Сабақ жоспары 2 сынып Оң қолымда бес саусақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары 2 сынып Оң қолымда бес саусақ

Материал туралы қысқаша түсінік
2 орыс сыныбының қазақ тілі мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Габбасова С.С.



Күні:11.01.2021

Сынып: 2 «З»

Қатысқандар саны:15

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Оң қолымда бес саусақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау

2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:Дене мүшелерін атай алады, тақырып бойынша тақпақты жатқа айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:Мұғалімнің сұрақтарына тақырып көлемінде жауап бере алады, 20-ға дейінгі сандарды ажырата алады.

Кейбір оқушылар:Басқа да дене мүшелерін атай алады, сабақта үйренгенін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Құндылықтарды дарыту

Тазалыққа, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, Дене тәрбие сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Пәнге тән лексика мен терминология:

Дене мүшелері, көзге көрінетін, көзге көрінбейтін, арқа, саусақтар, шеке, маңдай, бет, шынтақ, білек, жүрек, асқазан, бүйрек, бауыр, ішек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы





Ертеңгілік шеңбері

(МК) Әндете отырып дене мүшелерін көрсету.

(бас, иық, тізе және бақай, көз, құлақ, ауыз және мұрын иек, т.б.

(Ұ) Оқушылар әнді іс-қимылмен бірнеше рет қайталайды, әр айтқан сайын қимыл жылдамдықтарын арттыра түседі.











Сабақтың ортасы





(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада. (Ж) Сұрақ/жауап үлгілерін (Мынау не? Бас. Мынау не? Қол.) ухо – /иа/ ear, рука / хэнд/hand, нога- / лэг/ leg, язык - /тан/ tongue,голова- /хэд/head,волосы /хэа/ hair,нос- /ноуз/ nose,рот - /мауф/ mouth,глаз /ай/eye сыныптағы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы жаттығады. Сонымен бірге оқушылардың назарын оң, сол сөздеріне аударып, оның аудармасын беріп, бірнеше рет қайталатып, есте сақтау жұмыстары жүргізіледі.

(МК, Ұ) 2-тапсырмадағы сурет арқылы оқушылар Алмабектің суреті арқылы адамның бас мүшелерін салумен танысады. (МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылардың оқылым дағдылары дамытылады, оқушылар тақпақты тыңдайды, қайталайды, мазмұнын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім тақпақты қимылдармен көрсетіп қайталатады.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

(Ж) 4-тапсырмада оқушыларға сұрақ қою (Мынау қай қол? Оң қолыңда неше саусақ бар) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқулық 130-131 бет










































Сергіту сәті


СЕРГІТУ СӘТІ

Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ 
Қосып едім екеуін 
Болып шықты он саусақ

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

Қызықты тапсырма





Берілген әріптерді дұрыс қойып сөзді табыңыз.

ОМЫЙН- ІТЕЗ-

ЫАНШТҚ- АСУАСҚ-

ҚҰЛАҚ- НРЕІ-

АҢЙДТА- ІТЛ-

Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер жазылған карточкалар.








Сабақтың соңы


Рефлексия

Оқушыларға үш түрлі суреттер беріледі. Үш суреттен біреуін таңдап алып, қаламмен дөңгелектеп белгілейді.

  - толық түсіндім;

  сұрақтарым бар.

     түсінбедім;

Орнымыздан тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!




Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздері оқыған қызықты кітаптары туралы сыныппен ой бөліседі.

Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға: кітаптағы суреттер жайлы әңгімелеу үшін кейбір сөздерді пайдаланады.Оқу мақсаттарына қайта оралу.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 
АКТ 
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2021
887
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі