Материалдар / сабақ жоспары 2 сынып "Достық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары 2 сынып "Достық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ ұстазға сабақ барысында достық тақырыбын ашуға, балаларға достықтың киелі екенің түсіндіріп, достықты аялай білуге, досыңа адал, берік болуға көмекші болады. Берілген тапсырмалар оқушылардың ойын өсіріп қана қоймай, өз досыңа басқаша көзқараспен қарауға үйретеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2018
2185
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Достық»

Мақсаты:

1. Оқушыларға «дос» деген сөз туралы айт түсінік беру, жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру, сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту, сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту;
2. Оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту, есте сақтау, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
3. Табиғатты аялап қорғауға, достыққа, адал, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге, оқып білім алуға үйретіп тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: жаздыру, оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату, аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері.

Көрнекі құралдар: Суреттер, мәтіндер, карточкалар, сөздіктер т. б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

— Оқушылармен амандасу;

— Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;

— Оқу құралдарын тексеру;

— Сұрақ — жауап әдісін жүргізу;

— Тіл дамыту сұрақтарын қою;

— Бүгін кім кезекші?

— Қазір қандай сабақ?

— Қыркүйектің нешесі?

— Қандай жыл мезгілі?

— Бұл мезгілде қандай мерекелер болады?

Психологиялық жағдай:

Балалар шеңбер құрамыз.

Сәлеметсіздер ме! балалар

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен,

Доспын енді сенімен.

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру

— Балалар, бүгін біз сендермен бір тақырыпты әңгімелейміз. Ол тақырып жасырылып тұр.

— Тақтаға қарандаршы, бұл жерде адасқан әріптер бар екен.Біз сол әріптерді дұрыс қойып, сөзді табуымыз керек. Қане, балалар, сабағымыздың не жайында екенін тауып көрейікші.

Д Т О Ы С Қ

Мұғалім сөзі: Оқушылар, «Дос» деген кімдер? Сенің досың бар ма? Әрбір адамның досы бар. Досың болса, онымен әңгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың саған қол ұшын береді. Балалар, достық туралы мақал-мәтел білесіңдер ме? Кім біледі, қане қол көтерейік.

III. «Сыйқырлы сандық» арқылы сыныпты топқа бөлу

VI. Үй тапсырмасын тексеру:

Ұжымдық жұмыс: Достық, дос тақырыбына қай топ көп мақал-мәтелдер айтар екен? Тақтада ілулі тұрған себетке стикерлерге жазып, салу

  • Күлме досқа — келер басқа.

  • Жаман достан жақсы дұшпан артық.

  • Дос көп болмайды.

  • Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.

  • Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам. Жить без друзей, что есть пищу без соли.

  • Жігіт жолдасынан белгілі. О жигите судят по его друзьям.

  • Ауыр сөз айтқан дос емес.

  • Босқа бергенше досқа бер.

  • Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

  • Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.

  • Нағыз дос дұшпан болмас.

  • Жаман жолдастан мықты таяқ.

  • Досыңа ат берме, Ат берсең, ақырын жүр деме.

  • Жүз теңген болғанша, Жүз досың болсын.

— Оқушылар барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар. Сабағымыздың тақырыбы: «Достық».

Мақсатымыз: Бір бір-бірімізбен дос болуға үйрену, сызба арқылы сөйлемді аяқтап сөйлеу, сөйлемдерді аудару, сұрақтарға жауап береу, орысшадан — қазақшаға сөздерді аудару.

Менің досым бар. Оның аты — Максим. Оның ұлты-орыс. Ол тоғыз жаста. Үшінші сыныпта оқиды. Максим спортпен айналысады. Ол бос уақытында компьютер ойнайды, кітап оқиды, музыка тыңдайды. Ол шахмат ойнауды да жақсы көреді.

Жаңа сөздер: Енді осы сөздерді аударайық, сөз тіркесін құрастырайық.

