды (сол жақта – оң жақта);меңгереді: қағаз бетінде бағдарлауды (сол жақта – оң жақта)
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Жоғарыда- төменде. Алыс- жақын.
Мақсаты: Сурет пен кеңістіктегі кеңістік бағыттарын ажырату және атап көрсету: жоғарыда-төменде, алыс- жақын; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуды жалғастыру. Өзінетікелейжақындықтағыкеңістікбағыттардыанықтау,заттарды кеңістікте орналастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:жұмыс дәптері, қара қарындаш, әр балаға қатырма қағаздан қиылған ойыншық мысық пен тышқан.
Билингвальды компоненттер: жоғарыда – вверху, төменде – внизу, алыс – далеко, жақын – близко.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Ғажайып сәт. -Балалар бізге бүгін ойыншықтар қонаққа келді. |
Балалар ойыншықтарды атайды. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
«Аю мен аралар» ойыны. Педагог: - Балалар, мен аралар ұйықтап жатыр дегенде, аюлар омартаға жақындайдымысыққа жақындайды. Ал аралар оянды деген кезде аюлар алысқа қашуы керек. «Жоғарыда - томенде» ойыны. Балаларға жоғарыда ұшатын, ілінетін заттарды және төменде болатын заттарды атату. Балалар жоғарыда орналасқан болса қолдарын шапалақтайды. Ал төменде болса қолдарын түсіреді. Мысалы, люстра, шатыр, жер, еден, орындық т.б Сергіту сәті. Жоғары-төмен қарату арқылы жаттығу жасау. Қолды жоғары көтеру. «Көңілді жалауша» ойыны. Жалаушаны көтергенде балалар тұрады, түсіргенде отырады. Ойын бойынша сұрақ қою. -Балалар, мен жалаушаны не істегенде сендер орындарыңнан тұрдыңдар? Билингвальді компонент: жоғарыда - вверху, төменде - внизу. |
Мүқият тыңдап, педағогтің айтқаны бойынша орындайды. Балалар жоғарыда ұшатын, ілінетін заттарды және төменде болатын заттарды атайды Орындайды. Қайталайды: жогарыда, төменде. Қайталайды: жогарыда - вверху, төменде - внизу. |
Рефлексиялық - түзетушілік |
«¥шты, ұшты» ойыны. Педагог балалардан ұшатын және ұшпайтын заттардың (үшақ, тікүшак, шар, зымыран, батпырауык, қасық, гүл, бала жэне т.б.) атын атауды сұрайды. |
Балалар ұшатын зат айтылса қолдарын жоғары көтереді, ал ұшпайтын заттың аты аталғанда қолдарын көтермейді. |
біледі: кеңістіктегі бағыттарды бір-бірінен ажырата білуді және атап көрсетуді (алыс – жақын); игереді: суреттегі заттардың кеңістікте орналасқан орнын (жоғарыда – төменде);
меңгереді: заттардың геометриялық фигураларға ұқсайтыны туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта – оң жақта. Дайын пішіндерді құрастыру
Мақсаты:Дайын пішіндерді жапсыру түсініктерін қалыптастыру және оларды дұрыс пайдалануға үйрету. Тәуліктің қарама-қарсы мезгілдерін айыра білу: таңертең-кеш, күндіз-түн; үлкендер мен балалардың іс-әрекетінен тәулік мезгілін ажырата білу; балаларға жапсырманы дайын пішіндерге кезектілікті сақтай отырып жапсыру тәсілдерін уйрету; қағаз бетінде бағдарлауды (сол жақта – оң жақта) жалғастыру. Жапсыру жұмысын орындағанда ұқыпты болуға тәрбиелеу.Өзінетікелейжақындықтағыкеңістікбағыттардыанықтау,солжақтаноңжаққақарайзаттардыорналастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ұсақ қоян, аю т.б суреттер. Таңертең, күндіз, кеш, түннің, қызыл, сары, жасыл шеңбердің 3,4 бөлікке бөлінген қима суреттері. Таңертең, күндіз, кеш, түнге байланысты сюжетті суреттер құруға арналған жеке суреттер топтамасы.
Билингвальды компоненттер: сол жақта – слева, оң жақта – справа.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивация лық қозғаушы лық |
Ғажайып сәт. Келе жатып жолда тағы да сандық тауып алғандығын айту. - Балалар, сандықты ашып, ішінде не бар екенін көрейік. Сандықтың ішінде суреттер бар. Кім тапсырманы жақсы орындаса, сұраққа дұрыс жауап берсе бұл суреттер сол балаға беріледі. «Сөйлем құра» ойыны. Балаларға суреттерді таңертең, күндіз, кешке, түнде әрекет етіп жатқан балалардың суретін көрсетіп сұрақтар қою. -Суретте балалар не жасап жатыр? -Ол қай мезгіл? -Не шығып тұр? Бала не істеп жатыр? -Анасы мен баласы не істеп жатыр? -Ол қай уақыт? -Бала не істеп жатыр? -Ол қай уақыт? |
Қызығушылық танытады. - Бала жаттығу жасап жатыр. -Таңертең. -Күн жарқырап тұр. Бала түскі асты ішіп отыр. -Балабақшадан қайтып бара жатыр? -Кеш. -Ұйықтап жатыр. -Түн. |
Ұйымдас тырушылық -ізденістік |
1-тапсырма. Балаларға қима суреттерді таратып беру. Тәулік бөліктеріне байланысты айырмашылықты түсіндіру. - Кәне, балалар, кандай айырмашылық таптыңдар? Таңертең, күндіз, кеш, түнге байланысты сюжетті суреттер құруға арналған жеке суреттер топтамасын беру.
|
Балалар қима суреттерден тәулік бөліктері мен түрлі-түсті шеңберлерді құрастырады. Және құрастырған заттары туралы айтып береді. Балалар жеке суреттерден тәулік бөліктерін құрайды. Таңертең (шығып келе жатқан күн, ұйқыдан тұрып жатқан бала). Күндіз ойнап жүрген бала т.б |
Рефлексия лық - түзетушілік |
- Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?
Педагог балалардан алдымен солға бүрылып сол жақтағы көршісін, содан соң оңға қарап, оң жақтағы көршісінің атын атауды сұрау |
- Таңертең, күндіз,кеш, түн. Балалар басын алдымен солға бұрып,исол жақтағы көршісін атайды, содан соң оңға бұрылып, оң жақтағы көршісінің атын атайды. |
біледі: тәулік бөліктерін (таңертең, күндіз, кеш, түн);
игереді: қағаз бетінде бағдарлауды (сол жақта – оң жақта);
меңгереді: дайын пішіндерді құрастыруды
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Биік-аласа. Сол жақта-оң жақта.
Мақсаты:Суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету (биік-аласа). Таныс заттарды биіктігіне қарай салыстыруды қалыптастыру (биік-аласа); қағаз парағының оң жағын және сол жағын ажырата білу; суреттегі және өзіне тікелей бағыттағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрету ( оң жақ – сол жақта, биік – аласа). Жолдасына көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: екі ағаш (биік және аласа)
Билингвальды компоненттер: биік – высокий, аласа – низкий, сол жақта – слева, оң жақта – справа
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт. «Қара және салыстыр» ойыны. Екі бала фланелеграфқа жақын келіп, одан 2 үйді өз еріктерімен таңдап алуларын сұрау. - Үйлер бірдей ме, жоқ әртүрлі ме? - Дұрыс! Бір үй биік, ал басқа үй аласа. |
Қызығушылык танытады. Үйлерді таңдап алады. Салыстырып, жауап береді. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Өсіп тұрған ағаштың суретін таңдап алуды ұсыну. -Балалар екі ағашты бір-бірімен салыстырыңдаршы не байқадыңдар? -Биік-аласа ұғымдарын қайталата отырып дәлелдеу. -Енді биік ағашты биік үйдің қасына, аласа үйдің қасына аласа ағашты орналастыр. -Биік үйді оң жаққа, аласа үйді сол жаққа орналастыр. -Енді осы екі үйдің қасына қандай ағашты орналастырар едіңдер. «Менің отбасым». Саусақтарымызды жаттықтырамыз. Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз: Атам, әжем, экем, Шешем жэне мен. Алақай! Біз бесеуміз! |
Балалар 2 ағаштың суретін алады. Екі ағашты бір-бірімен салыстырып зерттеу жүргізеді. Балалар тапсырманы орындайды Биік үйгдің жанына биік ағашты орналастырады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
- Биік үйдің қасына қандай ағашты орналастырдыңдар? - Аласа үйдің қасына қандай ағашты орналастырдыңдар? |
-Биік ағашты -Аласа ағашты |
біледі: биік – аласа ұғымдарын;игереді: қағаз бетінде бағдарлай білуді (сол жақта – оң жақта); меңгереді: дайын суреттерді орныналастыруды.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Күндіз. Бір-көп.
Мақсаты: Күндіз - тәулік бөлігімен таныстыру. Таңертең, күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру. Сөйлеу барысында осы сөздерді қолдануға және осы сөзді сөйлеу барысында пайдалануды үйрету. Заттың санымен (бір-көп) таныстыруды жалғастыру. Танымдылық қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: бауырсақ ертегісінің үнтаспалық жазбасы; күн, үлкен және кішкентай дөігелектер бейнеленген суреттер.
Үлестіретін материалдар: қызыл және көк түсті қарындаштар.
Билингвальды компонент: күндіз – днём
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы лық |
«Бауырсақ» ертегісінен үзінді оқу. Балалардан сұрау: - Ертегі не туралы екен? |
Қызығушылық танытады. «Бауырсақ» ертегісінен берілген үзіндіні тыңдайды. |
Ұйымда стырушы лық -ізденістік |
«Бул қай кезде болады?» ойыны. Тапсырма. Кундізгі уақыт бөлігі туралы кысқаша әңгімелеу. - Балалар, мен қай уақыт бөлігі туралы әңгімеледім? - Біз күндіз не істейміз? - Суретте не бейнеленген? - Балалар не істеп жатыр? «Дұрыс ата» ойыны. Педагог балаларға суретті мұқият карап, бір-бірден тұрған заттарды атап, оларды қоршап сызуды ұсыну.
Билингвальді компонент: күндіз – днём Бауырсақ нешеу? Аңдар нешеу?
|
Мұқият тыңдайды. - Күндіз туралы. - Ойнаймыз, серуендейміз, тамақтанамыз. - Балалар алаңы, тал, гүлдер, ойыншықтар және т.б. - Балалар ойнап жатыр. Балалар атайды: мұрын біреу, ауыз біреу, бала біреу. Күн, Ай, Жер біреу және оларды қоршап сызады. Бауырсақ біреу Аңдар көп |
Рефлексия лық – түзетуші лік |
Бауырсақ ертегіге қайту керектігін, балалардың тапсырманы жақсы орындағандары үшін рахмет айтып, қоштасады. -Сендер тәуліктің қай мезгілін білесіңдер? -Не біреу? |
-Күндіз туралы. -Жер, Ай, Күн, мұрын, ауыз, бала, біреу. |
Күтілетін нәтижелер:
біледі: бір, көп заттарды ажыратуды
игереді: тәулік мезгілін.
меңгереді: заттарды сезіну-қозғау арқылы зерттеу, қарындашпен жұмыс істеу дағдысы.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Кеш. Бір және көп.
Мақсаты:Кеш- тәулік бөлігімен таныстыру. Тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру. Бір зат қайда, көп зат қайда тұрғанын ажырата білуге үйрету және нәтижесін сөзбен баяндау.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: кеш мезгілі, бір және көп заттар бейнеленген суреттер, жұмыс дәптері, қарындаштар.
Сөздік жұмыс: кеш, бір – көп .
Билингвальды компонент: кеш – вечер, бір-один, көп – много
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивация лық қозғаушы лық |
Шаттық шеңбері. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бэріміз шаттық шеңберіне тұрайык. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы таң!» дейік. Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» такпағынан үзінді оқиды: Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты, Қайырлы таң, балалар! Аман Отан-панамыз, Аман ата-анамыз, Қайырлы таң, балалар! - Өткен оқу қызметінде тәуліктің қай мезгілі туралы әңгімелегенімізді естеріңе түсіріңдер. - Сендер бұдан басқа қандай тәулік мезгілін білесіңдер? |
Шаттық шеңберіне түрады. Бэрі бірге: «Қайырлы таң!» -дейді. Тақпақты мұкият тыңдайды. - Күндіз туралы әңгімеледік - Таңертең туралы білеміз. |
Ұйымдас тырушы лық -ізденістік |
«Бұл қай кезде болады?» ойыны. Тапсырма. Кешкі мезгіл туралы өлең оқып, әңгімелеу. Сұрақтармен жүмыс: - Біз қай мезгіл туралы әңгімеледік.
- Біз кешке не істейміз? - Суреттен нені көріп тұрсыңдар? - Бала не істеп жатыр? - Бұл уакыттың қай мезгілінде болады. «Бір - көп» дидактикалық жаттыгуы. Суретте бір-бірден тұрған ойыншықтарды атауын жэне қоршап сызуларын тапсыру. Көп заттарды атап көрсетулерін өтіну. Жеке жұмыс жүргізу
Билингвальды компонент: кеш – вечер, бір-один, көп – много
|
Балалар өлеңді, әңгімені тыңдайды. - Кешкі мезгіл туралы. - ¥йыктауга дайындаламыз. Суреттен көргендерін айтады. - ¥йықтауға дайындалып жатыр. - Кешке. Балалар тапсырманы орындайды. Балалар бір-бірден салынған ойыншықтарды атайды жэне қоршап сызады: 1 ат, 1 піл, 1 машина. -Доп, текше, аю көп. |
Рефлексия лық – түзетуші лік |
-Балалар, сендер тәуліктің кандай бөліктерін білесіңдер? |
Балалар жауап береді: кеш, күндіз. |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: тэулік мезгілдерін (таң, күн, кеш),
түсінеді: кай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін;
қолданады: заттардың санын (біреу, көп) айқындау дағдысын.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Түн.Бір- көп.
Мақсаты:Тәулік бөлігі – түнмен таныстыру; өлең мәтінінде тәуліктің қай мезгілі айтылғанын ажырата білуге үйрету.
Заттар жиынтығын салыстыруды, бір зат қайда, көп зат қайда тұрғанын ажыратуды үйретуді жалғастыру. Зерделілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ұлттық киімдегі қуыршақ, түн бейнеленген сурет, жай қарындаш және сары қарындаштар.
Сөздік жұмыс: түн.
Билингвальды компоненттер: түн – ночь
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы лық |
Ғажайып сәт. Есікті тоқылдатқан дыбыс естіледі. Бізге біреу қонакка келген сияқты. Есікті ашып, ұлттық киімдегі куыршақты алып кіреді. Қуыршақ амандасып, балалармен танысады. Қуыршақ Ақмарал тәуліктің қай мезгілімен танысқандарын сұрайды. Сендер тағы қандай тәулік мезгілін білесіңдер? |
Қызығушылық танытады. Қуыршақ Ақмаралмен амандасып, танысады. Балалар жауап береді. |
Ұйымдас тырушы лық -ізденістік |
«Бұл қай кезде болады?» ойыны. Ақмарал балаларға сұрақ қояды: -Қай кезде адамдар ұйыктайды? -Суретте не бейнеленген?Бала не істеп жатыр? -Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады? «Бір және көп» ойыны. Ақмарал балаларга жұмбақтар жасырып, оның жауабын дәптерден қоршап сызуларын тапсырады. «Бұралып қос құлағы, Күмбір қағып тұрады ». «Сызылған үні, Сүйкімді тілі. Үрлесең ойнайтын Аспаптың бірі». Балаларға суретте бір-бірден тұрған ойыншықтарды атап, қоршап сызуды ұсыну. Сергіту минуты. Сөздік жүмыс: түн Билингвальді компонент: түн – ночь. Жеке жұмыс жүргізу. |
-Таңертең, күндіз. -Түнде. -Жұлдыздар, Ай, гүл, төсекте ұйықтап жатқан бала. -Ұйықтап жатыр. -Түнде.Балалар жұмбақтарды мұқият тыңдайды. Жауабын айтады: - Домбыра. - Сыбызғы. Бір-бірден тұрған ойыншықтарды атап, қоршап сызады. Қимыл-қозғалыстар жасайды. |
Рефлексия лық – түзетуші лік |
Ақмарал қоштасады. Педагог: - Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? Педагог бір-бірден түрған заттар мен көп заттарды атап беруді өтінеді. |
Қуанышты көңіл- күйде Ақмаралмен қоштасады. Балалар заттарды атайды. |
Күтілетін нәтижелер:
біледі: түн – тәулік мезгілінің атауын
игереді: таңертең, күндіз, кеш – тәулік мезгілері екендігін; тәулік бөлігі түн екендігін;
меңгереді: тәулік бөліктерін және бір, көп затттарды атай білуді.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Түн. Шеңбер.
Мақсаты:Тәулік бөлігі түнмен таныстыруды жалғастыру; шеңбер пішінді заттардың суретін салу арқылы жаттықтыру. Зерделілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ұлттық киімдегі қуыршақ, түн бейнеленген сурет, жай қарындаш және сары қарындаштар.
Сөздік жұмыс: түн. Билингвальды компоненттер: түн – ночь, шеңбер - круг
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт Есікті тоқылдатып ұлттық киім киген қуыршақ келіп балалармен амандасады. Алдыңғы оқу қызметінде не туралы өткендерін сұрайды. – Сендер тағы тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? –Суретте не бейнеленген? –Балалар не істеп жатыр? – Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады? |
Қызығушылық танытады. Қуыршақпен амандасады.. – Таңертең, күндіз. -Жұлдыз, ай ұйықтаған бала –Ұйықтап жатыр. –Түнде |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Қандай домалақ заттарды білесің? -Шеңберге ұқсас заттарды атаңдар. – Олар қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Билингвальды компоненттер: түн – ночь, шеңбер – круг сөздерін қайталату. «Ойыншықтар». Сергіту сәті. Добым, добым, домалақ, Қайда кеттің домалап? Сүт құйып ем күшікке, Төгіп кеттің, обал-ақ. – Балалар, Ақмарал атты қуыршақ күннің суретін салғысы келеді. Бірақ оны қалай саларын және қандай түспен боярын білмейді. Қуыршаққа көмектесіп, жиек сызығының ішіне күннің суретін салып және оны сары түспен бояп берейік. Жеке жұмыс жүргізу. |
Балалар жауап береді Балалар сергіту жаттығуын жасайды. Балалар түн – ночь, шеңбер – круг сөздерін қайталайды. Балалар жиек сызықтың ішіне қуыршаққа арнап күннің суретін салады. |
Рефлексия лық-түзетушілік |
Қуыршақ балаларға рахметін айтып қоштасады. – Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? – Қандай дөңгелек заттарды білесіңдер? |
– Таңертең, күндіз, түнді. – Күн, доп, қарбызды. Балалар заттарды атайды. |
Күтілетін нәтижелер:
жаңғыртады: түн – тәулік мезгілінің атауын
игереді: таңертең, күндіз, кеш – тәулік мезгілері екендігін; тәулік бөлігі түн екендігін; меңгереді: тәулік бөліктерін атай білуді.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Жуан-жіңішке, Көп-біреу.
Мақсаты:«Көп»,«біреу»,«бір-бірден»,«бірдебіреуіжоқ»ұғымдарытуралытүсініктерінқалыптастыру. Жуандығыбойыншаекіқарама-қарсыжәнебірдейзаттардысалыстырабілудіүйрету. Таным белсенділігін жетілдіру
Көрнекі құралдар: Суреттер, үлестірмелі құралдар, жуан-жіңішке қарындаштар.
Билингвальды компоненттер: жуан– толстый, жіңішке – тонкий
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Есік қағып қонаққа Дымбілмес келеді. Балалармен амандасып келген себебін айтады. -Балалар мен мектепке барайын десем әлі кішкентайсың бірінші балабақшаға барып білім ал сосын келесің деп қайтарып жиберді. Міне сондықтан сендерге келдім. Кеше басқа топта болдым, бүгін сендерде боламын. Сөйтіп барлық топта да кезек-кезек болып білім аламын. Сендер қарсы емессіңдер ме? |
Балалар амандасады -Жоқ қарсы емеспін |
Ұйымдас тырушы лық-ізденістік |
-Дымбілмес сенің сөмкең өте үлкен екен ішіне не салып
алғансың -Ой қаншама ойыншық. Балалар санаңдаршы, қанша ойыншық бар екен. -Қоян, машина, аю нешеден бар екен? -Ал қуыршақ бар ма? -Дұрыс айтасыңдар бір де бір қуыршақ жоқ екен. Кән қайталаймыз. -Балалар, Дымбілместе қарындаштар да бар екен. Қанша қырындаш бар екен? -Қызыл, сары, жасыл қарыдаштар неше-нешеден? -Енді балалар мұқият болыңдар. Мына қызыл қарындаш жасыл қарындашқа қарағанда жуан екен. Ал, жасыл қарындаш жіңішке екен. Кәне, қайталаймыз. -Енді екі көк қарындашты салыстырып көріңдер, не байқадыңдар. -Ал қара және сары қарындаш ше? Балалар, алдыларыңдағы суреттегі ағаштарды салыстырып көріңдерші. Ойын «Өлше де тап» Балалар жуан дегенде құшақтарын кең алып дөңгелек жасайды, жіңішке дегенде құшақтарын кішірейтіп кіші дөңгелек жасайды. Ойын «Дұрысын көрсет» Жуан дегенде алдыларындағы жуан қарындашты көтеріп сипаттама жасайды. Жіңішке дегенде жіңішке қарындашты көтеріп сипаттама жасайды. Билингвальды компоненттер: жуан– толстый, жіңішке – тонкий |
-Бір, екі, көп -Бір-бірден -Жоқ қуыршақ жоқ Қайталайды - Бірдебіреуіжоқ -Көп -Бір-бірден -Қызыл қарындаш жуан, жасыл қарындаш жіңішке -Екеуі бірдей. -Олар да бірдей Балалар екі ағашты салыстырып жуан жіңішкелігін анықтайды Балалар ойынды ойнайды |
Рефлексия лық-түзетуші |
Дымбілмес балаларға рахметін айтып қоштасады. Балаларды мадақтау |
Балалар қуанады |
біледі: «Көп»,«біреу»,«бір-бірден»,«бірдебіреуіжоқ»ұғымдарытуралы
Игереді: Салыстыруды
Меңгереді: Жуандығыбойыншаекіқарама-қарсыжәнебірдейзаттардысалыстырабілуді
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Шаршы. Сол жақта – оң жақта.
Мақсаты:Геометриялық фигура – шаршымен таныстыру; шаршыны сезім – қозғалыс түйсіктері арқылы зерттеу; шаршынының көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіну (үлкен-кіші), қағаз бетінде бағдарлай білу. Қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Шаршының суреттері
Билингвальды компоненттер: шаршы – квадрат.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы лық |
Ғажайып сәт. Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қою. Балаларды қызықтырып, олардан: «Бұл өкіріп жатқан не?»- деп сұрау. - Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік. - Балалар, аю бізге геометриялық фигура - шаршыны ала келіпті. Аю: - Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? - Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы ала келдім. |
Қызыгушылық танытады. «Аю»,- деп жауап береді. Педагогпен бірге ішінде ойыншық аюы бар қорапты тауып алады. - Шеңбер. -Иә. |
Ұйымдас тырушы лық -ізденістік |
-Балалар менің қолымдағы шаршының түсі қандай? -Тақтада қоянның оң жағында неше шаршы тұр? -Түсі қандай? -Сол жағында неше шаршы тұр? -Шаршы домалай ма? Кәне, домалатып көрейікші. -Неге домаламайды? -Шаршының бұрыштары бар ма? -Мына суреттегі шаршының қайсысы үлкен? -Кәне беттестіріп көрейік. Сөздік жумыс: шаршы. Билингвальді компонент: шаршы - квадрат. Сергіту минуты. «Маймақ аю». Маймақ аю сияқты ақырын маймаңдаймыз, содан кейін өкшелеп жүреміз. Аяғымыздың үшымен жүреміз, одан кейін жылдам жүріске ауысып, аяғында жүгіреміз. -Балалар, енді алдыларыңдағы қонжықтың оң жағына қызыл шаршыны, сол жағына жасыл шаршыны қойыңдар |
-Қызыл -Бір -Жасыл -Көк Зерттеу жасап домаламайтындықтарын байқайды. -Бар -Жауап беруге тырысады. Алдыларындағы екі шаршыны беттестіріп, үлкен, кішілігін анықтайды. Қайталайды: шаршы - квадрат. Балалар тапсырманы орындайды |
Рефлексия лық – түзетуші лік |
Аю қоштасып, кетеді. - Аю сендерге қандай геометриялық фигура сыйлады? |
- Шаршы. |
Күтілетін нәтижелер:
біледі: шаршының геометриялық пішін екендігін.
игереді: геометриялық фигуралар: шаршы мен тіктөртбұрыштың айырмашылығын.
меңгереді: қоршаған ортадан шаршы мен тіктөртбұрышқа ұқсас заттарды таба білуді, олардың кеңістіктегі орнын.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Жоғарыда- төменде. Алыс- жақын.
Мақсаты: сурет пен кеңістіктегі кеңістік бағыттарын ажырату және атап көрсету: жоғарыда-төменде, алыс- жақын; айналадағы заттардың арасынан геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуды жалғастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:жұмыс дәптері, қара қарындаш, әр балаға қатырмақағаздан қиылған ойыншық мысық пен тышқан.
Билингвальды компоненттер: жоғарыда – вверху, төменде – внизу, алыс – далеко, жақын – близко.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивация лық қозғаушы лық |
Ғажайып сәт. «Сиқырлы дорба» ойыны. - Менің дорбама ойыншықтар тығылып қалды. Қолдарыңды дорбаның ішіне салып, қандай ойыншық тығылып қалғанын айтыңдар. Педагог қалған балаларға бір-бір ойыншықтан үлестіріп береді (мысық және тышқан). - Балалар, ойыншықтармен ойнағыларың келе ме? |
2-3 бала дорбаға қолдарын салып ойыншықтарды атайды. - Ойнағымыз келеді. |
Ұйымдас тырушылық -ізденістік |
«Мысық-тышқан» ойыны. Педагог: - Балалар, мен мысық ұйықтап жатыр дегенде, тышқандар мысыққа жақындайды. Ал мысық оянды деген кезде тышқандар мысықтан алысқа қашуы керек. «Жоғарыда - томенде» ойыны. Педагог балаларға саты туралы жүмбақ жасырады. Әр өрнегін мінемін, Өрге қарсы жүремін. Басқан сайын қадамды, ¥стап келем білегін. (Саты.) Дәптерден сатының суретін табуды үсынады. Сұрақтар қояды:Сатының жоғарғы жағында кім тұр?Сатының томенгі жағында кім тұр? Қыз бала сатының жоғарғы жағында болу үшін не істеуі керек? Сонда ол кай жерде болады? -Бала сатының төменгі жағында тұру үшін не істеуі керек? -Сонда, ол қай жерде болады? Сөздік жұмыс: жоғарыда, төменде. Билингвальді компонент: жоғарыда - вверху, төменде - внизу. Сергіту сәті. Өздеріне таныс саусаққа арналған жаттығуды орындату. «Шаршыны тап және қорша» ойыны. -Балалар, маған мына суреттегі заттарды атап беріңдерші? Педагог балаларға суреттен шаршыға ұқсайтын заттарды тауып, атап көрсетуді жэне оларды қоршап сызуды тапсьірады. Жеке жұмыс жүргізеді. - Жоғары көтерілуі керек. |
Мүқият тыңдап, педағогтің айтқаны бойынша орындайды. Жұмбақтың жауабын шешеді:саты. Орындайды. - ¥л бала. - Қыз бала. - Жоғарыда болады. - Төмен түсуі керек. - Төменде болады. Қайталайды: жогарыда, төменде. Қайталайды: жогарыда - вверху, төменде - внизу. Педагогтің айтқанын орындайды. Балалар суреттегі заттардың атын атайды: үй, Күн, алма, шырша, шар, теледидар, текше, үшбүрыш. Балалар текшені, теледидарды қоршап сызады. |
Рефлексия лық - түзетушілік |
«¥шты, үшты» ойыны. Педагог балалардан ұшатын және ұшпайтын заттардың (үшақ, тікүшак, шар, зымыран, батпырауык, қасық, гүл, бала жэне т.б.) атын атауды сүрайды. |
Балалар үшатын зат айтылса қолдарын жоғары көтереді, ал үшпайтын заттың аты аталғанда қолдарын көтермейді. |
біледі: кеңістіктегі бағыттарды бір-бірінен ажырата білуді және атап көрсетуді (алыс – жақын); игереді: суреттегі заттардың кеңістікте орналасқан орнын (жоғарыда – төменде);
меңгереді: заттардың геометриялық фигураларға ұқсайтыны туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Үшбұрыш. Бір және көп.
Мақсаты:: Таныс заттарды заттарды көлеміне (үлкен- кішкентай) және санына қарай (бір-көп) салыстыра білуді қалыптастыру; геометриялық фигура – үшбұрышпен таныстыру; үшбұрышты сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы сезінулерін дамыту
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: шеңбердің суреті, үлкен және кіші тәрелке, картоннан қиылған 4 дана кәмпит, әр балаға жапсырмадан жасалған 4 кәмпит
Билингвальды компонент: үшбұрыш – треугольник, бір –один, көп – много.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Әжеге көмектес» ойыны. Кішкентай тәрелкеге бір кәмпит, үлкен тәрелкеге көп кәмпит салу. «Дұрыс қой» ойыны Балалардың назарын үлестірмелі материалға тәрелкелердің суретіне аудару. Бір (один) кәмпиттің жапсырмасын кішкентай тәрелкеге, ал көп (много) кәмпитті үлкен тәрелкеге жапсыруды тапсыру. |
1-3 бала шығып тапсырманы орындайды. Балалар назарын Балалар берілген тапсырманы орындайды. |
|
«Үшбұрышпен танысамыз» ойыны – Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? – Қандай дөңгелек заттарды білесіңдер?
Балаларды үшбұрышпен (треугольник) таныстыру. Балаларға саусағымен суреттегі бағыт сызығын бойлай сызып шығуды тапсыру. -Балалар менің қолымдағы үшбұрыштың түсі қандай? -Тақтада неше үшбұрыш тұр? -Түсі қандай? -Қолымда неше үшбұрыш тұр? -Үшбұрыш домалай ма? Кәне, домалатып көрейікші. -Неге домаламайды? -Үшбұрыштың бұрыштары бар ма? -Мына суреттегі үшбұрыштың қайсысы көп? -Кәне салыстырып көрейік. Билингвальды компонент: үшбұрыш – треугольник, бір – один, көп – много. Сергіту жаттығуы Жаттығуды жасаймыз! Бір дегенде – тік тұрамыз. Екі дегенде – екі рет айналамыз. Үш дегенде – үш рет секіреміз. Төрт дегенде – отырамыз! «Заттар қандай фигураға ұқсайды» ойыны. Балаларды суреттегі заттармен таныстыру, олардың атын атату. – Заттар қандай геометриялық фигураларға ұқсайды? |
Балалар жауап береді: – Шеңбер. – Күн, алма және т.б. Балалар берілген тапсырманы орындайды. Қайталайды Балалар жаттығу жасайды. Бойын тік ұстап тұрады. 2 рет айналады. 3 рет секіреді. Отырады.
– Үй, кеме, шырша. – Үшбұрышқа ұқсайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
– Біз бүгін қандай геометриялық фигурамен таныстық? – Сендер қандай үшбұрышты заттарды боядыңдар? |
–Үшбұрыш. –Шатырды, желкенді, шыршаны. |
Күтілетін нәтижелер:
біледі: геометриялық фигуралардың атын атауды, тани білуді (шеңбер, үшбұрыш);үшбұрыш пішіндес заттарды табуды; игереді: таныс заттарды көлеміне (үлкен – кіші) және санына қарай (бір – көп) салыстыруды;
меңгереді: бір және көп – заттың саны туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы:Ұзын- қысқа. Бір-бірінің үстіне қойып және жанына қойып салыстыру амалдары. Фигуралар туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты:Көлемі мен ұзындығы жағынан бір-біріне қарама-қарсы екі затты салыстыру: үлкен-кіші, ұзын-қысқа; сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы балалардың зейінін дамытуды жалғастыру. Екіқарама-қарсыжәнебірдейзаттардыұзындығыбойыншасалыстырабілудібекіту. Геометриялық фигуралармен таныстыруды жалғастыру: шеңбер, үшбұрыш. Сезім- қозғалыс түйсіктері арқылы көру жадын дамытуды жалғастыру. Зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: екі жолақша:жасыл – 20 см, ақ – 15 см, жұмыс дәптері, екі жолақша қызыл –10 см, көк – 15 см, жылқы – әр балаға 4 данадан
Билингвальды компоненттер: ұзын – длинный, қысқа – короткий, көк – синий, қызыл – красный
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
– Балалар, біз бүгін заттарды ұзындығына қарай салыстыруды үйренеміз (жасыл түсті ұзын, ақ түсті қысқа жолақты көрсету). |
Балалар мұқият тыңдап отырады. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Ұзын – қысқа» ойыны.Жасыл жолақша ақ жолақшвның үстіне қою. Қайсысы ұзын? Жасыл жолақ аққа қарағанда ұзын. Қатар қоямыз. Қазір де жасыл жолақ ұзын. «Атты дұрыстап қой» ойыны. Үлестірмелі материал салынған тәрелкеден қызыл және көк түсті екі жолақшаны алуды сұрау. Қызыл – қысқа (короткий), ал көк жолақ – ұзын (длинный). Тапсырма: – Жолақтың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? – Ұзын жолақтың түсі қандай? – Қысқа жолақтың түсі қандай? Тапсырма: Үстіне қысқа жолақты, астына ұзын жолақты салу. Содан соң қысқа жолаққа бір ат, ұзын жолаққа көп аттарды қойып шығу. – Бір ат тұрған жолақ ұзын ба, әлде қысқа ма? – Көп ат тұрған жолақ ұзын ба, әлде қысқа ма? – Бір ат қайсы жолақта тұр? – Көп ат қайсы жолақта тұр? Отбасым. Саусақтарымызды жаттықтырамыз. Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз: Атам, әжем, әкем, шешем және мен. Алақай! Біз бесеуміз! «Ұзын – қысқа» ойыны (№12, 1-тапсырма). Жұмбақ Үстіне жүк, тиеп алып, Күндіз-түні жүреді, Жүрген жері сілкінеді – Жұмбақ не туралы? – Аюдың және қоянның жүргізіп келе жатқан пойызын көрсет. Балалардың назарын пойыздардың әртүрлі екеніне аудару. – Аю мен қоянның пойыздарының ұзындығы бірдей ме, әлде әртүрлі ме? – Олардың айырмашылығы қандай?– Қай аңның пойызы ұзын екен? – Қай аңның пойызы қысқа?– Пойыз қандай дыбыс шығарады? «Тап және боя» ойыны(№12, 2-тапсырма). – Дымбілмес геометриялық фигуралар алып келмек. Оларға шеңбер мен үшбұрыш қажет болып тұр. Бірақ олар үшбұрыштың қандай, шеңбердің қандай екенін білмейді. Оларға үшбұрышты көк (синий) қарындашпен шеңберді қызыл (красный) қарындашпен тауып бояуға көмектесейік. |
Балалар жолақтарды салыстыру тәсілдерін бақылайды. Қызыл және көк түсті жолақты алып бір-бірінің үстіне қояды. Содан соң қатарластырып қояды. Балалар берілген тапсырманы орындайды. –Көк жолақ ұзын, қызыл жолақ қысқа (короткий). – Көк. – Қызыл. Балалар сұрақтарға жауап береді. – Қысқа. – Ұзын. – Қысқа, қызыл жолақта. –Ұзын, көк жолақта. Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу жасайды. Саусақтарын созып, алақандарын көрсетеді. Жұмбақты мұқият тыңдайды және шешуін табады. – Пойыз туралы. Балалар екі пойызды салыстырып, сұрақтарға жауап береді. – Әртүрлі. – Аюдың пойызы ұзын. – Аюдың. – Қоянның. – Ду-ду. Балалар картинадан шеңбер мен үшбұрышты табады және бояйды. |
Рефлексиялық-түзету |
– Аю қандай пойызбен келді? – Ал, Қоян қандай пойызбен келді? |
– Ұзын. – Қысқа. |
біледі: ұзындық жағынан бір-біріне қарама-қарсы: ұзын және қысқа екі затты салыстыруды және атап көрсетуді;
игереді: геометриялық фигураларды тани білуді (шеңбер мен үшбұрыш);
меңгереді: шама (ұзын – қысқа) туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Жоғары-төмен. Бір-көп.
Мақсаты: Кеңістікте (жоғары-төмен) бағыттарды ажырата білуді дамыту; таныс заттарды санына қарай (бір – көп) салыстыра білуді үйретуді жалғастыру. Түс туралы түсініктерін бекіту. Қамқорлық сезімін ояту
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: суреттер, слайд
Билингвальды компоненттер:жоғары-вверх, төмен – вниз.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
-Балалар, бізге қонаққа Аленушка келді. Оның інісін қаздар алып кетіпті. Енді біз оларға көмектесуіміз керек. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Балалар, қараңдаршы қаздар нешеу? - Ал Аленушканың неше інісі бар? -Біз нешеуміз? -Олай болса біз ештеңеден қорықпаймыз ғой. Онда Аленушканың інісі Иванушканы іздестірейік. Оны орманнан іздейміз. Слайд көрсету арқылы (алма ағашы) -Мынау не? -Алма ағашынан сұраңдаршы ұшқан қаздарды көрмеді ма екен? - Сендер бірінші менің алмамды жинап беріңдер, мен сонда сендерге қаздардың қай жаққа ұшқанын айтамын. -Балалар алмалар қайда жатыр? -Кәне алма жинаймыз. Неше алма жинадық.? --Алмалардың түсі қандай? - Көлемі қандай? -Жоғарыда алма ағашында қанша алма қалды? - Оның түсі қандай? - Көлемі қандай? Алма ағашы: Рахмет балалар, сендер Иванушканы құтқару үшін оң жаққа бұрылуларың керек. -Рахмет саған алма ағашы. Балалар біздің оң қолымыз қайсы? - Яғни, біз былай жүреді екенбіз. -Балалар мына пішіндерді қараңдар. Бұны бізге Иванушка әдейі белгі үшін тастаған болар. Кәне санаңдаршы неше үшбұрыш, неше шеңбер, неше шаршы бар екен? - Балалар мына пешті қараңдар. Пеш сен ұшқан қаздарды көрмедің бе? Пеш: Көрдім. Егер сендер бәліш пен тәтті нанды менен алып тастасаңдар айтамын. –Кәне балалар көмектесейік. Біз бәлішті бір бөлек, тәтті нанды бір бөлек бөліп қоюымыз керек. Ол үшін анықтап алайық. Бәліш пештің қай бөлігінде орналасқан.
-Қайсысы көп бәліш пе әлде тәтті нан ба? Пеш Иванушканы мыстан кемпірдің алып кеткенін айтады. Иванушканы мыстанның үйінен тауып алады. |
-Көп -Бір -Көппіз - Алма ағашы -Алма ағаш сен ұшқан қаздарды көрмедің ба? -Жерде, төменде -Көп -Қызыл -Үлкен -Бір -Жасыл -Кішкентай Балалар оң қолдарын көтереді. -Бір үшбұрыш, бір шаршы, көп шеңбер -Бәліш жоғары жағында, тәтті нан төменгі жағында орналасқан. Балалар анықтап айтады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Аленушка рахметін айтып қоштасады. Жоғары-төмен, бір-көп ұғымдарына байланысты сұрақтар қоя отырып өткенді пысықтау. Балалардан топта қандай заттардың көп, ал қайсысының бір данадан ғана екенін, жоғарыда не ілулі тұрғанын және төменде не орналасқанын сұрау. Билингвальды компоненттер:жоғары-вверх, төмен – вниз. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Қайталайды |
Күтілетін нәтижелер:біледі: заттарды санына қарай (бір–көп) салыстыруды және кеңістіктегі жоғары-төмен бағыттарын айқындайды; игереді: заттардың әр түрлі бағытта орналасатынын және заттардың біреу, көп болатынын; меңгереді: қарындашпен жұмыс істеуді, түстерді ажыратуды, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Таңертең. Үлкен және кіші.
Мақсаты: Тәулік бөлігімен таныстыру – таңертең (таң); таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен – кіші) салыстыруды үйрету. Шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: таңертеңгілік бейнеленген сурет.
Үлестіретін материалдар: қара қарындаш, үлкен, кіші заттардың суреті.
Билингвальды компоненттер: таң – утро, үлкен – большой, кішкентай – маленький.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен – кіші) салыстыруды;игереді: тәулік мезгілін – таңертеңді;
меңгереді: заттың көлемі, тәулік мезгілі – таңертең туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Таңертең. Бір және көп
Мақсаты:Тәулік бөлігімен (таңертең (таң) таныстыруды жалғастыру; таңертең, таң сөздерін сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды санына қарай (бір – көп) салыстыруды үйрету. Айналасындағы бірдей және көп затты таба білу дағдысын дамыту. Шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: таңертеңгілік бейнеленген сурет.
Үлестіретін материалдар: қара қарындаш,бір зат (үстел, күн, орындық) пен көп заттың (орындықтар, қасықтар, кітаптар, дәптерлер) салынған суреттері.
Билингвальды компоненттер: таң – утро, бір-один, көп-много
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы лық |
1. «Бұл қай кезде болады?» ойыны. Балаларға тақпақ оқып беру Орныңнан тұр, балақан! Әлдеқашан таң атты! Жылдам киін, жуынып, Жеп ал таңғы тамақты! –Балалар, естеріңе түсіріңдерші, бір тәулікте неше бөлік (мезгіл) бар: таңертең, күндіз, кеш және түн. Балаларға сұрақтар қою –Тақпақта не туралы, қай мезгіл туралы айтылыпты? – Біз таңертең не істейміз? – Суретте бала не істеп жатыр? – Бұл қай уақытта болады? Балалар, бізге бүгін кірпі тағы да қонаққа келді. Кірпі амандасады. Өзінің келген себебін айтады |
Балалар тақпақты мұқият тыңдайды. Балалар сұрақтарға жауап береді –Таңертең (таң) туралы. –Ұйқыдан тұрамыз, жуынамыз, жаттығу жасаймыз, таңғы асты ішеміз. –Бала ұйқыдан тұрды, жаттығу жасады. –Таңертең. |
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
2. «Бір және көп» ойыны Кірпінің сүттен басқа, алманы да қатты жақсы көретінін айту. – Кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен. Суретте көп алма мен бір алма қай жерде орналасқан. Сұрақтар қою – Ағашта неше алма бар? – Жерде неше алма жатыр? – Қай жердегі алма көп? 3. Жаттығу. Сергіту сәті. Жаттығуды жасаймыз! Бір дегенде – тік тұрамыз. Екі дегенде – екі рет айналамыз. Үш дегенде – үш рет секіреміз. Төрт дегенде – отырамыз! 4. Әлеуметтік инклюзия: Тапсырманы орындау барысында қиындық көретін балаларға көмек көрсету Қосымша материал. Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден деп сұрау. |
Балалар мұқият тыңдайды. Балалар жауап береді: – Бір. – Көп. – Жердегі. Балалар жаттығу жасайды. Бойларын тіктеп тұрады. 2 рет айналады. 3 рет секіреді. Отырады. Балалар жауап береді. Үлкен орындық біреу, кішкентай орындық көп, аквариум біреу, ал гүл көп, сағат біреу, ойыншық көп, үлкен үстел біреу, ал кішкентай үстел көп. |
Рефлек--қ түзетуші |
5.«Картинаны тап» ойыны.Қорытындылау Бір және көп заттарды табу. |
Балалар бір затты картинкалардан тауып айтады.Балалар қорытынды жасайды. |
Күтілетін нәтижелер:
біледі: таныс заттарды санына қарай (бір – көп) салыстыруды;
игереді: тәулік мезгілін – таңертеңді;
меңгереді: заттың саны, тәулік мезгілі – таңертең туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні 21.11.2017ж
Тақырыбы: Күндіз. Шеңбер.
Мақсаты: Күндіз - тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру. Таңертең, күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру. Сөйлеу барысында осы сөздерді қолдануға және осы сөзді сөйлеу барысында пайдалануды үйрету. Геометриялық пішін – шеңбермен таныстыру. Шеңберді сезім-қозғалыс түйсіктері арқылы зерттеу. Шеңберді нүкте бойымен бастырып сызу. Шеңбердің көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіндіру (үлкен-кіші) Шеңбер туралы түсініктерін қалыптастыру. Танымдылық қызығушылыққа тәрбиелеу
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: бауырсақ ертегісінің үнтаспалық жазбасы; күн, үлкен және кішкентай дөігелектер бейнеленген суреттер.
Үлестіретін материалдар: қызыл және көк түсті қарындаштар.
Билингвальды компонент: күндіз – днём, шеңбер – круг
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы лық |
Ғажайып сәт «Бауырсақ» ертегісінен үзінді қою. Балалардан сұрау: - Ертегі не туралы екен? Педагог Нұрсұлтан Әлімқүловтың өлеңін мұқият тыңдап, өткен оқу іс- әрекетінде тәуліктің қай бөлігі туралы айтқанымызды еске түсірулерін сұрау. Таң Қызыл арай таң атты, Қырдан жаңа асып күң. Ақ сәулесін таратты, Мен сол таңға ғашықпын. ¥лан байтақ Отанды Таң нүрына бөледі. Ерте оянып, сол таңды Күнде көргім келеді. - Өлеңде қай мезгіл туралы айтылған? |
Қызығушылық танытады. «Бауырсақ» ертегісінен берілген үзіндіні тыңдайды. -Бауырсақ туралы. Мүқият тыңдайды. Сүраққа жауап береді: - Таңертең туралы. |
Ұйымдас тырушы лық -ізденістік |
«Бул қай кезде болады?» ойыны. Тапсырма. Кундізгі уақыт бөлігі туралы сұрақтар қою. - Біз күндіз не істейміз? - Суретте не бейнеленген? - Балалар не істеп жатыр? «Жауабын тап және суретін сал» ойыны. Дөңгелек заттарға байланысты жұмбақтар жасыру. Жумбақ Бір нәрсе өзі елеусіз, өзі керек, Басы жок, аяғы жоқ дөп-дөңгелек. Жерінде басып кеткен із қалады, Осыны тапшы, сен, болсаң зерек. (Дөңгелек.) Егер балалар жүмбақтың шешуін таба алмаса шеңбер, дөңгелек заттардың суретін көрсету
Сөздік жұмыс: күндіз, дөңгелек. Билингвальді компонент: күндіз - днём, шеңбер, дөңгелек - круг. Шеңбердің бұрыштары жок, бауырсақтың да бұрышы жоқ, геометриялык фигураның пішініне үксас екенін көрсету. Бауырсақ балалардан суреттегі бағыт сызығын бойлай саусақпен жүргізіп шығуларын сүрайды. Үлкен шеңберді нүкте бойымен кызыл қарындашпен, ал кішкентай шеңберді көк түсті қарындашпен бастырып сызуды тапсырады. Жеке жүұмыс жүргізу -Қай шеңберді қызыл карындашпен сыздыңдар? -Ал көк қарындашпен қай шеңберді сызыңдар? |
Балалар жауап береді. - Балалар ойнап жатыр. Балалар атайды: мұрын біреу, ауыз біреу, бала біреу. Күн, Ай, Жер біреу және оларды қоршап сызады. Балалар оларды қоршап сызады. Балалар қимыл- қозғалыстар жасайды. Балалар жұмбақтын шешуін табады. Балалардың жауабы. Қайталайды: күндіз, дөңгелек. Қайталайды: күндіз - днём, дөңгелек - круг.
Балалар берілген тапсырманы орындайды. - Үлкен шеңберді. - Кішкентай шеңберді. |
Рефлексия лық – түзетуші лік |
Бауырсақ ертегілер әлеміне қайту керектігін, балалардың тапсырманы жақсы орындагандары үшін рахмет айтып, қоштасады. -Сендер тэуліктің қай мезгілін білесіңдер? -Қандай геометриялық фигураны білесіңдер? |
-Күндіз туралы. -Шеңберді. |
Күтілетін нәтиже:
жаңғыртады: тәулік мезгілін - күндізді;
түсінеді: геометриялық фигура - шеңберді, шеңбердің өлшемі әртүрлі болатынын;
қолданады: заттарды сезіну-қозғау арқылы зерттеу, қарындашпен жұмыс істеу дағдысы.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Кеш. Үлкен-кіші.
Мақсаты:Кеш – тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру; үлкен – кіші түсініктерін бекіту; заттарды көлеміне қарай сәйкестендіру қабілетін пысықтау және нәтижесін сөзбен баяндау.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: кеш мезгілі, үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттер, жұмыс дәптері, қарындаштар.
Сөздік жұмыс: кеш, үлкен, кішкентай.
Билингвальды компонент:кеш - вечер, үлкен - болыпой, кішкентай - маленький.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы лық |
Шаттық шеңбері. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бэріміз шаттық шеңберіне тұрайык. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы таң!» дейік. Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» такпағынан үзінді оқиды: Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты, Қайырлы таң, балалар! Аман Отан-панамыз, Аман ата-анамыз, Қайырлы таң, балалар! - Өткен оқу іс-эрекетінде тәуліктің қай мезгілі туралы әңгімелегенімізді естеріңе түсіріңдер. - Сендер бұдан басқа қандай тэулік мезгілін білесіңдер? |
Шаттық шеңберіне түрады. Бэрі бірге: «Қайырлы таң!» -дейді. Тақпақты мұкият тыңдайды. - Күндіз туралы әңгімеледік - Таңертең туралы білеміз. |
Ұйымдас тырушы лық -ізденістік |
«Бұл қай кезде болады?» ойыны. Жұмыс дэптеріндегі 3-оқу іс-эрекеті, 1-тапсырма. Педагог балаларға кешкі мезгіл туралы өлең оқып, эңгімелеп береді. Сұрақтармен жүмыс: - Біз қай мезгіл туралы эңгімеледік.
- Біз кешке не істейміз? - Суреттен нені көріп тұрсыңдар? - Бала не істеп жатыр? - Бұл уакыттың қай мезгілінде болады. «Үлкен - кішкентай» ойыны. (3-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма.) Педагог балаларға жұмбак жасырады: «Отқа қойсаң елпілдеп. Быж-быж етіп тұншығар. Тақиясы селкілдеп, Танауынан су шығар». - Балалар, жұмбак не туралы? Балалардың назарын бірнеше шәйнектің салынған суретіне аударады. Педагог сұрақтар қояды: - Шәйнектер бірдей ме, элде эртүрлі ме? - Олар кандай?
Педагог: - Балалар, сол қолдарыңның үлкен саусағын (бас бармақ) үлкен шэйнекке, кішкентай саусақтарыңды (шынашақ) кішкентай шәйнекке қойыңдар. - Ал кеселер бірдей ме?
Педагог енді балалардан оң қолдарының үлкен саусағын үлкен кесеге, кішкентай саусағын кішкентай кесеге қоюды сұрайды. Педагог үлкен шәйнекті үлкен кесемен, ал кішкентай шәйнекті кішкентай кесемен сызық арқылы қосуды тапсырады. Сөздік жұмыс: кеш, үлкен, кішкентай. Билингвальді компонент: кеш - вечер, үлкен - болыиой, кішкентай - маленький.
«Үлкен - кіші». Сергіту минуты. Педагог балаларға жаттығу жасап көрсетеді: «алдымен мен кішкентай боламын» деп, отырады. «Содан кейін өсіп үлкен боламын» деп тұрып, қолын жоғары созады. «Бір - көп» дидактикалық жаттыгуы. (3-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма.) Педагог балалардан суретте бір-бірден тұрған ойыншықтарды атауын жэне қоршап сызуларын тапсырады. Содан соң педагог балалардан көп заттарды атап көрсетулерін өтінеді. Жеке жұмыс жүргізеді.
|
Балалар өлеңді, эңгімені тыңдайды. - Кешкі мезгіл туралы. - ¥йы ктауга дайындаламыз. Суреттен көргендерін айтады. - ¥йықтауға дайындалып жатыр. - Кешке. Балалар жұмбақты тыңдайды. - Шэйнек туралы. Балалар суретке мұқият қарайды. - Шэйнектер эртүрлі. - Үлкен жэне кішкентай шэйнектер. Балалар тапсырманы орындайды. - Олар да әртүрлі: үлкен кесе жэне кішкентай кесе. Балалар тапсырманы орындайды. Балалар сызық аркылы қосады. Қайталайды: кеиі, үлкен, кіиікентай. Қайталайды: кеш - вечер, үлкен - болъшой, кішкентай - маленъкий. Тізелерін бүгіп отырады. Тұрып, қолдарын жоғары көтереді. Балалар бір-бірден салынған ойыншықтарды атайды жэне қоршап сызады: 1 ат, 1 піл, 1 машина. - Доп, текше, аю көп. |
Рефлексия лық – түзетуші лік |
- Балалар, сендер тэуліктің кандай бөліктерін білесіңдер? |
Балалар жауап береді: кеш, күндіз. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: тэулік мезгілдерін (таң, күн, кеш), заттарды көлемі бойын- ша қалай салыстыру керектігін;
түсінеді: кай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін;
қолданады: заттардың санын (біреу,көп) айқындау дағдысын.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Шаршы. Ұзын – қысқа. Сол жақта – оң жақта.
Мақсаты:Геометриялық фигураларды атау және тану, шаршы туралы ұғымдарын жетілдіру. Шаршыны нүкте бойымен салу және оның көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіну (үлкен-кіші), қағаз бетінде бағдарлай білу. Геометриялық фигураның суретін салуға қызығушылықтарын арттыру. Ұзындығы жағынан бір – біріне қарама- қарсы затты (ұзын-қысқа) салыстыру; қағаз бетінде бағдарлауды жалғастыру (сол жақта – оң жақта). Өз денесінің бөліктерін (басы, аяғы, қолдары) бағдарлау және атау.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: жұмыс дәптері және қызыл, көк түсті қарындаштар.
Билингвальды компоненттер: Шаршы – квадрат. Ұзын – длинный, қысқа – короткий
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы лық |
Ғажайып сәт. Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қояды. Балаларды кызыктырып, олардан: «Бұл өкіріп жатқан не?»- деп сұрайды. - Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік. - Балалар, аю бізге геометриялық фигура - шаршыны ала келіпті. Аю: - Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? |
Қызыгушылық танытады. «Аю»,- деп жауап береді. Педагогпен бірге ішінде ойыншық аюы бар қорапты тауып алады. - Шеңбер.Шаршы |
Ұйымдас тырушы лық -ізденістік |
Жұмыс дэптерлеріңді ашып, тура осындай фигураның суретін табыңдар. «Шаршыны бастырып сыз» ойыны. Геометриялык фигура - шаршыны қарастыруларын сұрайды. Сөздік жумыс: шаршы. Билингвальді компонент: Шаршы – квадрат. Ұзын – длинный, қысқа – короткий
Балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсыру. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны қызыл қарындашпен, ал кішкентай шаршыны көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айту Сұрактар: - Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар? - Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар? - Сендер бастырып сызған геометриялық фигура қалай аталады? Жеке жұмыс жүргізу. «Жауабын кім табады?» ойыны. Балаларга екі қыздың суретін көрсету. - Бұлар апалы-сіңілілі қыздар, олар бір- біріне қатты ұқсайды. Ал олардың бір- бірінен айырмашылығын тек ең зерделі бала ғана таба алады. - Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Сергіту минуты. «Маймақ аю». Маймақ аю сияқты ақырын маймаңдаймыз, содан кейін өкшелеп жүреміз. Аяғымыздың үшымен жүреміз, одан кейін жылдам жүріске ауысып, аяғында жүгіреміз. «Жол корсетіп жібер» ойыны. Жұмбақ жасыру «Жазда қыдырады, Қыста апанда жатып, Тынығады». (Аю.) Аю жұмбақтың өзі туралы екендігіне қуанады. Суреттен оны көрсетулерін жәнеол балды жақсы көретінін айтады. Балаларға сұрақтар қояды: - Менің сол жағымда не бар? - Ал оң жағымда не тұр? Аю балалардан сұрайды: - Балы бар бөшкені табу үшін мен қалай қарай жүруім керек? Балаларға бал қүйылған бөшкеге апаратын жолды сызып көрсетуді тапсырады. - Оң жағыңда бал қүйылған бөшке тұр. Балалар тапсырманы орындайды. |
Дәптерлерін ашып, суретті табады. Қарастырады. Қайталайды: шаршы. Қайталайды: Шаршы – квадрат. Ұзын – длинный, қысқа – короткий Тапсырманы орындайды. Балалар жауап береді: - Үлкен. - Кішкентай. - Шаршы. Балалар суретке назар аударады. - Қыздардың Біреуінің бұрымы қысқа, ал екіншісінің бұрымы ұзын. Педагогтің айтқанын орындайды. Балалар Жүмбақтың шешуін табады. - Аю. - Аралар. Балалар жауап береді: - Сол жағыңда ара бар. |
Рефлексия лық – түзетуші лік |
Аю қораптың ішінен шығуға көмектескендері үшін, балға қарай жол салғандары үшін балаларға геометриялық фигура - шаршыны сыйға тартады. Қоштасып, кетеді. - Аю балаларға қандай геометриялық фигура сыйлады? |
Қуанады. - Шаршы. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: геометриялық фигураларды - шаршыны, шеңберді;
түсінеді: геометриялық фигураның айырмашылығын;
қолданады: қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды; оң жақта, сол жақта орналасқанды анықтауды.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Алыс – жақын. Шаршы
Мақсаты:Заттардың кеңістікте орналасуын ажырату, атау арқылы көру қабілетін дамыту (алыс – жақын); геометриялық фигуралардың дайын формаларын (жапсырмаларды) жапсыруға жаттықтыру, оны кезектілікті анықтауға арналған жаттығулармен толықтырып отыру. Бірігіп, ұжым болып болып жұмыс жасауға тәрбиелеу
Билингвальды компоненттер: жақын – близко, алыс – далеко, шаршы – квадрат.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы лық |
Ғажайып сәт. Балаларға қорапты көрсетеді. Қораптың аузы жабық екен, бірақ онда бір нәрсе жатқанын айтады. Қораптың ішінде жатқан затты білу үшін, қораптың сыртында жазылған тақпақты оқу керек екен. Педагог Жақан Смақовтың «Қорқақ» атты тақпағын оқиды. Қоян-қорқақ, Көрпеңде бүқпа. Балалармен ойна, Далаға шық та. Қорқақ, қорқақ, Ұйқыңнан оян, Оян, қорқақ, қоян! - Бүл тақпақ не туралы екен? Тақпақты оқығаннан кейін, қораптан қоянды алып, оның қалғысы келетінін, бізбен бірге тапсырманы орындағысы келетінін айтады. «Алыс - жақын» ойыны. Жүмыс дәптеріндегі 8-оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма. Педагог балалар мен қоянға суреттегі бие мен қүлындарға қарауын үсынады. Балаларға сүрақ қояды: - Суреттен нені көріп түрсыңдар? - Қүлындардың түсі қандай екен? - Ақ түсті құлындар енесіне жақын тұр ма, әлде алыс тұр ма? - Қара құлын енесінен алыс тұр ма, әлде жақын тұр ма? Педагог енесінен алыста жүрген құлынды қоршап сызуларын сұрайды. |
Қызығушылық танытады. Тақпақты мүқият тыңдайды. - Қоян туралы. Сүрақтарға жауап береді: - Биені, қүлындарды. - Біреуі қара, басқалары ақ түсті күлындар. - Жакын түр. - Қара қүлын алыста түр. Балалар тапсырманы орындайды. |
Ұйымда стырушы лық -ізденістік |
«Кім зейінді?» ойыны - Балалар, қоянның сендермен «Кім зейінді?» деген ойын ойнағысы келеді. Қоян сендерден бірдей суреттерді (қамзолдарды, торсықтарды) бір- біріне сызық арқылы қосып, аттарын атауларын сұрайды. - Балалар, сендер қандай суреттерді бір- бірімен қостыңдар? - Сандықтарды неге қоспадыңдар? - Балалар, қоянымыз сендерді мақтап жатыр, балалардың бәрі де зейінді, зерек екен дейді. Рақмет, сендерге! Сергіту минуты. «Қоян». Ыршып-ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де куысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың үшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Терезесін жапсыр». Ойын туріндегі жаттыгу. Жапсырмалармен жүмыс. 8-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма. Педагог: - Пойызға мініп көргендерің бар ма? Балалардың жауаптарына қүлақ асады. Содан соң суретті көрсетіп, пойызда біздің қоянымыз кетіп бара жатқанын айтады. Педагог сүрақтар қояды: - Пойызда келе жатқан қандай аң? - Пойыздың неше вагоны бар екен? - Пойыздың дөңгелегі кандай геометриялық фигураға үқсайды? - Вагондардың терезесі қандай геометриялық фигураға үқсайды? Сөздік жүмыс: алыс, жакын, шаршы. Билингвальді компонент: алыс - далеко, жақын - близко, шаршы - квадрат. Қоян балалардан жапсырмалардың көмегімен пойыздың терезелерінің шамдарын жағуды сұрайды. Ол үшін жапсырмаларды вагондардың терезелеріне жапсыруды тапсырады. Жеке жүмыс жүргізеді. |
Балалар суретті қарастырады. Бірдей суреттерді бір-бірімен сызық арқылы қосады. - Қамзолдарды жэне торсықтарды. - Өйткені, сандықтың біреуінің қақпағы ашық, екіншісінікі жабьщ түр. Балалар тақпақтың мэтіні бойынша қимыл-қозғалыстар жасайды. Балалар сүраққа эртүрлі жауап береді. Суретті мүқият карайды. - Қоян. - Көп. - Шеңберге. -Шаршыға. Қа йта л а й д ы: ал ь; с, жацын, шаршы. Қайталайды: алыс - далеко, жақын - близко, шаршы - квадрат. Терезелерге жапсырмаларды жапсырады. |
Рефлексия лық – түзетуші лік |
Қоян балаларға тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рақмет айтып, қоштасады. Педагог балалардың өзіне жакындауын, сосын алысырақ барып түруын сүрайды. Содан соң, өздерінен алыс және жақын түрған заттарды атап берулерін өтінеді. |
Қоянмен қоштасады. Балалар педагогтің айтқанын орындайды. Өздерінен алыс жэне жақын тұрған заттардың атын атап көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: суреттегі, айналадағы заттардың орналасқан орнын (алыс-жақын) бір-бірінен ажырату жэне атап көрсетуді;
түсінеді: кеңістікте заттардын орналасуын: алыс - жақын;
қолданады жапсырмалармен жүмыс істеу дағдысын; заттарды салыстыруды.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Таңертең, күндіз, кеш, түн. Сол жақта – оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру
Мақсаты:Дайын пішіндерді жапсыру түсініктерін қалыптастыру және оларды дұрыс пайдалануға үйрету. Тәуліктің қарама-қарсы мезгілдерін айыра білу: таңертең-кеш, күндіз-түн; үлкендер мен балалардың іс-әрекетінен тәулік мезгілін ажырата білу; балаларға жапсырманы дайын пішіндерге кезектілікті сақтай отырып жапсыру тәсілдерін уйрету; қағаз бетінде бағдарлауды (сол жақта – оң жақта) жалғастыру. Жапсыру жұмысын орындағанда ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: жұмыс дәптері және қара қарындаш, бағдаршамға арналған жапсырмалар: қызыл, жасыл, сары түсті дөңгелектер.
