Материалдар / Сабақ жоспары 6 сынып Музей
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары 6 сынып Музей

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2018
2529
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақстан Республикасының астаналарына саяхат жасау. Ел ордасы Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, тапсырмалар арқылы бекіту, сұрақтарға жауап беру.
2. Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту.
3. Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Дәстүрлі емес сабақ, экскурсия сабағы.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, ойлау, іздену, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, орыс тілі,

Сабақтың көрнекілігі: Мұражай туралы ақпарат, видео..

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

— Сәлеметсіңдер ме?

— Сәлеметсіз бе? (Қонақтарға бұрылып сәлемдеседі)

— Отырыңдар.

Балалар, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес. Бүгін біз экскурсия жасаймыз. Экскурсия.






Сөздікпен жұмыс:


Берілген сөздердің ішінен жуан, жіңішке түбірлі сөздерді ажыратамыз..




Мәтімен жұмыс :


Әр топқа мәтін таратылады.

  1. Мәтінді оқимыз.

  2. Мәтіннен не түсіндіңдер, аударамыз.

  3. Мәтін бойынша кластер құрамыз

  4. Көптік жалғауы бар сөздерді дәптерге жазамыз.




Мұражайда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өміріне, мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарына байланысты мұрағаттық құжаттар, ғылыми еңбектері, сыйлықтар жиынтығы, марапаттар және басқа да материалдар сақталуда. Қазіргі кезде мұражайда 40 мыңнан асатын экспонат сақталған. Президент сыйлықтары мұражайдың мақтанышы болып табылады. Мұнда көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар берген сыйлықтар бар. Мемлекет басшысына сыйланған кітаптар  ерекше қызығушылықты тудырадында бүгінгі күні атақты адамдардың қолтаңбалары бар.


«Ел және әлем» көрмесінде әлемнің 30 мемлекетінен әкелінген керемет 148 экспонаты (суреттер, мүсіндер, ескерткіштер, безендендіру-қолданбалы өнер бұйымдары) көрсетілген. Бұл Қазақстан Республикасының Президентіне шетел мемлекеттері мен үкімет басшылары,  халықаралық ұйымдар мен қорлар, жетекші әлемдік компаниялар, республикамыздың азаматтары сыйлаған сыйлықтар.  Экспонаттар қызығушылық тудырады.




Қорытынды:

Өз еліміздегі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы туралы бігінгі сабақта алған мағлұматты есте сақтап, мақтаныш тұтуымыз керек.

Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау.

Бағалау .

Рефлексия

Сабақта не ұнады мына ағашқа өз стикерлеріңді жабыстырыңыздар.










Н.Ә.Назарбаевтың жаңа резиденцияға ауысқанына арада он жыл салып, елбасының елордадағы бірінші резиденциясы бүкіл елге танымал мұражайға айналды. Ол ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы деп аталады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі — Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады. Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорында 126 000 астам сақтам бірлік бар, соның ішінде Мемлекет Басшысының жеке кітапханасының қоры 16 000 астам дана кітап пен баспа басылымдарынан, Мемлекет басшысының жеке мұрағатының қоры 100 000 жуық сақтам бірлігінен тұрады. Музей қорын 8 000 астам сақтам бірлік құрайды. Жалпы аумағы 12 мың шаршы шақырым. Резиденция музейге айналғанымен әлі күнге дейін Президент жылына бір-екі рет жиналыс өткізіп тұрады. Жұмыс күндері үшінші қабатта Президент кабинеті орналасқан. Екінші қабатта Президент әкімшілігі жұмыс жасап, Төртінші қабаттағы күмбезді залда салтанатты шаралар мен қабылдаулар болып отырған. Бұл орында құрметті қарауыл тұрып, Президент өз кабинетіне кірген сайын құрмет көрсетіп тұрған.



Президент тағар айырым белгілері Елбасымыздың өмірбаянымен танысып, ол кісінің кабинетінде отырмыз. Бұл қабырғаларда ерен еңбектің жеті жылы өткен, мына кішкентай ғана шеңберде кездесулер болып, келісімдерге қол қойылған, тағдырымыз шешілетін қаулылар қабылданған.

Әрі қарай біз бұрынғы Президент резиденциясы болған, ал бүгінде ол Күмісті және Күмбезді деп аталатын музейдің екі символикалық залына көштік. Бұл залдар айрықша түстермен боялған. Бұл залдарда айрықша түс бар. Күміс залда құжаттарға қол қойылып, ресми іс-шаралар өтіп, мемлекеттік марапаттар тапсырылған. Бүгінде бұл залда «Президент наградалары — халық мойындауы» деген көрме ашылды. Келушілер күллі Қазақстан халқына берілген 30-дан астам елдің наградаларын тамашалай алады. Әлемнің бүкіл елдерімен достық қарым-қатынастың орнатылуы, бүкіл әлемдік ядролық қарусыздануға қосқан үлестер мен қазақ халқының толеранттылығы мен басқа да жақсы қасиеттеріміз — жоғары дәрежеде бағаланады. Залда еуропа, мұсылман, азия елдерінің наградалары ұсынылған. Мәселен Италиялық «Үлкен крест кавалері», Петр І Жарлығымен бекітілген Әулие апостол Андрей ордені (1998 жылдан қайта беріле бастаған орденді тек академик Д. Лихачев, конструктор М. Калашников и Н. Ә. Назарбаев) қана алған. Әлемдегі ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Президент Әулие Михаил Орденінің Үлкен Крестімен және Әулие Георгий орденімен марапатталған. Айта кетейік, Қазақстан — ТМД елдерінде Сауд Арабиясы елінің орденіне ие болған жалғыз ел. Күмбезді зал — резиденциядағы ең үлкен зал. Үлкен зал шаңырақ іспетті әрленген. Шаңырақ — ортақ үйіміздің символы. Дәл осы жерде 16 жыл бұрын жаңа астанамызды жариялады











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!