Ақылды — умный
сенімді — верный
әдепті — примерный
әдемі — красивый
зерек — способный
қамқоршы — заботливый
ұқыпты — аккуратный
білімді — образованный
бос уақытында — в свободное время
айналысады — занимается

1-топ аударады. (сөздік арқылы аудару).

2-топ сұрақтарға жауап беру. Осы жұмысқа 5 минут беремін. («Армандастар» әні)




Тексеру

Енді осы мәтін бойынша сұрақтарға жауап берейік.

  1. Досымның аты кім?
    2. Максим неше жаста?
    3. Нешінші сыныпта оқиды?
    4. Максим немен айналысады?
    5. М
    аксим бос уақытында не істейді?
    6. М
    аксим не ойнағанды жақсы көреді? Жарайсыңдар!


Осы кезеңге рефлексия жасайық.

Ой шақыру. ДОСТЫҚ — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Достық қандай болады? Қане балалар ассосиация жасайық.


Shape3 Shape1 Shape2 шыншыл ДОСТЫҚ Адал

қамқор

Тыныштық сәті

— Ал, енді көздеріңді жұмып отырыңдар, мен әдемі әуен қоямын, ал сендер оны тыңдап өз достарыңа қандай жақсылық жасағандарыңды естеріне түсіріңдер.
(Балалар әуенді тыңдап, өз ойларын айтып береді. Сендер бір — біріңнің жауаптарыңды тыңдадыңдар, ал енді айтыңдаршы).

Социометрия

— Кіммен дос болғың келеді?

— Партада кіммен бірге отырғың келеді?

— Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

Жеке жұмыс: Досыңның отбасы туралы айт.

Бұл — менің досым (құрбым).
Оның аты.... .
Отбасында... адам бар.
Олар...,....., .... .
Ол... тұрады.

Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауды жалғап жаз. (притяжательные окончания)

Менің дос..(ым,ім)
Сенің дос..(ын,ің)
Сіздің дос..(ыңыз,іңіз)
Оның дос..(ы,і)


Жеке тапсырмалар: Карточка № 1 «қамқор, адал» сөздерін жікте

Жеке тапсырмалар: Карточка № 2 «дос, бауыр» сөздерін тәуелде

1.Менің ...
2.Сенің
Сіздің
3.Оның


V. «Венн» диаграммасы

Антонимдер

Ғажайып сөздер

Достар тату, мейірімді болады. /дружный, любезный/
• Достар бір-біріне көмектеседі.

Ойын: «Ренжістік, достастық»

— Балалар, бүгін біз «Ренжістік, достастық» ойын ойнаймыз.

— «Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрылыңдар. Содан кейін «Достастық» деген бұйрық берілгенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрыласыңдар (3 рет қайталау).

— ПІКІР АЛМАСУ: — Сендерге татуласу ұнады ма?

— Не сездіңдер? (қуаныш, бақыт)

— Сендерге ренжіскен ұнады ма?

— Не сездіңдер? (уайым, қайғы)

VI. Сұхбаттасу. Өзі туралы, досы туралы әңгімелесу

— Сенің атың кім?

— Сен нешінші сыныпта оқисың?

— Сенің досың бар ма?

— Оның аты кім?

— Ол нешінші сыныпта оқиды?

6.Бағалау: Оқушылардың топтық жұмысын бағалау, жекеленген тапсырмаларды бағалау.

VII. Бекіту кезеңі:

— Бүгін не туралы өттік?

— Сынып арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

— Сабақ сендерге ұнады ма?

Осымен ашық сабақ аяқталды. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет. Мен сендерге өте қуаныштымын.

— Оқушылар, сабағымызды сөзжұмбақты шешу арқылы бекітейік. Мен сөздерді оқимын, сендер ойланып шешіңдер. «Тез ойлан тап»

VIII. Үй тапсырмасын беру: — Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар.


Бағалау:

А)Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне алған бағаларын қойып беремін. Оқушыларға алған бағаларын айтып, хабарлаймын.

Ә) Оқушылар сабақты бағалау үшін алдарындағы смайликтар арқылы өз көңіл-күйлерін білдіреді

Сабақ аяқталды!
Сау болыңдар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!