Билингвальды компоненттер: сол жақта – слева, оң жақта – справа.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Таңертең балабақшаға келе жатқанда пошташының сыйлық тастап кеткендігін айту. Сандықты ашып ішінен суреттер алып балаларға көрсету. «Сөйлемді аяқта» ойыны – Біз таңертең жаттығамыз, ал түскі асты ... ішеміз. Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты ... ішеміз. Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай ... Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды ... жасаймыз. Суреттегі әр уақыт мезгілін атаңдар? |
Балалар таңырқай қарайды. – Күндіз. – Кешке. – Түнде. – Таңертең. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Айырмашылығын тап» ойыны Сурет көрсету –Балалар, бұл сандықтар бір-біріне өте ұқсас. Олардың айырмашылығын таба аласыңдар ма? Қанша айырмашылық тапсаңдар сонша шеңбер салыңдар. –Кәне, балалар, қандай айырмашылық таптыңдар? Әлеуметтік инклюзия. Балаларға сандықтардың бір-бірінен айырмашылығын табуға көмектесу. Апельсин. Саусақтарымызды жаттықтырамыз. «Шамдарды жақ» ойыны Өлең оқу (Ә. Табылдиев) Бас көшеде қырағы, Үш көзді дәу тұрады. Ашса кезек үш көзін, Айтты деп біл үш сөзін. Тоқта, Сақтан, Жол ашық. Жүрме жолға таласып, Қызыл көзін ашқанда, Сабыр сақта, баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін, жасқанба. –Бұл өлең не туралы? Балалар, қолдарыңдағы бағдаршамның суретіне қараңдар. – Суретте неше бағдаршам бар? – Оның неше көзі бар екен? – Олар қандай геометриялық фигураға ұқсайды? – Олардың түстері қандай? – Балалар, бағдаршам сөніп қалды. Енді оны түрлі түсті жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек. Бағдаршамға көмектесеміз бе? – Онда алдымен сары, қызыл, жасыл түсті шеңбер салынған тәрелкелерімізді қолымызға алайық. Бағдаршамды төменгі көзінен бастап жағамыз. |
Балалар сандықтардың бір-бірінен айырмашылығын табады. – Балалар айырмашылықты тапқаннан кейін ортадағы тіктөртбұрышқа шеңбер салу керек. Оң жақтағы сандықта құлып жоқ, ал сол жақтағыда бар. Сол жақтағы сандық оюланған, ал оң жақтағы сандықта ою жоқ. Оң жақтағы сандықтың аяғы бар, сол жақтағысында жоқ. Балалар тақпақтың мәтініне қарай саусақтарын кезек-кезек бүгеді. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Балалар жауап береді: – Бағдаршам туралы. Балалар суретке назар салады. – Бір. – Көп. – Шеңберге. – Әртүрлі. – Иә!!! Балалар жапсырмаларды бағдаршамның көздеріне жапсырады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
– Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? Балалардан алдымен солға, содан соң оңға қарап, екі жақта отырған көршісінің атын атауды сұрап, қорытындылау |
– Таңертең, күндіз, кеш, түн. Балалар басын алдымен оңға, сосын солға бұрады және екі жағында отырған көршісінің атын атайды. |
біледі: тәулік бөліктерін (таңертең, күндіз, кеш, түн);
игереді: қағаз бетінде бағдарлауды (сол жақта – оң жақта);
меңгереді: дайын пішіндерді жапсыруды
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Биік-аласа. Сол жақта-оң жақта.
Мақсаты:Суретте және кеңістікте заттардың орналасу бағытын ажырату мен атап көрсету (биік-аласа). Таныс заттарды биіктігіне қарай салыстыруды қалыптастыру (биік-аласа); қағаз парағының оң жағын және сол жағын ажырата білу; бейнені толықтыру үшін дайын жапсырманы жапсыруға жаттықтыру; бейнені толықтыру үшін дайын жапсырманы жапсыруға жаттықтыру; суреттегі және өзіне тікелей бағыттағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрету ( оң жақ – сол жақта, биік – аласа). Жолдасына көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: екі үй (биік және аласа), үйдің шатырына арналған үшбұрыштар.
Билингвальды компоненттер: биік – высокий, аласа – низкий, сол жақта – слева, оң жақта – справа, үшбұрыш – треугольник.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт. «Қара және салыстыр» ойыны. Екі бала фланелеграфқа жақын келіп, одан 2 үйді өз еріктерімен таңдап алуларын сұрау. - Үйлер бірдей ме, жоқ әртүрлі ме? - Дұрыс! Бір үй биік, ал басқа үй аласа. - Бір-біріңе арқаларыңмен түрыңдар, қайсың биік, қайсың аласа екенін көреміз. Бірі екіншісінен биік екен. Балаларға көрсетеді, үйлердің биік және аласа болатынын түсіндіреді. |
Қызығушылык танытады. Үйлерді таңдап алады. Салыстырып, жауап береді. Өзін көршісімен салыстырады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Жолды көрсет» ойыны. Суреттен үшбүрышты затты табуды сұрайды. - Суреттегі қай заттың пішіні үшбұрышты? Шатыры үшбұрышты биік үйде Айбек, ал шатыры үшбұрышты аласа үйде Айсұлу есімді қыз бала тұратынын айтады. - Айбек кандай үйде тұрады? - Айсұлу қандай үйде тұрады? Айсұлудан аласа үйге дейін, ал Айбектен биік үйге дейін жол салуларын ұсынады. Сөздік жұмыс: биік, аласа, үшбұрыш. Билингвальді компонент: биік -высокий, аласа - низкий, үшбүрыш - треугольннк. «Дурыстап боя» ойыны. Тақпақ оқу Үйшікте қоян, бақылдауық бақа тұрды, Қасқыр, түлкі, жертесер тышқан тұрды, Тек кана аю оған сыймай қалды. Үйшікке ол кіремін деп қиратты. Сұрақтар: - Бұл тақпақ кай ертегіден? - Үйшікті кім қиратты? - Аю неге оны қиратты? - Қараңдаршы, ертегі кейігікерлері не істеп жатыр? - Дұрыс айтасыңдар, аңдар бәрі бірге тұратын және оған аю да сыятын жаңа үлкен үйшік түрғызып жатыр. Олар тасып жүрген тақтайлар үй салуға керек. Бірақ олардың кейбіреуі оң жаққа қарай, кейбіреуі сол жаққа қарай кетіп барады. Сұрақтар: - Қай кейіпкер оң жаққа қарай кетіп бара жатыр? - Қай кейіпкер сол жаққа қарай кетіп бара жатыр? - Кейіпкерлер нені көтеріп бара жатыр? - Оларға тақтайшалар не үшін керек? - Тақтайшалардың түсі қандай? Педагог балаларға тақтайшаларды бояуға тапсырма береді: оң жаққа қарай кетіп бара жатқандарының тақтайшаларын қызыл түспен, ал сол жаққа қарай кетіп бара жатқандардікін көк түспен. «Менің отбасым». Саусақтарымызды жаттыктырамыз. Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз: Атам, әжем, экем, Шешем жэне мен. Алақай! Біз бесеуміз! |
Балалар суреттен үшбүрышты заттарды іздейді. - Үйдің шатыры. - Биік үйде. - Аласа үйде. Балалар жол салады. Қайталайды: биік, аласа, үшбүрыш. Қайталайды: биік - высокий, аласа - низкий, үшбұрыш - треуголъник. Балалар тақпақты тыңдайды. - Үйшік (Теремок) ертегісінен. - Аю. - Өйткені аю үлкен. - Тақтайларды тасып жүр. . -Қоян, түлкі, қасқыр. -Аю, бақа, тышқан. -Тақтайшаларды. -Жаңа үйшік тұрғызу үшін. Балалар тапсырманы орындайды. Тақтайшаларды қызыл, көк түспен бояйды. Балалар саусақтарын кезек-кезек бүгіп жаттығу жасайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Кейіпкерлердің үйшігінің шатырын жабуға көмектесулерін сұрайды. Суреттегі шатыры жоқ үйшікке назарларын аударады. - Балалар, үйшікке не жетпей тұр? - Үйшіктің шатыры қандай геометриялык фигураға ұқсайды? - Шатырын жабуға көмектесеміз бе? Жапсырманың көмегімен шатырын жабуды ұсынады. - Айсұлу қандай үйде тұрады? - Айбек қандай үйде тұрады? |
Суретке карайды. - Шатыр. - Үшбұрышка. - Иә, көмектесеміз. Шатырын жапсырады. - Аласа үйде. - Биік үйде. |
біледі: биік – аласа ұғымдарын;игереді: қағаз бетінде бағдарлай білуді (сол жақта – оң жақта); меңгереді: дайын пішіндерді орнына жапсыра алуды.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Ұзын – қысқа. Заттарды бір-біріне қою арқылы салыстыру тәсілдері.
Мақсаты:«Ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, беттестіру бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету, сондай - ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдана білуге үйрету, қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, көз мөлшерді дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: ұзындықты беттестіріп салыстыруға арналған жолақша жолдар ұзыны – жасыл және қысқасы - көк, әр балаға әртүрлі түстен 1 машина, түрлі ұзындықтағы ленталар, әр балаға жолдардың түсіндей үйдің суреті бейнеленген 2 данадан карточкалар.
Сөздік жұмыс: Ұзын, қысқа.
Билингвальды компонент: үй - дом, жол - дорога.
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Тосын сәт: Есік қағылып, музыка әуенімен ішке Сайқымазақ келеді. Қолында үш түрлі шары болады. Сайқымазақ балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар Балалар менің атым - Сайқымазақ. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы шарлардың ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін. Тәрбиеші: Қане, балалар Сайқымазақ бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы шарларды санап, түсін айтайық Ал, балалар Сайқымазақтың қолындағы шарларын санайықшы? Барлығы қанша шар болды? Сайқымазақтың тапсырмасы осы шарлардың ішінде, оны орындау үшін шарды бір - бірлеп жаруымыз керек. Бір бала шығып, шарды жарады да, ішінен тапсырманы алып орындайды. |
СәлеметсізбеСайқымазақ: Біреу, екеу, үшеу. Үш шар болды.
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
I - тапсырма: Теледидар арқылы суреттерді көрсету. Сұрақ - жауап арқылы. Ендеше, барлығымыз мына теледидарға қарайықшы? Мынау кімдердің суреті? -Мына
баланың бойы ұзын ба, қысқа ма?
Қане, кім
айтады? II - тапсырма: Геометриялық пішіндерді ата? (Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек ). Балалар пішіндердің атын атап, түсін
айтады.
|
-Балалардың суреті -Ұзын бала. -Қысқа - Ұзын карандаш. - Қысқа карандаш. - Жолдар. - Ұзын жол. -Қысқа жол. -Қоян. -Қоянның екі құлағы бар. - Құйрығы. - Құлағы ұзын. |
Рефлексиялық-түзету |
Сұрақтар қоя отырып өткен материалды пысықтау |
– Ұзын. – Қысқа. |
біледі: ұзындық жағынан бір-біріне қарама-қарсы: ұзын және қысқа екі затты салыстыруды және атап көрсетуді;
игереді: Заттардың әр түрлі ұзындықта болатынын
меңгереді: шама (ұзын – қысқа) туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Сол жақта – оң жақта. шеңбер
Мақсаты:Сол жақта – оң жақта кеңістік түсініктерін қалыптастыруды, өзінен тікелей бағыттағы кеңістікті ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Қағаздың оң жақ – сол жақ бетін таба білуді; қайсысы оң қол, қайсысы сол кол екендігін ажыратуды бекіту; қоршаған ортада дөңгелек пішінді заттарды сезім-қозғалыс және көру қабілеті арқылы табуды, өз дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйретуді жалғастыру. Түйсінужәнекөруарқылыпішінтүрлерінзерттеугеүйрету.Педагогтің тапсырмасын орындауға үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: ойыншық қоян, перде, суреттер, қарындаш.
