жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары 6 сыныпқа арналған
Дене тәрбиесі сабағының № 2 жоспар конспектісі
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету.
Дамытушылық :Жылдамдық, төзімділікті дамыту.
Тәрбиелік: Бауырмалдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың міндеттері: Кіру тест бақылау жұмыстары- 30 м-ге қайталап жүгіру
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Бақылау сабақ
Өтетін орны: Спорт алаңы
Керекті құрал-жабдықтар: ысқыруық, секундомер
Сабақ бөлімі |
Сабақтың қысқаша мазмұны |
Жүктеме мөлшері |
Әдістемелік нұсқау |
Кіріспе бөлім: 10-12 минут |
Сапқа тұрғызу. Баяндама бақылау, сәлемдесу. Сабақтың міндетін хабарлау. |
1 минут. |
Оқушылардың сабаққа, спорттық киімдерін, денсаулықтарын тексеру. |
Саптық жаттығулар:
|
2 минут |
Дәл орындау. Тез нақты орындау. Берілген бұйрық бойынша орындау. Сол иықпен бұрылу. Алдыңғы, артқы әріптестеріне кедергі жасамау. |
|
Жүру жаттығулары: -аяқтың ұшымен жүру -өкшемен жүру -аяқтың ішімен жүру -аяқтың сыртымен жүру -жартылай отырып жүру -толық отырып жүру |
2 минут 0,5 айн-м 0,5 айн-м 0,5 айн-м 0,5 айн-м 0,5 айн-м 0,5 айн-м |
Қол жоғарыда, денені тік ұстау. Қол белде, денені тік ұстау. Толық істеу, қол белде. Денені тік ұстау, ара қашықтықты сақтау. Толық отырып жүру, қол тізеде. |
|
Жүгіру жаттығулары: -жеңіл баяу жүгіру -оң қырымен жүгіру -сол қырымен жүгіру -тізені көтеріп жүгіру -аяқты артқа сермей жүгіру -баяу жүгіру -жүру, терең демалу |
2 минут 2-3 айн-м 0,5 айн-м 0,5 айн-м 0,5 айн-м 0,5 айн-м 2-3 айн-м 1 айн-м |
Баяу жүгіру. Екі қолды алдыға айналдыру. Қолды артқа айналдыру. Тізені биік көтеру, денені тік ұстау, ара қашықты сақтау. Жәй жүгіру. Терең демалу. |
|
ЖДДЖ Бір орында, қатарға бөліп немесе шеңберге тұрып жасау. 1. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қол белде басты 1-4 санақ солға, 1-4 санақ оңға айналдыру.
2. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қол иықта, иықты 1-4 санақ алдыға, 1-4 санақ артқа айналдыру. 3 Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қолды алдыға созып, шынтақты 1-4 санақ ішке, 1-4 санақ сыртқа айналдыру 4 Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қолды кеуде алдында ұстап, қол саусақтарын айқастырып, 1-4 санақ ішке, 1-4 санақ сыртқа айналдыру 5. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қолды кеуде алдына ұстап, 1-2 қол кеуде алдында кеудені созу 3-4 оңға, 1-2 қол кеуде алдында кеудені созу 3-4 солға 6. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қол белде, белді 1-4 санақ солға, 1-4 санақ оңға айналдыру. 7. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, иілу, 1-4 санақ сол қол белде, оң қолды жоғары солға, 1-4 санақ оң қол белде сол қол жоғары, оңға иілу. 8. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, алдыға еңкею, 1 – оң аяққа, 2 – ортаға, 3 сол аяққа, 4- бастапқы қалып. 9. Б.қ.н.т аяқ иық деңгейінде, қол тізеде, 1-4 санақ тізені ішке, 1-4 санақ сыртқа айналдыру 10. қол белде орнында тұрып биікке секіру, оң аяқпен, сол аяқпен, қос аяқпен. |
5 минут
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
15-20 рет |
Ара қашықтықты толық алу Денені дұрыс ұстау, басты толық айналдыру. Денені тік ұстау
Денені тік ұстау
Қолды толық айналдыру
Кеудені толық ашу
Белді кең шеңбермен айналдыру Денені тік ұстап толық иілу
Толық еңкею
Тізені кең шеңбермен айналдыру.
Аяқты қатты сермеу. |
|
Негізгі бөлім |
Негізгі бөлімге қатарға тұрғызып, жаңа тапсырманы түсіндіру, қатарларға бөлу.
30 м-ге жүгіру. «Сөреге» деген команда бойынша жүгіруші аяқтарын көпіршелерге тіреп, кейінгі аяқтын тізесін бүгіп жерге тигізеді. Екі қолының жазылған саусақтарын сөре сызығының бойына иық кеңдігіндей етіп тірейді. «Дайындалындар» деген команда бойынша жүгіруші жамбасты көтеріп, иықты ілгері шығарады. Бұл кезде жамбас иықтан біршама жщғары болуы тиіс. Сөреден шығуға белгі берілгенне кейін аяқты сөрелік көпіршеден бір мезгілде серпіп, қолды сермей тез әрі қуатты қимыл жасайды. |
25-28 минут.
10 мин
5мин
5мин
8мин |
Зейін қоя тыңдау.
Ара қашықтық алу.
Қауіпсіздік ережесін сақтау
|
Қорытынды бөлім |
Сапқа тұру. Ағзаны қалпына келтіру жаттығуларын жасау.
Кемшіліктері мен жетістіктерді айту. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. |
2 минут
2 минут
1 мин |
Ағзаны толық қалпына келтіру.
Зейін қоя тыңдау.
Дене бүгу 25 рет |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген