Сабақ жоспары 10 сынып Киберқауіпсіздік

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары 10 сынып Киберқауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Киберқауіпсіздік тақырыбы бойынша сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»

Оқу сабағының жоспары № 6


1

Модуль/Пән атауы

«Информатика»


2

Бөлім/Сабақ тақырыбы

Бөлім:Аппараттық қамтамасыз ету.

Тақырып:Киберқауіпсіздік

3

Дайындаған педагог

Тортаева Назерке Амангельдықызы

4

Өтілген күні

« 14» қараша 2023ж.

5

Жалпы мәліметтер

Курс 1

Топ П23-1А,П23-1Б,П23-1В

6

Сабақтың түрі

аралас


7

Мақсаты

Киберқауіпсіздік туралы түсінік беру, бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;

2. Студенттердің интернет туралы толық ой қалыптастыру; оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, қызығушылығын арттыру; пікірлерін өз дәлелдемелеріне сүйене отырып, бұлтартпас айғақтар келтіру.

3. Студенттер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Міндеттері

«ақпарат қауіпсіздігі», «құпиялық» және «тұтастық» ұғымдарын біледі;

ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шараларымен танысады;

ақпарат тұтастығының негізгі қауіптерін ажыратуды үйренеді.

8

Күтілетін нәтижелер

1.Киберқауіпсіздік түсінігімен танысады;

2. Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады.

3. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу ережесін ұстануға үйренеді.

9

Қажетті ресурстар

Дәптер, оқулық, слайдтар, электронды оқулықтар.

Оқу -әдістемелік құралдар, анықтамалық әдебиеттер:

Техникалық құралдар-жабдықтар:

Компьютер,телефон


Сабақтың барысы


1

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.):

1.Студенттермен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Өткен сабақты пысықтау:



2

Білімді өзектендіру (15 мин.):

Өткен сабақты пысықтау:

  «Лото» ойыны

Сұрақ-жауап.

Оқушылар кезекпен тақтаға шығып,

бөшкелерге басады, бөшкеде жасырылған сұрақтарға ауызша жауап береді.

Тапсырмалар мен сұрақтар: 
1. Санау жүйесі деп нені айтады? 
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық

емес санау жүйесінің айырмашылығы неде? 
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады? 
4. Ондық санау жүйесі деген не? 
5. Екілік санау жүйесі деген не? 
6. Сегіздік санау жүйесі деген не? 
7. Оналтылық санай жүйесі деген не?

  1. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?

  2. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне

  3. ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?

  4. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне

  5. ауыстыру үшін не істейміз?


https://quizizz.com/admin/quiz/6352d72ba57d6d001e11e31c?source=quiz_share


3

Киберқауіпсіздік — құпиялылық, тұтастық және қол жетімділіктің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын процесс. Жүйелік администратор активтерді қоса алғанда, компьютерлердің жергілікті желі деректерін, серверлерді қорғауды қамтамасыз етеді. Киберқауіпсіздік деректерді қорғау болып табылады. Егер бұрын тек электронды поштаныңқұпиясөздерін және копьютерді вирустардан қорғау керек болса, бүгінгде әлеуметтік желілердегі аккаундтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет.

Қолжетімділік – ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді беру (теміржол және авиациялық билеттерді сатудың, банктік қызметтердің ақпараттық жүйелері, интернетте өнімдерді интернет-ресурстармен және электрондық БАҚ-пен тарату) жолымен клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі үшін маңызды белгі. Уәкілетті пайдаланушы белгілі бір қызметтерге (көбінесе желілік) рұқсат ала алмайтын жағдайды қызмет көрсетуден бас тарту деп атайды.

Коммуникациялық (желілік) технологиялардың дамуына байланысты ақпараттық жүйені немесе басқарушы электрондық ақпараттық ресурсты алыстан пайдаланушы адамның жеке басына байланысты ақпараттық қауіпсіздіктің қосымша тағы екі ерекшелігін бөліп көрсетеді: аутенттілік және дәлелдегіштік.