Билингвальды компонент: сол жақта – слева, оң жақта – справа. Дөңгелек, шеңбер - круг
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Ғажайып сәт Жұмбақ Қалқиған екі құлағы Тырс етсе зытып тұрады. Өзі ноян, Бұл қорқақ... (Қоян) Перденің артынан қоян шығып балалармен амандасады. |
Балалар жұмбақтың шешуін табады. –Қоян. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Не қайда тұр?» ойыны Қоянды суреттен табу -Балалар есімізге түсірейікші қоянның сол жағында отырған қандай аң? – Қоянның оң жағында отырған ше? -Шыңғыс сенің оң жағыңда кім отыр? Осылайша қасында отырған балаларды және айналасындағы заттарды мысалға ала отырып сұрақтар қою. -Үстелдің оң жағында не тұр? Орындықтың сол жағында не тұр? Үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Қоян». Сергіту сәті Ыршып-ыршып секіріп, Қоян келді кеңкиіп. Аяқтары жаураған, Қолдары да жаураған, Жылытпақ боп тырысты Жүгірді де қуысты. Бір жоғары, бір төмен Жүр аяқтың ұшымен. Секіреміз, отырамыз, Аяқтарды жылытамыз. «Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды» ойыны Балаларға суретті көрсетіп, онда қандай заттың суреті салынғанын сұрау және дөңгелекке ұқсайтын заттарды бояуды тапсыру. –Дөңгелек, доп қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Тапсырманы орындауда қиындық көретін балаларға көмектесу. Билингвальды компонент: сол жақта – слева, оң жақта – справа, дөңгелек – круг. |
Балалар суреттен қоянды табады. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. – Түлкі. – Қасқыр. -Арнұр Балалар тапсырманы орындайды. Балалар тақпақтың мәтіні бойынша жаттығулар жасайды. – Шар, дөңгелек, доп, қияр. Балалар доп пен дөңгелектің суретін бояйды. – Шеңберге. Қайталайды |
Рефлексиялық-түзетушілік |
– Біз қарындашты қай қолымызға ұстап тұрмыз? – Енді, сол қолдарыңды көтеріңдер – Біздің тобымызда тұрған заттардың арасынан дөңгелек заттарды атап беріңдер. |
– Оң қолымызда. Балалар сол қолдарын көтереді. Балалар атай бастайды. |
Күтілетін нәтижелер:
біледі: фигураларды; дөңгелектерді салыстыруды;
игереді: қағаз бетінде бағдарлауды (сол жақта – оң жақта);
меңгереді: айналадан дөңгелек пішінді заттарды таба білуді.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Алдында – артында. Оң жақта, сол жақта,
Мақсаты:Айналадағы заттардың орналасуын алдында, артында, оң жақта, сол жақта, нешінші сұрақтарға жауап бере білуге дағдыландыру. Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, сөздік қарым - қатынастарын молайту. Белсенділіктерін, ой - қиялдарын жинақтау қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін жүйелі түрде көрсете білу, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге, өз ойларын жеткізе білуге машықтандыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі құралдар
Билингвальды компонент: алдында – впереди, артында – позади.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Армысың, қайырымды Аспан - ата, Армысың, мейірімді Жер - ана. Армысың, шұғылалы Нұрлы - күн, -Балалар
көңіл күйлерің қалай? Өте
жақсы. - Мен Тапқышбекпін! Сәлематсыздар ма! мен математика патшалығынан келдім. Мына конвертте тапсырмалар бар. Соған жауап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін. Келістік па?(Келістік) - Тапқышбек, сіз біздің балаларды тыңдаңыз. (Тапқышбек орындыққа отырады)- Олай болса балалар, Тапқышбектің тапсырмаларын шешейік. |
Балалар амандасады. Тапқышпектің келгеніне қуанады |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
2 Тапсырма: Геометриялық пішіндерді ата. Түтерді айт. -Жарайсыңдар Балалар! Тапқышбектің екінші тапсырмасын да орындадық 3 Тапсырма:-«Шалқан» ертегісі қалай басталады? -Балалар, ата нешінші тұр? - Әже нешінші тұр? - Қыз әженің қай жағында тұр? -Ит мысықтың қай жағында тұр? Осылайша сұрақтар қою арқылы пысықтау. Сергіту сәті: Ормандағы аю, қонжық, Ұялардан бал іздеді. Мойындарын оңға бұрды, Мойындарын солға бұрды, Орман ішін аралады. Оңға бір, солға бір, Ағаштарды шайқап көрді. Аяқтарын көтеріп ап,
Қуанғаннан
билей берді. |
Санамақ айтады. Пішіндерді атайды. Балалар естеріне түсіреді. Ата, одан кейін әже, қыз, ит, мысық, тышқан тартады. Ретімен кейіпкерлерді қояды. -Бірінші -Екінші -Артында -Алдында |
Рефлексиялық-түзетушілік |
«Көршіңді тап» ойыны. Балаларды бірінің артынан бірін тұрғызып, паровоз жасату.. Әрқайсысына жақындап келіп, алдында тұрған баланың атын атауды, кейіннен әрқайсысының артында тұрған баланың атын атауды сұрайды. |
Балалар паровоз жасап тұрады. Алдында және артында тұрған баланың атын атайды. |
Күтілетін нәтиже: Білу: Сандардың реттік орнын анықтай біледі, тура, кері санайды.
Игеру: Кеңістіктегі заттардың орнын бағдарлай білуді игерді.
Меңгерді: Өз беттерімен іс - әрекет жасай алады
БАЛДӘУРЕН ТОБЫ
23.05.2017
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Заттарды салыстыру
Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыруды, көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуді бекіту. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін ояту. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қоршаған ортамен жан -жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, жұмбақ шешу, таңғаларлық сәт, қорыту.
Көрнекілігі: Ағаш қуыршақтар, үлкен - кіші алмалар муляжы, үй макеті, қолдан жасалған алма ағашы және алмалар, құстар, себеттер.
Билингвальды компонент: бірдей – поровну.
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Балалар сендер қандай әдемісіңдер, тобымызда әдемі, күнімізде әдемі. Осы әдемілігімізді сезініп, көңілімізді көтеріп ән айтайықшы. Күн күлімдеп әлемде Күлімдейді әдемі Төбемізде қарлығаш Айналады әдемі Әніміз осындай Сәніміз осындай Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық. |
Балалар әңгімені тыңдайды.
– Иә. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Балалар бүгін
бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды
қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде ажырата алмай
қаласыңдар. - Ең үлкені Әлия - Ал кішісі Сәния -Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық. Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма? Үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты
кім? Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар. -Алмалардың түстері бірдей ма? -Түстері қандай? - Ал көлемдері бірдей ма? - Қандай алма үлкен? - Ал қандай алма кіші? - Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз? Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен. - Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік. Сергіту сәті. Біз қуыршақпыз Міне біздің қолымыз Ал бізде, ал бізде Таза бет орамал Балаларға
тапсырма: Балалар жұмысын бақылап, кімнің қай түсті алманы көп немесе аз жинағанын сұрап анықтау. -Жарайсыңдар балалар! Алмаларды көп терген екенсіңдер. |
. Рет - ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атайды Балалар сұрақтарға жауап береді -Сары алмалар көп ал қызыл алмалар аз Балалар
алмаларды себеттеріне жинайды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалар, үстел үстінде әр түрлі көлемде қуыршақтарға арналған орамалдар бар, сол орамалдарды қуыршақтарға сыйлыққа берейік. -Ең үлкен қуыршаққа қандайорамал сыйлаймыз? Балаларды мадақтау. |
Балалар
тапсырмаларды дұрыс орындағандарына
қуанышты. Әр қуыршаққа
өзіне сәйкес |
Күтілетін нәтиже: Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып салыстыра білу.
Жасай алуы: Түстерді көлемдерді ажыратып, алмаларды жинау.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Тохтиева А
Тексерілді:
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Алыс- жақын. Биік-аласа. Оң жақта-сол жақта.
Мақсаты:Балаларда кеңістік бағыты болатыны туралы түсінік қалыптастыруды жалғастыру. Қағаздың оң жағын – сол жағын бағдарлай білуін жалғастыру (алыс-жақын, биік – аласа, оң жақта-сол жақта); дайын пішіндерді жапсыра алуға жаттықтыру. Педагогтің нұсқауын орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:жұмыс дәптері, жай қарындаш, жапсырмалар, әр балаға қатырғы қағаздан жасалған ұшақтар. Билингвальды компонент: алыс – далеко, жақын – близко.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Жұмбақ жасыру. Болса да көп инесі, Іс тікпейді, Бұл несі (кірпі) Кірпі шығып өзі орындай алмайтын тапсырмаға көмектесуді сұрайды. –Балалар, барлық заттар бір-бірінен әртүрлі арақашықтықта орналасады |
Балалар келіседі |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
«Балықшы мен балық» ойыны(№16, 1-тапсырма) –Балалар балықшы балық аулап отыр. Сары балықтар қайыққа жақын жүзіп жүр, ал көк түсті балық қайықтан алыста. Тапсырма: қайыққа жақын жүзіп жүрген балықты қоршап сызыңдар. –Сендер қандай балықты қоршап сыздыңдар? -Ол қайда жүзіп жүр? –Балықтың қайсысы қоршалмай қалды? -Балықшы неге оны ұстай алмады? Билингвальды компонент: алыс – далеко, жақын – близко. «Ұшамыз ба?» ойыны(№16, 2-тапсырма). Ұшақтың жоғары жақта биікте, ал көбелектің төменде ұшатынын түсіндіру. Тапсырма: ұшақ пен көбелектің жапсырмасын жапсырыңдар. – Ұшақ қай жерде ұшады? – Ал көбелек ше? -Қалай ойлайсыңдар ұшақ биікке ұша ма әлде көбелек пе? -Балалар енді мына суретке назар аударыңдар. Мынау не? -Қандай орындық? -Ал, мынау не? -Түсі қандай? -Осы екі орындықтың қандай айырмашылығы бар. Екеуі бірдей ме? -Биік орындыққа кімдер отырады? -Ал аласа орындыққа ше? «Кірпі» саусақтарды дамыту жаттығуы. Ө.Бейсекеева Кірпі, кірпі, кірпі Үстің толған ине, Бірін берсең шіркін, Қадар едім түйме. 4.«Кірпіні тамақтандыр» ойыны (№16, 3-тапсырма) Саңырауқұлақ пен алма (жапсырма). Балаларға кірпі туралы жұмбақ жасыру. Қолыңмен тиме, Үсті толған ине. – Бұл жұмбақ не туралы? – Кірпі не жейді? Тапсырма: кірпінің оң жағына саңырауқұлақты, сол жағына алманы жапсырыңдар. – Алманы кірпінің қай жағына жапсырдыңдар? – Саңырауқұлақты ше? |
Балалар қайыққа жақын маңда жүзіп жүрген балықты қоршап сызады. – Сары балықты. -Қайыққа жақын жүзіп жүр. -Көк балық –Өйткені ол алыста. Сөздерді қайталайды. Балалар берілген тапсырманы орындап, жапсырманы жапсырады. – Жоғарыда. – Төменде. -Ұшақ биік ұшады. -Орындық. -Қара орындық. -Ол да орындық. -Сары. -Қара орындық биік, сары орындық аласа. -Үлкендер. -Кішкентай балалар отырады. Балалар жаттығу жасайды, саусақтарын ең кішкентайынан бастап кезек-кезек бүгеді. Жұмбақтың шешуін табады. – Кірпі туралы –Алма, саңырауқұлақ. Тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап береді. – Сол жағына. – Оң жағына. |
Рефлексиялық-түзетуші |
Кірпі балаларға ризашылығын білдіріп қоштасып шығып кетеді. «Ұшақтар» ойыны. |
Балалар ойынды қызыға ойнайды. |
біледі: кеңістік пен қағаз бетінде бағдарлауды;
игереді: заттың сол жақта, оң жақта орналасуын ажырата білуді;
меңгереді: биік – аласа орналасқан заттарды ажыратуды.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: «Шаршы, шеңбер, үшбұрыш».
Мақсаты: баларды геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру.
Балаларға қоршаған ортадан басқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуға, салыстыруға үйрету; сезім қозғалыс түйсігі және көру жады арқылы заттарды зерттеудің тәсілдерін дамыту. Ықыластылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шеңбер, үшбұрыш, шаршы.
Билингвальді компонент: шеңбер - круг, шаршы - квадрат, үшбұрыш - треугольник.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы лық |
- Бүгін біз геометриялық фигуралар еліне қонаққа барамыз. Келісесіңдер ме, балалар? Онда, кеттік. |
Балалар педагогтің ұсынысын қабылдайды. |
Ұйымдас тырушы лық -ізденістік |
«Шешуін тап» ойыны. Педагог дөңгелек заттарға байланысты жұмбақ жасырады: «Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты». (Қарбыз) - Балалар, сендер шеңберден басқа қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Қандай дөңгелек пішінді заттарды білесіңдер? Қандай үшбұрыш пішінді заттар бар? Қандай шаршы пішінді заттар бар? Үлестірмелі материалмен жұмыс істейміз. Педагог суретті көрсетеді және жоғарғы жолакта неше шаршы болса, төменгі жолакка да сонша шаршының суретін жапсыру керектігін айтады Төменгі жолаққа неше шаршы жапсырдыңдар?Төменғі жолақтағы шаршы саны нешеу болды? Педагог бір-біріне салыстырып көру тэсілі арқылы тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеруді тапсырады. Содан соң педагог жоғарғы катарда неше шеңбер болса, төменгісіне сонша шеңбер жапсыруды тапсырады - Төменгі жолакка неше шеңбер жапсырдыңдар? - Енді олардың саны нешеу болды? Педагог тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеруді тапсырады. Содан соң педагог жоғарғы жолақта неше үшбұрыш болса, төменгісіне сонша үшбұрыш жапсыруды тапсырады (3 үшбұрыш). - Төменгі жолаққа неше үшбүрыш жапсырдыңдар? Сендер оларды қайда қойдыңдар? Олар енді нешеу болды? Педагог балаларға тапсырманың дүрыстығын заттарды бір-біріне қою амалы аркылы тексеруді тапсырады. Жоғарғы жолакта кандай геометриялық фигура болса, эр карточканың астына сонша фигура жапсырыңдар. Сөздік жумыс: шеңбер, үшбұрыш,шаршы. Билингвальді компонент: шеңбер - круг, шаршы - квадрат, үшбүрыш - треугольңик. Сергіту сәті. «Бес саусақ». Саусақтарымызды жаттықтырамыз. Бас бармак, Балаң үйрек, Ортан терек Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек. «Заттар қандай геометриялық фигурага үқсайды» ойыны.(17-оку іс-әрекеті, 2-тапсырма) Педагог сурет көрсетеді. Содан соң балалардан ондағы заттардың атын атап беруді сүрайды. Әр затты соған сәйкес келетін геометриялык фигурамен косуды үсынады.Жеке жүмыс жүргізеді. |
Балалар жұмбакты тыңдайды жэне шешуін табады. - Қарбыз. - Үшбұрыш, шаршы. - Қарбыз, алма... - Шатыр. - Текше. Балалар шаршыны алып, оларды төменгі жолаққа солдан оңға қарай жапсырады. - Жоғарғы жолақтағы шаршы саны қанша болса, соншасын жапсырдық. - Теңдей. Балалар төменгі жолақтан шаршыларын алып, жоғарғысымен салыстырады. Балалар төменгі жолаққа екі шеңберді жапсырады. - Жоғарғы жолақта қанша болса, сонша шеңбер жапсырдық. - Теңдей. Балалар төменгі жэне жоғарғы жолақтағы шеңберлерді салыстырады. Балалар үшбұрыштарды алып, төменгі жолакка жапсырады. - Жоғарғы жолақта нешеу болса, сонша үшбұрыш жапсырдық. - Төменгі жолаққа. - Теңдей. Балалар үшбұрыштарды төменгі жолақтан алып, жоғарғы үшбүрыштарға қойып тексереді. Балалар геометриялык Фигураларды жапсырады. Қайталайды: шеңбер, үиібұрыш, иіаршы. Қайталайды: шеңбер - круг, шаршы - квадрат, үшбүрыш - треугольник. Балалар саусактарын үлкен бас бармақтан бастап кезек-кезек бүгіп, жаттығу жасайды. Балалар жауап береді: - Күн, сағат, дөңгелек, теледидар, доп, шырша, текше, сыйлық салынған корап. Әр затты өзіне ұксас геометриялык фигурамен сызық аркылы косады. |
Рефлексия лық – түзетуші лік |
- Топ ішіндегі заттардың арасынан геометриялық фигураларға үқсайтындарын (шаршы, шеңбер, үшбүрыш) атап беріңдер. |
Балалар заттарды атап көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды:«қанша болса, сонша...», «теңдей» сөздерін пайдалануды; түсінеді: топтағы заттарды бір-біріне қою арқылы олардың саны жағынан тең келетінін;
қолданады: геометриялық фигуралар - шеңбер, үшбүрыш жэне шаршы туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Үлкен- кіші. Биік- аласа. Ұзын- қысқа
Мақсаты:Балаларға бір-бірінің үстіне қою, жапсыру амалдары арқылы топтағы заттарды санына, көлеміне (үлкен-кіші), ұзындығына (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа) салыстыруды үйретуді жалғастыру; заттарды оң қолмен солдан оңға қарай орналастыруға жаттықтыру; «қанша болса, сонша...», «тең», «үлкен», «кіші» терминдерін дұрыс пайдалануды үйретуді жалғастыру
Көрнекі құралдар: көк түсті 4 үлкен текше мен қызыл түсті 5 кішкентай текше; ұзын-қысқа таспалар салынған жәшік, қарындаш, екі сызығы бар жолақ қатырғықағаздан жасалған 4 үлкен, 5 кішкентай киіз үй; үлкен және кішкентай аю
Билингвальды компоненттер: үлкен – большой, маленький –кішкентай, биік – высокий, аласа – низкий, ұзын – длинный, қысқа – короткий.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Қайсысы көп?» ойыны.Үстел үстінде 4 үлкен көк текше мен 5 кішкентай қызыл текше жатыр. Олар бір-бірімен араласып кеткен. 1 үлкен, 1 кішкентай текшені алып, балаларға сұрақ қою – Бұл не? – Олардың түсі қандай? – Текшенің қайсысы үлкен? – Қайсысы кішкентай? –Үлкен және кішкентай текшелер тең бе, тең емес пе? Мұны қалай білеміз |
Балалар жауап береді: – Текшелер.– Көк және қызыл..– Көк текше үлкен.– Қызыл текше кішкентай.–Оларды бір-біріне қойып тексереміз. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
2 баланы тақтаға шығарып біреуіне үлкен текшелерді бір қатарға, кішкентай текшелерді үлкенінің үстіне қоюды тапсыру. – Текшелерді қай қолмен алу керек? – Оларды қай жақтан бастап қою керек? – Кішкентай текше көп пе, әлде үлкен текше көп пе? – Қайсысы аз? Кішкентай текшені алып тастау – Енді текшелер теңесті ме? – Текшелер теңдей дедіңдер. Неге олай ойлайсыңдар? Балаларданкөздерінжұмуды сұрап, кішкентай текшенің тағы біреуін алып тастау. «Жануарларды жапсыр» ойыны Жұмбақ жасыру Қысы-жазы бір түсті. Ол не? –Сендердің дәптерлеріңе қандай шыршалардың суреті салынған? Кішкентай және үлкен аюдың суреттерін алып тиісті шыршаның астына жапсыруды тапсыру. – Енді үлкен аю қай шыршаның астында тұр? – Кішкентай аю қандай шыршаның астында тұр? «Бір-біріне қос» ойыны. Сергіту сәті. «Үлкен – кіші». (№18, 2-тапсырма.) Бал салынған үлкен, кіші бөшкені көрсету Үлкен бөшкені үлкен бөшкемен, ал кішкентай бөшкені кішкентай бөшкемен қосыңдар. «Үлкен және кішкентай киіз үйлер» ойыны. Балаларға үстелдегі үлестірмелі материалдар мен жолақтар салынған тәрелкені көрсету. Тапсырма: Үлкен киіз үйлерді жоғарғы жолаққа, ал төменгісіне сонымен бірдей етіп кішкентай киіз үйлерді орналастырыңдар. Солдан оңға қарай орналастыру –Үлкен киіз үйлер мен кішкентай киіз үйлер саны тең бе? –Үлкен киіз үйлер қайда тұр? –Кішкентай киіз үйлер қайда? –Енді тексеріп көрейік. Үлкен киіз үйдің үстіне кішкентайларын қойып салыстырыңдар? Қайсысы көп, қайсысы аз екен? |
Тақтаға шыққан балалар тапсырманы орындайды. – Оң қолмен. –Солданоңға қарай. – Кішкентай текше көп. –Үлкен текше аз. Балалар жауап береді: – Енді теңесті. – Өйткені артық текше жоқ. Көзін ашқаннан кейін балалар текшелердің қайсысының көп, қайсысының азайғанын айтады. Жұмбақтың шешуін табады. – Шырша. –Биік және аласа Балалар тапсырманы орындайды. – Биік шыршаның. – Аласа шыршаның. Балалар ойын ойнайды.
Балалар бөшкелерді сызық арқылы бір-біріне қосады. Балалар жоғарғы жолаққа үш үлкен киіз үй, төменгі жолаққа әр үлкен киіз үйдің астына кішкентай киіз үй салып шығады. –Кішкентай мен үлкен киіз үй тең. –Жоғарғы жолақта. –Төменгі жолақта. –Олардың саны бірдей (кішкентай киіз үйлерді үлкенінің үстіне қояды) |
Рефлексиялық-түзетуші |
Балаларды мадақтау |
Балалар қуанады |
біледі: әртүрлі топтардағы заттарды санына, көлеміне (үлкен – кішкентай), ұзындығына (ұзын – қысқа), биіктігіне (биік – аласа) қарай салыстыруды; заттарды бір-біріне қойып салыстыру тәсілдерін;игереді: заттарды санына, ұзындығына, биіктігі мен көлеміне қарай салыстыруды;меңгереді: әртүрлі топтардағы заттарды теңестіру тәсілдері туралы түсінікті.
Екінші кіші топ. «Таным» білім беру саласы бойынша қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы
Тақырыбы: Өткенді қайталау
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін бекіту. «Көп»,«біреу»,«бір-бірден»,«бірдебіреуіжоқ»ұғымдарынажыратуды;екітеңнемесетеңемесзаттартобынсалыстыра білуді;екіқарама-қарсыжәнебірдейзаттардыұзындығы,ені,биіктігібойыншасалыстырабілудібекіту.геометриялықпішіндердөңгелек,шаршы,үшбұрыш туралыбілімдерін, кеңістіктежәнеуақытішіндебағдарлауды бекіту.
Көрнекі құралдар: Суреттер, үлестірмелі құралдар
Билингвальды компоненттер: үлкен – большой, маленький –кішкентай, биік – высокий, аласа – низкий, ұзын – длинный, қысқа – короткий, шеңбер – круг, шаршы – квадрат, үшбұрыш – треугольник.
|
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалар бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Есік қағылады да топқа Лунтик кіріп амандасады -Кеш жарық балалар! -Лунтик қазір кеш батқан жоқ қой. Кәне балалар, Лунтикке таң, кеш туралы айтып берейікші. — Ал қазір таңертең. Балалар қалай амандасу керек еді |
Балалар бір-біріне күлімдеп қарайды. Балалар Лунтикпен амандасады -Күн шықса ол таңертең. -Күн қыдырып жүрсе ол күндкз. -Күннің демалғысы келсе – ол кеш. -Күн ұйқыға кетсе – онда түн. -Қайырлы таң |
Ұйымдас тырушы лық-ізденістік |
-Балалар, бізге Лунтик сыйлық ала келіпті. Ол «Ғажайып ағаш» деп аталады. Лунтик ол ағашты сендерге арнап өсіріпті. «Ғажайып ағашта» балалар кішкентай қалталар өсіп тұр. Мына бір қалтада не бар екен көрейік. Түсі қандай екен? -Мында геометриялық пішіндер бар екен. Кім айтады бұл қандай пішіндер? -Түстері қандай екен? -Балалар қызыл қалта ғажайып ағаштың қай жағында ілініп тұр? -Дұрыс айтасыңдар енді ашып көрейік. Ой, балалар бұнда сиқырлы барабан бар екен. Кәне барабанды соғып көрейік. Бір рет соғады. Неше рет соқтым (барабанды соққанда гүлдер пайда болады). -Балалар қанша гүл? Барабанды екі рет соғады. Неше рет соқтым? (көбелекті алып шығу) -Екі рет соғып едім неше көбелек шықты? -Гүл көп пе, көбелек көп пе? -Енді балалар, екеуін теңестіру үшін гүлді бір бірден ретімен қойып шығыңдар. -Енді мына көк қалтаны ашып көрейік. Көк қалта ағаштың қай жағында орналасқан (барабанды тағы да соғу) Мешокты ашып ішінен ұзын, қысқа таспаны алып шығу. Қайсысы ұзын? Осылайша барлық қалташаларды ашып шығу. –Мынау не? -Сары мойынорағыш қандай, ақ мойынорағыш қандай? Келесі қалташадан биік-аласа, жуан-жіңішке заттар шығады. Балалардан сұрап жауап алу. |
-Жасыл -Шеңбер, үшбұрыш, шаршы Балалар жауап береді -Жоғары жағында -Бір рет. -Көп гүлдер. -Екі рет -Бір көбелек. -Гүл көп Балалар бір-бірден алып гүлдерді жолақшаға қояды. Олардың үстіне көбелектерді қойып теңестіреді. Теңнемесетеңемесдеп салыстырады. -Төменде -Қызыл таспа ұзын, жасыл таспа қысқа -Мойынорағыш -Сары мойынорағыш жалпақ, ақ мойынорағыш жіңішке |
Рефлексиялық-түзетуші |
Лунтик балалармен қоштасады. Балаларды мадақтау |
Балалар қуанады |
біледі: әртүрлі топтардағы заттарды санына, көлеміне (үлкен – кішкентай), ұзындығына (ұзын – қысқа), биіктігіне (биік – аласа) қарай салыстыруды; заттарды бір-біріне қойып салыстыру тәсілдерін;«Көп»,«біреу»,«бір-бірден»,«бірдебіреуіжоқ»ұғымдарын,геометриялықпішіндердөңгелек,шаршы,үшбұрыш туралыбілімдерін, кеңістіктежәнеуақытішіндебағдарлауды