Аутенттілігі – ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету саласында ақпаратқа немесе хабарға қатысты заңдық тұрғыдан маңызды іс-әрекеттің авторын дұрыс анықтау мүмкіндігі, мысалы, электрондық коммерцияда электрондық-цифрлық қолтаңба немесе түпнұсқаландырудың өзге тәсілі пайдаланылған кезде.

Дәлелдегіштік (бастартпаушылық) – авторлықтан бас тартқан кезде жасалған іс-әрекеттерді тіркеу жолымен ақпараттық жүйедегі немесе ресурстағы ақпаратқа қатысты іс-әрекет жасаған автор басқа ешкім емес, осы пайдаланушы болып табылатындығын дәлелдеу мүмкіндігі.

Түпнұсқаландыру (түпнұсқаға сәйкестігін анықтау) – қолжетімділік субъектісі көрсеткен сәйкестендіргіштің оған тиесілігін тексеру және оның түпнұсқаға сәйкестігін растау.

Сәйкестендіру – қолжетімділік субъектілеріне ақпараттық жүйеге рұқсат беру кезінде субъектінің сәйкестігін анықтауды және өкілеттіктерін белгілеуді қамтамасыз ететін жеке сәйкестендіргіштің ақпараттық жүйесіне немесе электрондық ресурсына қолжетімділік беру, жұмыс сеансы процесіндегі өкілеттіктерді бақылау және іс-әрекеттерді тіркеу.

Сәйкестендіру мен түпнұсқаландыру қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық құралдар қауіпсіздігінің негізі, өйткені кез келген АКТ-қызметтер мен сервистер, негізінен, пайдаланушы субъектілерге қызмет көрсетуге есептелген.

Ақпараттық қауіпсіздік қауіп-қатері – әбден болуы мүмкін оқиға, процесс немесе құбылыс, ол ақпаратқа немесе ақпараттық жүйенің немесе ресурстың компоненттеріне әсер ету арқылы иеленушілер мен пайдаланушылардың мүдделеріне тікелей немесе жанама зиян келтіруге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ақпараттық қауіпсіздіктің барынша көп таралған қауіп-қатерлері – бұл жабдықтың (кабельдік жүйенің, дискілік жүйелердің, серверлердің, жұмыс станцияларының және тағы басқалардың) іркілісі, архивтік деректердің дұрыс сақталмауы, деректерге қолжетімділік құқықтарының бұзылуы), пайдаланушылар мен қызмет көрсетуші жұмыскерлер құрамының жөнсіз жұмысы, ақпараттың жоғалуы (рұқсат етілмеген қолжетімділіктен немесе зиян келтіретін бағдарламалармен – компьютерлік вирустармен бүлінуден).

Компьютерлік атака – ақпаратқа, электрондық ресурсқа, ақпараттық жүйеге рұқсатсыз әсер ету немесе оларға бағдарламалық немесе бағдарламалық-ақпараттық құралдарды (немесе желілік өзара іс-әрекеттердің хаттамаларын) қолдана отырып қолжетімділік алу арқылы қауіп-қатер төндіруді іске асырудың мақсатты әрекеті.

Қазақстан Республикасында 2010 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңде интернетті пайдаланушылар тығыздығы 36,1%-дан 75%-ға дейін өсті, ал мобильді интернетті пайдаланушылардың саны 3 миллион 694 мыңнан үш еселеніп 10 миллион 567 мыңға жетті. Интернет пайдаланушылар санының мұндай экспоненциалдық ұлғаюы маңыздылықты арттырып, істен шыққан немесе техникалық құралдарға зиян келтірілген жағдайларда олардың салдарын неғұрлым елеулі етеді.

Дербес компьютерлер мен ұялы құрылғылар үшін зиян келтіретін бағдарламалардың таратылуы оларды пайдаланушылардың санымен қатар өсуде. Бұл ретте пайдаланушылардың басым көпшілігі өздерінің дербес компьютерлерін, смартфондарын, планшеттерін қорғау үшін мамандандырылған бағдарламалық жасақтамаларды пайдаланбайды.

Аталған факторды «хакерлер» пайдалануда, бұл абоненттік құрылғыларды зиян келтіретін бағдарламалық жасақтамамен зақымдауға бағытталған атакалар санының күн сайын ұлғаюына әкеп соқтырады.

Интернетке қосылған абоненттік құрылғылар саны ұлғайған сайын және пайдаланушылардың көбі өзіне және өздеріне тиесілі құрылғыларға қатысты «цифрлық гигиена» шараларын елемеуді жалғастырған сайын, «Интернет заттары» тұжырымдамасы олардың қауіпсіз пайдалану проблемасын күшейте түседі.







Кеңес: Интернетпен жұмыс жасаудың ережелері

1. Таныс емес сайттарға бас сұқпаңыз.

2. Сізге пошта арқылы Word немесе Excel құжаты келсе (таныс адамнан келсе-дағы), оны ашпас бұрын, вирустардың бар-жоғына тексеріп алыңыз.

3. Егер таныс емес қосымша келер болса, оны іске қоспаңыз, дұрысы – жойып, себетті босатып қойыңыз. 4. Құпиясөзді еш уақытта ешкімге бермеңіз. 5. Құпиясөзді құрастырған кезде есте сақтап қалуға қиын сандардың және әріптердің жиынтығымен қолдануға тырысыңыз. 6. Интернет арқылы қарым-қатынас орнатқан кезде өзіңіздің жеке мәліметтеріңізбен қолданбаңыз, керісінше лақап атпен (никпен) қолданыңыз.

7. Үлкен адамдардың бақылауынсыз Интернетте танысқан адаммен кездесуге бармаңыз.

8. Егер Интернетте тіркеуден өту қажет болса, ол жерде жеке ақпаратыңыздың болмағанын қадағалаңыз.

9. Интернетте орналасқан ақпараттың барлығына бірдей сене бермеңіз.

10. Экранда маңызды мәліметтері бар компьютерді қараусыз қалдырмаңыз.

11. Маңызды мәліметтерді көпшілікке қолжетімді компьютерде сақтамаңыз.

12.Өзі туралы ақпаратты құпияда ұстау;

13.Ғаламтордан бағдарлама немесе файл жүктер алдында абай болу;

14.Ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден үлкендерге айту;

15.Ғаламторда отырғанда өзін-өзі дұрыс ұстау.

16.Белгісіз чаттарға, әлеуметтік сайттарға, хабарландыру парақшаларына кірмеңіздер;

17. Ғаламторды бұзақылық үшін пайдаланбаныз;

18. Ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда үлкендермен ақылдасыныз;

19. Құмар ойындарды және олардың зиянды екенін есте сақтаңыз.


Осы отырған оқушыларды 2- топқа бөлеміз. Олардың атаулары:

1) Қауіпті ғаламтор

2) Қауіпсіз ғаламтор


1-тапсырма

Топтық жұмыс. Постер қорғау.

І –ші топ ғаламтордың пайдасы туралы айтады.

ІІ–ші топ ғаламтордың зияны туралы айтады.


2-тапсырма

Киберқауіпсіздік туралы қызықты ақпараттар тауып жазу.



4

Өтілген тақырыпты бекіту: (15 мин.):

Тест тапсырмасы

https://quizizz.com/admin/quiz/5e2fe443ca6d47001bb5b1d9?source=quiz_share


Кері байланыс: «Бутерброд» әдісі

Оқушылардың бір тобы тақырып туралы жағымды пікір, екінші тобы сын, бірінші тобы тағы да жағымды пікір айтады.

5

Бағалау (5 мин.):

Сабақ барысындағы көңіл – күйлерін, алған әсерлерін, нені біліп, үйренгендерін жазады.Білемін, Үйрендім, Үйренгім келеді стратегиясы


Топбасшы бағалау

Мұғалім










6

Үй тапсырмасы (3 мин.):

Үй тапсырмасы презентация жасау


7

Рефлексия (7 мин.):

Рефлексия Сұрақтар:

https://www.survio.com/survey/d/D4P8C3S8D2M4O3F6S




Педагог _______________Тортаева Н.А

(қолы)






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2024
543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі